Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасы



бет1/2
Дата23.02.2016
өлшемі464.81 Kb.
#10367
  1   2
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 23.08.2012 15:09:20
Аудиторлық қызмет туралы
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-I Заңы

(2012.10.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



 

2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен Заңның мәтіні жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



 

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оны кері қайтарып алу», «лицензиясы кері қайтарып алынған», «лицензиясын кері қайтарып алу», «кері қайтарып алуды», «оларды алқалы басқару органдарының шешімімен кері шақырып алу», «Лицензия кері қайтарып алынған», «лицензияны кері қайтарып алу» деген сөздер тиісінше «одан айыру», «лицензиясынан айырылған», «лицензиясынан айыру», «лицензиясынан айыруды», «алқалы басқару органдарының шешімімен олардан айыру», «Лицензиядан айырылған», «лицензиядан айыру» деген сөздермен ауыстырылды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)



 

Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар



Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



1) аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйым (бұдан әрі - кәсіби ұйым) - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;

2) аккредиттеу - уәкілетті органның осы Заңда көзделген кәсіби аудиторлық ұйымдардың құқықтылығын ресми тануы;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4) аудитор - Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;

5) аудиторлық есеп - жүргізілген аудиттің нәтижесі болып табылатын жазбаша ресми құжат;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

6) аудиторлық қызмет - қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты мен басқа да ақпараттың аудитін жүргізу және қызмет бейіні бойынша қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;



7) аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық ұйым;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен  8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8) аудиттелетін субъект - өзіне қатысты аудит жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан өкілдік ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен  9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

9) аттестаттау - Біліктілік комиссиясының аудиторларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындау рәсімі;

10) Әдеп кодексі - аудиторлардың кәсіби қызметінің әдеп ережелері жиынтығы;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен  бап 10-1) тармақшамен толықтырылды

10-1) мүдделер қақтығысы - аудиторлық ұйымның мүдделілігі аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы оның пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен  бап 10-2) тармақшамен толықтырылды

10-2) дұрыс емес аудиторлық есеп - Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, пайдаланушыларды шатастыратын аудиторлық есеп;

11) көрінеу дұрыс емес аудиторлық есеп - аудит жүргізілмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана шатастыратын пікір жазылған аудиторлық есеп;

12) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен  13) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13) ұйымдардың стандарттары - аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары;

14) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган)  - аудиторлық қызмет саласында реттеу мен аудиторлық және кәсіби ұйымдардың қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

 

3-бап. Аудиторлық қызмет



1. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады.

2. Аудиторлық ұйымдар аудиттен басқа, өз қызметінің бейіні бойынша мынадай қызметтерді де көрсете алады:



1) аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтер;

2) бухгалтерлік есепті қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық есептілікті жасау;

3) ішкі аудит;

4) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жөніндегі заңнаманы қолдану және салық есебін жүргізу мәселелері бойынша консультация беру;

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру;

6) қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру;

7) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау мәселелері бойынша консультация беру;

8) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметті талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту;

9) бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыру жөнінде ұсынымдар беру, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасауды автоматтандыруға үйрету;

10) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау, аудит, қаржы-шаруашылық қызметті талдау және қаржылық жоспарлау жөнінде, аудит стандарттарына сәйкес өз қызметінің бейіні бойынша ілеспе қызметтерді көрсету жөнінде әдістемелік құралдар мен ұсынымдар әзірлеу;

11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерін көрсету;

12) 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы тармақта көзделген өз қызметінің бейіні бойынша жекелеген қызмет түрлерін көрсету тиісті лицензия алуды талап етсе, аудиторлық ұйымдар осындай лицензиясыз бұл қызметтерді көрсетуге құқылы емес.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Аудиторлық ұйымдарға кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерімен айналысуға тыйым салынады.



 

4-бап. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері және аудиттің стандарттары

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Аудиторлық қызметтің негізгі принциптері мыналар:

тәуелсіздік;

объективтілік;

кәсіби құзыреттілік;

құпиялылық;

адалдық;

ұйымдардың стандарттарын сақтау;

2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, Қазақстан Республикасында оларды ресми жариялауға Бухгалтерлердің халықаралық федерациясы жанындағы Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитеттің жазбаша рұқсаты бар ұйымдар мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялаған халықаралық аудит стандарттарына (бұдан әрі - аудит стандарттары) сәйкес жүзеге асырылады.



 

5-бап. Аудит және оның түрлерi



1. Аудиттің түрлері мыналар:

1) міндетті;

2) бастамашылық.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 183-ІV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.15.07. № 338-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.01.03. № 414-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 539-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді



2. Міндетті аудитке:

акционерлік қоғамдар;

қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқықығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;

жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтеріне инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар;

жинақтаушы зейнетақы қорына немесе зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымға ірі қатысушылар;

жер қойнауын пайдаланушылар;

банктер, банк холдингтері мен ірі қатысушылары банк және (немесе) банк холдингтері болып табылатын ұйымдар;

қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерін қоспағанда, табиғи монополия субъектілері;

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары;

астық қабылдау кәсіпорындары;

сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;

инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;

мақта өңдеу ұйымдары;

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар мен жобалау компаниялары;

«Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары жатады.

Аудит міндетті болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілікті мерзімді баспа басылымдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептілікпен бірге аудиторлық есепті де жариялауға міндетті.

3. Бастамашылық аудит аудиттелетін субъектінің не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге жасалған шартта көзделген аудиттің нақты міндеттері, мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап өзгертілді



6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi

Қазақстан Республикасының Yкіметі:

1) аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органды айқындайды;

2) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, аудит міндетті болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды.

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 3) тармақшамен толықтырылды



3) аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді;

4) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысандарын және оны табыс ету мерзiмдiлiгiн бекітеді;



5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7-бап. Уәкілетті органның құзыретi

Аудиторлық қызмет саласындағы уәкілетті орган:

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен бап 1-2) тармақшамен толықтырылды; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 1-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)



1-2) міндетті аудит жүргізуге жіберілетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын, ал қаржы ұйымдарының міндетті аудитіне қатысты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі - Ұлттық Банк) келісім бойынша біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;

2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін бекітеді;

3) кәсіби ұйымдарды аккредиттейді және олардың тізілімін жүргізеді;

2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  



4) аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді;

5) аудиторлық қызметті лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады;

2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)



6) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және тоқтату туралы мәліметтерді мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды;

7) аудиторлыққа кандидаттарды аттестаттаудан өткізу тәртібін бекітеді;

8) Біліктілік комиссиясы қызметін қалыптастыру және жүзеге асыру ережесін бекітеді;

9) аудит стандарттарын тарату үшін жағдай жасалуын қамтамасыз етеді;

10) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)



11) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

12) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет