«Ауылдың келешегі білікті мамандардың қолында» «Жаңа Заң әлеуметтік сала мамандарын ауылға шақырады»



жүктеу 60.98 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі60.98 Kb.
«Ауылдың келешегі - білікті мамандардың қолында»

«Жаңа Заң әлеуметтік сала мамандарын

ауылға шақырады»
Қазақстан Үкіметі бүгінгі таңда әлемдік экономикалық дағдарыс халыққа ауыртпалығын түсірмес үшін тұрғындарды әлеуметтік қорғау бағытында кең ауқымды бағдарламаны жүзеге асырылуда. Бұл бағыттағы ең өзекті мәселенің бірі жұмыспен қамту.

Бүгінгі қалыптасып отырған жағдайда халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үкіметтік саясаттың басымды бағыттарының бірі болуда.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке жаңа тапсырмалар бере отырып, кемінде 350 мың жаңа жұмыс орындарын құру және азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету міндетін атап өтті, осыған байланысты әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік мәселелерді шешу, мамандарды жұмыспен қамту біздің ел үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті.

Осы бір қиын уақытта мемекетіміз көптеген ағымдағы мәселелерді шешумен қатар, қазақстандықтар үшін әлемдік дағдарыстың қысымын төмендету, еліміздің дағдарыстан кейінгі дамуын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік салаға шығындардың көлемін қысқартпай, керісінше, арттыруға бағытталған іс-шаралар қабылдауда. Осының дәлелі ретінде, елімізде жуықта ауылдағы әлеуметтік қызметкерлердің жағдайын жақсартуға, ауылға білікті мамандарды тартуға бағытталған жаңа заң қабылданғанын атап өткен жөн.

Қазіргі уақытта еліміздің еңбек нарығындағы ахуал нашарлап кетті.  Үстіміздегі жылғы  мәіметтер бойынша, жұмыссыздық деңгейі 6,6%-дан 7,1 %-ға дейін артып отыр. Әлемдік дағдарыстың орын алуына байланысты елімізде өндірілетін көптеген шикізаттарға сұраныстың төмендеуінен, негізгі экспорттың ресурстардың нарықтағы бағалардың түсуінен еліміздегі көптеген қалалық жерлерде жұмыс орындарының қысқартылуы, өндірістік кәсіпорындардың өндіріс көлемін азайтуы байқалуда. Мұндай жағдайда әлеуметтік саясаттың айқындаушы басымдығы жұмыстан айырылу қауіпін болдырмау және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау болмақ.

Еліміздің еңбек нарығындағы қалыптасып отырған күрделі жағдайға қарамастан, республикамыздың ауылдық аумақтардың әлеуметтік сала ұйымдарында білікті мамандарға жоғары сұраныс бар. Қазір елімізде денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мамандарының  тапшылығы сезілуде. Білікті жас мамандарды ауылда тұрып, жұмыс істеу үшін ауылды елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның дамымағандығы, тұрмыстық қолайсыздықтар, жастардың бос уақытын ұйымдастырудың жетілмегендігі қызықтырмайды. Мамандардың ауылдық жерлерге тұрақтануының басты кедергісі тұрғын үймен қамтамасыз етудің жоқтығы болуда. Жергілікті атқарушы органдар мамандарға қызметтік үй-жайды берудегі шектеулі мүмкіндіктеріне байланысты, әлеуметтік саладағы мамандардың тапшалығы мәселесін шешуде басты тетіктен айырылған.

  Осындай қайшылықтарды түпкілікті шешу мақсатында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылғы 5 науыздағы агроөнеркәсіптік кешені қызметкерлерінің республикалық мәжілісінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе, қаладан ауылдық жерлерге тұруға және жұмыс істеуге баратын дәрігерлер мен ұстаздарға және басқа да әлеуметтік сала мамандарын қолдау мен ынталандыру шараларын қабылдау туралы тапсырма берді.

Осы тапсырманы орындауда атқарылған жұмыстардың нәтижесі ретінде            2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген “Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынта­ландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 111-IV Заңын Елбасы тарапынан қабылдануы болды.

Республика бойынша ауылдық елді мекендердің денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарымен қамтамасыз етілуін талдау нәтижесі көрсеткендей, 2009-2011 жылдар бойынша оларға деген сұраныс мөлшері 26 584 адамды құрайды. Соның ішінде 7340 денсаулық сақтау, 13330 білім беру, 1037 әлеуметтік қорғау, 3755 мәдениет, 1122 спорт маманы қажет.

Жоғарыдағы заң осы олқылықтардың орнын толтыруды көздейді. Оны іске асыру үшін рес­публикалық бюджеттен 2009-2011 жылдарға арналып 20 482 735 мың теңге, соның ішінде көтерме жәрдемақы төлеуге 2 532 484 мың теңге, тұрғын үйді сатып алу үшін берілетін әлеуметтік көмекке 17 950 251 мың теңге қарастырылған. Бұл қаражат облыстар мен аудандарға аталған мамандарға деген қажеттілікке сәйкес бөлінген.                                                                                                                                              

Заң бойынша, ауылды жерге жұмыс істеуге баратын мамандарға біріншіден, 2009 жылғы 1 шілдеден бстап, жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада (90  мың теңгеге жуық) біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді. Екіншіден, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тұрғын үй сатып алуы үшін алты жүз отыз еселік айлық есептік көрсеткіш деңгейінде (800 мың теңгеден аса) 15 жыл мерзімге бюджеттік несие беріледі.

Мұның сыртында, ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік сала ұйымда­рының қызметкерлеріне қалалық жерлермен салыстырғанда 25 пайыздан кем емес мөлшерде көтеріңкі лауазымдық жалақы (тарифтік ставкалар бойынша) тағайындалады.

Мамандарға көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алу үшін берілетін несиенің мөлшері мен оларды беру тәртібі Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2009 жылғы 18 ақпанында №183 қаулы­сымен бекітілген ережелерге сәйкес белгіленеді.

Аталған қаулыға сәйкес, ауданның жергілікті өкілетті органы (мәслихат) жыл сайын аудан әкімі ұсынған әлеуметтік салалардың мамандарына деген сұранысты ескере отырып, жәрдемақы беру мен тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы шешім қабылдайды. Аудан әкімдігі мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін аудандық мәслихат депутаттарының, ауданның атқарушы органдарының және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады. Комиссияның жұмыс органы ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті орган болып табылады. Бұл орган әлеуметтік қолдау шараларын алуға үміткер мамандардың құжаттарын қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеріп, қаржы қаражатының қажеттілігіне есептеу жүргізеді және құжаттарды комиссияға жібереді. Сонымен қатар, мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасайды.



Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін маман жұмыс органына:

-     өтінішті, жеке басын куәлан­дыратын құжаттың көшірмесін;

-     жаңа жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесін;

-     тиісті елді мекенде тұратынын растайтын азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) немесе анықтаманың көшірмесін;

-     білімі туралы дипломының көшірмесін (еңбек өтілі жоқ тұлғалар үшін);

-     салық төлеушіні тіркеу туралы куәлігінің көшірмесін;

-     әлеуметтік жеке кодты беру туралы куәлігінің көшірмесін тапсырады.

Маманға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы арнайы қаулы қабылданғаннан кейін жеті күннің ішінде аудан әкімі, маман мен сенім білдірілген өкіл (агент) арасында мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы келісім жасалады.

Келісімге сәйкес, маман әлеуметтік сала ұйымында кемінде бес жыл мерзім қызмет істеуге міндеттеме қабылдайды.

Көтерме жәрдемақысының сомасын жұмыс органы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап, келісім жасалғаннан кейін жеті күннің ішінде мамандардың жеке есеп шоттарына аударады. Тұрғын үй сатып алуға кредитті 2010 жылғы              1 қаңтардан бастап сенім білдірілген өкіл (агент) отыз жұмыс күні ішінде мамандарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен береді. Маманның несие бойынша міндеттемелерін орындауы ол сатып алған тұрғын үй кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

Заңның жүзеге асырылуы ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуді және ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайту, білімділігі мен мәдениетін арттыру, қала мен ауылдың арасындағы сәйкессіздікті теңестіру үшін мультипликативті нәтижені көрсететін, әлеуметтік сала мамандарының ауылды елді мекендерде тұрақтану мәселесін кешенді шешуге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Заңның орындалысын қамтамасыз ету мақсатында республика жұртшылығына қалалы жерлердегі жоғары оқу орындарында, арнайы кәсіптік орта оқу орындарында білім алып жатқан балаларын, туған-туыстарын қазіргі уақыттың өзінде ауылды жерлерге тұруы және жұмыс істеу үшін келуге шақыруларын ұсынады. Осыған қосымша, Заңның ережелері жастарына қарамастан, бұрын ауылдан қалаға көшіп кеткен, алайда, қайта келуге өтініш білдірген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына да қолданылатынын атап өтеміз.



Қалалы жерлерде оқитын әрі тұратын мамандарға тиісті мамандықтары бойынша ауылда жұмыс істеу, өзін-өзі жеткілікті қамтамасыз ететін, бірқалыпты кәсіби өмір  ұсынылады. Осы жағдайлар мамандардың бойында отансүйгіштік, ауылдың жанашыры ретінде ізгілік қасиеттерді қалыптастыруға, өзін ең қажетті жерлерде қызмет істеуге шақыратын азаматтық парызын көрсетуге ықпал етеді.

Бұл Заңның республика бойынша орындалуы еліміздің ауылдық аумақтарының әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған өте жақсы үстеме болатындығы талассыз.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет