Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Топырақтың механикалық құрамы мен кесектерінің



Pdf көрінісі
бет21/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79
Зоогигиена каз китап

3.1.2 Топырақтың механикалық құрамы мен кесектерінің
көлемінің анықтау
Топырақ түзілу шартына және топырақ түзетін жыныстардың
сипатына байланысты әртүрлі механикалық құрамды болады.
Механикалық құрам деп топырақтағы әртүрлі диаметрлі механикалық
элементтердің салыстырмалы мөлшерін айтады.
Топырақ массасы әрқашан әртүрлі мөлшердегі– бірнеше
миллиметрден бірнеше микронға немесе миллимикронға дейінгі
бөлшектерден түзіледі. Бұл бөлшектердің минералогиялық және
химиялық құрамы әртүрлі болады, топырақта дамитын физикалық -
химиялық және биологиялық үрдістерге қатысты әртүрлі
белсенділікке ие болады, оның су, ауа, жылу және қоректік
тәртіптеріне үлкен ықпалын көрсетеді. Топырақтың жеке кішкентай
бөлшектерін, яғни минералдардың жеке кесектері мен тау
жыныстарының сынықтарын механикалық элементтер деп атайды,
олар топтарға немесе фракцияларға бірігеді.
Әрбір фракция оны басқа фракциялардан айыратын физикалық
қасиеттердің жиынтығымен сипатталады. Жіктеу мақсатында көбінесе
0,01 мм ірі бөлшектердің барлығын физикалық құм фракциясына, ал
0,01 мм кіші бөлшектердің барлығын ұсағырақ – физикалық
сазбалшық фракциясына біріктіреді.
“Физикалық” термині қандай да болмасын фракцияда құм
немесе сазбалшықтың физикалық қасиеттерінің барын білдіреді,
фракцияның химиялық құрамын болжамайды. 
Сонымен қатар, әдетте барлық 1 мм кішкентай бөлшектер
топырақ ұсағы деп, ал 1 мм ірі бөлшектер – топырақ қаңқасы деп
аталады.
15-кесте – Механикалық элементтердің жіктелуі (Фадеев-
Вильямс-Сабаниннің әдісі, Н.А.Качинскийдің өзгертуімен)
Бөлшектер көлемі, мм
Механикалық элементтер атауы
1
2
3,0
Тас
3,0 - 1,0
Қиыршық тас
1,0 - 0,5
Ірі құм
15 кестенің жалғасы
1
2
0,25 – 0,05Орташа құм
0,5 – 0,25
Ұсақ құм
40


0,05 – 0,01
Ірі тозаң
0,01 – 0,005
Орташа тозаң
0,005 – 0,001
Ұсақ тозаң
0,001 – 0,0005
Қатты лай
0,0005 – 0,0001
Жұқа лай
0,0001 және кіші (0,1 мк)
Коллоидтар 
16-кесте – Топырақтың механикалық құрамын жіктеу
(Н.А.Качинский бойынша
)
Топырақ атауы
Физикалық сазбалшық мөлшері, %
Сазды
50 және көп
Саздауыт
40 - 50
Орташа сазды
30 – 40
Жеңіл сазды
20 – 30
Құмдауыт
10 – 20
Құмды
10 және аз
Талдауды жүргізу: Топырақ кесектерінің көлемін анықтау үшін
бірінің үстінде бірі орналасқан және диаметрлері 10, 7, 5, 3, 2, 1, 0,5,
0,25 мм тесікті Кнопптың електер жинағын қолданады.
Ең үлкен мөлшерлі тесіктері бар жоғарғы елеуішке 100 г ауалы
құрғақ топырақ салады және бүкіл жиынтық арқылы біртіндеп елейді.
Топырақты елегеннен кейін әрбір порцияны өлшейді де
нәтижесін пайызбен көрсетеді. Нәтижелер бойынша, №1,2,3
елеуіштерде диаметрмен 3 мм үлкен бөлшектер (тас, қиыршық тас);
№ 4, 5 – диаметрі 1 - 3 мм болатын бөлшектер (ірі құм); № 6, 7 –
диаметрі 0,25 - 1 мм (орташа құм); терім түбіне ұсақ құм және шаң
түсетіндігін ескеріп, әртүрлі мөлшерлі барлық бөлшектерінің
арақатынасын, топырақтың механикалық құрамын және типін
анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет