"Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы



жүктеу 320.99 Kb.
Дата24.02.2016
өлшемі320.99 Kb.
"Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандартын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 қазандағы N 1672 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" газетi 4 қараша 2009 жыл № 363-364 (25761); "Казахстанская правда" от 20.01.2010 г., № 12 (26073); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., N 46, 432-құжат


      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған "Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                             К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1672 қаулысымен  
бекiтiлген     

"Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын
қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және
нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн беру" мемлекеттiк қызмет
көрсету стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн беру" мемлекеттiк қызмет көрсету стандарты (бұдан әрi - стандарт) Ауыл шаруашылығы министрлiгi тiркейтiн көлiк құралдарын қоспағанда, көлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн беру бойынша мемлекеттiк қызмет көрсету (бұдан әрi - мемлекеттiк қызмет) тәртiбiн айқындайды.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттiк қызмет "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының, "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызметтi осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген iшкi iстер органдарының тiркеу-емтихан бөлiмшелерi (бұдан әрi - ТЕБ) көрсетедi.
      5. Мемлекеттiк қызметтi аяқтау нысаны автокөлiк құралдарын тiркеу, қайта тiркеу және мемлекеттiк нөмiрлiк тiркеу белгiлерiн  бұдан әрi - МНТБ) беру болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет басқа мемлекеттерде тiркелген және 2 айдан артық мерзiмге Қазақстан Республикасына уақытша әкелiнген көлiк құралдарын қоса алғанда, көлiк құралдары бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, заңды, оның iшiнде шетелдiк тұлғаларға көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      өтiнiш иесi қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап ең жоғарғы шектi уақыт: 6 сағаттан аспайды;
      қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезек күтудiң ең жоғарғы шектi уақыты: 40 минуттан аспайды;
      құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң уақыты ең жоғарғы шектi уақыты: 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет көрсетiлгенi үшiн мемлекеттiк баж белгiленген, ол "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне (бұдан әрi - Кодекс) сәйкес:
      көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк (бұдан әрi - КҚТК) беру үшiн - мемлекеттiк баж төленетiн күнге белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң (бұдан әрi - АЕК) 125 пайызын;
      автомобильге МТНБ бергенi үшiн - АЕК-тiң 280 пайызын;
      мотокөлiкке, автомобиль тiркемесiне МТНБ бергенi үшiн - АЕК-тiң 140 пайызын;
      "Транзит" көлiк құралын екiншi жерге жеткiзу үшiн нөмерлiк белгi бергенi үшiн АЕК-тiң 35 пайызын құрайды.
      Бұдан басқа, Кодексте көлiк құралдарын тiркеу үшiн, сондай-ақ КҚТК телнұсқасын алу кезiнде тiркелетiн (қайта тiркелетiн) әрбiр көлiк құралы үшiн АЕК-тiң төрттен бiр бөлiгiн құрайтын мемлекеттiк алым көзделген.
      Мемлекеттiк баж және мемлекеттiк алым Қазақстан Республикасының банк мекемелерi арқылы төленедi, олар төлемнiң мөлшерi мен күнiн растайтын төлем құжаттарын бередi.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.24 № 349 Қаулысымен.
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгiлерi электрондық үкiметтiң порталында, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - IIМ) мен облыстардың, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң (бұдан әрi - IIД) веб-сайттарында, ресми ақпарат көздерiнде, ТЕБ-дегi үлгiлер iлiнген стендтерде, ақпараттық тақталарда орналастырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет аптасына алты күн көрсетiледi. Қабылдау кезек тәртiбiмен, алдын ала жазылусыз және тездетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады (дүйсенбi - жұмада сағат 09.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн, сенбiде 09.00-ден 18.00-ге дейiн, түскi үзiлiс 12.30-дан 13.30-ға дейiн).
      11. ТЕБ-нiң үй-жайлары, әдетте ғимараттың бiрiншi қабатында орналасады, iшкi iстер органдарының басқа бөлiмшелерiнен бөлек кiретiн есiгi, қабылдауды күтуге арналған орындары, орындықтары, үстелдерi (тiректерi) бар, сондай-ақ қажеттi құжаттар тiзбесi және оларды толтыру үлгiлерi iлiнген стендтермен жабдықталған залы болады. Дене мүмкiндiгi шектеулi азаматтар үшiн қызмет тiкелей өтiнiш иесi тұратын жерде көрсетiледi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

      12. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн өтiнiш иесi ТЕБ қызметкерiне мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:


      жеке тұлғаның өтiнiшi, оның бланкiсiн қабылдау жүргiзетiн ТЕБ қызметкерi бередi;
      заңды тұлғаның ұйым мөрiмен расталған өтiнiшi;
      мемлекеттiк қызметтi алу үшiн жүгiнген өтiнiш иесiнiң жеке басын куәландыратын құжат;
      белгiленген баждар мен алымдарды төлеу туралы құжаттар;
      шаруашылық жүргiзушi субъектiнi тiркеу туралы куәлiктiң немесе ұйымның заңды тұлға ретiнде тiркелгенiн растайтын өзге құжаттың расталған көшiрмесi;
      көлiк құралына берiлген тiркеу құжаты;
      сауда ұйымдары берген анықтама-шот немесе көлiк құралына, нөмiрлiк агрегатқа меншiк құқығын растайтын өзге құжат.
      жеке тұлға сондай-ақ мыналарды ұсынады:
      салық төлеушiлер үшiн - Кодексте белгiленген тәртiппен көлiк құралдарына салық төлегенiн растайтын құжат;
      Кодекске сәйкес салық төлеушiлер болып табылмайтын тұлғалар үшiн - салық төлеуден босату құқығын растайтын құжат.
      Ескертпе: Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 690 болып тiркелген "Қазақстан Республикасында көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттiк тiркеу ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 1998 жылғы 12 қазандағы N 343 бұйрығында (бұдан әрi - бұйрық) көзделген көлiк құралдарына, нөмiрлiк агрегаттарға меншiк құқығын растайтын өзге құжаттар.
      Шетелдiктерге және азаматтығы жоқ адамдарға көлiк құралдарын тiркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс жөнiндегi ұйымдары арқылы жүргiзiледi.
      Шетелдiк заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасындағы филиалдары мен өкiлдiктерiне, сондай-ақ шетелдiктер қатысатын (кемiнде 10 %) кәсiпорындарға көлiк құралдарын тiркеу Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс жөнiндегi ұйымдары арқылы жүргiзiледi.
      МТНБ тiркеу, қайта тiркеу және беру кезiнде өтiнiш иелерi нөмiрлiк агрегаттардың есептiк деректерге және жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкестiгiн тексеру мақсатында тексеру үшiн көлiк құралдарын ТЕБ-ге тексеруге әкеледi.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.04.24 № 349 Қаулысымен.
      13. Өтiнiш бланкiлерiн ТЕБ қызметкерi бередi, ол да осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген IIМ-нiң және IIД-нiң веб-сайттарында орналастырылған.
      14. Мемлекеттiк қызмет алу үшiн құжаттар ТЕБ-ге тапсырылады. ТЕБ қызметкерi он минут iшiнде ұсынылған құжаттардың бұйрық талаптарына сәйкестiгiн тексерудi жүргiзедi.
      15. Мемлекеттiк қызмет алуға құжаттар тапсырған өтiнiш иесiне осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы талон берiледi.
      Бұдан кейiн ТЕБ қызметкерi құжаттарды ТЕБ операторына жолдайды. ТЕБ операторы құжаттарды алғанан кейiн:
      көлiк құралының өтiнiш иесiн (өтiнiш иесiнiң өкiлiн) және  көлiк құралын iздестiруде болу мәнiне автоматтандырылған ақпараттық iздестiру жүйесi (бұдан - әрi ААIЖ) бойынша тексередi;
      көлiк құралының өтiнiш иесi (өтiнiш иесiнiң өкiлi) мен көлiк құралдарының ААIЖ жүйесiндегi электрондық есептерiнiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi тiркеу мәлiметтерiн терудi жүзеге асырады.
      Көрсетiлген әрекеттердiң нәтижелерi бойынша ТЕБ операторы дайын болған КҚТК-ны ТЕБ қызметкерiне бередi, ол осы стандарттың 7-тармағында белгiленген мерзiмде көлiк құралының өтiнiш иесiне (өтiнiш иесiнiң өкiлiне) қол қойғызып, оған КҚТК және МТНБ бередi.
      16. КҚТК және МТНБ көлiк құралының өтiнiш иесiне (өтiнiш иесiнiң өкiлiне) жеке басын куәландыратын құжатты (сенiмхатты) көрсеткеннен кейiн КҚТК және МТНБ беру тiзiлiмiне қол қойғыза отырып берiледi.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден:
      көлiк құралының өтiнiш иесi (өтiнiш иесiнiң өкiлi) осы стандарттың 12-тармағында көрсетiлген құжаттарды тапсырмаған;
      көлiк құралдарының конструкциясына стандарттар мен ережелердi бұза отырып өзгерiстер енгiзiлген жағдайларда бас тартылуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы өтiнiш иесi берген өтiнiшке бас тарту себептерiн көрсете отырып, тиiстi жазба енгiзу арқылы оған жазбаша түрде хабарланады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ТЕБ-нiң қызметi адамның конституциялық құқықтарын, қызметтiк борышты орындау кезiндегi заңдылықты, Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң ар-намыс кодексiн сақтауға негiзделедi және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына негiзделедi.



4. Жұмыс нәтижелерi

      19. ТЕБ жұмысының нәтижелерi осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сапа және қол жетiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      20. Осы стандарттың 4-қосымшасында көрсетiлген, олар бойынша ТЕБ жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен қол жетiмдiлiгi көрсеткiштерiнiң мақсатты мәнiн арнайы құрылған жұмыс топтары жыл сайын бекiтедi.

5. Шағымдану тәртiбi

      21. ТЕБ қызметкерлерiнiң iс-әрекеттерiне осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген жоғары тұрған қалалық, аудандық iшкi iстер басқармалары (бөлiмдерi), IIД, Жол полициясы комитетi, IIМ басшылығына қолданыстағы заңнамаға сәйкес шағымдануға болады.


      22. Шағымдар осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген iшкi iстер органдарының кеңселерi арқылы жазбаша түрде почта, электрондық почта арқылы не қолма-қол жұмыс күндерi қабылданады.
      23. Түскен шағым iшкi iстер органдарының кеңсесiнде тiркеледi және заңнамада белгiленген тәртiппен қаралады.
      Шағымды қарау нәтижелерi туралы өтiнiш иесiне жазбаша түрде почта арқылы не электрондық почта арқылы хабарланады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметке жауапты ТЕБ басшыларының байланыс деректерi осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетiлген IIД-нiң кезекшi бөлiмдерiнде болады.


      25. IIМ Жол полициясы комитетiнiң мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесi, 4, веб-сайт: www.zholpolice.kz, кезекшi бөлiмнiң телефоны (7172) 71-58-68, сенiм телефоны (7172) 71-58-25.

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң    
2009 жылғы 26 қазандағы
N 1672 қаулысымен  
бекiтiлген     
Мемлекеттiк қызмет  
көрсету стандартына  
1-қосымша     

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2010.06.19 N 620 Қаулысымен.



Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң web-сайты

http://www.e.gov.kz/ctitzentry/trav/vehicles.

Өңiр

ТЕҚП

Мекен-жай

телефон

web-сайт

Астана қаласы

IIМ ЖПК ТҚжТЕБ

Сарыарқа ауданы, Ш. Айманов көшесi, 4.

71-58-33,
21-11-03

http://www.zholpolice.kz

IIД ЖПБ ТЕБ

Алматы ауданы, Промзона көшесi, 35.

35-29-46,
28-05-24,
28-05-94

http://www.ast_guvd.mvd.kz

ТП

Алматы ауданы, Тәуелсiздiк даңғылы, 1

37-59-46

ЕП

Алматы ауданы, Циолковский көшесi, 18.

71-69-83

ЕП

Алматы ауданы, Тәуелсiздiк даңғылы, 1.

71-51-06

Алматы қаласы

IIД ЖПБ ТЕБ

Бостандық ауданы, Байтұрсынов көшесi, 185

8(727)
254-45-44,
293-54-61,
254-43-22

http://www.aimaty.police.kz

АТЕП-1

Жетiсу ауданы, Жансүгiров көшесi, 176А

238-05-77,
238-02-77,
238-29-95

АТЕП-2

Түрiксiб ауданы, Сүйiнбай көшесi, 2

270-59-11,
270-59-15,
270-59-12

АТЕП-3

Әуезов ауданы, Алматы-Бiшкек тас жолы, 13-км

226-34-67,
226-34-69,
226-34-70

АТЕП-4

Әуезов ауданы, Төлеби көшесi, 296

315-02-46

ТП-1

Жетiсу ауданы, Жансүгiров көшесi, 176А

297-43-95,
238-27-58,
238-27-58

ТП-2

Бостандық ауданы, Байтұрсынов көшесi, 185Б

254-45-42,
292-90-04,
250-79-61

ТП-3

Алмалы ауданы, Мамыр шағын ауданы 4, 165 үй

380-02-30,
380-02-29,
380-02-32

Ақмола облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесi, 179

8(7162)
77-04-75,
77-49-27,
77-49-28,
77-44-77

http://www.akmdvd.online.kz

IIД ЖПБ АТЕП

Астана қаласы, Циолковский көшесi, 18/1

8(7162)
37-03-83

Ақкөл АIIб ЖП АТЕБ

Ақкөл қаласы, Парк көшесi, 2

8(71638)
2-16-38

Атбасар АIIб ЖП АТЕБ

Атбасар қаласы, Урицкий көшесi, 38

8(71643)
4-29-43,
4-06-69

Жарқайың АIIб ЖП ТП

Державин қаласы, Захаров көшесi, 33

8(71648)
9-15-64

Есiл АIIб ЖП АТЕБ

Есiл қаласы, Жеңiс көшесi, 58

8(71647)
2-10-46

Степногор ҚIIб ЖП АТЕБ

Степногор қаласы, 5-шағын аудан

8(71645)
5-91-22

Бурабай АIIб ЖП АТЕБ

Шучье қаласы, Абылайхан көшесi, 1а

8(71636)
4-25-35,
4-25-22

Алматы облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Талдықорған қаласы, 7 шағын аудан, IIД ғимараты

8(7282)
27-05-72,
21-18-24

http://www.zhetisu-police.kz

ЖП АТЕБ

Талғар ауданы, Гүлдала кентi, Құлжа жолы, 5-км

8(7272)
57-43-06,
57-33-80

ЖП АТЕБ

Iле ауданы, Қапшағай қаласы, Индустриальная көшесi, 4

8(72772)
4-24-88

ЖП АТЕБ

Еңбекшi қазақ ауданы, Шелек ауылы, Сыздықов қысқа көшесi, 93

8(72776)
2-08-64

ЖП АТЕБ

Алматы қаласы, Майлин көшесi, 79

8(727)
251-25-69

ЖП АТЕБ

Сарқанд ауданы, Сарқанд қаласы, Ленин көшесi, 156

8(7283)
92-15-84

ЖП АТЕБ

Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Қопаев көшесi, 309

8(7283)
15-28-27

ЖП АТЕБ

Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылы, Исламов көшесi, 40

8(7277)
82-36-53

Барыс-3 ТП

Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Алматы - Бiшкек тас жолының 13-км, Барыс-3 базары

8(7272)
98-55-04

"Жақсылық" ТП

Iле ауданы, Первомайка ауылы, Қапшағай көшесi, 8

8(7272)
51-12-65

ЖП АТЕБ

Есiк ауданы, Есiк қаласы, Алтын Адам аллеясы, 163

8(72775)
4-00-90

Атырау облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Атырау қаласы, Гогичашвили көшесi, 25

8(7122)
30-10-20,
30-02-29,
30-10-21,
30-02-68

http://www.dvd-atyrau.kz

АТЕБ

Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Бисенқұлов көшесi, 64

8(7237)
5-19-21

ТЕП

Құрманғазы ауданы, Ганюшкино кентi, Абай көшесi, 37

8(712233)
2-14-79

Ақтөбе облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова даңғылы, 56

8(7132)
51-84-24,
51-28-26

http://www.dvdaktobe.kz

Хромтау АIIб ЖП АТЕТ

Хромтау қаласы, Абай даңғылы, 11

8(71336)
21-6-98

Мұғалжар АIIб ЖП АТЕТ

Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесi, 74а

8(71333)
3-64-48

Шалқар АIIб ЖП АТЕП

Шалқар қаласы, Есет батыр көшесi, 88

8(71335)
2-33-80,
2-20-09

Темiр АIIб ЖП АТЕП

Шұбар құдық қ.ү.к, Желтоқсан көшесi, 6

8(71346)
2-23-72

Шығыс Қазақстан облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Өскемен қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы, 73/1

8(7232)
42-46-86,
42-46-79,
42-69-88

http://www.02vko.kz/

IIБ ТЕБ

Семей қаласы, Морозов көшесi, 5

8(72251)
2-12-87

Жарма АIIб ТЕП

Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, Бабатайұлы көшесi, 38

8(72347)
6-57-59

Аягөз АIIб ТЕП

Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Тәңiрбергенов көшесi, 68

8(872837)
3-34-41

Көкпектi АIIб ТЕП

Көкпектi ауданы, Көкпектi ауылы, Ленин көшесi, 33

8(72348)
2-72-11

Зайсан АIIб ТЕП

Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Ленин көшесi, 12

8(72340)
2-52-50

Риддер ҚАIIб ТЕП

Риддер қаласы, Безголосов көшесi, 11

8(72336)
2-24-74

Зырян ҚАIIб ТЕП

Зырян ауданы, Зырян қаласы, Киров көшесi, 2а

8(72335)
6-04-02

Үржар АIIб ТЕП

Үржар ауданы, Үржар ауылы, Абылайхан көшесi, 237

8(72330)
2-19-37

Шемонаиха АIIБ ТЕП

Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, М.Горький көшесi, 97

8(72332)
3-09-07

Жамбыл облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Тараз қаласы, Сүлейманов көшесi, 98

34-37-34

http://www.tarazpolice.kz

Шу АIIб АТЕП

Шу қаласы, Сәтпаев көшесi, 198

2-20-51,
2-18-61

Мерке АIIб ТЕП

Мерке ауылы, Сарымолдаев көшесi, 11

2-26-32

Қордай АIIб ТЕП

Қордай ауылы, Молдағұлова көшесi 10

2-18-80

Сарысу АIIб ТЕП

Жаңатас қаласы, 1 шағын аудан, 4

34-10-28,
6-10-28

Талас АIIб ТЕП

Қаратау қаласы, Жамбыл көшесi, 30




Т. Рысқұлов АIIб ТЕП

Құлан ауылы, Жiбек Жолы көшесi, 57

2-12-70

Батыс Қазақстан облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Орал қаласы, Гагарин көшесi, 2/5

8(7112)
24-92-25,
24-04-08

http://www.zkopolice.kz

АТЕБ

Бөрлi ауданы, Ақсай қаласы, 2-шағын аудан, 7

8(81133)
3-11-33

АТЕП

Қазталов ауданы, Қазталов кентi, Желтоқсан көшесi, 20

8(71144)
3-12-50,
8(8112)
3-11-02

Қарағанды облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Қарағанды қаласы, Прогресс көшесi, 1

8(7212)
41-53-90

http://www.krgdvd.creatida.kz

IIБ ЖПБ ТЕБ

Темiртау қаласы, Мичурин көшесi, 8

8(7213)
98-74-57

IIБ ЖП ТЕБ

Абай ауданы, Абай қаласы, Абай көшесi, 36

8(72131)
4-37-67

IIБ ЖПБ АТЕБ

Жезқазған қаласы, Сәтпаев көшесi, 80

8(7102)
72-42-62

IIБ ЖП ТЕБ

Балқаш қаласы, Язев көшесi, 13

8(71036)
4-06-43

АIIБ ЖП ТЕБ

Осакаров ауданы, Осакаров кентi, Литвиновская көшесi, 93

8(72149)
4-11-00

Қарқаралы АIIБ ЖП ТЕБ

Қарқаралы қаласы, Әуезов көшесi, 40

8(72146)
3-25-85

"Қамқор" ТП

Қарағанды қаласы, Ермеков көшесi, 108

8(7212)
44-17-55

"Қапа" ТЕП

Қарағанды қаласы, Степной шағын ауданы, 11а

8(7212)
75-70-67

Қостанай облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Қостанай қаласы, Полевая көшесi, 7

8(7142)
28-02-50,
28-02-39,
28-02-40,
28-69-01

http://www.kostanaypolice.kz

IIБ ТЕБ

Арқалық қаласы, Молодежная көшесi, 10

8(71430)
7-08-18

Рудный ҚIIб ЖПб АТЕБ

Рудный қаласы, Горняк көшесi, 5А

8(71431)
4-62-46

Лисаковск ҚIIб ЖПБ ТЕП

Лисаковск қаласы, 1А-6

8(871433)
3-02-02

Жiтiқара ҚIIб АТЕП

Жiтiқара қаласы, 5В-18 шағын ауданы

8(71435)
2-09-11

Әулиекөл ҚIIб ЖПб АТЕП

Әулиекөл кентi, Целинная көшесi, 7

8(71453)
2-10-41

Федоровка АIIб ЖПб ТЕП

Федоровка кентi, М.Әуезов көшесi, нөмiрсiз үй

8(71442)
2-24-61

Ұзынкөл АIIб ЖПб АТЕП

Ұзынкөл кентi, Абылайхан көшесi, 34

8(71444)
2-41-78

Меңдiқара АIIб ЖПб ТЕП

Меңдiқара кентi, Абай көшесi, 95

8(71443)
2-14-45

Қарабалық АIIб ЖПБ ТЕП

Қарабалық кентi, Ничепуренко көшесi, 3

8(71441)
3-32-91

Қызылорда облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Қызылорда қаласы, Жiбек Жолы көшесi, нөмiрсiз үй

8(7242)
23-20-66

http://www.dvdkzo.kz

АТЕП

Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентi, Қожанов көшесi, 1

8(72435)
2-21-40

АТЕП

Шиелi ауданы, Шиелi кентi, Мұстафа Шоқай көшесi, 7

8(72432)
4-22-50

АТЕП

Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, Жанқожа батыр көшесi, нөмiрсiз үй

8(72437)
2-16-40

ТЕП

Арал ауданы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесi, 85

8(72433)
2-45-34

ТЕП

Қармақшы ауданы, Қармақшы кентi, Көшербаев көшесi, 38

8(72437)
2-17-40

Маңғыстау облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Ақтау қаласы, 23 шағын ауданы, ЖПБ ғимараты

8(7292)
60-53-86,
21-25-55,
21-21-29

http://www.mdvd.kz

Жаңаөзен ауданы АТЕП

Жаңаөзен қаласы, 1-шағын аудан, ҚIIб ғимараты

8(729231)
3-28-35

Павлодар облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Павлодар қаласы, Торговая көшесi, 2

8(7182)
33-37-56,
33-37-59

http://www.dvdpavlodar.kz

АТЕБ

Екiбастұз қаласы, Ө.Марғұлан көшесi, 10

8(71835)
4-03-85

АТЕП

Ертiс кентi, Ысқақов көшесi, 95

8(7183)
2-19-52,
2-16-29

Солтүстiк Қазақстан облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Петропавл қаласы, Володарский көшесi, 18

8(7152)
46-30-95,
36-92-86,
49-43-53

http://police.sko.kz

ТЕТ

Шал-Ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Шал-Ақын көшесi, 14

8(71534)
2-06-76

ТЕТ

Мамлютка ауданы, Мамлютка қаласы, Ленин көшесi, 45

8(71542)
2-19-96

ТЕТ

Қызылжар ауданы, Бескөл қаласы, Гагарин көшесi, 8

8(71538)
2-00-75

ТЕТ

Ғ.Мүсiрепов ауданы, Новоишимское ауылы, Абылайхан көшесi, 59

8(71535)
21126

АТЕП

Айыртау ауданы, Саумалкөл қаласы, Уәлиханов көшесi, 24

8(71533)
2-18-85,
2-19-76

АТЕБ

Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Күншығыс көшесi, 102

8(71536)
2-22-55

АТЕБ

Уәлиханов ауданы, Кiшкенекөл ауылы, Уәлиханов көшесi, 88

8(71542)
2-17-38

ТЕП

Есiл ауданы, Явленка ауылы, Ыбыраев көшесi, 13

8(81543)
2-29-82

ТЕП

Жамбыл ауданы, Пресновка қаласы, Достық көшесi, 17

8(71544)
2-10-42

Оңтүстiк Қазақстан облысы

IIД ЖПБ ТЕБ

Шымкент қаласы, Абай ауданы, Қожанов көшесi, нөмiрсiз үй

8(7252)
21-20-19,
23-23-77,
23-20-61

http://www.dvd-uko.kz

ТП-1

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ташкентская көшесi, 1-км, нөмiрсiз үй

50-55-46,
50-50-30

ТП-2

Шымкент қаласы, Абай ауданы, Темiрлан тас жолы, 62

33-02-23

ТП-3

Шымкент қаласы, Еңбекшi ауданы, Сайрам көшесi, 190

51-92-91

АТЕБ

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Қарабұлақ тас жолы, нөмiрсiз үй

2-231-
2-00-04,
2-25-32,
2-15-91

АТЕБ

Бәйдiбек ауданы, Екпiндi ауылы

8-230-
2-15-22,
2-22-21

АТЕБ

Мақтаарал ауданы, Атакент кентi, Ташкентская көшесi, нөмiрсiз үй

8-241-
3-26-02

АТЕБ

Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Шымкент - Жетiсай тас жолы, нөмiрсiз үй

8-237-
2-24-24,
2-12-62

АТЕБ

Түркiстан ауданы, Кентау қаласы, Сырғат батыр көшесi, нөмiрсiз үй

8-233-
4-30-16

Байқоңыр қаласы

ТЕП

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Абай көшесi, 36

8-736-
22-52784,
5-25-79




Курчатов қаласы

ТЕП

Шығыс Қазақстан облысы, Курчатов қаласы, Абай көшесi, 42

8-722-51-
2-29-81,
2-25-60




Приозерск қаласы

ТЕП

Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Ленин көшесi, 6

8-710-39-
5-25-39,
5-49-89




Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2009 жылғы 26 қазандағы 
N 1672 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттiк қызмет   
көрсету стандартына   
2-қосымша       

Облыстардың, қалалардың атауы

Мекен-жайы, орналасқан жерi

К/бөлiмнiң телефоны

Сенiм телефоны

 
 


Астана қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы, 1, IIМ

8-7172-14007 714008

722493

Астана қаласы, Ш. Айманов көшесi, 4, ЖПК

715868

715825

Астана қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы, 1 ӘПК (арнайы полиция)

714082

722493

Астана

Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 19, IIД

87172-323940

716161

Астана қаласы, Промзона көшесi, 35, IIД ЖПБ,

532300

532253

Алматы

Алматы қаласы, Масанчи көшесi, 57, IIД

8727-2544007

2633662

Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесi, 185, IIД ЖПБ

2544544

2610606

Ақмола

Көкшетау қаласы, Горький көшесi, 35 А, IIД

87162-251696

232870

Көкшетау қаласы, Уәлиханов көшесi, 179, IIД ЖПБ

770475

771283

Алматы

Талдықорған қаласы, Жансүгiров көшесi, 91/95, IIД

8(7282)-600008

273055

Талдықорған қаласы, 7 шағын аудан, IIД ЖПБ ғимараты

27-05-72

21-18-24

Ақтөбе

Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар көшесi, 271 А, IIД

87132-513837

520514

Ақтөбе қаласы, Ә.Молдағұлова көшесi, 56, ЖПБ

518424

518366

Атырау

Атырау қаласы, Азаттық көшесi, 85, IIД

87122-982015

251015

Атырау қаласы, Гогичашвили көшесi, 25, ЖПБ

301020

100268

ШҚО

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесi, 1, IIД

87232-488802

242525

Өскемен қаласы, Тәуелсiздiк даңғылы, 73/1, ЖПБ

424686

777118

Жамбыл

Тараз қаласы, Жданов көшесi, 2, IIД

87262-430522

430666

Тараз қаласы, Сүлейманов көшесi, 98, ЖПБ

343734

576414

Батыс Қазақстан

Орал қаласы, Пугачев көшесi, 45, IIД

87112-510450

505431

Орал қаласы, Гагарин көшесi, 2/5, ЖПБ

249225

540880

Қарағанды

Қарағанды қаласы, Ерубаев көшесi, 37, IIД

87212-412620

303702

Қарағанды қаласы, Прогресс көшесi, 1, ЖПБ

415390

237608
415383

Қостанай

Қостанай қаласы, Баймағанбетов көшесi 171, IIД

87142-532626

526350

Қостанай қаласы, Полевая көшесi, 7, ЖПБ

280250

526197

Қызылорда

Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесi, 18, IIД

87242-272876

272368

Қызылорда қаласы, Жiбек жолы көшесi, нөмiрсiз үй, ЖПБ

232066

212602

Маңғыстау

Ақтау қаласы, 12-шағын аудан, IIД

87292-421570

421571

Ақтау қаласы, 23-шағын аудан, ЖПБ

212555

605406

Павлодар

Павлодар қаласы, Лермонтов көшесi, 50/1, IIД

87182-323983

391243

Павлодар қаласы, Торговая көшесi, 2, ЖПБ

333756

333806

Солтүстiк Қазақстан

Петропавл қаласы, Конституция көшесi, 51, IIД

87152-394007

612008

Петропавл қаласы, Володарский көшесi, 18, ЖПБ

463095

493247

Оңтүстiк Қазақстан

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесi, 13, IIД

87252-212041

212187

Шымкент қаласы, Қожанов көшесi, нөмiрсiз үй, ЖПБ

535252

536551

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң        
2009 жылғы 26 қазандағы 
N 1672 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттiк қызмет   
көрсету стандартына   
3-қосымша        

Мемлекеттiк қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау туралы


N ___ ТАЛОН
_________________________________________________________________
(Өтiнiш иесiнiң ТАӘ, немесе заңды тұлғаның атауы)

Қабылданған құжаттардың тiзбесi:


1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
6. __________________________________________________________________
7. __________________________________________________________________
9. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қабылдаған:


      _________________________/_________________/___________________
(ТЕБ қызметкерiнiң лауазымы, атағы)   (қолы)           (Т.А.Ә.)
_________ жылғы "__" _______________
Берiлген күнi мен уақыты: ______жылғы "__" ________ _____сағ _____мин

Қазақстан Республикасы   


Үкiметiнiң        
2009 жылғы 26 қазандағы 
N 1672 қаулысымен бекiтiлген
Мемлекеттiк қызмет   
көрсету стандартына  
4-қосымша        

Сапа мен кол жетiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Алдағы жылы көрсеткiштiң мақсатты мәнi

Есептi жылдағы көрсеткiштiң ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметтi белгiленген мерзiмде ұсыну жағдайлардың %-ы (үлесi)










1.2. Қызмет көрсету үшiн кезекте 40 минуттан артық күтпеген тұтынушылардың %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызмет үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










2.2. Лауазымды адамның құжаттарды (жүргiзiлген есептеулердi, есеп айырысуларды және т.б.) дұрыс ресiмдеу жағдайларының %-ы (үлесi)










3. Қол жетiмдiлiгi

3.1. Қызмет көрсету сапасы оны көрсету туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)










3.2. Тұтынушы бастапқыдан-ақ дұрыс толтырған және тапсырған құжаттар жағдайының %-ы (үлесi)










3.3. Интернет арқылы кол жетiмдi ақпарат қызметiнiң %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Осы қызмет түрi бойынша қызмет көрсетiлген тұтынушылардың жалпы санынан негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.2. Белгiленген мерзiмде қаралған және қанағаттандырылған негiзделген шағымдардың %-ы (үлесi)










4.3. Қолданыстағы шағымдану тәртiбiне қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)










4.4. Шағымдану мерзiмдерiне қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)










5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанатын тұтынушылардың %-ы (үлесi)











©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет