Қауiптi нан өнiмдерi кәсiпорындарындағы, органикалық материалдарды өңдеудегі тозаң жарылыстарының алдын алу және шектеу жөніндегі



жүктеу 0.64 Mb.
бет1/4
Дата01.07.2016
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды және

өнеркәсіптік қауіпсіздікті

мемлекеттік бақылау комитетінің

2009 жылғы «15» сәуірдегі

№ 12 бұйрығымен

келісілген

Қауiптi нан өнiмдерi кәсiпорындарындағы, органикалық материалдарды өңдеудегі тозаң жарылыстарының алдын алу және шектеу жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар

Кіріспе
1. Осы әдістемелік ұсынымдар өндіру үдерісіне, сақтауға, тұқым, ұн өңдеуге, құрама жемге, органикаға таралады.

1-тарау. Жарылу қауіпті тозаңды түзетін, органикалық материалдардың тозаң жарылғыш қоспалары

1-параграф. Жалпы мәлiметтер
2. Элеваторларда, ұн тарту, құрама жем және нан өнімдері саласындағы басқа да кәсіпорындарда астық пен құрама жемдерді өңдеу, өндіру және сақтау кезінде көптеген ұсақ дисперсиялық, жанғыш органикалық материалдар түзіледі.

3. Жабдықты пайдаланудың белгіленген тәртібі бұзылған кезде органикалық тозаң тозаң жарылысқа әкеп соқтырады.

4. Тозаң жарылғыш қоспасы ауадағы өте ұсақ органикалық бөлшектердің өлшемін білдіреді.

5. Үй-жайлардың ауасы мен белгілі бір қосылым, температура және ылғалдық кезіндегі (аэрогель) қалықтаған тозаңның жарылыс қаупі бар, ал құрылыс құрылымдары мен жабдықтарға қонған тозаңның (аэрогель) өрт шығу қаупі бар.

Алғашқы жарылыс жағдайында жарылыс және жану өнімдерінің ағындары мен жылы ауа жанған кезде түзілетін толқын қонған тозаңды көтеруі және жарылыс қосылымының аэрожүзіндісін түзуі және қайтадан жарылысты тудырады.

6. Аэрожүзiндi күйіндегі органикалық тозаңның тұтануы мен жарылуы жылыту көздерінің қосылымына (1 м3 ауадағы тозаңның мөлшеріне), физикалық-химикалық қасиеттеріне (бөлшектердiң өлшемiне), күлденуіне, ылғалдылығына, тұтану температурасына, іс-әрекеттің ұзақтығына және температурасына байланысты болады.

7. Ауакірнелерінің төменгі тұтану шегі жалынның бөгде жылу көзінен қоспаның барлық көлеміне тарала отырып, тұтануға қабілетті ауадағы тозаңның ең кіші қосылымы болып есептеледі.

8. Аэрожүзіндінің жоғарғы жарылғыш шегі жарылыс болуы мүмкін ауадағы тозаңның ең үлкен қосылымдарымен сипатталады. Тозаң қосылыстарының одан әрі артуы тозаң аралас ауа ортасында оттегінің жетіспеуінен жану мен жарылысты болдырмайды.

9. Тозаңның әр түрiнің көбірек жарылыс қысымын беретiн (7,6-дан 2000 г/м3 дейiн) өзінің оңтайлы қосылымы болады.

10. Ауада қалықтаған тозаң (ауакірнесі) жарылу қаупі бар көрсеткіштермен-төменгі жарылыс шегімен және тұтану температурасымен сипатталады, қонған тозаң (аэрогель) өрт шығу қаупі бар көрсеткіштермен-солғын жану температурасымен, тұтанумен және өздігінен тұтанумен сипатталады.

11. Өрт шығу және жарылу қаупі бойынша кәсіпорындардағы барлық тозаң түрлерін төмендегідей жіктейді:

1) І класс-төменгі жарылыс шегі 15 г/м3 дейін (күнбағыс және мақта күнжарасының тозаңы, бидай кебектерінің тозаңы) біршама көбірек жарылыс қаупі бар тозаң;

2) ΙΙ класс-төменгі жарылыс шегі 16-дан 65 г/м3 дейін (пішен ұнының, қылқан жапырақ ұнының тозаңы, ұн тозаңы) жарылыс қаупі бар тозаң;

3) ΙΙΙ класс-тұтану температурасы 250°С дейін біршама жарылу қаупі бар тозаң (қабылдап тазалағыш мұнаралардың тозаңы);

4) IV класс-тұтану температурасы 250°С жоғары (ыдыстарды сақтау қоймаларының тозаңы ) өрт шығу қаупі бар тозаң.

2-параграф. Тозаң аралас ауа қоспалары жарылыстарының

түзілу жағдайлары
12. Кәсіпорындарда дәндер мен құрама жемдердің құрамдас бөліктерін ұсақтау кезінде химиялық реакциялардың шапшаңдығына, белгілі бір жағдайларда тотығуына және жануына әсер ететін өнімнің белсенді қыртысы артады.

13. Тозаңның тұтануы мен жарылуы үшін қажетті жағдайлар:

1) ауада қалықтаған органикалық тозаңның, жарылыс үшін ыңғайлы ылғалдылығы мен күлділігі бар төменгі және жоғары жарылыс шектері арасындағы қосылымның болуы;

2) органикалық тозаңның толық жану процесін арттыру үшін оттегінің жеткілікті мөлшерінің болуы;

3) температурасы осы аэрожүзіндінің лапылдау температурасынан төмен болмайтын жеткілікті жылу қуатының тұтану көзінің болуы болып табылады.

14. Егер осы факторлардың біреуі болмаса, жарылыс болмайды. Жарылыстардың барлық алдын алу жүйесі осы үш факторлардың бір мезгілде өзара әрекеттесуіне жол бермеуге негізделген.



3-параграф. Жанғыш тозаңның жарылу қаупі бар қосылымдарының

пайда болу себептері
15. Кәсіпорындарда тозаң өнімді түсіру, орнын ауыстыру, тазарту, ұсақтау, мөлшерлеу, құрамдас бөліктерін араластыру, арту және тиеу кезінде пайда болады. Жабдықтарды пайдаланудың белгіленген тәртібін бұзған, техникалық шешімдерді жетілдірмеген жағдайларда тозаңның бөлінуі шамадан тыс артады.

16. Кәсіпорындардың өндірістік және қойма бөлмелерінде тозаңның бөлінуінің негізгі себептері:

1) жұмыс барысында қарқынды тозаң бөлетін машиналар мен механизмдердің ауасорғымаларының болмауы;

2) сорғы құрылғыларын есептеу, дайындау, құрастыру кезінде кемеліне жетпеген құрылымдық шешімдерде жіберілген қателіктер нәтижесінде ауаны сору нормаларын бұзғандықтан қолдағы ауасорғыма қондырғыларының жеткіліксіз тиімділігі;

3) технологиялық, көлік, желдеткіш, ағынды және басқа да жабдықтардың жеткіліксіз герметикалығы;

4) жеткіліксіз герметикалығы және қадағалау люктерімен және қақпақтарымен жұмыс істеу кезінде ашық қалдыру;

5) қайта өңделетiн жабдық өнiмінің үйiндiлерiне жол беру болып табылады.

4-параграф. Жылу көздерін түзу себептері
17. Кәсіпорындарда тозаңның тұтануының себептері:

1) ашық отты және жылыту құралдарын пайдалану;

2) қажетті сақтандыру шараларын қолданбастан дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу;

3) электр қондырғыларын қанағаттанарлықсыз пайдалану;

4) машиналар мен аппараттарды пайдаланудың техникалық шарттарын бұзу (шамадан тыс жүктеме, нашар майланғандықтан мойынтіректердің қызуы, шкивтерде, жетекші атанақтардағы көлік пен нориялық таспаларда жетекші белдіктердің тұрып қалуы, машиналардың роторларының, газ үрлеу машиналары мен желдеткіштердің дұрыс теңгерілмеуі, айналмасоққыш білдектердің біліктерінің қисаюы, тазалағыш машиналардағы електердің ақаулығы және басқақалары);

5) металл-магниттік қоспаларды бөлу үшін арналған машиналар мен құрылғылардың қанағаттанарлықсыз жұмыс істеуі;

6) желдеткіш желілерінің ақаулығы;

7) ақауы бар жабдықтарда, әсіресе, балғалы уатқыштарда, айналма соққыш білдектерде, жарма дайындау машиналарында, норияларда және сол сияқтыларда жұмыс істеу;

8) күнжаралардың, күнбағыс тұқымдары майының өздігінен жануы;

9) май сіңген материалдардың өздігінен тұтануы;

10) үйкелеу, соғу, қысу, езу, ұсақтау, араластыру, орнын ауыстыру және тағы сол сияқты кезде статикалық электр ұшқындарының пайда болуы;

11) жайтартқыштардың болмауы немесе дұрыс орнатылмауы;

12) темекі шегу тәртібін бұзу, рұқсат етілмеген орындарда сіріңкелер мен шақпақтарды және тағы сол сияқтыларды пайдалану болып табылады.

2-тарау. Тозаң қоспалары жарылыстарының алдын алу

1-параграф. Өндірістік үй-жайлардағы тозаңды жою
18. Тозаңды жою үшін ауасорғыма қондырғылары қарастырылады.

19. Машиналарды, аппараттарды, тетіктерді, ауа өткізгіштері мен материал өткізгіштерді тығыз бекітілген күйде ұстау өндірістік үй-жайларға тозаңның бөлінуіне жол берілмейді.

20. Егер аварияның немесе өрттің пайда болуына әкелмесе, жабдық жұмыс істеп тұрған кезде ауасорғыма қондырғыларды сөндіруге жол берілмейді. Өрт пайда болған жағдайда орталықтандырылған желдеткіш жүйелерін ажырату қарастырылады.

21. Ауасорғыма құрылғыларын майысқан, тығыздалмаған жерлерін, анықтау және жою мақсатында ауысым сайын қарайды, жиналған тозаңнан тазалау және жұмыс күйінде ұсталады.

22. Барлық ауасорғыма желілеріне осы Әдістемелік ұсынымның 1-қосымшасына сәйкес төлқұжаттар арналады. Ауасорғыманы бақылау және күту оқытылған және аттестациядан өткен тұлғаға тапсырылады.

23. Ауасорғыма қондырғыларының өлшемдері (ауа шығыны, ауаағарлардың қимасы, желдеткіштің түрі) ауатазалағыш машиналарды тозаңнан толықтай тазартуды ескере отырып алынады. Қосымша тозаң бөлу көздерін қолданыстағы ауасорғыма желілеріне қосуға жоба негізінде ғана рұқсат беріледі.

24. Кәсіпорындар үшін тозаң айырғыштар ретінде тек қана сорғы сүзгілер мен циклондарды қолдануға рұқсат етіледі. Өндірістік үй-жайларда айдамалау сүзгісін орнатуға жол берілмейді.

25. Тозаң айырғыш құрылғылар өндірістік үй-жайлардың жоғары қабаттарында, ғимараттың барлық жағынан терезелері бар, оқшау, отқа төзімді бөлімшелерде орнатылады.

26. Жеңдердің жинағы толық болмаса немесе жеңдер зақымданған болса, сондай-ақ тозаң айырғыш иірліктер жұмыс істемейтін және өздігінен ағатын ағыстар тозаңға толған болса, сорғы сүзгілердің жұмыс істеуіне жол берілмейді.

27. Бұрын пайдалануда болған қаптан жасалған ыдыс бөлек оқшауланған үй-жайларда өңделеді.

28. Желдеткіш арқылы тозаңданған ауаны өткізбеу мақсатында ауасорғымадан бастап циклондар мен сүзгілер үлгісіндегі желдеткіштерді орнатуға рұқсат етілмейді.

29. Тозаңның бөлінуін болдырмау мақсатында барлық үй-жайларда едендерді, қабырғаларды, жабындардың аралықтары мен жабдықтарды тазалау шаңсорғыштың көмегімен ауысым сайын жүргізіледі.

30. Өнімдерді үйінділеген немесе ластаған жағдайда жабындарда шашырандылар қалдырмай жиналады.

2-параграф. Ашық отты жою
31. Ашық отты пайдалануға жол берілмейді.

32. Сүрлемдерге, бункерлерге және басқа да сыйымдылықтарға жарық тозаң өтпейтіндей механикалық зақымданудан металл тормен қорғалған тасымал шырақтармен үстіңгі жағынан беріледі.

33. Өндірістік үй-жайларда жұмыс істеген кезде ұшқындар мен жалын импульстері түзілетін тасымал ошақтарды, дәнекерлейтін шамдарды, дәнекерлеу аппараттары және басқа да құралдар мен аппараттарды пайдалануға жол берілмейді.

34. Сүрлемдерде, бункерлер мен өзге де сыйымдылықтарда оларды тозаңнан әбден тазаламай дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Сүрлемдер мен бункерлерге олардың үстінде дәнекерлеу жұмыстарын жүргізген кезде ұшқынның түсуін болдырмайды.

35. Кәсіпорындардың аумағында темекі шегуге жабдықталмаған, оған арналмаған орындарда темекі шегуге жол берілмейді.

3-параграф. Технологиялық және көлік жабдығы
36. Жабдық, аппараттар, коммуникация мен арматура реттелген және жарамды күйде болуы, жетекші бөлшектерде оларға тән емес қатты шусыз, жұлқымасыз, үдемелі дірілдегішсіз, тұтылып қалмай немесе қалыпсыз үйкеліссіз жұмыс істейді.

37. Ілгерлемелі-қайтарымды қозғалыс жасайтын немесе шүлдіктің бойымен айналатын машиналардың бөлшектері мен түйіндері олардың массаларының біркелкілігіне тексерілуі және тепе-теңдігі сақталынады.

38. Жабдықтар мен жетектердің мойынтіректеріне белгіленген және сапасы бойынша тиісті жағылатын май үнемі жағылады, ал олардың сыртқы беті тозаң мен майдан үнемі және мұқият тазартылып отырады.

39. Машиналардың мойынтіректері мен тетіктердің жұмыс істеп тұрған уақыттағы температурасы 60о С аспауы және аталған машинаға берілген төлқұжатта көрсетілген температураға сәйкес болады.

40. Белбеулер жылжымауы, салбырамауы және қоршау бойынша тармақтардың бос соққыларын болдырмау үшін жақсылап тартылады. Белбеулердi майлау үшін шайырды немесе басқа да тұтқыр шайырлы заттарды қолдануға жол берілмейді.

41. Дәндер мен шикізатқа кездейсоқ түскен тастарды, металл қоспалары мен басқа бөгде заттарды ұстау үшін:

1) қабылдау құрылғыларына-сақтандырғыш торлар;

2) пневматикалық көлікке-тас қақпандар;

3) шикізатты тазарту желісіне-тас іріктеу машиналары орнатылады.

42. Барлық балғалы уатқыштардың, айналмасоққыш білдектердің, қабық аршитын машиналардың, мөлшерөлшеуіштердің, сығымдау құралы мен тағы басқаларының алдына машинаға металдан жасалған заттардың түсуіне жол бермейтін магниттік бөгеттер орнатылады. Өнімнің сөндірулі электр магниттік екшегіш арқылы өту жағдайларының алдын алу үшін тұрақты кернеуді беру тоқтаған кезде өнімді беруді тоқтататын бұғаттағыш орнатылады.

43. Шөміштердің үзілу мүмкіндігін толықтай болдырмас үшін шөміштер сомындар мен тығырықтары бар нориялық бұрандамалармен нориялық таспаларға бекітіледі. Нориялық құбырлардың ішкі жағынан түйісетін жерлерінде нориялық шөміштер жанап өтпеуі үшін қандай да бір шығыңқы жерлердің болмауы қамтамасыз етіледі.

44. Нориялардың үйінділерін болдырмау мақсатында нория башмактарының қабылдағыш бастарында қоректендіргіштер орнатылады.

45. Барлық сүрлемдердің бөлмеге олардан тозаңның бөлінуін болдырмайтын люктерге тығыз орнатылған төбелері болуы, сондай-ақ ауатазартқышпен жабдықталады.

46. Шөміштердің ішкі беті және сүрлемдер мен бункерлердің қабырғалары қуыстарсыз және шығыңқы жерлерсіз жұмсақ болады.

47. Жарылу қаупі бар шикізатты сақтау үшін пайдаланылатын сүрлемдер, бункерлер мен өзге де сыйымдылықтар кемінде он күнде бір рет тексеріледі және қажет болған жағдайда өнім қалдықтары мен тозаң түзілімдерінен тазартылады.

48. Жабдықтардың мойынтіректерінің, тетіктердің, бу өткізгіштердің, жылу беру радиаторларының, қыздырылған мелассо мен май өткізгіштердің қаңқаларын ауысым сайын қонған тозаңнан тазаланады.

49. Дәнұсатқыш цехтарда дәнді өткізу үшін жарылуға қауіпсіз желдеткіштер орнатылады.

4-параграф. Электр жабдықтары мен электр желілерін жарамды күйде ұстау
50. Б санатты жарылу, өрт шығу қаупі бар үй-жайлар мен ғимараттарға жататын кәсіпорынның өндірістік үй-жайлары осы Әдістемелік ұсынымның 2-қосымшасында берілген.

51. Пайдаланылатын машиналардың, аппараттардың, аспаптардың, кабельдердің, сымдардың және өзге де электр жабдықтарының құрылымы, дайындалу түрі, орнату тәсілі мен оқшаулау класы электр қондырғыларын орнату талаптарына сәйкес болады.

52. Тасымал шырақтар жарылыстан қорғалған немесе арнайы дайындалған болады, ал шыны қалпақ металл тормен қорғалады; тасымал шырақтардың кернеуі 36 В аспайтын шамдары болады.

53. Сақтандырғыштар, сондай-ақ жарықтандыру желілерінің ажыратқыштары өндірістік үй-жайлардан тыс орналастырылады.

54. Электр қондырғыларын орнату талаптарына сәйкес келмейтін уақытша электр желілерін кәсіпорынның өндірістік және қойма бөлмелерінде орнатуға жол берілмейді. Калибрленбеген сақтандырғыштарды орнатуға, сондай-ақ электрлік жылыту аспаптарын пайдалануға рұқсат берілмейді.

55. Жылжымайтын түйіспелі қосқыштар дәнекерлеу, бұрап шығару немесе өзге де осыған тең келетін әдістер арқылы жасалады; бұрама түйіспелердің өздігінен бұралып шығуын болдырмас үшін айлабұйымы болады.

56. Барлық электр жабдықтары жерге қосылады.

57. Жерге қосу контурының өткізгіштері қабырғалар мен жабындар арқылы құбырлар мен басқа да қатты жиектерде төселеді.

Жерге қосу өткізгіштерін өту жолдарында қосуға жол берілмейді.

58. Арматуралардың, шамдардың, қалқаншалардың, сақтандырғыштардың, ажыратқыштардың, электр қозғалтқыштардың жай-күйін тексеру, сондай-ақ жарықтандыру тартылымдарын сыртынан тексеру ауысым сайын жүргізіледі.

59. Электр қабылдағыштардың тасымал сымдарының оқшауламалары айына кемінде бір рет мегомметрмен тексеріледі. Тексеріс нәтижелері журналға жазылады.

60. Жобаға сәйкес барлық үй-жайларда өрт сөндіргіштер мен басқа өрт сөндіру құралдары орнатылады.



5-параграф. Найзағайдан қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар
61. Найзағай жарқылдаған кезде өрт пен жарылыс болмас үшін өндірістік корпустардың ғимараты мен қоймалар найзағайдан қорғау құрылғыларымен жабдықталады.

62. Найзағайдың тура түсуінен қорғану қорғалатын объектіде тікелей орнатылған оқтауша жайтартқыштардың көмегімен немесе аспалы арқан жайтартқыштардың көмегімен жүзеге асырылады.

63. Ток бөлетін құрылғылар үшін мырышпен қапталған болат қолданылады, мырышпен қапталмаған болатты пайдалану кезінде ток бөлгіштер боялады.

64. Жерлендіргіштің жалпы кедергісі 10 Ом аспайды.

65. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру, алдын ала жөндеу жыл сайын найзағай басталар уақыттың алдында жүргізіледі.

6-параграф. Статистикалық электрді бөлу
66. Статикалық электр зарядтары қайталанатын өзара жанасатын екі денемен үйкелеу, соғу, езу, ұсақтау, орнын ауыстыру және тағы сол сияқты кезде пайда болады. Электр зарядтары жоғары потенциал кезінде тозаңның жарылуын болдыратын солғын немесе ұшқындық разрядтар тудырады.

67. Салыстырмалы жоғары потенциалы бар статикалық электр тиісті жағдайлар кезінде құрама жем мынадай орындарда:

1) транспортерлік таспаларда;

2) шыншырлы транспортерлерде;

3) норияларда;

4) ағынды құбырларда;

5) сепаратор машиналарында;

6) барлық жүйелердің уатқыш және майдалау машиналарында;

7) мөлшерөлшеуіштерде, араластырғыштарда;

8) ауасорғылау қондырғыларында;

9) иірліктерде;

10) белдік берілістерде;

11) сүрлемдер мен қамбаларда;

12) материал өткізгіштерде;

13) мата сүзгілер мен циклондарда түзіледі.

68. Статикалық электр зарядтары машинаның ток өткізу бөліктері мен құрылымдарында тек олар жерден оқшауланған кезде ғана жиналады. Статикалық электр зарядтарынан қорғаудың біршама тиімді құралы жерге қосу болып табылады.

69. Әрбір машина немесе оның бөлігі жерлендіргішпен қосылған құрама күресымға жеке өткізгішпен жалғанады. Балғалы уатқыштардың, айналмасоққыш білдектердің, араластырғыштардың, тығыздағыштардың, салқындатқыш шүмектердің, сығымдағыштардың, шынжырлы транспортерлердің, нориялар мен басқа да жабдықтардың қаңқалары негізгісіне жақынырақ машина қаңқасының кез келген нүктесінде жерге қосылады.

70. Ауасорғылау желілері, ағынды құбырлар, материал өткізгіштер осы ернемектерді бір-бірімен дәнекерленген сымдармен немесе бұрандама қосқыштармен ернемектерге дәнекерлеу және қосу арқылы жерге қосылады.

71. Жерлендіру сымы тексеру үшін ыңғайлы болады. Сымдардың зақымдалуы мүмкін жерлері қорғалады.

72. Барлық жерлендіру жолақтарының, сымдардың қосқыштары мен оларды жерлендіргіштерге қосу орындарын тек қана «айқастыра» дәнекерлеу арқылы жүргізуге жол беріледі. Дәнекерленген жіктің (айқассалындардың) ұзындығы шиналардың тік төртбұрышты қимасының екі еніне немесе дөңгелек қиманың алты диаметріне тең алынады. Қосқыштарды дәнекерлеу мүмкін болмаған жағдайда жерлендіргіш жолдарды бұрандамалармен немесе тойтармалармен қосуға рұқсат беріледі. Бұл жағдайда үстінгі қабаттарды қосатын орындардағы бекіту сомындары өздігінен босап кетпеуі үшін шаралар қолданылады.

73. Өндірістік ғимараттың әрбір қабатындағы жерлендіру (нөлдік сымға қосу) күресымының қандай да бір жері зақымданған жағдайда жерлендіру күресымы бұзылмас үшін тұйықталған контуры болады.

74. Бөлек қабаттардың жерлендіру контурлары тіреулермен қосылады.

75. Жерлендіру сымдары қара түске боялады.

76. Ауыспалы кедергіні өлшеу жабдығының жерге қосылуын тексеру жылына кемінде бір рет жүргізіледі.

Жерлендіру контуры кедергісінің шамасы 10 Ом аспайды.

77. Белдік берілістерді пайдалану кезінде статикалық электрдің ұшқындық разрядтарының қауіпті зардаптарын болдырмас үшін:

1) белдіктердің қоршауларын жұмыс істеп тұрған белдіктерден кемінде 150 мм қашықтықта, ал жазық белдіктердің 5 м/с астам сызықтық жылдамдықтарында кемінде 200 мм орналастырылады;

2) белдік берілістердің металл қоршауларын жерлендіреді;

3) қоршауларда тордың сымдарының үзілген шығыңқы ұштарының болмауы бақыланады;

4) белдіктердің шамадан тыс салбырауына және сырғанауына жол бермейді;

5) белдік берілістерді мүмкіндігінше жерлендіргіш контурға қосылған ток алатын тарақтармен жабдықтайды;

6) белдіктердің электр өткізгіштігін олардың сыртқы үстінгі қабатына арнайы май (мысалы, 80 % глицерин мен 20 % графиттен немесе глицериннің спирт пен гаорит қоспасынан тұратын май) жағу арқылы арттырады;

7) кәсіпорындардағы белдік берілістердің санын азайтуға ұмтылу, машиналардың жетектерін мүмкіндігінше электрқозғалтқыштары бар қатты қосқыштарға ауыстырады.

78. Сүрлемдер мен бункерлерде статикалық электрдің жиналуын болдырмас үшін олардың үстін винилацетат эмульсиясымен жабу немесе электр өткізгіш бояуымен бояп, міндетті түрде жерлендіреді.

79. Өндірістік үй-жайларды атмосфераның төменгі салыстырмалы ылғалдылығы (70 % төмен) кезінде дымқылдатады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтау үшін психрометрлер орнатылады. Психрометрлердің көрсеткіштері арнайы журналға енгізіледі.

80. Өндірістік цехтар мен қоймаларда жұмыс істейтін адамдар аумағында жиналған статикалық электрді бөлу үшін:

1) электр өткізбейтін едендерді немесе жерлендірілген аймақтарды орнатуды, есіктердің тұтқаларын, аспаптардың қолсаптарын, машиналар мен аппараттарды жерге қосу;

2) жұмысшыларды ток өткізбейтін аяқ киіммен қамтамасыз ету;

3) электрлендіруге әсер ететін синтетикалық материалдан жасалған киімді кимеу қарастырылады.

3-тарау. Сүрлемдер мен бункерлердің ішінде өсімдік шикізатын сақтау кезінде олардың өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету
81. Өнім сүрлемдер мен бункерлерге төкпес бұрын қажетті ылғалдылыққа дейін кептіріледі, ал сыйымдылықтар мұқият қорғалып, желдетіліп кептіріледі. Температураны бақылау жүйесі жарамды күйде болады.

82. Бір сүрлемде (бункерде) әр түрлі өнімдерді бірге жинауға жол берілмейді.

83. Сақтау кезінде күнжараларға ылғалдың кіруіне жол берілмейді.

84. Сығылған күнбағыс пен жарма қалдықтарын қоймадағы жерде тұратын биіктігі 5 м аспайтын үйінділерде, сондай-ақ биіктігі 18 м аспайтын сүрлемдерде сақтауға болады. Қапқа салынғандарын биіктігі 3 м аспайтын қатарға қояды.

85. Сүрлемдерде сақталатын сығылған күнбағыс пен жарма қалдықтарының температурасын температураны қашықтықтан бақылау (бұдан әрі-ТҚБ, «Марс» түріндегі) құрылғысының көмегімен өлшейді.

Электр термометрлермен уақытша жабдықталмаған сүрлемдерде сығылған күнбағыс пен жарма қалдықтарының температурасын 0,5; 1,5; 3,5 м тереңдікте термоштангілермен өлшейді.

Сығылған күнбағыс пен жарма қалдықтарының сақталатын тобының ылғалдылығы, иісі және қамба зиянкестерінің бүлдірмеуін кемінде 10-15 күнде бір рет анықтайды.

Өсімдік шикізатының (бұдан әрі-ӨШ) сусымалылығын қамтамасыз ету, өздігінен жану себептерін болдырмау үшін, сондай-ақ өздігінен қызуды дер кезінде анықтау үшін:

1) желдетуді жүзеге асыру және өнімді сүрлемнен сүрлемге ауыстыру (сығылған жарма қалдықтары үшін 5-8 күн);

2) өнімнің өздігінен қызуын анықтаған кезде сүрлемдер мен бункерлерге инерттік газды беруді жүзеге асыру;

3) ӨШ оттегі төмен ортадағы сүрлемдер мен бункерлерде сақтау;

4) сүрлем (бункер) көлемдеріндегі температура мен газды ортаның құрамын бақылау жүзеге асырылады.

Көлемі 1 % дейінгі қосылымда жанғыш газдардың (сутегі мен көміртегі қышқылының) болуы және 1оС астам жылдамдықта температураның артуы өнім массасындағы өздігінен жану процесінің өтуі туралы куәландырады.

86. Өздігінен тұтану ошақтарын анықтаған жағдайда оларды жою үшін дереу шаралар қолданып, қоймаларда жүргізілетін жұмыстардың барлығын тоқтатады, кәсіпорынның (цехтың) жұмысын тоқтатып, тетіктерді тоқтату қажет, негізгі қызмет көрсетуші тұлғаларды көшіріп, өрт сөндіру командасын шаралар қолдану үшін дереу шақыртып, бақылау тұлғасын хабардар етеді.

87. Сүрлемдерде (бункерлерде) өздігінен қызудың даму ошағы:

1) өнім массасындағы температура өлшемдері бойынша деректер мен сүрлемнің бос көлеміндегі газ-ауа ортасының газ талдамасы негізінде;

2) түтін мен будың саңылау арқылы сүрлем құрылымына өтуі бойынша, қоршау құрылымдарының түсін өзгерту, оларда сызаттардың пайда болуы, бояудың күюі бойынша көзбен бақылау арқылы;

3) өнімдердің зәрлі, қатты және қолаңса иісі, ӨШ құрғақ айырым өнімдерінің өзіндік иісі бойынша анықталады.

88. Сүрлемдер мен бункерлерде өздігінен жану ошақтары пайда болған кезде авариялық жағдайларды жою жоспарымен орындалады және ӨШ түсіру кезіндегі жарылыс пен өрттің алдын алуға бағытталған негізгі үш операцияның:

1) жану аймағына ауадағы оттегінің келуін болдырмау мақсатында жанып жатқан ӨШ мен сүрлемнің ең жоғарғы ықтимал қымтағының операциясының;

2) өзара қайта берілетін терезелермен қосылған авариялық және олармен аралас сүрлемдердің (жоғарғы және төменгі бос кеңістікке) бос көлемдерінде жанатын газ-ауа қоспалары флегматизациясы операциясының орындалуын қамтиды. Жанатын газ-ауа қоспасын сүрлемнің (бункердің) жоғары кеңістігінің бос көлемінен жүк тиеуші люк арқылы сүрлемнің үстінен берілетін орташа еселіктегі ауа-механикалық көбікпен (бұдан әрі-АМК) толтырып ығыстыруға болады;

3) сүрлемнен сүрлем үстіндегі қабатқа жанып жатқан өнімді сүрлем үстіндегі қабатта сөндіріп және қауіпсіз аймаққа көшіре отырып түсіру операциясының орындалуын қамтиды.

89. Дайындық жұмыстары барысында сүрлемдер мен бункерлердегі жану ошағын сөндіру құралы ретінде су мен қаныққан буды пайдалануға жол берілмейді.

Сүрлемдердің (бункерлердің) бос көлемдерін авария орнына инерттік газды жеткізгенге дейін флегматизациялау үшін жанғыш газдардың әрқайсысының қосылымы жалынның төменгі таралу (тұтану) қосылым шегінен 5 % (бұдан әрі-ЖТТҚШ) аспаса, қыздырылған буды пайдалануға болады. Қыздырылған буды сүрлемдердің шошақ бөлігіндегі технологиялық люктеріне беріледі. Сүрлемдердің шошақ бөлігінде технологиялық люктер болмаған жағдайда диаметрі 50 мм аспайтын саңылау жасалынады. Сүрлемдерге (бункерлерге) бу оқпан-қармауыштар, оқпан-ұзартқыштар арқылы беріледі.

90. ӨШ авариялық және олармен аралас сүрлемдерде өнімнен толықтай босатылғанға дейін газ-ауа ортасын бақылау кезінде сүрлем астындағы қабаттарға түсіріледі. Түсірілген және тазартылған сүрлемдердің жүк тиеуші және түсіру люктерін ашық қалдырады.

ӨШ түсіруді тоқтатуға және жартылай түсірілген сүрлемдерді қалдыруға болмайды.

91. Сүрлем астындағы қабатта жанып жатқан өнім шашыраңқы сумен (әрбір сүрлемге саптамасы бар 2 РС-50 оқпанымен) сөндіріледі. Осы оқпандармен сүрлемнен өнімді шығару кезінде ықтимал тозаң түзілімінің пайда болуының алдын алады.

92. Сөндірілген өнім кәсіпорындағы техниканың көмегімен сүрлем қабатынан көшіріледі.

93. Авариялық сүрлемдер мен бункерлерден жүк түсіру НҚА сәйкес жүзеге асырылады. Жүкті төменгі жинаққа инерттік газды бір мезгілде берген кезде, ал кейбір жағдайда сүрлемдер мен бункерлердің үстіңгі жинақ кеңістігіне берген кезде немесе сүрлемдердің бос кеңістігіне ауа-механикалық көбікті берген кезде түсіреді.

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет