Ауылдың ардақты соғыс ардагерлері Сабақтың мақсаты



Дата27.06.2016
өлшемі59.33 Kb.
#162098
Ауылдың ардақты соғыс ардагерлері

Сабақтың мақсаты: жеңіс күнінің 70 жылдығына орай екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан жерлестеріміз туралы мағлұмат беру, Жеңіске қосқан ауылдастарымыздың үлесі туралы айту, Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, ұлтжандылық сезімін ояту, Мәскеуде, Ленинградта және басқа майдандарда Қазақстандықтардың жасаған жаппай ерліктерін көрсету.

Көрнекілігі: фотошежіре, қанатты сөздер, Кеңес Одағының Батырларының суреттері

І.Соғыс туралы не білеміз?


ІІ дүниежүзілік соғыс


Соғыс туралы Ленинградтық өренім 1941-1945

Бауыржан


Байғали, Долда, Әлия, Мәншүк

Саябек, Смағұл аталар

Мұғалім: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ, қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан Кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізді. Мәскеу түбінде генерал-майор И.В.Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316-атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала отырып, Ұлы Отан Соғысының аты аңызға айналған қаһарманы бауржан Момышұлы былай деп жазды: «Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады.Біздің үрейді женетін қаруымыз бар, ол Отанға деген сүйіспеншілік».

Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл Ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім» деген жырын арнады.

1942 жылы күзде Сталинград түбінде кескілескен ұрыстар жүріп жатты. Ауқымы жағынан адамзат тарихында болып көрмеген Сталинград шайқастың отты жалыны Қазақстан даласын да шарпыды. Қазақстан Сталинград облысымен 500 шақырым бойына шекаралас жатқан еді. Сондықтан Сталинград майданында жүріп жатқан соғыс қимылдарына Батыс Қазақстанның ресурстары кең ауқымда тартылады. 1942 жылдың күзінде Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді.Еділ бойындағы қаһарман қала түбінде минометші Қарсыбай Сыпатаев өшпес ерлік жасады.

1-оқушы


Қазақстандықтар осы соғысқа қатысып, майданда жаппай ерлік көрсетті. 518 қазақстандық «Кеңес Одағының батыры» атағын алды. Соның 97-сі қазақ. 1999 жылы 11 желтоқсанда Бауыржан Момышұлына «Кеңес Одағының батыры» атағы берілді. Мыңдаған қазақстандықтар Кеңес өкіметінің орден медальдарымен марапатталды. Жеңіске жету жолы қиын болды. Фашистік Германияны жеңген күн тарихтағы әйгілі күндердің бірі ретінде адамзаттың есінде сақталатын болады.

Көрініс:


Осы сәтте үнтаспа іске қосылады, Кеңес ақпарат бюросы: қымбатты бауырлар, 1941 жылы маусымда фашистік германия хабарламастан Отанымызға шабуыл жасады. Ол бізді бостандығымыздан айырып, жерімізді таптамақ.Бірақ олай болмақ емес. Біз жеңеміз, әділет әрқашан жеңбек. Фашистерге өлім келсің!-деп хабарлайды.

2-оқушы:


Соғыс-қирашы күш. Барды жоқ ететін апат. Қасіретті соғыста 70 млн адам құрбан болды, соның 20 млн/ы кеңес Одағының, ал оның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

3-оқушы


Сен құрметте оны,

Түсіндін бе қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Еріккен ұстап жүрген жоқ,

Қолындағы ұзын таяғын.

Денесін ақ паршаласа да

Ел намысын қорғап қалды,

Сен құрметте оны!

Түсіндін бе қарағым?

Сенің келешегін үшін берді ол,

Азаттық жолында аяғын. (Әбу Сарсенбаев)

4-оқушы

Иә, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ! Жерлесіміз Олағаев Долда ата (1919 – 2013 Кіндікті ауылы) Осы жерде еңбек етіп жүрген кезде , 1941 жылы әскер қатарына алынады . Сталинград майданында пулеметші болды. Үш рет соғысқа қатысып, бір рет аяғы жараланып Саратов госпителіне түседі. 1942 жылы даңқты 62-ші армияға қарасты 50-ші атқыштар полкінде қызмет етеді. Кезекті кескілескен шайқаста қатты жараланып, госпительге түседі. Осы кезде қаза болды деген үйіне «қара қағазда» жіберіледі. Бірақ аман қалған Долда ата Саратов госпителіндегі дәрігерлердің сараптама қорытындысымен екінші топтағы мүгедек болып, 1944 жылдың қаңтар айында аман-есен еліне оралады. Ауылдан бірге майданға аттанған жауынгерлердің отыз үші еліне оралмай майданда қаза тапқан. Соғыстан кейінгі 1968 жылдары Карл Маркс совхозы (қазіргі Кіндікті) ауылы құрылғаннан бастап, осында еңбек етіп, зейнеткер атанды. 2013 жылы атамыз қайтыс болды.



Мұғалім: Жамбыл Жабаевтың «Ленинградтық өренім» өлеңін оқиды.

Сейлолла Байтерековтың әніне жазылған «Әлия» әні орындалады. Хор

5-оқушы: Удерин Байғали (06. 02. 1924жылы, Жәнтікей ауылы) – Ұлы Отан соғысыныңардагері. Амангелді колхозында таңның атысы, күннің батысы жұмыс істейді. 1943 жылдың қаңтарында армия қатарына алынды. Шығыстың еврейлердің орталық қаласы Веретшонда екі ай әскери дайындықтан өтеді. Одан әрі Сталинск қаласында оқу-жаттығуды жалғастырып алты ай сержанттық оқуын оқиды. Ұрыс қимылдарындағы ерлігі үшін Удерин Байғали «Кенисбергті алғаны үшін» медалін тағады. 114-ші атқыштар полкінің қатарында автоматшы болып соғысқа жүріп , 1945 жылы ақпанда осы полктен екі рота қайта еліміздің Шығыс шекарасын қорғауға жіберіледі. Шығыста Амур өзені жағасында шекара күзетінде болып , 1945 жылы 9 мамыр жеңіс күнін осы арада қарсы алады. Алайда жауынгерлердің жорық жолы 1945 жылы маусымдағы Жапон соғысына ұласады. Осы ұрыста Манчжурияны жаудан босатуға қатысады. Соғыс біткен соң Қиыр шығыстағы Куриль аралында әскери міндетін өтеп, одан әрі Хабаровскінің Майныш селосында әскери қызметін жалғастырады. Батыс Еуропа қызметін жалғастырады . батыс Еуропа елдері мен Қиыр шығысты 4жыл аралап отан алдындағы борышын адалдықпен атқарып, еліне оралады. Амангелді колхозында агроном , шофер , 1965 жылы Кіндікті совхозында машиналар ауласының меңгерушісі , көп жылдар жүргізушілік жұмыс істеді. 1984 жылдан құрметті еңбек демалысына шығады. « Соғыс ардагері ордені », « Маршал Жуков » , «Тың игерудің еңбегі үшін » т.б Ұлы Жеңістің 20,40,50,60,жылдық мерейтойлық медальдардың иесі.



Ж. Ақылбайұлының «Шығыстың қос шынары» өлеңі оқылады.

Елім деген әр қазақтың ұланы

Өздеріңе ұқсас деп ұғады.

Жастарымның өнегесі мәңгілік

Рухысың-шығыстың қос шынары

Қырғын соғыс кім-кімді де сынады

Жеңеді оны мол рухы жоғары

Таң алысып , жан беріскен сәттерде

Айқындалар адамзаттың қыраны

Оларды әркез ұрпақ үлгі қылады

Оларға ұқсау әр өреннің мұраты,

Батырлығы Әлия мен Мәншүктің

Бүгінгі жас ұландардың жыр, әні

Шығысқа тән қасиеттің тұрағы,

Жауларына кешірімсіз қырағы

Қарапайым қазағымның қос қызы

Отаншылдық үлгісі боп тұрады.

6-оқушы

Қожахметов Саябек 01,01.1921-2011 жылы Көкжыра ауылы Ұлы Отан соғысының ардагері. Москва , Смоленск , Курск түбіндегі ұрыстарға қатысқан. Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен Жеңіске қосқан үлесі үшін «германияны жеңгені үшін» , «Жеңістің мерейтойлық марапаттары » , «Маршал Жуков » , (КСРО қарулы Күштеріне 60 , 70 жыл ІІ дәрежелі «Ұлы Отан соғысы»)ордені медальдарымен марапатталған. Қызыл Кесік , Сталин , Үш арал ауылдарында ауылдық советтің төрағасы , «Ақжайлау» , «Социолистік» , «Комсомол » колхоздарына төраға , 1967-1978 жылдары «Карл Маркс » совхозында директордың орынбасары қызметтерін атқарған.



Ән. «Көгершіндер маршы».

Мұғалім: Сағындықов Смағұл (1919жылы Кіндікті ауылында ) Ұлы Отан соғысының ардагері. 1939 жылы міндетті әскери борышын өтеу үшін армия қатарына швқырылады. Әскери міндетті Украинаның Львов қаласында өтеп жүргенде соғыс басталып , 8-ші инженерлік-саперлік бригада құрамында жауға қарсы ұрыстарға қатысады. 1943 жылы Сталинградтағы қорғаудағы қаһармандық ерліктері үшін «Қызыл жұлдыз » орденімен, осы жылы Курскі иініндегі ұрыстарға ерлігі үшін Жоғарғы қолбасшының ерекше алғысына ие болды. Жауынгердің ерлік жолдары Бендер және Болгарияны азат ету кезіндегі ұрыстарға жалғасады. Майдангер осы шайқастарда ерекше көзге түсіп, тағы да екінші рет « Қызыл жұлдыз » орденін кеудесіне тағады. Жеңісті 1945 жылдың мамырында Софияда қарсы алады. 1946 жылы елге оралып, ұзақ жылдар бұрынғы Аманкелді колхозында шопан болып еңбек етті. «Еңбек Қызыл Ту » орденімен , медальдармен , бірнеше дүркін аудандық облыстық құрмт грамоталарымен марапатталды.

7-оқушы:

30 сәуір 14 сағат 25 минут , Рейхстаг төбесіне ту тіккен сержанттар Егоров пен Қантария қатарында жас қазақ Ражымжан Қошқарбаев та бар еді. 1945 жылы 8 мамырда Берлин маңындағы Карлсхорст қаласында Германияның қарулы күштер одақтастары алдында сөзсіз тізе бүгу жөніндгі актіге қол қойылды.



Қорытынды. Мұғалімнің сөзі.

1418 күнге созылған ҰОС-да жеңіп шығуымыздың себептерінің бірі- тыл жұмысындағы еңбекшілердің нәтижесі еді. Егіншілік пен мал шаруашылығы шеберлерінің қатары өсті. Бүкіл халықтық «Жеңіс қоры» құрылып , оған өз үлестерін қосып жатты. Бүгінгі ұрпақ-өздерінің бейбіт өмірінде , алаңсыз күлкісінде , тыныш ұйқысында үміттері мен арманында , тербелген тал бесіктердің қуанышын да ,Отанды қорғаған аталарының , апаларының мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпауы керек .



Хор. «Әрқашан күн сөнбесін ».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет