Ауыл шаруашылығы саласының 021 жылы қарашасына атқарылған жұмыстары туралы мәлімет


Асыл тұқымды мал шаруашылығы: (10 кесте)



бет5/9
Дата02.01.2022
өлшемі25.64 Kb.
#454195
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Доклат 1.11.2021г

Асыл тұқымды мал шаруашылығы: (10 кесте)

Жылдың басында барлығы 25 шаруа қожалық, соның ішінде 1-і айыр өркешті бактриан түйесін өсіруші, 22-і қазақтың ақ бас, герефорд, ангус сиырын өсіретін, 2 шаруа қожалығы кушум, жабе жылқыларын өсіретін шаруашылықтар болды. Бағымдарында 8953 бас асыл тұқымды ірі қара (оның 7325 басы қазақтың ақбасы, 1010 басы герефорд, 618 ангус тұқымы), 848 бас жылқы, 258 бас түйе малы өсірілуде. Жалпы аудан бойынша 185 шаруа қожалықтары тауарлы малдарын асылдандырумен шұғылдануда. Оларда 773 бас асыл тұқымды бұқалар күтіліп бағылуда. Асыл тұқымды мал басының үлес салмағы: ІҚМ – 12.0%-ды, жылқы – 3,0%, түйе шаруашылығында – 24,8%-ды құрайды. Жылдың басынан тағыда 3 шаруа қожалығы 190 бас асыл тұқымды ірі қара малының қашарын сатып алып, республикалық палатаға тіркелуде. «Сисенгалиев Р» шаруа қожалығы шетелден Белорусиядан жоспарлы 250 бас асыл тұқымды ангус ірі қара малын сатып алып келді. Т.Масин ауылдық округінен «Куаныш» шаруа қожалығы асыл тұқымды едильбай қойын өсіретін шаруашылық болып құрылды. 500 бас аналық қой малына мәртебесін алды. 3 жылдың ішінде 2019 жылы – 544 бас, 2020 жылы – 539 бас, 2021 жылы – 250 бас, барлығы – 1333 бас асыл тұқымды ірі қара малы шетелден импортталды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет