Ауыл әкімі Т. Зейдалиевтің 2013 жылы атқарған жұмыстарының есебі



жүктеу 61.58 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі61.58 Kb.
Ауыл әкімі Т.Зейдалиевтің

2013 жылы атқарған

жұмыстарының есебі.

Құрметті ауыл тұрғындары, әріптестер!
Еліміз жылма жыл өркендеп экономикалық даму жағынан дүниежүзі мемлекеттері арасында айтулы орындарға қол жеткізіп, ішкі және сыртқы саясаттың тұрақтылығын, көпұлтты республикамыздың өзара ынтымақтастығын қалыпты сақтап келеді.

Елбасымыздың 2012 жылғы желтоқсан айындағы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет дамуының барлық саласына үлкен мән беріліп, дүние жүзіндегі дамыған 30 елдің құрамына кіру мақсатының өзі еліміздің кемел болашағының жарқын көрінісі .

-Жайылма ауылдық округі бойынша халық саны -1412, отбасы саны- 202.

- Ауылдық округте жыл қорытындысымен 1200 бас мүйізді ірі қара, 140 бас жылқы, 145 бас түйе, 16600 бас қой-ешкілер бірдейленіп , компьютерлік дерекқорға толығымен енгізілді.

- Жайылма ауылдық округі бойынша салық пен статиситика басқармасына тіркелген 21 шаруа қожалығы бар, соның ішінде егіспен айналысатын 9 шаруа қожалығы 2013 жылы 350 га бақша, 30 гектар көкөніс ,30 гектар картоп егіп, бақшаның әр гектарынан 200 центнерден,барлығы 7000 тонна,көкөністің әр гектарынан 180 центнерден барлығы 540 тонна, картоптың әр гектарынан 93 центнерден барлығы 279 тонна өнім алды. Бақша мен көкөністің әр гектарына мемлекет тарапынан 9 мың теңге субсидия берілді.

Ауыл диқандары А.Нұрділлаев пен М.Даубалаевтар облыс және аудан жеңімпаздары атанды. Ал шұбат өндіруден Ақбота шаруа қожалығы аудандық марапатқа ие болды.

- Жергілікті бюджеттен бөлінген 1 млн 500 мың теңге қаржыны «Жаңақорған энерго сервис» мекемесі арқылы1 млн 340 мың теңгеге жеңіп алып ауыл орталығы Жүсіпов Бектас көшесіне орнатылды.

Ауыл тұрғындарының кезекті жалпы жиналысында ауыл балаларына «Ойын алаңы» қажеттігі айтылса, ол күрделі мәселе де маусым айында шешімін тауып «Балалар ойын алаңы» үшін республикалық бюджеттен бөлінген 2 млн қаржыны жеке кәсіпкер «Маликова» 1 млн 190 мың теңге қаржыға ұтып алып жұмысты маусым айында толық аяқтап пайдалануға берді.Жергілікті бюджеттен көркейту-көгалдандыруға бөлінген 500 мың қаржыны Жайылма ауылдық округіне қарасты «Қазына» селолық тұтыну кооперативі 303 мың теңге қаржыға жеңіп алып ауылды көктемгі көгалдандыру-көркейту жұмыстарына мақсатты игерді. Баннерлер мен панолар жасалынды.

-Жұмыспен қамту -2020 Жол картасы аясында ауылда жас ынталы азаматтардың жеке ісін дамытуына және кеңейтуіне арнайы түсіндірмелер жүргізілсе, бір жұмыссыз азамат несиемен қамтатамсыз етіліп өз кәсібін кеңейту үшін мүйізді ірі қара алып жұмыс жасап жатыр.

Әлеуметтік сала бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы жыл бойына көктемгі көгалдандыру жұмыстары мен күзгі тазалық айлары үшін 8 адам қоғамдық ақылы жұмыспен қамтылып, оларға 223 мың 920 теңге еңбекақы төленді. Олар Шымкент-Самара трассасының шекаралық бойлығы мен ауыл ішін қатты зат қалдықтарынан тазартып, кіре берістегі 0,25 гектар және ауылдың шығыс бөлігіндегі 1 гектар жерлерге көшеттер егіп ,оларға күтім жасау уақтылы суару жұмыстарымен айналысты.

Жыл бойына мемлекеттік балалар жәрдемақысы үшін 5 млн 546 мың теңге төленсе, тұрғын үй көмегі үшін 1 млн 23 мың теңге қаржы берілді. Ауылдық округ әкімі аппаратына алдағы атқарылатын жұмыстардың күрделенуіне байланысты жергілікті бюджеттен штаттық толықтырулар беріліп ,оған 3 жұмыссыз азаматтар жұмысқа қабылданды. Әкімшілік мемлекеттік қызметтегі бос орындар үшін арнайы орындарға тиісті мәліметтер мерзімінде беріліп,, тестілеудің қорытындысы негізінде комиссия шешімі арқылы әкім аппаратының бас маманы қызметке қабылданды. Ал бос тұрған бас маман ветеринардың орыны мамандардың біліктілік талаптары сәйкес келмегендіктен және де басқа себептермен толықпай отыр.

- 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған ауыл әкімінің іс-шаралар жоспары бойынша ауылдық округтегі көпбалалы аналар, «Алтын алқа», «Күміс алқа » иегерлері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлерін марапаттау кеші болып өтті. Салтанатты жиында31- «Алтын алқа » , 35- «Күміс алқа» игерлері мен 2- Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне 1000 теңге көлемінде заттай сый-сыяпат жасалынып, аудан әкім С.Тәуіпбаевтың құттықтау хатымен марапатталды.

1-желтоқсан «Тұңғыш Президент » күніне орай ұйымдастырылған «Алтын тақты-Елбасы» атты салтанатты жиында еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясатты тұрақтандырумен қатар дүние жүзілік аренада қазақ ұлты мен мемлекетінің өзіндік орнын белгілеп бергендігі жөнінде баяндалса, Жиын барысында Н.Жапековтің авторлығымен жазылған Елбасымызға арналған арнаулар мен тақырыптық көркем сөздер №195 орта мектеп оқушыларының орындауында көрермендерді тебірентіп , тарихи тұлға Елбасымызға деген сенім мен сүйіспеншілік арта түсті.

-2013 жылдың 3 қазан күні ауылдық клуб үйінде іс-шаралар жоспары бойынша ауыл қарттары мен мүгедектерін құрметтеу,марапаттау салтанатты жиыны болып өтті. Мекеме басшылары мен шаруашылық жетекшілерінің және ауыл әкімі аппаратының демеушілігімен 21 қарт кісілерге 1500 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар тапсырылса,олардың көңіл күйін көтеру мақсатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

- 8 қараша күні Жайылма ауылының сөзұстар белсенді азаматтары мен ауыл әкімінің үйымдастыруымен Жайылма ауылдық округі әкімі қызметінен 2013 жылы зейнеткерлікке шыққан Қалдыбаев Сандыбек ағамызды құрметті демалысқа шығару салтанатты жиыны болды.. Қалдыбаев Сандыбек ағамыздың құрметіне адресаттар мен құттықтау сөздер айтылып ат мінгізу рәсімі де қалыс қалмады.

-Ішкі саясат саласының жоспарланған тапсырмалары мен басшылыққа алу жұмыстары мерзімінде атқарылуда. Облыс әкімінің бақылауында тұрған елді мекендерді «Отау ТВ» спутникті антенналармен қамтамасыз ету бағдарламасы ауылдық окруте өз деңгейінде орындадық . Бұл шараны мектеп дирекциясымен бірлесе отырып орындалу пайызын 45 пайызға жеткіздік яғни 202 шаңырақтан 91 үйде арнайы құрылғы орнатылды.

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес барысында жыл басынан ауылдық округте ауыл әкімінің тарапынан 6 рет тақырыптық отырыстар ұйымдастырылса 10 рет құқықтық сабақтар жүргізілді. Қоғамдық медиаторлар ауылда ақасақалдар кеңесімен бірлесіп 3 рет жекелеген дау-дамайлардың өзара келісіліп шешілуіне ықпалдар жасалды.

Әкім аппаратына тұрғындардан жыл басынан 9 арыз-шағым түсіп, олардың 8-і өз тарапымыздан қанағаттандырылып, 1-уіне жазбаша түсініктеме берілді.12 мәрте азаматтарды жеке қабылдай жүргізіліп , барлығы әлеуметтік мәселелер бойынша ауыл әкімі тарапынан қанағаттандырылды.

-Ауылжастары арасында мемлекеттік Рәміздерді құрметтеу тақырыбында үнемі отырыстар мен жиындар ұйымдастырылса ,ішкі саясат саласы ұйымдастырған жас ақындардың аудандық мүшайраларында ауылдың жас ақыны Бижанов Наржан айтулы орындарды иеленіп жүр.Оның Отанымызға және Рәміздерге арналған шығарамалары аудандық басылымда жарық көрді..

-2013 жылы 25 тамызда «Айбын-ІІ»орденінің иегері, Ұлтттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері, аға лейтенант Қайрат Ибрайымовты еске алу іс шарасында кіші футболдан , гір тасын көтеруден, қол күрестен аудандық спорттық жарыс ұйымдастырылып , ауыл жастарына патриоттық тәрбие мен саламатты өмір салтын қалыптастыруда маңызы зор болды..

- Білім саласында айтулы жетістіктер бар. Биылғы мектеп бітірушілердің

9-ы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып олардың орташа балы 72 пайызды құрады, 2 грант иегері бар.250 орындық Жаңа мектеп құрылысының сметалық-жобалау құжаттары «Кресс-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы аяталып,желтоқсан айынан бастап «Дәнекер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс компаниясы арқылы мектеп құрылысының алғашқы жұмыстары басталды. Бұл үшін ауыл тұрғындарының қуанышы шексіз және аудан мен облыс басшылығына алғыстары мол.

- -№1 «Камшат» балабақшасында 25 бала тәрбиеленуде, оларға қаралған ай сайынғы қаржылары мерзімінде аударылса, «Бота қоры » арқылы тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларына жеңілдіктер ұсынылып отыр. Онда арнайы бір қызметкер зерттеу жұмысымен айналысады.

- Ауылда типтік жобада құрылысы салынып 2012 жылы пайдалануға берілген

1 фельдшерлік акушерлік бекеті жұмыс жасап, халыққа қызмет көрсетіп отыр.

Жергілікті салық көрсеткіштері 2013 жылдың қорытындысы бойынша жер,мүлікті 100 пайызға орындасақ, көлік салығының бұрынғы төленбеген салықтық алымдарға жұмыстар жасалынып жатыр.

2014 жылдың І-жарты жылдығына баспасөзге жазылу барысы бойынша республикалық және жергілікті басылымдардың жоспары мен тапсырмасы 180 дана газет толығымен орындалды.

Жайылма ауылдық округіне жыл бойына жергілікті және республикалық бюджеттен қаралған төлемдік қаржылардың барлығы тиісті бағдарламаларымен толығымен 100 пайызға игерілді.



Күрделі мәселелерге тоқталатын болсақ:

  • Ауылішілік электр желілерінің тозығы жетуіне байланысты оларды ауыстыру

10-дық бағаналар санын көбейтіп Құдиярұлы Төленбек көшесі арқылы ауылдың шеткі нүктелеріне электр тогын дамыту.

  • Ауыз су құрылысымен ауыл толық қаматамасыз етілмей тұрғандығына байланысты қажетті шараларды ұйымдастыру.

  • Сервистік ауыз су жүйесімен ауылды толық қаматамасыз ету.

  • Сметалық -жобалау құжаттары дайын, Ұлы Отан Соғысы ардагерлері тұратын Қ.Оспанов көшесін жарықтандыру, жолын асфальттау.



Тыңдағандарыңызға рахмет!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет