Ауыл аруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланудың 2008-2012 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын жүзеге асырудағы аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмысы туралы анықтама



Дата01.07.2016
өлшемі64 Kb.
Ауыл аруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланудың 2008-2012 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын жүзеге асырудағы аудандық жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмысы туралы анықтама
«Тарбағатай ауданының жерді тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау туралы 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасы» аудан әкімдігінің 5 сәуір 2007 жылғы №99 қаулымен қабылданып, аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 18 сәуірдегі XXV сессиясында №25-9 шешімімен бекітілген.

Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді тиімді пайдаланудың 2008-2012 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы, ауданның агроөнеркәсіп бағдарламасына сәйкес жер реформаларын одан әрі тереңдету, жерден алынатын өнімді өндіруді арттыруға бағытталған.



Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану, оның құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын сақтауды табиғат қорғау шараларымен бірлесе жүргізуге арналған, негізгі 5/бес/ құрамдас бөліктерден, атап айтқанда шаруашылық –ұйымдастырушылық, агротехникалық, орман мелиорациясы, су мелиорациясы, тозған немесе бүлінген жерлерді жақсарту мен қалпына келтіру шараларынан тұратын бағдарлама бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда біршама жұмыстар атқарылды.

Аудан жерін аймақтарға бөлу жұмыстары толық аяқталып, негізгі басты көрсеткіштер жер учаскелерінің орналасуы, топырақ құнарлылығы анықтала отырып, ауыл шаруашылық мақсатына пайдаланылатын жерлер 6 аймаққа, елді мекендер 10 аймаққа бөлініп, жердің салық ставкаларына тиісті

өзгерістер жасалынып, аудандық салық басқармасына қолданысқа енгізуге тапсырылған.
Қазақстан Республикасының «Жер Кодексінде» белгіленген заңдылыққа сәйкес бүгінгі күні есепке алынған 2460 шаруашылық құрылым иелерінің 2388-не жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беретін құжат (Жер актісі) табысталды.

Өсімдік шаруашылығы бойынша, ұсақ отбасылық шаруашылықтарды ірілендіру мақсатында «Көкжыра» өндірістік кооперативінің базасында 23 шаруашылық, «Дастан» шаруа қожалығының негізінде 7 шаруашылық, «У-Тельман», «Ақжар» шаруа қожалығының негізінде 3 шаруашылық, «Айша» шаруа қожалығының негізінде 6 шаруашылық біріктіріліп, кластерлік жүйе іс жүзінде іске асырыла бастады.



Мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесіне байланысты, жер учаскесін жалдау құқығын сату жөнінде сауда-саттық ұйымдастырылып, Зайсан көлі жағасындағы рекреациялық мақсаттағы «Қарсақбай» жер теліміндегі 105 гектардың , жалпы алаңы 23 гектар болатын, 189 жер учаскесі 115 адамға жеке меншікке сатылып берілді.

Бағдарламада көрсетілген шараға сәйкес пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығына арналған жерлерді қайтару үшін «Жер Кодексіндегі» заңдылық басшылыққа алынып, жалпы алаңы 21 мың 596 гектар ауыл шаруашылық жер телімдері есепке алынды.

Иесіз мүлік ретінде есепте тұрған жер учаскелерін, босалқы жер есебінде ұстамай, ауыл шаруашылығына айналысқа енгізіліп, жергілікті бюджетке кіріс енгізу мақсатында жер қатынастары бөлімінде есепке алынған 21 мың 596 гектар жер телімдерінің 3001 гектарын, Құмкөл ауылдық округі аумағында жұмыс істейтін «Бауыржан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне ( Бақыт Ахметжанов), 1272 гектарын Маңырақ ауылдық округінің «Жүргін» шаруа қожалығына (Ғазизов Тоқан), 1360,7 гектарын Қызыл Кесік ауылдық округінің

«Камшат» шаруа қожалығына (Жайлаубаева Алтынбүбі), 3001 гектарын «Сағынқұмаров» шаруа қожалығының басшыларына 49 жылға өтеулі жер пайдалану құқығымен табысталды.

2008-2012 жылдар аралығында иесіз мүлік ретінде есепке алынған 21 мың 596 гектар ауыл шаруашылық жерлерінің 13 мың 999 гектары мемлекетке қайтарылып, аудан әкіміне жер сұрап өтініш беруші жеке және заңды тұлғаларға табысталуда.

Үстіміздегі жылы аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған ауыл шаруашылық жерлерін тексеріп-түгендеу жөнінде құрылған комиссиясының жұмыс нәтижесімен анықталған, аудан аумағынан басқа жаққа көшіп кеткен, алған жер учаскесін ұзақ уақыт бойы пайдаланбаған немесе шаруа қожалығының басшысы қайтыс болып кеткен 55 шаруа қожалықтарының 5632,6 гектар жерлерін аудандық жер қатынастары бөлімі иесіз мүлік ретінде есепке алып, Қазақстан Республикасының «Жер Кодесінің» 82 бабының 1,2 тармақтарында белгіленген заңдылық негізінде мемлекет жер қорына қайтарып алу үшін шаруашылықтардың іс-қағаздарын жинақтап, құжаттарды аудандық соттың қарауына ұсынады.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің №1/1465; №1/4991 хаттамалық тапсырмалары бойынша «Аудан аумағында ауыл шаруашылық өндірісіне және объектілерді салуға берілген, мақсаты бойынша пайдаланылмаған немесе жер заңнамасын бұза отырып пайдаланылған жер учаскелеріне тексеру жүргізу» жөніндегі облыс әкімі Б. Сапарбаевтың тікелей бақылауында тұрған тапсырманы орындау мақсатында аудан әкімдігінің 01 сәуір 2009 жылғы № 109 қаулысымен арнайы комиссия құрылды.

Облыс әкімінің бақылауындағы ауыл халқы үшін ең басты мәселе ауыл шаруашылық жер телімін түгендеп-тексеру жөніндегі тапсырманы орындауды
нақты іс жүзіне асыру үшін барлық ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.

Аудан аумағында шаруашылық құрылым иелерінің егістік алқаптарына су жеткізіп беруге қызмет көрсететін Ақсуат, Ақжар өндірістік пайдалану учаскесіне қарасты су объектілері мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерінің заңды түрде иеленуі қадағалауға алынған. Бүгінгі күні Ақжар өндірістік пайдалану учаскесі өзінің иелігіндегі жерлерге жер пайдалануға құқық беретін құжатты толық дайындатып алса, Ақсуат өндірістік пайдалану учаскесі иелігіндегі жерлерге жер пайдалану құқығын беретін құжатты дайындатуға қажетті құжаттарды жинақталып, аудандық жер беру комиссиясының қарауына ұсынылған.

Суармалы алқаптардың ірі су көздерімен байланысын жақсартып, суға көрсетілетін қызметті жақсарта отырып, суармалы жердің әр гектарынан алынатын өнімін жоғарылату мақсатында 190 құрылтайшыны біріктіретін тоғыз су пайдаланушылар кооперативі құрылған.

Тарбағатай ауданы жартылай шөлейт аймақта орналасқандықтан егістік алқапты жергілікті және минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету кезек күттірмейтін шара.

Екпін ауылдық округіндегі «Дастан» шаруа қожалығы 20 гектар егістік жердің әр гектарына 15 тонна, Көкжыра ауылдық округіне қарасты «Көкжыра» өндірістік кооперативі 50 гектар күнбағыс, картоп, көкөніс және бақша дақылдары орналасқан жерлерге 500 тонна, Ақсуат ауылдық округіне қарасты «Рауан» шаруа қожалығының басшысы 10 гектар егістік жерге 300 тонна жергілікті тыңайтқыш енгізсе, аудан бойынша жалпы алаңы 500 гектар картоп егістігіне 15 мың, 200 гектар көкөніс және бақша дақылдары егістігіне 6 мың жергілікті тыңайтқыштар енгізіліп, топырақ құрамының жақсарып әр гектардан алынатын өнімнің артуына қолайлы жағдай жасалынды.

Кіндікті, Қызылкесік, Жәнтікей, Жаңаауыл ауылдық округтерінің шаруашылық басшыларына 4-5 танапты, ал ылғалмен жеткілікті тұрақты түрде қамтамасыз етілген ауылдық округтерде 7-8 танапты мал азығындық ауыспалы егіс жүйесін қолдану туралы тапсырмалар беріліп, «Рауан», «Дастан», «Айша» шаруа қожалықтары және «Көкжыра» өндірістік кооперативі 7-8 танапты дәнді дақылды, отамалы, екпе шөпті мал азығындық ауыспалы егіс жүйесін қолданысқа енгізе бастады.

2008-2010 жылдары топырақты су және жел эрозиясынан қорғау мақсатында егістік алқаптары суармалы жер телімінде орналасқан төмендегі ауылдық округтерде Екпінде-0,4 км, Көкжырада-0,8 км, Ойшілікте-0,6 км, Маңырақта-0,3 км, Ақжарда-0,7 км, Жетіаралда-0,5 км, Ақсуатта-0,2км, Құйғанда-0,4 км, жиыны аудан бойынша 3,9 км жерлерге арнайы екпе ағаштар егіліп, қорғаныш алқаптары пайдаланысқа берілді.

Аудан аумағындағы 447,2 гектар ауыл шаруашылығы жерлеріндегі жер қойнауын иеленіп, пайдалы қазбаларды игеруші 5-заңды тұлғалар бүлінген немесе тозған ауыл шаруашылық жерлерін жақсарту мен қалпына келтіруде біршама жұмыстар атқарды.

2008-2010 жылдар аралығында жер қойнауын пайдаланушылар өз қаражаттарымен 116,5 гектар ауыл шаруашылық жерлерін қайтадан жарамды күйіне қалпына келтірді.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісі шығындары есебінен келген зиянды өтеуге байланысты қаржы ауданның жер қойнауын пайдаланушылары есебінен республикалық бюджетке 539400 теңге жуық қаржы аударылды

Алайда, жоғарыда атқарылған жұмыстармен қатар ауылдық округтер әкімдері тарапынан «Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығыны арналған жерлерін тиімді пайдалану, топырақ құнарлылығын арттыру, жер ресурстарын қорғау туралы 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасында » қабылданған іс-шараларды орындауда кемшіліктер мен олқылықтарға да жол берілген.

2008 жылдан бері Қызылкесік, Кіндікті, Құмкөл, Қарасу, Жаңаауыл ауылдық окуругтерінде аталмыш бағдарлама жасалмаған

Иесіз мүлік ретінде есепке алынған жер телімдері туралы деректерді 2010 жылдың маусым айына дейін аудандық сотқа тапсыру мерзімі тақап қалса да, Құмкөл, Қызыл Кесік ауылдық округінің әкімдері бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасының «Жер Кодесінің» 82 бабының талабында белгіленген заңдылыққа сай шаруашылықтардың іс-қағаздарын комиссияға толық тапсырмаса, Кіндікті, Қарасу ауылдық округтерінде бұл жұмыс мүлде қолға алынбай, ауылдық округтің аумағындағы есепте тұрған жерлерін иесіз тастап кеткен шаруашылық құрылым иелерінің тізімін аудандық жер қатынастары бөліміне жолдаумен ғана шектелуде.



Ауданда «Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығына арналған жерлерін тиімді пайдалану туралы 2008-2012 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруда нақты жұмыстар атқарыла беретін болады.


Аудандық жер қатынастары

бөлімінің бастығы Ғ. Нұғиев
Каталог: files
files -> Мазмұны мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот кабинеті»
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері
files -> «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік-разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік-разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Спорттық разрядтар мен санаттар беру: спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет