Autocad-ң негізгі құралдары 1 Түзу сызықты кесінділер 5


Көріністерді басқару құралдары



бет5/25
Дата02.01.2022
өлшемі0.49 Mb.
#454221
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
СРО 1 Автокад

1.3 Көріністерді басқару құралдары


Zoom (Көрсет): бұл бұйрық сызба масштабтарын басқаруға арналған. Zoom бұйрығының параметрлері көп. Әрқайсысына тоқтала кетейік:

Window(Терезе): бұл параметрде тіктөртбұрышты терезе белгілеу керек. Бұл терезе, сызба бөлігінің жаңа шегі ретінде жұмыс істейді.

Dynamic (Динамика): бұл параметр бір мезетте масштабтау және “панорамалау” мүмкіндіктерін туғызады:


  • Панорамалау режимі: “крестикті” терезе құрады. Ол сызбада еркін қимылдай алады. Осылайша кез-келген аймақпен жұмыс істеуге болады.

  • Масштабтау режимі: терезенің оң жағында “стрелканың” көрінісі пайда болады. Терезенің сол жағында бұрықты таңдағандағы курсордың болған жерінде қалады. Осылайша терезені кішірейтіп-үлкейтуге болады. Масштаб өзгереді.

Scale(Масштаб): таңдалғаннан кейін егер кез-келген сан енгізсек, онда жүйе бұл санды сызба лимитіне байланысты керекті масштаб ретінде санайды. Егер саннан кейін “x” әрпін жазсақ, онда жүйе енгізілген шаманы осы кезге дейін шығарылған көрініске басты масштабы ретінде қарастырады. Ал егер саннан кейін “xp” суффиксін енгізсек, онда жүйе бұл шаманы парақ кеңістігіндегі бірліктерге байланысты берілген масштаб ретінде қабылдайды. 1-ден кіші шама көріністі кішірейтеді, 1-ден үлкен шама үлкейтеді.

Center(Орта): бұл параметр экран үстіне шығарылатын сызба аймағы ортасының жаңа жағдайын енгізу мүмкіншілігін туғызады.

In(Үлкейту): бұл параметр Scale параметрін 2х шамасымен қайталайды.

Out(Кішірейту): бұл параметр Scale параметрін 5х шамасымен қайталайды. All(Бәрі): бұл параметр экранның графикалық зонасы мен сызба лимитінің шекаралары бірдей болатындай масштабтайды.

Extents (Шекаралар): бұл параметр сызбадағы барлық графикалық элементтерін, экранның графикалық зонасына түсетіндей етіп масштабтайды. Previous(Алдыңғысы): бұл параметр алдыңғы масштаб параметрін қалпына келтіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет