қалыптастырады. Бөлінген йод
санын натрий гипосульфитымен
көлемді титрлеп анықтайды.
Ұсақталған азықтың салмағы 5 г болатын үлесін колбаға
орналастырады. Мұнда 10 мл хлороформ мен 10 мл сірке қышқылын
құяды. Колбаның ішіндегісіне жылдам 0,5 мл қаныққан йодты калий
ертіндісін құяды да, мұқият араластырады да 3–5 минутқа қараңғы
жерге қалдырады. Содан соң колбаға алдын ала 1 мл 1 % крахмал
ерітіндісі қосылған 100 мл дистиллденген су құяды да, лезде 0,01-н
гипосульфита ерітіндісімен көк бояу жоғалғанша титрлейді.
Титрлеуге кеткен гипосульфит
мөлшерін жазып алады және
асқын тотық санын формула бойынша анықтайды:
Х = (а 0,00127 100) : Н
мұнда: а –титрлеуге кеткен гипосульфит мөлшері, мл; 0,00127 –
1 мл 0,01-н гипосульфит ертіндісіне балама йод мөлшері, г; Н –
азықтағы майдың үлесі, г; 100 – дистиллденген су.
Асқын тотық саны 0,03 дейінгі азық өнімдерінің майы балғын
деп
есептеледі, 0,03 тен 0,06 дейін – балғын, бірақ жылдам
реализацияны қажет етеді, 0,06 дан 0,1 – балғындығы күманды, 0,1
көп – бұзылған.
5.5.5 Қышқылдық санын анықтау
Қышқылдық саны деп 1 г майдағы бос май қышқылдарының
бейтараптануына шығындалатын күйдіргіш
калийдің мөлшері
аталады. Ол май молекуласының ыдырау дәрежесін көрсетеді.
Гидролиз кезінде және майдың тотықтырылып бұзылулары
нәтижесінде қышқылдық саны артады.
Кішкене колбаға немесе химиялық стақанға 25 г шротты, немесе
10 г етсүйек ұнын, немесе 2 г балық ұнын өлшеп салады да 1:2
пропорцияда 80 мл этанол және хлороформ қоспасын құяды.
Колбаның ішіндегісін 5 минут бойы араластырады және қағаз сүзгісі
арқылы сүзеді. Колба мен сүзгіні 10 мл
мөлшеріндегі
экстракциялайтын қоспамен екі қайтара жуады. Титрлеу үшін 30 мл
экстракт алып, стаканға құйып, 3-5 тамшы фенолфталеин қосады да
0,1-н күйдіргіш калий ертіндісімен 1
минутта жойылмайтын
бозарыңқы - қызғылт түс көрінгенше титрлейді. Кейде титрлегенде
ерітінді лайлана бастайды немесе қабаттанады, оны экстракциялайтын
қоспалар қосып жоюға болады.
Титрлеуге кеткен сілті санын қышқыл санын ескеріп,
қышқыл
санын формуламен есептейді:
93