Ауру сезімі. Терапиялық стоматология клиникасында жансыздандыру



Дата21.06.2016
өлшемі57.49 Kb.
#152629

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ

ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ




Модуль – терапиялық стоматологияның пропедевтикасы

Пән, пәннің коды - терапиялық стоматологияның пропедевтикасы, ПДО 01

Мамандық - 051302 «Стоматология»



«ТЕРАПИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯНЫҢ ПРОПЕДЕВТИКАСЫ»


ПӘНІНЕН ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ

Тақырыбы: Ауру сезімі. Терапиялық стоматология клиникасында жансыздандыру .


Оқу сағаттың саны – 30 сағат
Курс - 4

Семестр - 7

Алматы, 2011
Дәріс жинағын дайындағандар: д.м.н. проф. Баяхметова А.А., к.м.н. доц. Кунанбаева Т.С., к.м.н. доц. Баскакова И.В., к.м.н. доц. Сагатбаева А.Д.,
Терапиялық стоматологияның пропедевтикасы модулінің отырысында талқыланды

Хаттама № 1 «__31____» ___тамыз__________ 2011 ж.


Модульдің жетекшісі

М.ғ.д., проф. _________________Баяхметова А.А.

7 дәріс

Тақырыбы: Ауру сезімі. Терапиялық стоматология клиникасында жансыздандыру .

Мақсаты: Бет-жақ аймағындағы және стоматологиялық көмек көрсету кезінде, түрлі ауруларда ауру сезімі даму механизмін білу және оның жодарын болдырмау.

Дәрістің тезисі:

Ауру сезімі-ноцицепті тітіркендіргіштер әсеріне жауап қайтару реакциясы.Көптеген ғалымдар ауру сезімі деген ұғымға анықтама берді. П.К.Анохин айтуы бойынша ауру сезімі - адамның психикалық жағдайы ол, ОНЖ физиологиялық үрдісі оның жоғары күшті немесе үлкен тітіркендіргіштің әсерінен болатын жағдайы . Ауру сезімі- физологиялық үрдіс бірнеше кезеңнен болады.рецепторлардың импульсациясы, орталық құрылымына әсері, афферентті механизм ол организмнің барлық қызметіне әсер.Бет – жақ аймағында ауру сезімі гассер түйініне, үшкіл нервтің каудальді ядросына, таламустың артқы- орталық ядросына,бас ми бөлігінің артқы – орталық қатпарына беріледі.Тіс ұлпасының 20,5℅ көлемі нерв талшықтарынан тқрады -С . Ұлпада нерв талшығыгың 2- түрін ажыратады. Миеленді А- дельта және миеленді емес талшықтар.миеленді емес-С талшықтар-72℅, Миеленді А- дельта-28℅ құрайды. Миеленді А- дельта талшығы нерв импульстерін 3-15 м/сек-та, миеленді емес-С талшықтар 0,2-2м/сек.қабылдайды.Ұлпада субодонтобласты нерв байламы бар. Ұлпа мүйізшесінде- 49℅,ұлпаның орта бөлігінде 36℅,бифуркация аймағында -7℅, түбір өзегінде -8℅ болады.Предентин аймағына нерв элементтері азғантай микронмен енеді.Ал кіреукеде нерв талшықтары болмайды.Дентин аймағында кездесетін ауру сезімі-Брамстром теориясымен түсіндіріледі.Субодонтобласты байламдағы нерв талшықтары деформациясымен және дентин сұйықтығының ауысып отырумен сипатталады.

Ауру сезімінің берілуі туралы екі жүйені айтуға болады. А-5 талшығы арқылы информация беріледі, ол ауру сезімінің жергілікті, тез, эпикрлі екенін анықтайды.Бұл жүйені экстероцепті деп атайды.С-талшығы диффузды, ұзақ созылатын ауру сезіін береді.Бқл жағдайда интеррецептивті деп атайды. Ол организмдегі және тіндердегі патологиялық үрдістерді хабарлайды.(Зильбер А.П.,1984 ж)

Ауру сезіміне емдік мақсатта әсер ету үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Соның бірі жергілікті анестетиктер.

Жергілікті анестетиктер- қайтымды түрде нерв тамырларын блокадалайтын заттарды айтады.Жергілікті анестетиктер – мына талаптарға жауап беруі керек: аз улылығы,физиологияық ертіндіде тез еру, қайнатқанда терапиялық қасиетін жоймау,тінге оңай ену,тітікендірмеу, деструктивті өзгертпеу, тез жансыздандыру, кері әсер тудырмау,жансыздандыру әсері қайтымды болу.

Жергілікті анестетиктер-эфирлі(новакайн, дикан, анестезин) және амидтер(лидокайн, тримекайн,мепивикайн,артикаин) бөлінеді. жергілікті анестетиктер-нерв жарғағына әсер етеді, ол ақуыз бен майларға бай.Нерв жарғағына әсер ету физико-химиялық қасиетіне байланысты.

Инфильтрациялық жансыздандыруды бірнеше түрі болады. Тереңдігіне байланысты: кілегей асты, сүйек үсті, сүйек үсті асты,спонгиозды сүйек ішілік,спонгиозды интерсептальды, спонгиозды интралигаментальды,паппилярлы, ұлпаішілік. Инфильтрациялық жансыздандыруды- иньекция арқылы жасалатын ошақ нерв тамырына жансыздандыру дәрісін енгізу.

Өткізгіштік жансыздандыру-жансыздандыратын дәріні жақын жатқан нерв тамырына енгізу. Өткізгіштік жансыздандыру екі топқа бөледі. Орталық және перефириялық.Орталық жансыздандыру кезінде дәріні үшкіл нервтің белгілі бір бағанасына енгізеді.Ал перефириялық жансыздандыру кезінде негізгі басты бағананың перефириялық тармағына енгізеді.


4. Иллюстративті материалдар. Мультимедиялық форматта презентация жасау.Слайдтар топтамасы.

1.дәрістің тақырыбы

2.ауру сезімін анықтау

3.ауру сезімінің даму теориясы

4. бет-жақ аймағындағы ауру сезісі импульсінің жүргізу жолдары

5.Терапиялық стоматологияда ауру сезімінің сиаттамасы

6. Терапиялық стоматологияда қолданатын жансыздандыру тәсілдері мен дәрілік препараттары

7.Премедикация, көрсеткіштері, қолданатын дәрілік препараттар

8. Жергілікті жансыздандыру түрлері

9.Ауру импульсін блокадалау механизмі

10. Жергілікті жансыздандыру жүйесі

11. Апликацияық жансыздандыру,дәрілік препараттар

12. Инфильтрациялық жансыздандыру,түрлері,жасалу тәсілдері

13. Өткізгіштік жансыздандыру , түрлері, жасалу тәсілдері


5. Әдебиеттер:

1.Боровский Е.В.,Макеева И.М.,Вагнер В.Д., Терапевтическая стоматология 3-е изд..перераб. и доп.2002г-544б

2. Рабинович С.А., Современные технологии местного обезболивания в стоматологии. М.ВУНМЦ МЗ РФ 2000-144б

3. Дуйсеева Г.Ш., Рузудинов С.Р., Современные аспекты боли и местного обезболивания в стоматологии Аматы, 2003-183б

4. Егоров П.М., Местного обезболивания в стоматологии.М.Медицина 1985-160б

5.Кононенко Ю.Г., Рожко Н.М.,Рузин Г.П., местного обезболивания в амбулаторной стоматологии. 3-е изд. . Книга полюс 2004-2-352 б

6. Скорикова Л.А.,Волков В.А.,Баженова Н.П.,Лапина Н.В.,Еричев И.В. Пропедевтика стоматологических заболевании. изд-во Феникс 2002-640б

7.Петрикас А.Ж., обезболивание в терапевтической стоматологии. Москва-Тверь 1992-47б


6. Бақылау сұрақтары:

1.Ауру сезімі-бұл....

2. бет-жақ аймағындағы ауру сезісі импульсінің жүргізу жолдары

3. ауру сезімінің даму теориясы

4. Брамстром теориясымен нені түсіндіреді.

5. Ұлпада нерв талшығының 2- түрін ажыратады.....

6. А-дельта талшықтары ауру сезімін тудыру жылдамдығы ....

7. С-дельта талшықтары ауру сезімін тудыру жылдамдығы ....

8.Ұлпадағы талшық түрлері

9.Дентиндеі ауру импульснің болуы немен байланысты.....

10. жансыздандыру түрлері

11. Премедикация-бұл.......

12. Инфильтрациялық жансыздандыру- бұл....

13. Өткізгіштік жансыздандыру-ауру сезімін басу механизмі немен ерекшеленеді




беттің беті



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет