Ауылшаруашылыєы жануарларыныѕ гигиенасы практикумы


Топырақтағы саңылаулардың көлемін анықтау



Pdf көрінісі
бет23/79
Дата02.10.2023
өлшемі1.97 Mb.
#479521
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79
Зоогигиена каз китап

3.1.5 Топырақтағы саңылаулардың көлемін анықтау
(кеуектілігі)
Топырақтың кеуектілігі деп алынған топырақ көлеміне
пайызбен берілген топырақ бөлшектерінің арасындағы барлық бос
аралықтардың жалпы сомасын айтады.
Топырақтың кеуектілігі топырақ бөлшектерінің мөлшеріне,
олардың пішіні мен құрылымына байланысты болады. Ұсақ кесекті
топырақтарда ірі кесектімен салыстырғанда кеуектілік жоғарырақ,
42


себебі топырақ дәндерінің мөлшері азайған сайын олардың
арасындағы саңылаулар саны артады.
Топырақ кеуектілігінің үлкен санитарлық - гигиеналық маңызы
бар, өйткені оған топырақ су және ауаны өткізгіштігі тәуелді болады.
Топырақтардың әртүрлі түрлерінің кеуектілігі әртүрлі: құм
топырақтарда – 30-40 %; сазды – 50 % жоғарырақ; батпақтыда – 84 %
болады.
Талдауды жүргізу: Градуирленген 500 мл цилиндрге 250 мл
топырақ салып, оған 250 мл су құяды.
Топырақ пен су араласып, барлық саңылаулары толғаннан кейін
қоспа көлемін анықтап, есептеуді жүргізеді.
Р = (А – Б) – К / В х 100
мұнда: Р – топырақтың кеуектілігі, %; А – топырақ көлемі, мл; 
Б – су көлемі, мл; К – топырақ пен су қоспасының көлемі, мл;
В – топырақ пен су көлемдерінің жиыны, мл.
3.1.6 Топырақтың ылғал сыйымдылығын анықтау
Топырақтың ылғал сыйымдылығы деп топырақтың өзінде
белгілі бір мөлшерде суды сыйғызып, ұстап тұру қасиетін айтады.
Талдауды жүргізу: Түбі тор цилиндр алып, өлшейді. Өлшенген
цилиндрді ¾ көлемде құрғақ топырақ салады да тағы өлшейді.
Топырағы бар цилиндрді суы бар ыдысқа салып, ыдыстағы су
деңгейін цилиндрдегі топырақта деңгейіне дейін жеткізеді. Су
топыраққа сіңгеннен кейін, артық суды ағызып, цилиндрдің
ылғалданған бетін сүртіп, өлшейді де есептеуді жүргізеді.
А = 100 (с - в) / (в - а)
мұнда: А – топырақтың ылғал сыйымдылығы, %; а – бос
цилиндр салмағы, г; в – суға салғанға дейінгі топырағы бар цилиндр
салмағы, г; с – сумен қаныққанан кейінгі топырағы бар цилиндр
салмағы, г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет