«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру»



Дата01.07.2016
өлшемі173.28 Kb.
#171273




Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы _________

№ __ бұйрығына

1-қосымша


«Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 7 (жеті) жұмыс күні;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) құжаттарды алған кезде кезекте күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесі – ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру (бұдан әрі – шешім) туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан


әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасынасәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының бір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беруге өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);

3) құрамында ауыл және су, қоршаған ортаны қорғау бойынша ауданның жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдарының қорытындылары және келісімдері болатын бір түрден екінші түрге ауыстыру бойынша тұжырымдамалары және ұсыныстары барқорытынды;

4) ауыл шаруашылық алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға жоспарланған жерлердің экспликациясы;

5) бір түрден екінші түрге ауыстыруға жататын жер учаскелерінің жоспарлау-картографиялық материалдары, олардың алаңын, пайдалану түрін, ауыстыру себебін көрсете отырып, далалық зерттеу актiсi және көшіруге жататын анықталған жерлер көрсетілген, келісуші мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің және осы жерлердің барлық мүдделі уәкілетті жер пайдаланушылардың өкілдеріқол қойған далалық зерттеу сызбасы;

6) ауыл шаруашылығы жерлерінің сапалық сипаттамасы;

7) жалпы баланстық құндылығы мен ескіру сомасы көрсетілген негізгі мелиоративтік қорларын ары қарай пайдалануға жарамсыздығы туралы актісін қоса суландыру жүйесінің техникалық жағдайы туралы ақпараттар.

Құжаттардың көшірмелерін тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға уақыты мен күнін, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, қызмет нәтижесін алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, талон беріледі.


3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Ауыл шаруашылығы алқаптарынбір түрден екінші түрге ауыстыру шешімін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша
___________________________________

ауданының (облыстық маңызы бар ____________________________________қаланың) әкімі

____________________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

____________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты

____________________________________

не заңды тұлғаның толық атауы)

____________________________________

(ЖСН/БСН, жеке немесе заңды тұлғаның

____________________________________ жеке басын куәландыратын құжаттың

____________________________________

деректемелері, байланыс телефоны,

___________________________________

мекенжайы)

Өтініш

_________________________________________________________________ бойынша

(жер учаскесінің мекенжайы (орналасқан орны)

орналасқан, жер учаскесінің нысаналы мақсаты____________________________________, кадастрлық нөмірі _____________, алаңы _____________ гектар ауыл шаруашылық алқабын

_________________________________________________________________

(ауыстыру қажеттілігінің себебін көрсету)

ауыстыру шешімін беруіңізді сұраймын.
Өтініш беруші_________________________________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе заңдытұлғаның не уәкілетті тұлғаның атауы,қолы)

Ұлттық экономика министрінің

2014 жылғы _________

№ __ бұйрығына

2-қосымша



«Жер учаскесінің сапалық жағдайы және бағалау құны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Жер учаскесінің сапалық жағдайы және бағалау құны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 3 (үш) жұмыс күні немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10 тармағымен көзделген себептер мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жер учаскесінің сапалы жағдайы және бағалау құны туралы мәлімет.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

Мәліметтерді қағаз түрінде алуға өтініш білдірген кезде, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электронды форматта ресімделіп, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен және қолымен куәландырылады.

7. Мемлекеттік қызмет 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 152,158-баптарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі. Мәліметтерге сұрау салып отырған мемлекеттік органдар осы органның бірінші басшысы немесе мемлекеттік органның басшысының міндетін атқарушының қолы қойылған органның тиісті бланкідегі, жазбаша сұрау негізінде беріледі.

Жер кадастрының мәліметтерін мемлекеттік органдарға беру ақысыз негізде осы мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағ. 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс - сағ. 13.00-ден 14.00-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібінде көрсетіледі.

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша егер Қазақстан Республикасының заңдарымен басқасы көзделмеген жағдайда, ақпараттық жүйе тізіміндегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттарды пайдалануға келісімін беретіні көрсетілген өтініш;

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты (жеке тұлғалар үшін);

заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы анықтамасы (заңды тұлғалар үшін);

сенімхат көшірмесі (сенімді тұлғалар үшін);

жерге құқығын растайтын құжаттарының көшірмесі, жер учаскесін орналастыру схемасы және/немесе таңдау актісі немесе жер учаскесінің сәйкестендіру құжатының көшірмесі;

мәлімет беру үшін көрсетілетін қызметтерге ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек).

Тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесінің немесе сенімхатының дұрыстығын тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады, олар тексерілгеннен кейін қайтарылады.

Құжаттарды қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға күні мен уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, нәтижені алатын мерзімі мен орны көрсетілген талон беріледі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жөніндегі мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбаларымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10.  Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына немесе мына мекенжайлар бойынша Министрлік басшысының атына жіберіледі: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі немесе көрсетілетін қызметті берушінің не Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің www.economy.gov.kz интернет-ресурсында;

2) көрсетілетін қызметті берушінің www.aisgzk.kz интернет-ресурсында;

3) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стенділерде.

13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-93-95. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Жер учаскесінің сапалық жағдайы және бағалау құны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша



«Жер учаскесінің сапалық жағдайы және бағалау құны туралы мәлімет беру» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша

жұмыс құнының есебі

Өлшем бірлігі: 50 га дейінгі




р/р

Жұмыс түрлері

Бағасы, теңге (ҚҚС-сыз)

Учаскенің алаңына байланысты жұмыс құнын арттыру коэффициенті

1

2

3

4

I.

Жер учаскесінің сапалық жағдайы туралы мәлімет беру

1

Өтінім қабылдау. Жұмыстарды орындау үшін материалдарды іріктеу.

1102

-

2

Жер учаскесінің сапалық жағдайын анықтау (топырақ түрлілігі бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарының алаңдарын есептеу; ауыл шаруашылығы алқаптары мен егістіктерді мелиоративтік топтар бойынша бөлу; егістік гумусының құрамын анықтау).

3672

1,1-ден 100га дейін;

1,2-ден 500га дейін;

1,3 –тен 1000га дейін;

одан кейінгі әр 1000 га-ға баға 10% арттырылады



3

Жер учаскесі бойынша топырақ бонитетінің орташа есептік балының есебі.

2075

4

Мал-азықтық алқаптардың мәдени-техникалық жағдайын анықтау

734

5

Баспа өнімдерін дайындау

303

-




Барлығы:

7886






II.

Жер учаскесінің бағалау құнын есептеу, мәлімет беру

100га дейін

I категория - 9 366;

II категория - 11 178;

III категория - 12 160;

IV категория - 13 067;

V категория - 13 973



1,15-тен 500га дейін;

1,45-тен 1000га дейін;

2,6-дан 5000га дейін;

экстраполяция - 5000га-дан жоғары


Жер учаскесінің сапалық жағдайы және бағалау құны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша
Түбіртек

Ақша жіберуші _____________________________________________________________

ЖСН/БСН ______________________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты

Төлемді алушы _____________________________________________________________

кәсіпорынның атауы, БСН

Делдал банк ________________________________________________________________

екінші деңгейдегі банктің атауы




Р/с



Төлемнің атауы

Сомасы

Жиыны




























оның ішінде ҚҚС






Қол қою үшін және мөрдің орны


___________________________________

ақша жіберушінің қолы

__________________________________

жауапты орындаушының қолы, күні

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Ақша жіберуші _____________________________________________________________

ЖСН/БСН


________________________________________________________________________________

Тегі, аты, әкесінің аты

Төлемді алушы _____________________________________________________________

кәсіпорынның атауы, БСН

Делдал банк ________________________________________________________________

екінші деңгейдегі банктің атауы




Р/с



Төлемнің атауы

Сомасы

Жиыны




























оның ішінде ҚҚС







Қол қою үшін және мөрдің орны

__________________________________

ақша жіберушінің қолы



____________________________________

жауапты орындаушының қолы, күні



«Жер учаскесінің сапалық жағдайы және бағалау құны туралы мәлімет беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша

_______________________________________

(көрсетілетін қызметі берушінің атауы)

филиалының директоры/бөлімшесінің басшысы ______________________________

(тегі, аты, әкесінің аты)

_______________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты _______________________________________ не заңды тұлғаның толық атауы)

_______________________________________

(жеке немесе заңды тұлғаның жекебасын

_______________________________________

куәландыратын құжаттың деректемелері,

_______________________________________

байланыс телефоны, мекенжайы)

Жер учаскесінің сапалық жағдайы және бағалау құны туралы

мәлімет беругеөтініш

_____ гектар алаңында _______________________________________________________

(жер учаскесінің(орналасқан жері) мекенжайы)

___________________________________________________________мекенжайы бойынша орналасқан жер учаскесіне сапалық жағдайы және бағалау құны туралы мәлімет беруді сұраймын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлеміттерді пайдалануға келісемін.
20_____ж. «_____» ____________________

(қолы)
Күні __________ Өтініш беруші_________________________________________

(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің немесе

_________________________________________

заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның атауы,



қолы)






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет