Қаулысымен бекітілген



Дата10.07.2016
өлшемі186.53 Kb.
#189161
Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 13 қыркүйектегі

1195 қаулысымен



бекітілген

 


«Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру»


мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

1. «Азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификатын тану туралы шешім беру» (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 8-қосымшасы, «Қазақстан Республикасының әуе кеңестігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 47-бабы, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 3 наурыздағы № 112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық әуе кемесінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz  мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып ұшу жарамдылығы сертификатын тану туралы шешімді (телнұсқаны) беру немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі - мемлекеттік қызметті алушы).

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері - осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға өтінім берген күннен бастап күнтізбелік 10 күн;



2) телнұсқаның берілу мерзімі - күнтізбелік 5 күн;

3) уәкілетті органға осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минуттан аспайды;

4) уәкілетті органға ұшу жарамдылығы сертификатын (телнұсқа) тану туралы шешімді алу кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.



Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) көрсетілген стенділермен қамтамасыз етілген ғимараттарында жүзеге асырылады.



Уәкілетті органда жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның сенімхат бойынша уәкілетті өкілі өтінішті осы стандартқа 1-қосымшаға нысан бойынша азаматтық әуе кемесінің ұшу жарамдылығын тану үшін шешім алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) шет мемлекет берген әуе кемесін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;

2) шет мемлекет берген әуе кемесінің ұшу жарамдылығы сертификатының көшірмесін;

3) пайдаланушы сертификатының көшірмесі (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган берген авиациялық жұмыстарды орындау куәлігінің көшірмесі, ұшуды орындау құқығы куәлігінің көшірмесі);

4) шет мемлекет берген жергілікті жердегі шу бойынша сертификат көшірмесі;

5) әуе кемесін қайта жабдықтау жөніндегі құжаттардың көшірмесі (егер осы әуе кемесі қайта жабдықталған болса);

6) әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қалыпта сақтау тәртібін анықтауда әуе кемесі тіркелген мемлекеттердің авиациялық билік орындарымен жасасқан Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенциясына 83 dis бап шеңберінде келісімнің немесе Қазақстан Республикасының авиациялық билік орындары және әуе кемесі тіркеу мемлекетінің авиациялық билік орындары арасындағы әуе кемесінің ұшу жарамдылығын қалыпта сақтау тәртібі бойынша жауапкершілікті шектеуді растайтын құжаттың көшірмесі;

7) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға міндетті түрде берілетін әуе кемесін техникалық пайдалану және әуе кемесін қауіпсіз пайдалануға қатысты ұшу жарамдылығы директивалары мен бюллетендері, әуе кемесін және қозғалтқыштарын жасаушылармен жасалған шарттардың көшірмелері.

Жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмелері мемлекеттік қызметті алушының қолы қойылып және мөрі басылып куәландырылады.

Ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы шешімнің телнұсқасын алу үшін осы стандартта көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алушы жүргізген қызметтік тергеу материалдарын және осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

12. Белгіленген үлгідегі өтініш нысаны уәкілетті органның www.mtk.gov.kz  сайтында орналасқан.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар уәкілетті органның кеңсесіне осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша ұсынылады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

15. Ұшу жарамдылығының сертификатын жарамды деп тану туралы шешім (телнұсқаны) мемлекеттік қызмет алушыға оның жеке келуімен берілген куәліктерді тіркеу және есепке алу журналында қол қою арқылы уәкілетті органның қызметкері береді.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынуда бас тарту үшін негіз осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың Қағиданың талаптарына сәйкес келмеуі болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тарту себептерін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.



Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын қабылдаған мерзімнен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша түрде дәлелді жауап береді.

 

 

3. Жұмыс қағидаттары



 

17. Уәкілетті органның қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



 

 

4. Жұмыс нәтижелері



 

18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

 

 

5. Шағымдану тәртібі



 

20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның қызметкерлері мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19.



Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда шағым уәкілетті органның басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекен жайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz  қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

23. Мемлекеттік қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жазылады.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдауды растайтын құжат осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Уәкілетті органның сенім телефоны: 8 (7172) 24-31-65.

 

«Азаматтық әуе кемелерінің шет



мемлекет берген ұшуға

жарамдылығы сертификатын

тану туралы шешім беру»

мемлекеттік қызмет стандартына



1-қосымша

 

Нысан

 

 

Азаматтық әуе кемесінінің
ұшу жарамдылығы сертификатын тануға

ӨТІНІМ

 

_____________________ тиесілі ___________________________________________________________________________

(мемлекет атауы)

__________________ тізіліміне ___ж.«___» _____ № ______________ болып

енгізілген ___________________________________________________________________________________әуе кемесіне

(әуе кемесінің түрі, тану белгісі)

______________ Ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы

Шешім беруіңізді сұраймын.

Әуе кемесі туралы деректер:

1. Үлгі сертификаты немесе балама құжат және оның нөмірi

1) әуе кемесі ___________________________________________________________________________________________________

2) қозғалтқыштар _______________________________________________________________________________________________

3) әуе бұрандалары _____________________________________________________________________________________________

2. Мемлекеттік және тіркеу белгілері _______________________________________________________________________________

3. Әуе кемесінің түрі мен қолданылуы ______________________________________________________________________________

4. Әуe кемесінің жасалған күні мен сериялық нөмірі __________________________________________________________________

5. Соңғы жүргізілген жөндеудің күні мен орны ______________________________________________________________________

6. Әуе кемесінің ұшуы

1) пайдалану басталғаннан бері:__________сағат______қонуы________ жыл

2) соңғы жөндеуден кейін: _______________сағат______қонуы_______ жыл

7. Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы:______сағат_______қонуы_________ жыл

8. Қозғалтқыштардың түрі және саны _____________________________________________________________________________

9. Әуе бұрандаларының түрі _____________________________________________________________________________________

10. Мыналардың: а) ұшып көтерілудің ______б) қонудың______ ең жоғары массасы

11. Орындар саны: а) жолаушылар ______________б) экипаж______________

12. Төңіректегі  шу жөніндегі куәлік________________________________________________________________________________

13. Әуе кемесінің меншік иесі және оның мекен-жайы _______________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________

14. Әуе кемесін пайдаланушы, пайдаланушы куәлігінің нөмірі және заңды мекен-жайы ____________________________________

15. Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымның атауы

______________________________________________________________________________________________________________

М.О.             ______________________________________

(лауазымы)

20______ ж. «____» _________ ________________________________________

(қолы, аты-жөні)

Авиакомпанияның инженерлік-авиациялық қызметі басшысының әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы _________

__________________________________________________________________________________________________________________

М.О.             ______________________________________

(лауазымы)

20______ ж. «____» _________ ________________________________________

(қолы, аты-жөні)

 

«Азаматтық әуе кемелерінің шет



мемлекет берген ұшуға

жарамдылығы сертификатын

тану туралы шешім беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша

 

Нысан

 

 

Шешімнің телнұсқасын алуға
ӨТІНІМ

 

____________ тиесілі ____________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________ тізілімге ______________ ж. «______»

_______________________________________________________________________________ № _______ болып енгізілген

_____________________________________________________________________________________________ әуе кемесіне

(әуе кемесінің түрі, тану белгісі)

_____________ ұшу жарамдылығы сертификатын жарамды деп тану туралы Шешімнің телнұсқасын беруіңізді сұраймын.

Айырбастау себебі (көшірмені беру)___________________________________________________________________________

Әуе кемесі туралы деректер:

1. Үлгі ______________________________________________________________________________ әуе кемесінің қолданылуы

__________________________________________________________________________________________________________

2. Ұлттық және тіркеу белгілері _______________________________________________________________________________

3. Әуe кемесінің сериялық (зауыт) нөмірі _______________________________________________________________________

4. Әуе кемесінің дайындалған мерізімі _________________________________________________________________________

5. Үлгі сертификаты немесе эквивалентті құжат және оның нөмірi__________________________________________________

6. ИКАО санаты_______________бойынша ұшуға рұқсат етілген әуе кемесі.

7. Соңғы жөндеудің жүргізілген күні мен орны

__________________________________________________________________________________________________________

8. Әуе кемесінің ұшуы

1) пайдалану басталғаннан бері:__________сағат______қонуы________ жыл

2) соңғы жөндеуден кейін: _______________сағат______қонуы________ жыл

9. Жөндеуге дейінгі ресурс қалдығы:______сағат______қонуы________ жыл

10. Салмағы, кг ______________________________ орталандыру, % Орталық

аэродинамикалық хордасы (ОАХ)_____________________________________________________________________________

11. Пайдаланушылар комиссиясының әуе кемесіне жасаған техникалық жағдайы актісінің бекіту уақыты __________________

12. Пайдаланушының заңды мекенжайы, телефоны, факсі _________________________________________________________

__________________________________________________________________________________________________________

М.О.             ____________________________________________________________________________________________

(лауазымы)

20______ ж. «____» _________ ________________________________________

(қолы, аты-жөні)

Авиакомпанияның инженерлік-авиациялық қызметі басшысының әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы туралы қорытындысы ____________

__________________________________________________________________________________________________________

М.О.          _______________________________________________________________________________________________

(лауазымы)

20______ ж. «____» _________ ______________________________________

(қолы, аты-жөні)

 

«Азаматтық әуе кемелерінің шет



мемлекет берген ұшуға

жарамдылығы сертификатын

тану туралы шешім беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

 

 

Өтініштің қабылданғаны туралы талон

 

1. Өтінішті тіркеу нөмірі ________________________________________________________________________________

Өтініштің тіркелген күні 201__жылғы «___» _______________________________________________________________

2. ___________________________________________________________________________________________________

(көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

3. ________________________________________________________________________________________ қабылданды.

(мемлекеттік қызметті алушы өкілінің аты-жөні)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі:

1) ______________________________________________________________________________________________________

2) ______________________________________________________________________________________________________

3) ______________________________________________________________________________________________________

4) ______________________________________________________________________________________________________

5) ______________________________________________________________________________________________________

6) ______________________________________________________________________________________________________

7) ______________________________________________________________________________________________________

8) ______________________________________________________________________________________________________

9) ______________________________________________________________________________________________________

5. Қабылдаған:

_______________________________/ ________________/ __________________

(Уәкілетті орган қызметкерінің лауазымы) (қолы)          (Т.А.Ә.)

6. Құжатты беру күні (уақыты) және орны: 20___ жылғы «___» __________

___ сағ.___мин,____________________________________ мекенжай бойынша.

 

«Азаматтық әуе кемелерінің шет



мемлекет берген ұшуға

жарамдылығы сертификатын

тану туралы шешім беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша

 

 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

 

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің алдынғы жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есептік жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде ұсыну жағдайларының %-ы(үлесі)

 

 

 

2. Сапасы

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3. Қолжетімділігі

3.1.Қызмет көрсету сапасына және оның тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі)

 

 

 

4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы (үлесі)

 

 

 

5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушылардың %-ы(үлесі)

 

 

 

 

«Азаматтық әуе кемелерінің



шет мемлекет берген ұшуға

жарамдылығы сертификатын

тану туралы шешім беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

5-қосымша

 

 

Талон

 

___________________________________________________________

(субъектінің атауы)

Өтінімді қабылдаған _________________________________________

(маманның Т.А.Ә.)

20___ ж. «__» _________ ___ сағат ___ мин.

Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20__ жылғы «___» _______ дейін,

_____________________________________________ мекенжай бойынша.

 

(мөлшері 75 мм х 55 мм)

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет