АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ
ЗООТЕХНИЯ
УДК: 636.088.31
«ҚАРАМАН-К» ЖШС-ДЕ ӨСІРІЛЕТІН ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМЫ
ЖАС МАЛДАРЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ҰШАЛАРЫНЫҢ
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Ж. К. Аубакиров, аспирант
Қостанай мемлекеттік университеті
Малдың генотипі бұқашықтардың бойында еттілік сапалығының қалыптасуына үлкен ықпал етеді. 1 кг сүйектің үлесіне тиетін жұмсақ еттің жоғары шығымы «Алабота» асыл тұқымды зауыты мен немістің сары тұқымы бойынша ½ қандылық үлесі бар Саго 6152 өндіруші-бұқалардың бұқашықтары мен өгізшелерінен алынды.
Генотип животного может оказывать довольно значимое влияние на показатели мясности бычков. Наиболее высокими показателями выхода мякоти на 1 кг костей в туше характеризовались бычки и кастраты от быков племзавода «Алаботинский» и быка – производителя кровностью ½ по желтой немецкой породе Саго 6152.
The animal’s genetic type can exert influence upon the qualitative indices of young bulls’ fleshy state. Young bulls and castrated bulls born from «Alabotinskiy» breed farm and from a breeding bull with the blood’s index of one seconds from yellow German breed Sago 6152 were characterized with the most qualitative indices of output of fleshy part of body for 1 kilogram of bones in bull’s carcass.
Малдардың жастары ұлғайған сайын олардың салмақ өсімдері де ұлғаяды: 8-9 айлық жастарында ет салмағы 43-45 %, сүйегі 10-12 % және іш майы 2-4 %, ал 10-15 айлық жастарында сәйкесінше 35-39, 6-8 және 5-7 % құрайды. Өсу процесінде жас малдардың дене өлшемдері бұлшықет пен сүйек ұлпаларының арқасында ұлғаяды. 18 айлық жасқа дейін бұлшықет ұлпасының абсолюттік және салыстырмалы салмақтары артып, сүйегінің салмақтық үлесі төмендейді. 18 айлық жастан кейін ағзадағы зат алмасу сипатының өзгеруі мен азотты жинақтау қабілетінің төмендеуі салдарынан ақуыз синтезінің екпінділігі төмендейді. Ол бұлшықет ұлпасының өсімін баяулатып, біруақытта май ұлпасының артуына септігін тигізеді. Одан үлкенірек жаста бордақылауға қойылған малдардың бұлшықетаралық және бұлшықетішілік майының салыстырмалы саны төмендеп, іш және тері асты майының жинақталу дәрежесі артады [1, 2].
Зерттеуді өткізудің мақсаты – генотипі әр түрлі қазақтың ақбас тұқымының бұқашықтары мен өгізшелері ұшаларының морфологиялық құрамын талдау.
Тәжірибеге бұқашықтардың 3 тобы мен өгізшелердің 3 тобы қойылды: І және IV – «Ключев» асыл тұқымды зауытының өндіруші-бұқаларынан алынған бұқашықтар мен өгізшелердің тобы, ІІ және V – «Алабота» асыл тұқымды зауытының өндіруші-бұқаларынан алынған бұқашықтардың тобы, ІІІ және VІ – немістің сары тұқымы бойынша ½ қандылық үлесі бар Саго 6152 өндіруші-бұқасынан алынған бұқашықтардың тобы.
Тәжірибеге қойылған малдардың бақылау сойымын талдау барысында малдардың жастары ұлғайған сайын, ұшаның абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері де артатыны анықталды (1-кесте).
Мысалы, бұқашықтардың бұлшықет салмағының өсімі 18-21 айлық жастарында 14,48-20,15 кг-ға (15,4-18,4 %), өгізшелердікі – 8,02-9,6 кг-ға (7,8-10,9 %) артқан.
Олардың жастары ұлғайған сайын ет салмағының өзгеру динамикасы да генотиптеріне байланысты өзгерді: «Ключев» – 9,5-14,7 кг (12,3-16,5%), «Алабота» – 10,9-17,5 кг (12,6-19,5 %), немістің сары тұқымының будандары – 11,8-17,5 кг (13,1-18,8 %).
1-кесте – Жас малдардың жартылай ұшаларының морфологиялық құрамы ( ± Sx)
Көр-
сет-
кіш
|
Жасы, ай
|
Топтар
|
бұқашықтар
|
өгізшелер
|
I
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІV
|
V
|
VІ
|
Жарт. ұшаның салм., кг
|
18
|
119,5 ± 5,49
|
133,3 ± 4,32
|
138,3 ± 3,95
|
110,3 ± 0,75
|
115,8 ± 3,23
|
125,0 ± 2,48
|
21
|
134,1 ± 2,31
|
151,1 ± 1,75
|
159,8 ± 6,05
|
121,2 ± 6,52
|
130,2 ± 8,63
|
133,2 ± 10,50
|
Ет, кг
|
18
|
93,93 ± 3,93
|
105,17 ± 4,56
|
109,42 ± 4,09
|
88,21 ± 0,92
|
95,26 ± 3,82
|
103,06 ± 4,55
|
21
|
108,41 ± 2,07
|
122,27 ± 2,25
|
129,57 ± 5,38
|
97,81 ± 8,06
|
108,39 ± 10,68
|
111,08 ± 11,04
|
Ет, %
|
18
|
78,6± 0,28
|
78,9 ± 0,61
|
79,12 ± 1,25
|
79,97 ± 0,78
|
82,26 ± 0,45
|
82,45 ± 0,83
|
21
|
80,84 ± 0,45
|
80,92 ± 0,92
|
81,08 ± 0,65
|
80,7 ± 0,35
|
83,25 ± 0,90
|
83,39 ± 1,01
|
Сүйек, кг
|
18
|
22,17 ± 1,41
|
24,63 ± 0,72
|
25,29 ± 0,63
|
19,25 ± 0,45
|
17,87 ± 1,05
|
19,17 ± 0,95
|
21
|
22,22 ± 0,45
|
25,08 ± 0,63
|
26,49 ± 0,51
|
20,39 ± 1,25
|
19,05 ± 1,43
|
19,23 ± 1,23
|
Сүйек, %
|
18
|
18,56 ± 0,35
|
18,48 ± 0,53
|
18,29 ± 0,93
|
17,45 ± 1,03
|
15,43 ± 0,35
|
15,34 ± 0,72
|
21
|
16,57 ± 0,42
|
16,6 ± 0,66
|
16,58 ± 0,61
|
16,83 ± 0,81
|
14,63 ± 0,48
|
14,44 ± 0,60
|
Сіңірі мен шемір
шегі, кг
|
18
|
3,39 ± 0,18
|
3,49 ± 0,21
|
3,58 ± 0,08
|
2,85 ± 0,21
|
2,67 ± 0,33
|
2,76 ± 0,23
|
21
|
3,47 ± 0,21
|
3,75 ± 0,26
|
3,74 ± 0,21
|
2,99 ± 0,15
|
2,76 ± 0,24
|
2,89 ± 0,28
|
Сіңірі мен шемір
шегі, %
|
18
|
2,84 ± 0,15
|
2,62 ± 0,21
|
2,59 ± 0,42
|
2,58 ± 0,31
|
2,31 ± 0,32
|
2,21 ± 0,43
|
21
|
2,59 ± 0,20
|
2,48 ± 0,32
|
2,34 ± 0,12
|
2,47 ± 0,26
|
2,12 ± 0,40
|
2,17 ± 0,51
|
1 кг сүйект. үлесіне тиетін жұмсақ ет салм.,кг
|
18
|
4,24 ± 0,08
|
4,27 ± 0,15
|
4,33 ± 0,10
|
4,58 ± 0,72
|
5,33 ± 0,32
|
5,38 ± 0,17
|
21
|
4,88 ± 0,12
|
4,88 ± 0,30
|
4,89 ± 0,16
|
4,79 ± 0,19
|
5,68 ± 0,40
|
5,78 ± 0,20
|
Бұқашықтардың жастары ұлғайған сайын ұшаларының жеуге жарамсыз бөліктерінің салмақтық үлесі төмендеп, жеуге жарамды бөліктері артқан. 18-21 айлық жастарында бұқашықтардың етінің салыстырмалы салмағы 0,2-0,7, ал өгізшелердікі – 0,1-0,6 % артты. Еттің салыстырмалы салмағының артып, сүйегінің төмендеуі ұшаның морфологиялық құрамының жақсаруына әсер етіп, барлық топтардағы жас малдардың еттілік индексі жақсарды. Еттілік индексі 18-21 айлық жастағы бұқашықтарда 20-50 г, өгізшелерде – 20-130 г артты. Сонымен бірге бұл көрсеткіш барлық топтың жас малдарында жеткілікті түрде жоғары деңгейде болды.
Ұшаның морфологиялық құрамы бойынша да топ аралық айырмашылықтар анықталды. Ет салмағының абсолюттік салмағы бұқашықтарда жоғары болды. Сөйтіп, 18 айлық жастарында ет салмағы бойынша олар өгізшелерден 9,8-26,5 кг (9,1-28,5 %), ал 21 айда сәйкесінше 7,5-20,5 кг (8,4-21,1 %) басым түсті. Айырмашылықтар барлық жағдайда статистикалық дәйекті болып табылады.
«Алабота» асыл тұқымды зауытының ұрпақтары мен немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар өндіруші-бұқалардан алынған будандардың бұлшықет салмағының артуы «Ключев» асыл тұқымды зауытының ұрпақтарына қарағанда екпіндірек өткен. 18 айлық жастағы немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар будандар ІV топтың өздерімен қатарлас малдарынан бұлшықет салмағы бойынша 15,49 кг-ға (16,5 %, Р < 0,01), V топтан 4,25 кг-ға (4,04 %, Р < 0,01), өгізшелердің VІІ тобынан 14,85 кг-ға (16,8 %, Р < 0,05), VІІІ топтан 7,8 кг-ға (8,2 %, Р < 0,05); ал 21 айлық жасында сәйкесінше: 21,2 кг-ға (19,5 %, Р < 0,01), 7,3 кг-ға (5,9 %, Р < 0,01) және 13,27 кг-ға (13,6 %, Р < 0,05), 2,69 кг-ға (2,5 %, Р < 0,05) басым түскен.
Малдардың жастары ұлғайған сайын V және VІ топ бұқашықтарының еттілік индексінің 12,9-14,3 %-ға артқаны байқалады. Еттілік индексі немесе ұшадағы ет пен сүйектің арақатынасы 18 айлықтағы VІ топ бұқашықтарында 4,33 құрап, «Ключев» асыл тұқымды зауытының өндірушілерінен алынған бұқашықтардан 2,12 %-ға, ал «Алабота» асыл тұқымды зауытының өндірушілерінен алынған бұқашықтардан 1,41 %-ға басым түсті.
Өсу кезінде жас малдардың ұшаларының бөлек бөліктері, оның арақатынасы мен құрамы да өзгереді. Сүйектерінің салмағы төмендеп, етінің салмағы артады. Мойын, алдыңғы және артқы бөліктердің салыстырмалы салмағы төмендейді, ал кеуде, бел, сан-жамбас бөліктерінің салыстырмалы салмағы артады. Сондықтан малды сойған уақытта огузок, филе, кострец, отруба секілді аспаздық құндылығы жоғары ет бөліктері алынады.
«Алабота» асыл тұқымды зауыты мен немістің сары тұқымының өндіруші-бұқаларынан алынған малдардың ет өнімділіктерінің жоғары болуы бұқашықтар мен өгізшелердің жартылай ұшаларының табиғи-анатомиялық арақатынасына әсер етті. Сөйтіп, 21 айлық жастарында V-VІ топ бұқашықтарының жартылай ұшаларының сан-жамбас бөлігінің салмағы ІV топтың бұқашықтарынан 4,7-5,4 кг, немесе 8,8-10 %-ға; өгізшелердің жартылай ұшалары сәйкесінше 6,5-7,5 кг, немесе 14,5-16,4 %-ға басым түсті.
Ұшаның бөлек табиғи-анатомиялық бөліктерінің дәмдік, сіңімділік және аспаздық құндылықтары бірдей болмайтындығы белгілі. Оның ішінде бел, сан-жамбас бөліктері құнды деп есептелініп, кескен уақытта огузок, филе, кострец, отруба секілді аспаздық құндылығы жоғары ет бөліктері алынады. Малдардың жастары ұлғайған сайын денелерінің барлық бөліктері де жылдам өсетіні анықталды (2 кесте).
Яғни, 18-21 айлық жастарында мойын бөлігі 0,9-3,0 кг-ға (7-28,5%), иық-жауырын 2,4-3,5 кг-ға (10,5-17,6%), арқа-қабырға 2,1-5,4 кг-ға (5,1-16,8%), бел 1,1-3,0 кг-ға (7,0-24,2%), сан-жамбас 7,2-10,1 кг-ға (13,6-24,1%) артқан.
Жартылай ұшадағы бөлек бөліктердің жақсы дамуы мен салмақтылығы өсіру кезеңдеріндегі малдың генотипіне, жынысына және физиологиялық қалпына тәуелді өсімнің біркелкі еместігімен байланысты екендігі анықталды.
2-кесте – Жартылай ұшалардағы бөлек табиғи-анатомиялық бөліктердің арақатынасы (± Sx)
Топтар
|
Жасы, ай
|
Жартылай ұшалардың бөлек табиғи-анатомиялық бөліктері
|
мойын
|
иық-жауырын
|
арқа-қабырға
|
бел
|
сан-жамбас
|
Салма-
ғы, кг
|
жарт.
ұша сал-ма-
ғына %
|
Салма-
ғы, кг
|
жарт. ұша салма-
ғына %
|
Салма-
ғы, кг
|
жарт.
ұша салма-
ғына ,
%
|
Салма-
ғы, кг
|
жарт.
ұша салма-
ғына ,
%
|
Салма-
ғы, кг
|
жарт.
ұша салма
ғына %
|
І
|
18
|
10,0±0,3
|
8,4
|
20,1±0,4
|
16,8
|
32,7±2,1
|
27,4
|
13,3±0,9
|
11,1
|
43,4±0,9
|
36,3
|
21
|
12,2±0,9
|
9,1
|
22,9±0,7
|
17,1
|
35,8±4,6
|
26,7
|
15,4±1,5
|
11,5
|
47,7±4,5
|
35,6
|
ІІ
|
18
|
11,3±0,7
|
8,5
|
22,5±0,6
|
16,9
|
35,7±2,4
|
26,8
|
15,1±0,5
|
11,3
|
48,7±1,2
|
36,5
|
21
|
14,1±0,6
|
9,3
|
26,4±0,8
|
17,5
|
38,8±1,3
|
25,7
|
16,8±0,4
|
11,1
|
55,0±2,6
|
36,4
|
ІІІ
|
18
|
12,6±0,8
|
9,1
|
24,6±0,7
|
17,8
|
36,1±0,9
|
26,1
|
15,8±1,3
|
11,4
|
49,2±1,5
|
35,6
|
21
|
14,4±0,7
|
9
|
28,8±1,1
|
18
|
41,4±1,7
|
25,9
|
17,6±1,2
|
11
|
57,7±1,2
|
36,1
|
IV
|
18
|
11,1±0,6
|
10,1
|
21,3±0,4
|
19,3
|
31,3±2,3
|
28,4
|
11,1±0,3
|
10,1
|
35,4±1,4
|
32,1
|
21
|
13,1±0,9
|
10,8
|
23,8±0,6
|
19,6
|
35,1±1,8
|
29
|
12,4±0,6
|
10,2
|
36,8±1,6
|
30,4
|
V
|
18
|
14,1±1,1
|
12,2
|
20,7±1,1
|
17,9
|
30,5±0,6
|
26,3
|
10,8±0,5
|
9,3
|
39,7±2,2
|
34,3
|
21
|
14,6±0,8
|
11,2
|
22,8±2,1
|
17,5
|
35,7±1,3
|
27,4
|
13,4±0,9
|
10,3
|
43,7±1,4
|
33,6
|
VI
|
18
|
14,6±0,9
|
11,7
|
22,1±1,2
|
17,7
|
33,1±1,2
|
26,5
|
12,3±0,7
|
9,8
|
42,9±1,3
|
34,3
|
21
|
15,3±0,7
|
11,5
|
23,0±2,0
|
17,3
|
35,8±1,3
|
26,9
|
14,4±1,1
|
10,8
|
44,6±4,1
|
33,5
|
Ұшаның құрамдас бөліктерінің абсолюттік және салыстырмалы өсімдерінің жоғары көрсеткіштерін бұқашықтар, ал төменін өгізшелер көрсетті. Сөйтіп, 18 айлық жастарында бел және сан-жамбас салмақтары бойынша бұқашықтар өгізшелерден 3,7-6,2 кг-ға (36,5-65,9 %, Р < 0,01) және 4-14,5 кг-ға (6,8-42,3 %, Р < 0,01), ал 21 айлық жастарында сәйкесінше 3,0-5,5 кг-ға (23,5-67,3 %, Р < 0,01) және 5,2-20,1 кг-ға (9,3-50,1%, Р < 0,01) басым түсті.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде «Алабота» асыл тұқымды зауыты мен Саго 6152 өндіруші-бұқаларынан еттілік индексі 5,33-5,78 шегіндегі етке толы ұшаларды алуға болатыны анықталды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Зеленков, П. И. Скотоводство / П. И. Зеленков, А. И. Бараников, А. П. Зеленков. – Ростов на Дону : Феникс. – 2005. – 220 б.
2. Игнатов, А. В. Мясная продуктивность бычков на рационах с разным энергопротеиновым отношением. / А. В. Игнатов, Г. М. Алфимцева // Зоотехния – 2003. – №2. – 13-15 б.
УДК: 636. 32/38.082
Достарыңызбен бөлісу: |