Ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысын бекіту туралы



Дата01.07.2016
өлшемі205.9 Kb.
#171126





Ауыл шаруашылығы кооперативінің

үлгілік жарғысын бекіту туралы

«Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысы бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;



3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтардан ерте қолданысқа енгізілмейді.

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков


«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

___________ Б. Сұлтанов

201_жылғы « »



«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

___________ Е. Досаев

201_ жылғы « »

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы «24» желтоқсандағы

№ 1-2/1117 бұйрығымен

бекітілген




Ауыл шаруашылығы кооперативінің үлгілік жарғысы



  1. Жалпы ережелер

1. Ауыл шаруашылығы кооперативінің (бұдан әрі – кооператив) фирмалық атауы және ұйымдастыру-құқықтық нысаны:

мемлекеттік тілде:____________________________________________;

орыс тілінде:_________________________________________________.

Кооператив «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады.

2. Кәсіпкерлік субъектісінің мәртебесі___________________________.

3. Кооперативтің орналасқан жері (басқарманың атқарушы органының орналасқан жері):__________________________________________________

_________________________________________________________________.



2. Құру мақсаттары және қызмет түрлері
4. Кооперативті құру мақсаттары _______________________________

5. Көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін кооператив заңнамада тыйым салынбаған мынадай негізгі қызмет түрлерін жүзеге асырады:__________________________________________________________________________________________________________________________.

6. Кооператив қызметінің түрлерін өзгерту және (немесе) толықтыру үшін _______________________________________________________қажет.



  1. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысын қалыптастыру тәртібі және құзыреті, олардың шешімдерді қабылдау тәртібі

7. Мыналар кооперативті басқару органдары болып табылады:



  1. жоғары орган – кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы;

  2. атқарушы орган –________________*;

3) бақылау органы – тексеру комиссиясы**.

8. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы кооперативтің жоғары басқару органы болып табылады.

9. Кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооперативтің әрбiр мүшесiнiң кооператив қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдаған кезде өзiнiң мүлік (пай) жарналарының мөлшерiне және санына қарамастан бiр дауысқа ие құқығы болады.

10. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының ерекше құзыретiне:


      1) атқарушы органды және оның басшысын сайлау, сондай-ақ оларды қайта сайлау;

2) кооператив жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, кооператив жарғысын жаңа редакцияда қабылдау;

3) атқарушы органдардың қаржылық есеп беру тәртiбi мен кезеңдiлiгiн айқындау;
      4) кооперативтің жылдық есептерін және бухгалтерлік баланстарын бекіту, кооперативтік төлемдерді және кооперативтің табысын немесе залалын бөлу;

5) кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшелері жауапкершілігінің нысанын айқындау;

6) кооператив мүшелерінің, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің мүлік (пай) жарналарының және қосымша жарналардың мөлшерін белгілеу және өзгерту;

7) кооператив қорларының түрлерін, мөлшерін, оларды қалыптастыру және пайдалану тәртібін белгілеу;

8) кооперативте мүшелікке қабылдау және мүшелікті тоқтату;
      9) кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату;
      10) кооперативтің басқа заңды тұлғаларды, сондай-ақ өзінің филиалдары мен өкілдіктерін құруға және (немесе) олардың қызметіне қатысуы туралы шешімдерді қабылдау;

11) ______________________________________________________***.

11. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы кооператив қызметiне қатысты кез келген мәселені өзiнiң қарауына қабылдауға құқылы.

Ескертпелер:

* – кооперативтің атқарушы органы оның басқармасы болып табылады. Сонымен бірге, Заңның 35-бабы 2-тармағына сәйкес кооператив мүшелерінің саны оннан аспайтын ауыл шаруашылығы кооперативтерінде басқарманың функцияларын ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасына (жеке-дара атқарушы орган) жүктеуге жол беріледі;

** – Заңның 36-бабы 1-тармағына сәйкес, тексеру комиссиясы міндетті орган болып табылмайды және кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен құрылуы мүмкін;

*** – Заңның 34-бабының 3-тармағы 11) тармақшасына сәйкес кооператив жарғысында кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жататын басқа мәселелер көзделуі мүмкін.





  1. Кооператив мүшелерінің, оның ішінде сырттай, кезекті және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткізу тәртібі

12. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы (сырттай, кезекті, кезектен тыс) қажеттілігіне қарай, бірақ жылына бір реттен сиретпей шақырылады. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы атқарушы органның ұсынысы бойынша немесе кооператив мүшелерінің кемінде үштен бірінің талабы бойынша шақырылады.

13. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысын шақырушы орган немесе тұлға (тұлғалар), жиналыстың ашылуына дейін___________* күн бұрын оның өткізілетіндігі туралы кооперативтің әрбір мүшесіне хабарлауға міндетті.

Хабарламада жиналыстың өтетін орны мен уақыты, сондай-ақ ұсынылатын күн тәртібі көрсетілуі қажет.

14. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы, егер онда кооператив мүшелерінің айқын басым көпшілігі үштен екі бөлігі қатысса, шешім қабылдауға құқылы. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында шешiм ашық дауыс беру арқылы қабылданады және осы жарғыға өзгерістер мен немесе толықтыруларды қоспағанда, кооперативтің қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі. Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында қатысып отырғандардың кемінде үштен бірінің талабы бойынша жасырын дауыс берiлуi мүмкiн.

15. Кооператив мүшесі кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына өзi немесе өкiлi арқылы қатысуға құқылы. Осы ауыл шаруашылығы кооперативінің басқа мүшелерін, оның ішінде қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшесінен нотариат куәландырған сенімхаты бар, іс-әрекетке қабілетті жеке тұлға өкіл ретінде болуға құқылы.

16. _________________жағдайларда және жиынтығында жалпы дауыс санының _______ артығына ие кооператив мүшелері келісім берген жағдайда, жалпы жиналыс хат, факсимильді немесе электрондық хабарламалар алмасу арқылы сұрау жолымен не жіберілетін және қабылданатын хабарламалардың тең түпнұсқалылығын қамтамасыз ететін және мүшелердің барлығына қолжетімді басқа байланыс құралдарын пайдалана отырып, сырттай жүргізілуі мүмкін.

Ескертпе:

* – кооператив мүшелерін хабарландыру мекенжай, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, не басқа байланыс құралдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.



  1. Кооперативтің атқарушы органын қалыптастыру тәртібі және олардың құзыреті, шешімдерді қабылдау тәртібі

17. ___________________*, кооперативтің атқарушы органы болып табылады, ол (оның мүшелері) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында_____ жылға сайланады.

Басқарма______ мүшеден құралады (атқарушы орган алқалы болып табылған жағдайда).

18. Басқарма мүшесі (кооперативтің төрағасы), кооператив мүшелерінің жалпы жиналысын қоспағанда, бір мезгілде кооператив басқармасының басқа органының мүшесі бола алмайды.

19. Басқарма мүшелері (кооператив төрағасы) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша кез-келген уақытта міндеттерін атқарудан босатылуы мүмкін.

Басқарманы (кооператив төрағасын) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы бақылайды және басқарма оған есеп береді.

20. Басқарманың (кооператив төрағасының) құзыретіне кооператив қызметінің Заңмен және осы кооператив жарғысымен кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының ерекше құзыретіне жатқызылмаған барлық ағымдағы мәселелерін шешу жатады.

21. Басқарма өзінің шешімдерін қажеттілігіне қарай, бірақ үш айда бір реттен сиретпей өткізілетін отырыстарда қабылдайды.

Басқарманың отырысы, егер онда басқарма мүшелерінің үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі.

Басқарма отырысындағы мәселелер ашық дауыс берумен шешіледі. Басқарманың шешімі, егер оған басқарма мүшелерінің отырысында қатысып отырғандардың үштен екісі дауыс берсе, қабылданған болып есептеледі.

22. Басқарма төрағасы (кооператив төрағасы) кооператив атынан сенімхатсыз әрекет етеді; Заңда және осы кооператив жарғысында көзделген шектерде кооператив мүлкіне билік етеді; кооперативтің атынан сенімхаттар, оның ішінде сенімді басқа біреуге аудару құқығымен береді; екінші деңгейдегі банктерде және басқа да қаржы ұйымдарында кооперативтің шоттарын ашады; кооператив қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады; өз құзыреті шегінде кооператив мүшелерінің және оның жұмыскерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.

Ескертпе:

* – кооперативтің атқарушы органы оның басқармасы болып табылады. Сонымен бірге, Заңның 35-бабы 2-тармағына сәйкес кооператив мүшелерінің саны оннан аспайтын ауыл шаруашылығы кооперативтерінде басқарманың функцияларын ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасына (жеке-дара атқарушы орган) жүктеуге жол беріледі.

6. Кооперативтің тексеру комиссиясын қалыптастыру тәртібі және оның құзыреті, шешімдер қабылдау тәртібі
23. Кооператив өзінің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеруді кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен бақылау органын – тексеру комиссиясын құру жолымен жүзеге асыруға құқылы.

24. Тексеру комиссиясының құрамында тексеру жүргізуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудиторлар, қаржы және бухгалтерлік есеп саласындағы мамандар және көрсетілетін қызметтері үшін төлем кооператив есебінен жүзеге асырылатын басқа да адамдар тартылуы мүмкін.

Басқарма мүшелері тексеру комиссиясының мүшелері бола алмайды

25. Тексеру комиссиясы кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына есеп береді.

26. Тексеру комиссиясының мүшелері кооперативтің қаржы-шаруашылық қызметіне тексеру жүргізген кезде ауыл шаруашылығы кооперативінің барлық құжаттамасына кедергісіз қол жеткізу құқығына ие болады. Олардың талап етуі бойынша басқарма мүшелері (ауыл шаруашылығы кооперативінің төрағасы) ауызша немесе жазбаша нысанда қажетті түсіндірмелер беруге міндетті. Тексерудің нәтижелері кооператив мүшелерінің жалпы жиналысына тиісті шешімдер қабылдау үшін жолданады.



  1. Кооперативке мүшелердің кіру тәртібі мен шарттары, оның ішінде кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің кіру тәртібі мен шарттары, кооперативтен шығу тәртібі

27. Кооператив мүшелерін, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерін ауыл шаруашылығы кооперативіне қабылдау Заңның және осы кооператив жарғысының нормалары сақтала отырып жүргізіледі және кооператив жарғысына сәйкес, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен ресімделеді.

Кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қабылдау кооперативтің қауымдасқан мүшелерімен жасасатын шарты негізінде жүзеге асырылады.

28. Кооперативтің мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiште кооператив жарғысының талаптарын сақтау, оның ішінде кооперативтің жарғысында көзделген мүлік (пай) және кіру жарналарын енгізу жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиіс.

29. Өтініш берушi мүлік (пай) және кіру жарналарын енгізген күннен бастап кооператив мүшелігiне қабылданған болып есептеледi.

30. Кооператив мүшесiне кооперативтегі мүшелiкті растайтын құжат болып табылатын мүше кiтапшасы берiледi, онда: кооператив мүшесі туралы деректер, сондай-ақ хронологиялық тәртіппен өзі енгізген мүлік (пай) жарнасының мөлшері және оны енгізу мерзімдері; кіру жарнасының мөлшері; қосымша жарналардың мөлшері мен саны, сондай-ақ олардың нысаны (ақшалай, мүліктік) туралы мәліметтер көрсетіледі.

31. Кооперативтегі мүшелік:

1) кооперативтен шыққан;

2) пай басқа тұлғалардың иелiгiне берілген;

3) кооператив мүшесi немесе кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған;

4) кооперативтен шығарылған;

5) кооператив мүшесi немесе кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған, оны сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған;

6) кооператив таратылған жағдайларда тоқтатылады.

32. Кооперативтің әрбір мүшесі мынадай тәртіппен:_________________

_____________________________________________өз еркімен кооперативте мүшелігін тоқтатуға құқылы.

Кооперативтен шығу туралы өтініш берілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн iшiнде қаралуға тиiс.

33. Кооператив мүшесi өзiнiң пайын басқа тұлғаның иелiгiне беруге және кооперативтен шығуға құқылы. Пайды кооперативтің мүшелерi болып табылмайтын тұлғалардың иелiгiне беруге рұқсат етіледі *. Пайды сату кезiнде кооперативтің басқа мүшелерi артықшылықпен сатып алу құқығын пайдаланады.

Ескертпе:

* – Заңның 30-бабы 1-тармағына сәйкес жарғыда өзгеше белгіленуі мүмкін.



  1. Кооперативтен шығару негіздері және тәртібі

34. Кооперативтен мүшелерді шығару үшін негіздер (талаптар): _____________________________________________ болып табылады.

35. Кооператив мүшесін шығару кооперативтің жалпы жиналысының шешіміне сәйкес мынадай тәртіппен жүргізіледі: _______________________.

36. Кооперативтен шығарылған тұлға кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы оны шығару туралы шешім қабылдаған күннен бастап он жұмыс күні iшiнде жазбаша түрде хабарлануға тиіс.

37. Кооперативтен шығарылған тұлға кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.



  1. Кооперативтегі мүшелігін тоқтатқан кооператив мүшелеріне пайды төлеу (беру) тәртібі

38. Осы жарғының 31-тармағының 1), 3) – 6) тармақшаларында көрсетiлген негiздер бойынша кооперативтегі мүшелiк тоқтатылған кезде кооператив мүшесiне немесе оның құқықтық мирасқорына оның пайы, сондай-ақ кооператив мүшесіне тиесілі кооперативтік төлемдер мен кооперативтің таза табысының бір бөлігі төленедi (берiледi). Пай төлеу (беру) туралы шешiмдi осы кооператив жарғысына сәйкес кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы қабылдайды.

39. Пайды төлеу (беру) кооперативтің атқарушы органы белгiлеген мерзiмдерде жүзеге асырылады, бiрақ кооперативтегі мүшелiк тоқтатылған сәттен бастап бiр жылдан аспауға тиiс.

40. Егер кооперативтің кооперативтен шығатын мүшесiне оның пайын төлеуге (беруге) мүмкіндігі болмаса, кооперативтің жалпы жиналысы кооперативтің басқа мүшелерiнiң қосымша жарналар енгiзуi туралы шешiм шығарады, пай солардың есебiнен төленедi (берiледi).

41. Кооперативтің қауымдасқан мүшесі болып табылатын жеке тұлғаның қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған кезде оның енгізген мүлік (пай) жарнасын төлеу ауыл шаруашылығы өнімі, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімі есебінен, оның ішінде кооператив мүшелерінің қосымша жарналары есебінен ақшалай және (немесе) заттай нысанда жүзеге асырылуы мүмкін.

Кооперативтің қауымдасқан мүшелері ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін үшінші тұлғаларға кепілдікті беруін талап ету құқығын иеліктен шығарған кезде міндеттемелерді орындауды кооператив кооперативтің қауымдасқан мүшесімен жасалған шарттың немесе өзге де құжаттың талаптарына сәйкес осындай тұлғалар жүзеге асырады.

42. Кооператив мүшелері кооперативтен шыққан кезде оларға жер учаскелері немесе оларға заттық құқық түрінде пай төлеу (беру) ерекшеліктері Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді.



  1. Кооператив қызметінде пайда болатын құжаттардың нысандары мен түрлері, кооператив құжаттамасын жүргізу тәртібі

43. Кооператив қызметінде пайда болатын кооператив құжаттары* мыналардан тұрады:

1) кооперативтің жарғысы, кооператив жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;

2) құрылтай шарты, құрылтай шартына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар;

3) құрылтай жиналыстарының хаттамасы;

4) кооперативтің қызметтің белгілі бір түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір іс-қимылдарды (операцияларды) орындауына рұқсаттар;

5) кооперативтің балансындағы (балансында болған) мүлікке оның құқығын растайтын құжаттар;

6) қоғамның филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;

7) кооператив мүшелерінің жалпы жиналыстарының хаттамалары, дауыс беру қорытындылары туралы хаттамалар және бюллетеньдер;

8) кооператив мүшелерінің тізімдері;

9) атқарушы орган отырыстарының (шешімдерінің) хаттамалары;

10) кооперативтің қаржылық есептілігі.

44. Кооперативтің қызметіне қатысты құжаттар кооперативтің атқарушы органының орналасқан жері бойынша оның қызметінің соңына дейін сақталуға тиіс.

45. Кооператив мүшесі ауыл шаруашылығы кооперативінің қызметі жөнінде толық ақпарат алуға, соның ішінде жылдық қаржылық есептілікпен, ауыл шаруашылығы кооперативінің бухгалтерлік және басқа құжаттамасымен танысуға құқылы.

Ескертпе:

* – кооператив жарғысында өзге құжаттар тізбесі көзделуі мүмкін.





  1. Кооператив мүшелерінің, сондай-ақ кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

46. Кооператив мүшесі:

1) кооператив істерін басқаруға, сондай-ақ, кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, бір дауысқа ие құқығымен кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының жұмысына қатысуға құқылы. Бұл ретте осы құқығын кооперативтің басқа мүшелеріне беруге болмайды;

2) кооперативтің басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, кооператив қызметін жақсарту, оның органдарының жұмысындағы және кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, лауазымды адамдарының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;

3) кооперативтің қызметі туралы толық ақпарат алуға, оның ішінде кооперативтің жылдық қаржы есебімен, бухгалтерлік және басқа да құжаттамасымен танысуға;

4) кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында кооперативтік төлемдерді, сондай-ақ кооператив алған таза табысты бөлуге қатысуға;

5) кооперативтік төлемдерді және кооперативтің қауымдасқан мүшелерін қоспағанда, кооператив мүшелерінің арасында бөлуге жататын таза табыстың үлесін алуға;

6) кооперативтегі өзінің еңбегі үшін төлем алуға;

7) осы жарғыда көзделген, оның ішінде кооперативтің мүлкін пайдалану, кооперативтен материалдық___________________және өзге де көмек алу бөлігінде жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалануға;

8) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша кооперативтің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өзіндік құны бойынша және бірінші кезектегі тәртіппен сатып алуға;

9) Заңда көзделген жағдайларда пайды төлеуге (беруге);

10) кооперативтен Заңда және осы кооператив жарғысында белгіленген тәртіппен шығуға;

11)__________________________________________________құқылы*.

47. Кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің мыналарға:

1) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында оған кірген және мүлік (пай) жарнасын енгізген кезде айқындалған бағалар бойынша кооператив мүшелерімен қатар ауыл шаруашылығы өніміне, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өніміне қажеттіліктерін бірінші кезекте қанағаттандыруға;

2) өзі енгізген мүлік (пай) жарналары бойынша дивидендтер алуға;

3) кооперативтен шыққан немесе ол таратылған кезде өзінің мүлік (пай) жарналары құнының төленуіне;

4) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы шешімдер қабылдаған кезде кеңесші дауыс беруге;

5) кооперативтен Заңда және осы кооператив жарғысында белгіленген тәртіппен шығуға құқығы бар.

48. Кооператив мүшесі Қазақстан Республикасы заңдарында және осы кооператив жарғысында көзделген басқа құқықтарға ие бола алады.

49. Қазақстан Республикасының заңдарында және осы кооператив жарғысында оның ішінде кооператив мүшелерінің келісімі бойынша кез- келген нысанда шектеуге жол берілмейді.

50. Кооператив мүшесі:

1) Кооперативтің құрылтай құжаттарында көзделген талаптарды сақтауға;

2) кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының, басқа да кооперативті басқару органдарының өздерінің құзыретіне сәйкес қабылдаған шешімдерін орындауға;

3) кооперативтің мүлкіне мүлік (пай) және кіру жарналарын, сондай-ақ қосымша жарналарды осы кооператив жарғысында көзделген тәсілмен, тәртіппен және мөлшерде енгізуге;

4) кооператив өзінің коммерциялық құпиясы деп жариялаған мәліметтерді жария етпеуге;

5) ________________________________________________________**.

51. Кооператив мүшелерінің оның қызметіне қатысу сипаты мен тәртібі ___________________________________________________________***.

52. Кооператив мүшесі Қазақстан Республикасы заңдарында және осы кооператив жарғысында көзделген басқа міндеттерді атқаруы мүмкін.

Ескертпелер:

*– Заңның 26-бабы 3-тармағына сәйкес, кооператив мүшесі құрылтай құжаттарында көзделген басқа құқықтарға ие бола алады;

**– Заңның 27-бабы 2-тармағына сәйкес, кооператив мүшесі құрылтай құжаттарында көзделген басқа міндеттерді атқаруы мүмкін;

*** – Заңның 17-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес.



  1. Кооператив мүлкін қалыптастыру көздері

53. Кооперативтің мүлкі оның мүшелерiнiң мүлік (пай) жарналарының, кіру, қосымша жарналарының, кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің мүлік (пай) жарналарының, өз қызметiнен алынатын табыстар есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

54. Кооперативтің мүлкi оған меншiк құқығымен тиесiлi болады.

55. Кооперативтің мүлкіне иелік етуді, оны пайдалануды және оған билік етуді оның басқару органдары өздеріне берілген өкілдіктер шегінде жүзеге асырады.

56. Кооператив өз қызметiн жүзеге асыру үшiн_________ қорлар (пай, резервтік *) қалыптастырады.

Қорлардың (пай, резервтік*) түрлерi, мөлшерлерi, оларды қалыптастыру және пайдалану тәртiбi_________________________________.

57. Ауыл шаруашылығы кооперативі таратылған жағдайда, Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасында белгіленген кезектілік тәртібімен жүргізілген төлемдерден, сондай-ақ пайларды төлеуден (беруден), кооперативтік төлемдер мен кірістер бөлінгеннен кейін қалған оның мүлкі кооператив мүшелерінің арасында енгізген мүлік (пай) жарналарына пропорционалды түрде бөлінеді.

58. Кооператив мүшелері кооперативтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді және өздері енгізген мүлік (пай) жарналарының құны шегінде кооперативтің қызметімен байланысты залалдардың тәуекелін көтереді **.

Ескертпелер:

* – Заңның 20-бабы 4-тармағына сәйкес кооператив резервтік қор қалыптастыруға құқылы;

** – Заңның 22-бабы 2-тармағына сәйкес жарғыда кооператив мүшелері жауапкершілігінің өзге нысаны белгіленуі мүмкін.

13. Кооператив мүшелерінің мүлік (пай) және кіру жарналарын енгізу мөлшерлері және тәртібі, кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің мүлік (пай) жарналарын енгізу тәртібі және шарттары, сондай-ақ мүлік (пай) жарналарын уақтылы енгізбеу салдары
59. Кооператив мүшелерінің мүлік (пай) және кіру жарналарының мөлшерлері және енгізу тәртібі_______________________________________.

60. Кооперативтің қауымдасқан мүшелерінің мүлік (пай) жарналарын енгізу тәртібі және шарттары:________________________________________.

61. Мүлік (пай) жарнасын уақтылы енгізбеген жағдайда __________________________________________________________________.
14. Кооперативтік төлемдерді және кірісті бөлу тәртібі
62. Кооператив мүшелеріне кооперативтік төлемдер – кооператив мүшелеріне кооператив жарғысында белгіленген тәртіппен олардың ауыл шаруашылығы кооперативінің өндірістік және (немесе) өзге де шаруашылық қызметінде қатысуына пропорционалды түрде мынадай тәртіппен____________________ төленетін кооператив табысының бір бөлігі.

63. Кооперативтік төлемдерді бөлу туралы шешім кооперативтің тиісті жылдағы қызметінің нәтижелерін бекіту бойынша кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі қабылданғанға дейін қабылданады.

64. Кооперативтің бір жыл ішіндегі өз қызметінің нәтижелері бойынша алған таза табысын кооператив мүшелерінің арасында бөлу кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша мынадай тәртіппен жүргізіледі_______________________________________________.

Кооператив мүшелерінің жалпы жиналысы таза табысты немесе оның бір бөлігін кооператив мүшелерінің арасында бөлуден алып тастау туралы шешім қабылдауға құқылы.

65. Кооператив кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының таза табысты бөлу туралы шешімі қабылданған күннен бастап бір ай ішінде таза табысты төлеуді ақшалай нысанда жүргізуге тиіс.

15. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
66. Кооператив жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар, кооперативтің жаңа редакциядағы жарғысын қабылдау кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында айқын басым көпшілік дауыспен немесе кооперативтің айқын басым көпшілік мүшелерінің жазбаша келісуімен (сырттай дауыс беру) қабылданады. Айқын басым көпшілік кооператив мүшелерінің жалпы санының үштен екісін құрайды.

16. Кооперативті қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

67. Кооперативті қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша не соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.

68. Кооператив қайта ұйымдастырылған кезде кооперативтің жарғысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің жарғысын жаңа редакцияда қабылдау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

69. Кооператив қайта ұйымдастырылған кезде оның құқықтары мен мiндеттерi тапсыру актiсiне және (немесе) бөлу балансына сәйкес құқықтық мирасқорларына ауысады. Көрсетілген құжаттарда тараптар дауласып отырған мiндеттемелердi қоса алғанда, қайта ұйымдастырылатын кооперативтің барлық кредиторлары мен борышкерлерiне қатысты барлық мiндеттемелерi бойынша құқықтық мирасқорлық туралы ережелер қамтылуға тиiс.

70. Тапсыру актісі және (немесе) бөлу балансы кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысында бекiтiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттiк тiркеу үшін ұсынылады.

71. Кооператив кооперативтің жалпы жиналысының шешімімен (ерікті тарату) немесе Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жағдайларда сот шешімі негізінде таратылады (мәжбүрлі тарату).


72. Кооперативті тарату Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнаманың талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 50-бабына сәйкес жүзеге асырылады.



016211


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет