Негізгі желілік топологиялар.
Негізгі желілік топологиялар.Желінің атқаратын қызметіне қарай топологиялардың мынандай түрлері болады:
Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осы тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желініс жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.
Жалпы шиналық топология.
Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның ерекшелігі- кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Жұлдыз топологиясы.
Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Таратылған мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі- кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.
Желілік құрылғылар
Желілік құрылғылар – компьютерлік желінің жұмысы үшін қажет құрылғылар. Мысалы: маршрутизатор, коммутатор, концентратор, платч-панель және т.б. Әдетте желілік құрылғыларды:
Активті желілік құрылғылар(АЖҚ)
Пассивті желілік құрылғылар деп бөледі.
Компьютерлік желілер түсінігімен сіз 7-сыныпта таныстыңыз, желілер түрлерінің көрнекі үлгісі- мектептің информатика кабинетінің компьютерлік желісі. Мұндай көлем бойынша кішігірім, бір үй, ғимарат, кәсіпорын аумағында жұмыс істейтін желілер жергілікті деп аталады. Аймақтық немесе ауқымды деп аталатын басқада желілер бар.
Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корпаративтік деп аталады. Мысалы, Қ.Р-ның Ұлттық банкінің желісі – Banknet, негізгі банктің компьютерлерін оның барлық филиалдарының компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қосу) біріктіреді.
Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға тараған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпаративтік те, жалпы да бола алады. Мысалы, интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкіндіктері бар.
Компьютерлерді желіге олардың ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін және ақпаратпен алмасу үшін біріктіріледі.
Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлінеді. Ақпараттық ресурстарға программалар және деректер, ал техникалықтарға – принтер, модем, сканерлер, график сызғыштар кіреді. Ақпарат сақтау құралдары СD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық ресурстарға кіреді. Олар программалар және деректері бар қапшықтар ретінде қаралады. Оларға қосылу логикалық дискіге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьюткрінен ғана қол жеткізуге болатын ресурстар жергілікті деп аталады. Желінің басқа компбютерлеріне де ашық компьютер ресурстары ортақ немесе желілік деп аталады. Жергілікті және ортақ ресурстар түсініктері шартты. Бұл – жергілікті ресурсты ортақ етуге болады және, керісінше ортақ ресурсқа жергілікті мәртебесін беруге болады.
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегі ақпаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланатын негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентраторлар арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.
«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.
«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.
«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша қабылдайды. Tokin Ring- тің ІВМ желісіндегі деректер маршруты көрсетілген.
Осылайша, Tokin Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты безендірілген.
Жергілікті желіде ақпарт жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/с-қа дейін жетеді.
Жергілікті есептеу желілері бірыңғай және ирархиялық болып бөлінеді. Бірыңғай желі – барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана – 10-15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз – ресурстары осы сәтте басқа компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клент де бола алады, яғни өзі ресустар беретін компьютердің ресустарын пайдаланады. Жергілікті ресустың ортаққа айналдыруы компьюрерді пайдаланушымен, ОЖ құралдармен жасалады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольдіде белгілейді.
Бірыңғай желілердегі ОЖ –лер ортақ ақпараттық ресустардың оқылуын және редакциялануын, «бөтен компьютерден» программаларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралын қамтамасыз етеді.
ОЖ Windows 95-те компьютерлік жүйенің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар:
* МS Exchange программасы – пошталық алмасу программасы ол хабарлар мен файлдардың нақты пайдаланушыларға немесе топтың барлық пайдаланушыларына жіберілуін қамтамасыз етеді.
Негізгі желілік топологиялар.
Желілік техникалық құралдар
Клиент-сервер технологиясы
Желінің ақпараттық қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы мүмкін. Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистралға қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистралға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды.
Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған комутациялық түйін –желілік сервер болуы тиіс ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Сақиналық топология. Мұнда байланысу арналған тұйықталған сақина бойынша орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.
Желілік техникалық құралдар.
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланыста негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай бөліктерден тұрады:
• кабельдер;
• серверлер;
• жергілікті интерфейс тақталары;
• концераторлар;
• коммутаторлар;
• аймақтық тармақталған желілер үшін бағдарлауыштар;
• аймақтық тармақталған желілер үшін қашықтықтан қатынас құру серверлері;
• аймақтық тармақталған желілер үшін модемдер.
Серверлер. Клиент сервер желісіндегі сервер дегеніміз – осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғарғы көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер болып табылады. Бұған қоса серверге жергілік операциялық жүйе басқара алады.
Жергілікті интерфейс тақшалары. Үстелге қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады. Олар жергілікті желіге басқа құрылғылармен орнатылыды. Олар мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруімен желіге қосылу тәсілдеріне байланысты әртүрлі болып келеді.
Модемдер. Жай телефон арналары арқылы интернетке қосылып онымен мәлімет алмысу мүмкіндігін береді. «Модем» - деген сөз осы құрылғының қызметіне байланысты шыққан, ол «модулятор / демудулятор» сөздерінің қысқаша түрі. Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогтық сингалдарға түрлендіреді. Ал екінші модем қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
Клиент – сервер технологиясы
Жергілікті желілердегі компьютердің бір – бірімен қатынас жасау сипатын олардың функционалдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан. Жергілікті желі аймағында компьютерді тікелей байланыстыру кезінде сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылыды.
Клиент – сервер технологиясы – жергілікті желідегі компьютерлерді бір – бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер өз құрылғыларын басқаларға клиентерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік болып екіге бөлінеді.
Бір деңгейлі желілер айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның ерекшелігі әрбір жұмыс станциясы өз ресурстарының белгілі бір бөлігінің барлық жұмыс станцияларының ортақ пайдалануы үшін бөліп береді.
Егер компьютерлер саны аз болып олардың негізгі функциясы бір – бірімен мәлімет алмасу болған жағдайда ең тиімді шешім оларды бір деңгейлі желілерге біріктіру болып табылады.
Серверлік желілерге компьютердің функциялары алдын – ала айқындалған оның кейбіреулері сервер болып қызмет атқарса, қалғандары тұрақты түрде клиент болып табылады. Компьютерлер атқаратын қызметтерінің көп түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар. Олар желілік сервер, файлдық сервер, баспа сервер, пошталық сервер және т.б.
Желілік сервер – желі жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының нагізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютерлер болып табылады. Мұнда желіге жұмыс станциясының функциясына мәліметтерді енгізу және шығару сервер мен ақпарат алмасу жатады.
Файлдық серверлер – термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, басқару және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Жалпы файлдық серверде монитор мен пернелік тақта болмаса да болады. Файлдық мәліметтер барлық өзгертулер жұмыс станцияларында жүргізіледі.
Баспа серверлер, желі адаптерлері көмегімен мәлімет тасымалдау ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мұндай желілік баспа құрылғысы басқа желі құрылғыларына тәуелсіз күйге өзі жеке жұмыс жасайды.
Баспа сервері желідегі барлық серсерлерден және жұмыс станцияларынан тапсырма ала отырып, жергілікті желі ауқымды желіден өте көп мәлімет алмасатын болған жағдайда, пошталық сервер пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |