Қаулысымен бекітілген «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»



бет1/8
Дата12.07.2016
өлшемі0.89 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 10.01.2013 16:26:38
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 7 сәуірдегі

394 қаулысымен



бекітілген

 

 

«Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою»

мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.17.08. берілген өзгерістермен)



 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Жұмыссыздарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тізбесі осы «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу және есепке қою» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) 1-қосымшада көрсетілген, тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 15-бабына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, сондай-ақ оларды толтыру үлгілері, тізбелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органдардың стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде, интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz  интернет-ресурсында орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды түрде жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, шетелдіктерге, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейді;

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің шекті ең көп уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең көп уақыты 15 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет көрсететін мамандардың деректемелері (Т.А.Ә, кабинет нөмірі) уәкілетті органның ғимаратында көрнекі жерде орналасқан.

Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органның үй-жайында көрсетіледі. Күту залында отыруға арналған орындар, мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ақпарат орналасқан стенділер, сондай-ақ өртке қарсы қауіпсіздік құралдары бар. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін кіреберісте пандус болуға тиіс.



 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі



 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжаттар:

Қазақстан азаматтары - жеке куәлік (паспорт);

шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі;

оралмандар - оралман куәлігі;

2) еңбек кітапшасы;

3) әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәлік;

4) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН);

5) соңғы жылы алған табысы туралы мәліметтер (мәлімдеме сипатында болады);

12. Уәкілетті органда мемлекеттік қызмет бланкілерді толтырмай көрсетіледі.

13. Уәкілетті органда қажетті құжаттардың барлығы тапсырылғаннан кейін уәкілетті органның жұмыссызды тіркеуді және есепке алуды жүзеге асыратын қызметкері тұтынушының деректерін дербес есепке алу карточкасына (компьютерлік дерекқорға) енгізеді.

14. Тұтынушыға тіркелген және тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлау өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі уәкілетті органға жеке өзінің баруы арқылы жүзеге асырылады.

16. Жұмыссыз ретінде тіркеуден, есепке алудан бас тарту қажетті құжаттар болмаған кезде, жалған мәліметтер мен құжаттар ұсынған кезде, осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүргізіледі.



Мемлекеттік қызмет беруді тоқтата тұру үшін негіздеме жоқ.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары



 

17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталуы қағидаттарына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі



 

20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауға жәрдемдесетін мемлекеттік органның атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электронды почтаның мекенжайлары, осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефондары, электронды почтасының мекенжайы осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген осы мемлекеттік қызметті көрсетуді ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкілетті органның басшысының атына беріледі.

Тұтынушы мекенжайлары, телефондары осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген жергілікті атқарушы органдар Әкімдерінің аппаратына жүгінуіне болады.

22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым, кабинет нөмірі уәкілетті органның көрнекі жердегі стенділерінде көрсетілген уәкілетті орган басшысының атына беріледі, электрондық почтасының мекенжайы, байланыс деректері осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген. Уәкілетті органның жұмыс кестесі осы стандарттың 9-тармағында көзделген жұмыс кестелеріне сәйкес белгіленеді.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиіс. Шағым берген кезде әрекетіне шағымданатын орган атауы немесе лауазымды адам, өтініш себебі мен талаптары көрсетіледі.

25. Жазбаша шағыммен жүгінген тұтынушыға жауап алатын күні және уақыты, өтінішті қарау барысы туралы ақпарат алуға болатын адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.

26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: http://www.enbek.gov.kz.

 

ҚР Үкіметінің 2012.17.08. № 1059 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)



 «Жұмыссыз азаматтарды тіркеу

және есепке қою»

мемлекеттік қызмет стандартына



1-қосымша

 

 

Уәкілетті органдардың мекенжайлары мен байланыс

деректері

 

Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімдері

 

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020100, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 akkol_ozsp@mail.ru

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн Сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020200, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020300, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020400, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020500, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26

6

Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020600, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020700, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020800, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020900, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online.kz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021000, Жақсы ауылы, Достық көшесі, 3 soc_zahita_21@kokshetau. online.kz socasp@mail.ru

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021100, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. online.kz

8-71648 9-17-02

12

Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021200, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 64 sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021300, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9 kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021400, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 Sondyktau_OZSP@kokshetau. online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

010021, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021600, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі, 22 shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021700, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесі, 24 soczachita@kokshetau. online.kz

8-716-36 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

021500, Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33, 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

020000, Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі, 9 «а» Sobes_kokshe@kokshetau. online.kz

8-7162 31-92-76, 31-92-78

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет