Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу



Pdf көрінісі
бет17/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79
Зоогигиена каз китап

13-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу
Зерттеу аймағы
Құмыраның
нақтылы
көлемі, 
мл
Ауа
температура
сы, 
о
С
Барометрлік
қысым, 
мм сын.бағ.
0
о
С пен 760
мм сын. бағ.
қысымдағы
құмыра
көлемі, мл
Аммиак
мөлшері,
мг/м
3
0,5 м биіктікте 
еденде
1,2 м биіктікте 
еденде
Орташа
2.8 Мал қора ауасындағы күкіртсутегі мөлшерін анықтау
Жұмыстың мақсаты: мал қорасы ауасындағы күкіртсутегі
мөлшерін анықтауға арналған әдістермен, құралдар және
қондырғылармен танысу.
Күкіртсутегі (H
2
S) – өткір білінетін иісі (борсыған жұмыртқа)
бар түссіз ұшқыш газ. Мал қорасы ауасында күкіртсутегінің
жинақталу көзі күкірті бар белокты заттардың ыдырауы мен
жануарлардың белокқа бай азықпен азықтандырғандағы және
31


асқорытуының бұзылуындағы ішек бөліністері болып табылады.
Күкіртсутегінің молекулалық салмағы 17 мг. Ауада рұқсат етілетін
концентрациясы 10 мг/м
3
көп емес.
Мал қорасы ауасындағы күкіртсутегі мөлшерін сандық және
сапалық әдістермен анықтайды.
2.8.1 Күкіртсутегіні сапалық тұрғыдан анықтау: 
1) сіркеқышқылды қорғасынның сілтілі ертіндісіне матырылған
сүзгі қағазы, күкіртсутегі қатысында - қараяды.
2) натрий нитропруссиді сіңген сүзгі қағазы күкіртсутегі
қатысында қызыл-күлгін түске боялады.
3) күкіртсутегінің біршама концентрациясы (0,0034 мг/л немесе
3,4 мг/м

және одан жоғары) қора ауасында иіскеп анықталады.
2.8.2 Күкіртсутегін сандық тұрғыдан анықтау: Күкіртсутегін
қора ауасында сандық тұрғыдан анықтау үшін көлемді (титрометрлік)
әдісті және әмбебап газ анализаторын (УГ-2) қолданады.
Титрометрлік әдіс күкіртсутегі қоспасы бар ауаны йодтың сулы
ертіндісі арқылы сорғанда, йодты сутегі қышқылын түзіп
күкіртсутегінің байланысқа түсуіне негізделген. Ауа өткізгеннен
кейінгі йод ертіндісінің титрі төмендеуі бойынша күкіртсутегінің
мөлшері туралы тұжырымдайды.
Ыдыс, құралдар мен реактивтер: 1) Аспиратор немесе 2 л екі
құмыра; 2) Сіңіргіш; 3) Бюретка; 4) 200 мл колба; 5) Барометр;
6) Термометр; 7) 0,01 н. йод ертіндісі; 8) 0,01 н. натрий гипосульфиты
ертіндісі; 9) 0,5 %-ды крахмалдың сулы ертіндісі.
Анықтау барысы
Зерттелетін қораның ауасын аспиратор құмырасына сорады,
одан жалғанған ыдыстар принципі бойынша су ағып кетеді.
Сіңіргішке 20 мл йод ертіндісін құйып, оны аспираторға жалғайды да,
зерттелетін ауаны (2 л) сорады.
Алдымен гипосульфит ертіндісінің титрін тексереді. Ол үшін 20
мл 0,01 н. йод ертіндісі құйылған колбаны алып, 0,01 н. гипосульфит
ертіндісімен ақшыл – сары түске дейін титрлейді, содан кейін
3 тамшы крахмал ертіндісін қосып, толық түссізденгенше титрлеуді
жалғастырады. 
Қолданылған йод ертіндісіндегі (зерттелетін ауа өткізілген) йод
қалдығын анықтау үшін сіңіргіштегі ертіндіні 0,01 н. натрий
гипосульфиты ертіндісімен, 1 мл крахмал ертіндісінің қатысуымен көк
түсі жойылғанша титрлейді. 
Есептеу мысалы: Мысалға, ішінде 20 мл йод ертіндісі болған
сіңіргіш арқылы 10
о
С температурадағы және 757 мм сын. бағ.
барометрлік қысымды 2 л ауа өткізілді делік.
32


20 мл йод ертіндісін бірінші рет титрлегенде 19 мл 0,01 н.
гипосульфит ертіндісі шығындалды. 20 мл йод ертіндісі арқылы +13
о
С
температурада және 750 мм сын. бағ. атмосфералық қысымда 2 л ауа
жіберілгеннен кейін 20 мл қолданылған йод ертіндісін титрлеуге 14,7
мл гипосульфит ертіндісі шығындалды. Сәйкесінше, күкіртсутегіні
сіңіргенге дейін 20 мл йод ертіндісіне 19 мл, ал сіңіргеннен кейін 14,7
мл гипосульфит ертіндісі кеткен. Күкіртсутегімен байланысқан йод
ертіндісінің мөлшерін анықтау үшін пропорция құрамыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет