Қаулысы Қала басқармаларының жазғы уақытта балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша жұмысы туралы



Дата19.06.2016
өлшемі37.74 Kb.
#148252



Тұрақты комиссияның

2014 жылғы 25 маусымдағы

қаулысы

Қала басқармаларының

жазғы уақытта балалардың

демалысын ұйымдастыру

бойынша жұмысы туралы

«Қала басқармаларының жазғы уақытта балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша жұмысы туралы» ақпаратын тыңдап және талқылап, қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және қоғаммен жұмыс жасау мәселелері жөніндегі және әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиялары атқарушы органдар балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша шараларды қабылдап жатқандығын атап өтті.

Қалада балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру «Арман» спорттық-сауықтыру лагері, «Батыр» шатыр лагерінде, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында, «Дидарлы жаз» мектеп жанындағы спорттық-ойын алаңында, «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңда және мектеп жанындағы лагерьлерде өткізеді.

Ақмола облысы Ақкөл ауылында орналасқан «Арман» спорттық-сауықтыру лагері жазғы кезеңде 5 ауысым ішінде 1650 баланы қабылдайды, оның ішінде 3 ауысым жетім балалар, тұрмысы төмен, көп балалары отбасылар және әлеуметтік-қорғалмаған топтардың балаларына тегін ұйымдастырылады.

«Батыр» шатыр лагерінде маусымның 3 ауысымында 375 бала демалады. Демалыс уақытында балаларға туристік-өлкентанушылық, экскурсиялық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары ұйымдастырылады.

Кіші мектеп жасындағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін және балаларда салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін 68 мектептің жанынан 30 000-нан астам оқушыларды қамти отырып мектеп жанындағы лагерьлер қызмет көрсетеді.

«Дидарлы жаз» мектеп жанындағы спорттық-ойын алаңында 5 – 7 сынып оқушылары арасында волейбол, баскетбол және футболдан спорттық-бұқаралық жарыстар ұйымдастырылады.

«Айбынды маусым» мектеп жанындағы әскери-спорттық алаңдарда 8-10 сынып оқушыларын әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіледі.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері жазғы уақытта «Боровичок» демалыс аймағында демалады.

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында қаланың озат оқушылары мен дарынды балалары үшін демалыс ұйымдастырылған.

Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы жанындағы «Жазғы балалар академиясы» жұмыс істейді, онда балалар жүзу, мұз айдынында сырғанау, шахмат ойыны, интерактивтік парк экспонаттарындағы жұмыстарына дағдылануға жұмыс істейді, бейнелеу өнері, театр студиясы және лингвистикадан сабақтар өткізеді.

Мектептерде және қосымша оқыту ұйымдарында мектеп аулаларын көгалдандыру, абаттандыру бригадалары, зияткерлік, шығармашылық және тіл үйірмелері ашылған, республикалық және халықаралық деңгейдегі көшпелі пәндік олимпиадалар, шығармашылық конкурстар мен спорттық жарыстар өткізіледі.

Жазғы уақытта балалардың демалысын ұйымдастыру мақсатында жастар саясаты мәселелері басқармасы жанынан 10 аула клубы қызмет етеді, онда шахмат ойынына үйрету бойынша үйірмелер, каратэ, бокс, күрес, теннис, заманауи билер, «хип хоп» және «брейк данс» секциялары, сондай-ақ тәрбиелеу-ағарту бағытындағы үйірмелер жұмыс істейді.

Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы жазғы кезеңде барлық мектептердің қатысуымен 1500 бала қамти отырып спорттық іс-шараларды ұйымдастырады.

Сонымен қатар, оқушылардың демалысын ұйымдастыру бойыншп аула клубтарының жетіспеушілігі өзекті мәселе болып қалып отыр. Балаларды жазғы демалыста толығымен қамти алмау фактілері орын алуда, бұл кәмелетке жасы толмағандар арасында қылмыстар саны артуына әкеп соғады. Алматы қаласының тәжірибесі бойынша жазғы уақытта әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізу үшін еңбек және демалыс лагерін, парктерде, скверлерде арт-алаңдар ашу мәселелері зерттеуді қажет етеді. Жазғы демалыс уақытында қалада балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша аула клубтары жеткіліксіз.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Астана қаласы мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТТІ:



  1. «Қала басқармаларының жазғы уақытта балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша жұмысы туралы» ақпараты назарға алынсын.

  2. Білім, жастар саясаты мәселелері, туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармаларына:

  • балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар бөле отырып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша тиісті шараларды қабылдау;

  • аула клубтарының жұмысын жандандыра отырып, балаларды сауықтыру және олардың шығармашылық, танымдық және зияткерлік қабілеттерін іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау ұсынылсын.

  1. Қаланың білім басқармасына:

  • қаланың білім беру ұйымдарымен бірлесіп іс-шараларды әзірлеу және балаларды жазғы демалыспен толық көлемде қамту бойынша шараларды қабылдау;

  • еңбек және демалыс лагерін ашу ашу мәселесін зерттеу ұсынылсын.

  1. Жастар саясаты басқармасына:

  • меншік нысанына қарамастан, Астана қаласының аумағындағы аула клубтарымен тығыз ынтымақтастықта болу;

  • барлық аула клубтарының қызметіне мониторинг жасау, парктерді, скверлерді әлеуметтік-мәдени іс-шараларды өткізуге арналған арт-алаңдарды пайдалану бойынша Алматы қаласының тәжірибесін зерттеу ұсынылсын.

  1. Депутаттарға өз сайлау округтерінде аула клубтарының жұмысын зерттеу ұсынылсын.

  2. Осы қаулының орындалуын бақылау 13-сайлау округінің депутаты Е.Т. Бекішевке жүктелсін.



Тұрақты комиссия төрағасы Н. Мещеряков

Тұрақты комиссия төрағасы А. Байгенжин



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет