Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы



Pdf көрінісі
бет18/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79
Зоогигиена каз китап

19 : 20 = 14,7 : х
Х = 20 · 14,7 / 19 = 15,5 мл.
Күкіртсутегімен байланысқа түскен йод ертіндісінің мөлшері: 20
– 15,5 = 4,5 мл тең. 1 мл 0,01 н. йод ертіндісі 0,17 мг күкіртсутегіне
тең, 1 мг күкіртсутегі 0
о
С пен 760 мм сын. бағ. қысымда 0,6497
көлемді алады. Сәйкесінше, жіберілген ауа көлемінде 0,497 мл (4,5 х
0,17 х 0,6497 = 0,497) күкіртсутегі болған.
20 л жіберілген ауа көлемі 0
о
С пен 760 мм сын. бағ. қысымда
18,86 л тең. 1 л күкіртсутегі мөлшері: 0,0264 мг (0,497 : 18,86 = 0,0264)
құрайды.
14-кесте – З
ерттеу нәтижелерін жазу
Зерттеу
аймағы
Жіберілге
н ауаның
нақтылы
көлемі, 
мл
Ауа
температурас
ы, 
о
С
Барометрлі
к қысым, 
мм сын.бағ.
0
о
С пен 760
мм сын. бағ.
қысымдағы
жіберілген
ауа көлемі,
мл
Күкіртсутегі
мөлшері,
мг/л
0,5 м 
биіктікте 
еденде
1,2 м
биіктікте 
еденде
Орташа
2.9 УГ – 2 газ анализаторымен көмірқышқыл газының,
аммиак пен күкіртсутегінің мөлшерін анықтау
Жұмыстың мақсаты: УГ-2 құралының құрылысымен, жұмыс
істеу принципімен және құралмен газдарды анықтау әдісімен танысу.
УГ-2 әмбебап жылжымалы газ анализаторы мал қораларының
ауасындағы зиянды газдардың: көмірқышқыл газының, аммиактың,
33


күкіртсутегінің, көміртегі тотығының концентрациясын анықтауға
арналған.
Газ анализаторының жұмыс істеу принципі озиянды әсер ететін
газдары бар ауаны арнайы ұнтақпен толтырылған индикатор түтік
арқылы соруға негізделген. Түтіктегі индикатор ұнтағының түсі
өзгеруі түтік арқылы сорылған газ бен индикатор ұнтақтың реактиві
арасындағы реакция нәтижесінде жүреді. Түтіктегі индикатор
ұнтақтың боялған бағанасының ұзындығы ауадағы талданатын газдың
концентрациясына пропорциональды болады және мг/м
3
ауамен
градуирленген шкала бойынша өлшенеді. Ауа соратын құрылғының
негізгі бөлігі қорапшаның ішінде орналасқан сифонды созылған
күйінде ұстап тұратын жаншылған пружинасы бар резина сифон
(баллон) болып табылады.
Зерттелетін ауа индикатор түтіктер арқылы сифон насостың
көмегімен жылғашалы арнайы металл стержень – штокпен сифонды
белгілі бір мәнге алдын ала басқаннан кейін сорылады. Сифонның
қысылу дәрежесі штоктың бағыттаушы жылғашасында орналасқан екі
бекіткіш саңылаудың арасындағы арақашықтықпен анықталады.
Бекіткіш саңылаулар арасындағы арақашықтық штоктың бір
шұңқырдан екіншісіне өтуі кезінде сифон берілген газды талдауға
қажетті зерттелетін ауа мөлшерін алатындай етіп есептелген.
Сурет 12 – УГ-2 типті әмбебеп газ анализаторы 
1 – калибрлі шток; 2 – резина түтік; 3 – фиксатор;
4 – индикаторлы түтік
Ауадағы талданатын газдың концентрациясын анықтауға
арналған индикатор түтік ұзындығы 92 мм ішкі диаметрі 2,5-2,6 мм
болатын, түтікте екі мақта және мыс сымнан жасалған тығынмен
ұсталып тұратын сәйкес индикаторлы ұнтақпен толтырылған шыны
түтіктен тұрады. 
34


Талдауды бастамас бұрын, түтікті индикатор ұнтақпен толтыру
үшін шыны түтіктің бір ұшына метал мыс стержень, ал қарама қарсы
жағына – гигроскопиялық мақтадан жасалған қабатты салады. Метал
мыс тығынды арнайы істікпен мақтаға жақындатады. Содан кейін
құрғақ, газдалмаған, жақсы желдетілетін бөлмеде түтікке индикатор
ұнтақты себеді. Түтікте ұнтақты қабырғаларын ұра отырып,
тығыздағаннан кейін үстінен дәл сондай мақта қабат салып, тығынмен
бекітеді.
Индикатор ұнтақты бөгде әсерлерден сақтау үшін түтіктің ашық
ұштарын алюминийлі жылтыр қағазбен астарлаған кеңсе сургучынан
жасалған қалпақшалармен герметизациялап тастайды, оны талдау
алдында ғана ашады.
Анықтау барысы
Штокты ауа сорғыш құрылғының бағыттайтын төлкесіне
салады. Қол қысымымен штокты итеріп, сифонды стопор штоктың
жылғашасының жоғарғы шұңқырымен дәл келгенше қысады.
Индикаторлық түтікті сургуч бұғауынан (қалпақшалардан) босатады,
ұнтақ бағанасы және мақта қабатынын арасындағы саңылауды жою
үшін түтіктегі ұнтақты нығыздайды. Ауа сорғыш құрылғының резеңке
түтігін индикаторлық түтіктің кез-келген ұшымен қосады, шток
қалпағына алақанмен сәл басып стопорды ысырады, кейіннен шток
жоғары қарай қозғала бастайды. Осы кезде зерттелетін ауаның
индикаторлық түтік арқылы сорылуы жүреді. Стопор оқтамасы
жылғашаның төменгі шұңқырына енгенде, шерту естіледі және шток
қозғалысы тоқтайды.
Көмірқышқыл газының рұқсат етілетін шекті концентрациясын
анықтау үшін сорылатын ауаның көлемі 400 мл, аммиакты анықтауда
–250 мл, күкіртті сутекте –300 мл және көміртегі тотығы үшін –220 мл
құрауы керек. Улағыш концентрациялар үшін сәйкесінше: 100;30;30
және 60 мл.
Қандай да болмасын зиянды әсерлі газы бар зерттелетін ауа
индикаторлық түтік арқылы сорылғанда, индикаторлы ұнтақ
бағанасының ауа кірген жағы басқа түске боялады (аммиак
ықпалымен ұнтақтың сары түсі көкке ауысады, күкіртті сутегі болса,
ақ ұнтақ қоңыр түске ие болады, ал көміртек тотығында –қоңыр
сақина көрінеді).
Сорылу аяқталғанда индикаторлық түтікті резеңке түтіктен
шешеді де, түтіктегі индикаторлық ұнтақтың боялған бағанасының
төменгі шекарасы шкаланың ноль бөлінуімен дәл келетіндей етіп
шкалаға басады. Боялған бағананың жоғарғы шекарасы шкалада
анықталатын газ концентрациясын мг/ м
3
көрсетеді. Концентрацияны
35


санауды түтік арқылы жіберілген зерттелетін ауа көлеміне тәуелділікте
белгілі бір шкала бойынша жүргізеді. Барлық жағдайларда қайта
анықтаулар жүргізу қажет, олар талданатын газ концентрациясының
өзгерісін көрсетеді.
Газ анализаторының негізгі техникалық деректері, қолдану
кезінде күту талаптары, сонымен қатар талдауға арналған
индикаторлық түтіктердің жабдықталуы әрбір құралға ұсынылатын
нұсқауда толық баяндалған.
Қора ауасында газдардың мөлшерін өлшеу принципі: мал
шаруашылығы қораларының ауасындағы газдардың концентрациясын
тәулігіне үш рет: таңертең, түсте және кешке анықтайды. Талдауды екі
– үш аймақта температура мен ылғалдылықты анықтаумен ұқсас
жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет