Мырыштың да концентрациясы өндіріс ауданы мен қала орталығындағы 2-зерттеу орнындағы топырақта көп жиналған, басқа зерттеу орындарында өндіріс орнынан алшақтаған сайын ауыр металдардың топырақтағы мөлшері азаюда. Бұның өзі Шымкент қаласында топырақтың ауыр металдармен ластануына қорғасын өндірісі тікелей әсер ететінін көрсетеді. Мырыштың мөлшері 4-зертеу орнында ШРК-дан төмен.
Кадмийдің мөлшері 1-зерттеу орнында ШРК-дан 9 есе жоғары, ал 2-зерттеу орнындағы мөлшері 2,5 есе жоғары көрсеткішше болды.
3.2 Қоян арпа (Hordeum leporinum) өсімдігінде ауыр металдардың жиналу мөлшері
Ғылыми жұмыстың міндеттерінің бірі- Шымкент қаласының территориясында және Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында кең таралған қоян арпа (Ноrdeum leporinum) өсімдігінде жиналған қорғасынның, мыс, мырыш және кадмийдің мөлшерін анықтау.
Белгіленген зерттеу орындарынан қоян арпа өсімдігінен сынамалар алынып, оның құрамындағы ауыр металдардың мөлшері анықталды. Ауыр металдар өздерінің химиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай гео – және биоаккумуляцияға өте бейім элементтер. Өсімдіктер- қоршаған орта жағдайының сезімтал индикаторлары. Ауыр металдар өсімдік ағзасына екі жолмен – топырақтан тамыры арқылы және атмосферадан жапырақтары арқылы түседі.
2-кестеде қоян арпа өсімдігінде ауыр металдардың жиналу мөлшері көрсетілген.
1-зерттеу орнында, яғни өндірістік ауданда қоян арпа өсімдігіндегі қорғасынның орташа мөлшері 42,34 2,12 мг/кг, ол белгіленген шектеулі концентрациядан 8 есе артып отыр, бақылау ауданының көрсеткішінен 11 есе жоғары. 2-зерттеу орнындағы мөлшері 24,28 1,46 мг/кг тең, бұл шама ШРК-дан 5 есе, ал бақылау ауданымен салыстырғанда 6,8 есе жоғары. 3-зерттеу орнында қорғасын ШРК-дан 3 есе артты, яғни мөлшері 16,37 1,16мг/кг, ол бақылау көрсеткішінен 4,5 есе артты.
кесте 2 Қоян арпа өсімдігіндегі ауыр металдардың мөлшері (мг/кг)
Зерттеу орындары
|
Қорғасын
|
мыс
|
мырыш
|
кадмий
|
1-зерттеу орны
|
42,34 2,12
|
26,85 1,85
|
28,57 2,73
|
1,12 0,87
|
2-зерттеу орны
|
24,28 1,46
|
18,67 1,52
|
15,88 1,68
|
0,85 0,28
|
3-зерттеу орны
|
16,37 1,16
|
10,26 1,12
|
13,34 0,68
|
0,55 0,28
|
4-зерттеу орны
|
3,55 1,13
|
2,13 1,06
|
2,78 1,12
|
0,28
|
Шектеулі рұқсат етілген концентрация (ШРК)
Қорғасын – 5 мг/кг; мырыш – 30 мг/кг; 100 мг/кг; кадмий – 0,3 мг/кг.
Мыстың мөлшері БШК-дан артпайды, алайда бақылау ауданымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары дәрежеде жинақталған. Мысалы, 1-зерттеу орнында, яғни өндірістік аудандағы өсімдіктердегі мыстың мөлшері 26,85 1,85 мг/кг, ол белгіленген шектеулі концентрациядан артпайды, ал бақылау ауданының көрсеткішінен 13 есе жоғары. 2-зерттеу орнындағы мөлшері 18,67 1,52 мг/кг тең, бұл шама бақылау ауданымен салыстырғанда 8 есе жоғары. 3-зерттеу орнында мыстың мөлшері 10,26 1,12 мг/кг, ол бақылау көрсеткішінен 4,5 есе жоғары көрсеткіште .
Зерттеу орындарында анықталған мырыштың жоғары мөлшері өндірістік ауданда анықталды, бірақ ШРК-дан арттпайды, алайда бақылау ауданының көрсеткіштерімен салыстырғанда мөлшері біршама жоғары болып отыр. Қорғасын өндірісінен алыстаған сайын өсімдіктердегі мырыштың мөлшері де азая түседі.
Кадмийдің жоғары концентрациясы 1-зерттеу орнындағы өсімдіктерде анықталды, ол 1,12 0,87 мг/кг-ды көрсетті. Бұл көрсеткіш белгіленген шектеулі концентрациядан 3,7 есе есе жоғары, ал 2-зерттеу орнындағы өсімдіктерде 0,85 0,28 мг/кг, ШРК-дан 3 есе жоғары. Кадмийдің 3-зерттеу орнындағы мөлшері 0,55 0,28 мг/кг, бұл шама БШК 1,8 есе жоғары. 4- зерттеу орнында анықталмады. Барлық ауыр металдардың мөлшері қорғасын өндірісінен алшақтаған сайын төмендей түседі және өндіріс орнынан алыста орналасқан бақылау ауданының көрсеткішімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |