Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер



бет6/7
Дата12.06.2016
өлшемі2.61 Mb.
#129769
1   2   3   4   5   6   7

5-қосымша




Авиациялық қауіпсіздік бойынша оқытудың таныстыру курсының тыңдаушылары үшін




Тақырып атауы

Сағат саны

1

Заңсыз араласу актілеріндегі азаматтық аваицияны қорғау бойынша нормативтік актілер. Әуе кемесіндегі лаңкестік. Азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілері. Авиациялық қауіпсіздік саласындағы құжаттама. Заңсыз араласу актілері азаматтық авиацияны қорғау бойынша негізгі қағидаттары мен шаралары.

2-3

2

Әуежайдағы өткізу режимі

1-2

3

Әуежай аумағында (әуе кемесінде, көлікте, жайларда) жарылғыш құрылғылар, қару, оқ-дәрілер, күмәнді және қараусыз заттар анықталған жағдайда қолданылатын персоналдың іс-әрекеті

1-2

4

Заңсыз араласу актісі туралы ақпарат (анонимді телефон қоңырауы) алған кездегі персоналдың әрекет ету тәртібі

1-2

5

Заңсыз араласу актілері жағдайларындағы әуежай қызметкерлері мен уәкілетті мемлекеттік органдардың (ІІМ, ПКҚ, ҰҚК, ТЖМ) өзара әрекет етуі

1-2

6

Сынақ

2




Барлығы

8-15


Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы

6-қосымша




«Тексеру инспекторлары (операторлары) үшін авиациялық қауіпсіздік» (бастапқы даярлау) ұлттық курсы бойынша

Үлгілік оқу-жұмыс бағдарламасы


  1. Оқу үрдісінің кестесі




1.

Оқу күндерінің саны

- 6 күн

2.

Аудиториялық жүктеме

- күніне 6-8 сағат

3.

Теориялық оқыту

- 29 сағат

4.

Тәжірибелік сабақ

- 11 сағат

5.

Кесте бойынша жалпы сағат саны

- 41 сағат

6.

Өткізу орны – ____________________________________________

(білім ұйымының атауы)

7.

Тыңдаушылар саны – 25 адамнан артық емес.













Ескертпе: Емтихандар төртінші сабаққа жоспарланады.
2. Пәндер бойынша оқу сағаттарын бөлу

р/с



Тақырыптар атауы



Сағат саны


Барлығы

Лекциялар

Тәжірибе.

Емтихан

1.

Авиациялық қауіпсіздік.

41

29

11

2




Барлығы:

41

29

11

2

Бағдарлама бойынша бір тыңдаушыға оқу сағаттарының саны емтиханмен қосқанда - 41 часов (40+1=41) құрайды.
3. Курсты тағайындау.

Тексеру инспекторлары (операторлары) үшін, АҚҚ (авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшылары, олардың орынбасарлары) тексеру бөлімшесі мамандарына, сондай-ақ әуежайларда және азаматтық авиацияға қызмет көрсететін басқа мекемелерде авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруға негізгі жауапты өкілетті органдардың немесе ұйымдардың қызметкерлеріне сертификат беру мен бастапқы даярлау үшін.


4. Оқуға түсетіндерге қойылатын талаптар.

Кандидаттар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

-бастапқы кәсіптік даярлығы бар және уәкілетті орган бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс орнында (жұмысқа алатын кезде, тексеру бөлімшесі маманының міндеттерін өз бетінше орындауға жіберер кезде) арнайы оқудан өткен, осы бағдарламаның лауазымға тағайындау Парағы көлеміне тексеру бөлімшелерінің тексеру инспекторлары (операторлары) міндетін өздігінен орындау алдында;

-азаматтық авиация ұйымының бірінші басшысының қолы қойылған жолдамасы бар.


5. Емтихандарға және аттестаттауға жіберу шарттары.

сабақтың 25 % астамын өткізіп алған тыңдаушы емтиханға жіберілмейді;

бақылау сұрақтардың 30 % қанағаттанғысыз жауап берген тыңдаушы, аттестаттаудан өтпейді;

қанағаттанғысыз баға алған тыңдаушы емтиханды қайта тапсыруға 3 күннен кейін жіберіледі;

емтиханды екі реттен артық қайта тапсыруға жол берілмейді.
6. Оқу мақсаты.

Тыңдаушылармен бірге авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаттарын, азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау үшін ескертпелік және жауап қайтару шараларын жүзеге асыруға арналған нормаларды, ережелерді, рәсімдерді зерделеу. Осы бағдарлама көлемінде пәнді оқу нәтижесінде тыңдаушы:

азаматтық авиация қызметінің негізін, авиакомпания, әуежай АҚҚ құрылымын, әуежай және авиакомпания қызметтерінің өзара іс-әрекетін;

әуе терроризмінің негізін, нысанын және онымен күресу әдісін;

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі стандарттарын және ұсынатын тәжірибесін;

Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласындағы авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету нормативтік құқықтық базасын;

авиакомпанияда, әуежайда авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін ұйымдастыруды;

адамдардың және көлік құралдарының кіруін бақылау жөніндегі әуежайдың (авиакомпанияның) авиациялық қауіпсіздік нұсқаулық-бағдарламасын;

жолаушыларды, қол жүкті, теңдеме жүкті, почтаны және бортқорды тексеру жөніндегі нормаларды, ережелерді және рәсімдерді және оларды орындау әдістерін;

қару құрылымының, жарылғыш құрылғылардың негізін және оларды табудың ерекше белгісін және әдісін;

қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш және күдікті құрылғыларды тапқан кездегі қауіпсіздік шараларын;

ықтимал құқық бұзушыларды анықтау жүйесін білуге тиіс.

Тасымалдауға тыйым салынған қауіпті құралдарды және заттарды табуды;

авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды;

авиакомпанияның авиациялық персоналынан, жолаушылардан және келушілерден авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды, ережелерді және рәсімдерді орындауды талап етуді;

табылған қаруды, қару жарақты, жарылғыш заттарды, жарылғыш құрылғыларды және қауіпті құралдарды мамандар келгенге дейін сақтауды;

әуежайда заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайда дұрыс әрекет етуді;

әуежайдың басқа қызметкерлерімен байланысуды және өзара әрекет етуді, өзінің функционалды міндеттерін орындауды;

қол жүкті және теңдеме жүкті қолмен тексеруді;

жолаушылардың, әуежайдың бақылау аймақтарына өтетін барлық тұлғалардың жеке басын тексеруді орындауды;

әуежайдың (авиакомпанияның) Авиациялық қауіпсіздік нұсқаулық-бағдарламасына сәйкес жолаушыларды, қол жүкті, теңдеме жүкті, жүкті, почтаны және бортқорды тексеру жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын орындауды және бақылауды орындай алуы тиіс.

7. Әдістемелік ұсыныстар

1) «Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауға арналған қауіпсіздік жөніндегі басшылықта» ИКАО көрсетілген нұсқаулық материалдарды пайдаланумен оқыту жүргізу;

2) тасымалдауға тыйым салынған заттар, қарудың, қару жарақтардың, жарылғыш заттардың, жарылғыш құрылғылардың имитаторларымен жабдықталған арнайы оқыту зертханаларында ИКАО (ТУМР) үлгілік оқыту-әдістемелік әзірлемелерін және тақырыптық оқытудың аудиовизуалдық оқу құралдарын пайдалана отырып сабақ жүргізу.


8. Тақырыптық жоспар

р/с№

Тақырып атауы

Сағаттар саны

Барлығы

Лекция-лар

Тәжірибе

1.

Курсқа кіріспе.

2

2




2.

Авиациялық қаупсіздікті нормативтік құқықтық қамтамасыз ету.

3

3




3.

Жарылғыш заттарды және қаруды табу.

6

4

2

4.

Әуемен қауіпті жүкті қауіпсіз тасымалдау.

6

5

1

5.

Ықтимал құқық бұзушыларды вербалдық және вербалдық емес белгілері бойынша анықтау.

6

4

2

6.

Рентгендік-телевизиялық құрылғылар көмегімен теңдеме жүкті тексеру.

4

2

2

7.

Металліздегіштер көмегімен тексеру.

2

1

1

8.

Тексеру және әуежайдың тазартылған алаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

1

1




9.

Бақылау тексеру, жолаушыларды техникалық құралдармен және қолмен тексеру.

4

2

2

10.

Теңдеме жүкті қолмен тексеру.

3

2

1

11.

Азаматтық әуе кемелерінде қаруды және қару жарақты тасымалдау ережесі.

1

1




12.

Төтенше жағдайдағы тексеру тобы қызметкерлерінің әрекеті.

2

2




13.

Қол жүгі мен багаждың тиістілігі бойынша жолаушылардан сұрау жүргізу

2

1

1




Емтихан.

2










Барлығы:

44

30

12

Бағдарлама мазмұны



1-тақырып. Курсқа кіріспе. - 2 сағат


  1. Курс мақсаты, тақырыптық жоспар және оқыту әдістемесі.

  2. Авиакөліктік жүйе қауіпсіздігіне қауіп төну сипаттамасы.

  3. Құқық бұзушыларды қысқаша суреттеу, олардың әдістері мен мақсаттары.

  4. Заңсыз араласу актісі объектісі ретіндегі әуе кемесінің ерекшеліктері.

  5. Заңсыз араласу актілерін талдау, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында авиациялық қауіпсіздік жағдайы.

  6. Авиациялық қауіпсіздік саласында карьера жасау мүмкіндігін бағалау.

  7. Әуежайдағы ең маңызды орындар.


2-тақырып. Авиациялық қауіпсіздікті нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету – 3 сағат





  1. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО конвенциялары.

  2. Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенцияға «Қауіпсіздік. Халықаралық азаматтық авиация ұйымын заңсыз араласу актілерінен қорғау. Халықаралық стандарттар және ұсынылатын тәжірибе» 17-қосымшасы.

  3. «Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауға арналған қауіпсіздік жөніндегі басшылық», ИКАО.

  4. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-құқықтық актілер.

  5. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары.

3-тақырып. Жарылғыш құрылғылар және қаруды табу. – 6 сағат

  1. Тасымалдауға тыйым салынған нәрселерді анықтау және топтастыру.

  2. Басқа заттарда жасырылған, бөлшектерге бөлінген жағдайлармен қатар, қолдан жасалған жарылғыш және жанатын құрылғылардың, минаұстағыштың, тасымалдауға тыйым салынған құралдардың, қару және қауіпті заттар құрылымының негізі, ерекшелік нысандары, конструкцияларының негізі, айрықша белгілері, табу әдістері. Айрықша элементтер. Қауіпсіздік шаралары.

  3. Құқық бұзушылардың жарылғыш және жанатын құрылғыларды, қаруды, қару жарақтарды, сондай-ақ тасымалдауға тыйым салынған заттарды жасыру әдістерін оқу.

  4. «Бомба-сәлемдеме», «бомба-хат» белгілері.

4-тақырып. Әуемен қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау. – 6 сағат

  1. Қауіпті заттар және бұйымдар. Қауіпті жүк терминін анықтау. Әуе көлігімен тасымалдау ерекшеліктері. Әуе көлігімен тасымалдау кезіндегі қауіпті жүктермен авиациялық оқиға және инциденттер.

  2. Қауіпті жүктерді тасымалдауды реттейтін нормативтік құжаттардағы тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі талаптар.

  3. Қауіпті жүктер жіктеулері.

  4. Жүк орындарын нысандау және қауіпті орындар белгілері.

  5. Қауіпті жүктерді тасымалдау кезіндегі шектеулер.

  6. Жолаушылар және экипаж мүшелері тасымалдайтын қауіпті жүктерге қатысты ережелер.

  7. Декларацияланбаған қауіпті жүктерге көмек көрсетуге арналған ережелер.

5-тақырып. Ықтимал құқық бұзушыларды вербалды және вербалды емес белгілері бойынша анықтау. – 6 сағат

  1. Терроризм туралы түсінік. Терроризм - әлеуметтік мәселе ретінде. Терроризмнің әлеуметтік-психологиялық факторлары. Террористің тұлғасы және оның ерекшеліктері.

  2. Сөйлесу түсінігін анықтау, сөйлесу құрылымы және құралы. Сөйлесудегі бірінші әсер. Сөйлесудің негізгі түрлері.

  3. Әріптеске психологиялық тәсілмен әсер ету.

  4. Ықтимал құқық бұзушыны вербалды емес жүріс-тұрыс (мимика, қозғалысы, пантомимика) ерекшеліктері бойынша анықтау. Бет ұсқыны және оның негізгі мінездемесі. Бет ұсқыны бойынша өтірікті анықтау. Көзқарас түрлері. Қозғалыс және оның ерекшіліктері.

  5. Ықтимал құқық бұзушының сөйлесуінің вербалды белгісінен анықтау.

  6. Қастықтың негізгі көрсеткіштері.

6-тақырып. Рентгендік - телевизиялық қондырғы көмегімен теңдеме



жүкті тексеру. 4 сағат


  1. Рентгендік-телевизиялық қондырғылардың жұмыс қағидаты. Рентгендік-телевизиялық қондырғыны жұмысқа дайындау тәртібі, рентгендік қондырғыны қосу және қауіпсіз пайдалану.

  2. Рентгендік қондырғы мониторындағы көлеңке бейнесіне қарай тасымалдауға тыйым салынған немесе қауіпті болуы мүмкін заттарды анықтау.

  3. Тасымалдау таспасына әр түрлі қол жүктері мен теңдеме жүктері түрлерін дұрыс орналастыру әдістері.

  4. Стандартты пайдалану рәсімдеріне сәйкес қолмен тексеру үшін теңдеме жүкті таңдау.

  5. Тасымалдауға тыйым салынған заттарды табу кезіндегі әрекет.

  6. Тасымалдауға тыйым салынған заттарды алу тәртібі.

  7. Рентгендік-телевизиялық қондырғылардың негізгі кемшіліктері.

7-тақырып. Металліздегіштер көмегімен тексеру. – 2 сағат

  1. Металліздегіштер жұмысының қағидаты. Металліздегіштерді жұмысқа дайындау тәртібі, қосу және қауіпсіз пайдалану.

  2. Металліздегіштердің негізгі кемшіліктері.

  3. Шағын металліздегіштер көмегімен жолаушыларды тексеру. Металліздегіштер сигналын бақылау және ол қосылған жағдайда пайдалану рәсімдік стандарттарына сәйкес әрекет ету тәртібі.

8-тақырып. Тексеру және әуежайдың тазартылған алаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету. – 1 сағат


  1. Күтудің «тазартылған» алаңының негізгі түрлері.

  2. Тасымалдауға тыйым салынған заттарды табу мақсатында күту алаңына қолмен тексеру жүргізу.

  3. Күту аймағында «күдікті» заттарды тапқан жағдайда пайдалану рәсімдеріне сәйкес әркет ету тәртібін оқу.


9-тақырып. Бақылау тексеру, жолаушыларды техникалық құралдармен және қолмен тексеру.

  • 4 сағат





  1. Жолаушыларды тексерудің төрт кезеңімен танысу.

  2. Тексеру пункттерін жабдықтау. Қауіпсіздікті бақылау басталар алдында тексеру алаңының тазартылуын қамтамасыз ету. Тексеру технологиясы.

  3. Жолаушылар ағымына қызмет көрсету және қауіпсіздік мақсатында тексеру.

  4. Тыйым салынған заттар.

  5. Тексерумен айналысатын тексеру топтарының әр қызметкерінің функцияларын оқу.

  6. Жеке басын куәландыратын құжаттар, билет, теңдеме жүк бойынша және жүріс-тұрысы бойынша қауіпті жолаушыларды анықтау. Жолаушыдан жауап алу, стандартты сұрақтар.

  7. Жолаушылар ағымын бақылауды орындау және әр жолаушыны металліздегіш арқылы бағыттау.

  8. Стандартты рәсімдерге сәйкес жолаушыларды қолмен тексеру.

  9. Төлқұжатты-визалық бақылау.

10-тақырып. Теңдеме жүкті қолмен тексеру. – 3 сағат

  1. Қол жүкті, почтаны, теңдеме жүкті және бортқорларды қолмен тексеру технологиясы.

  2. Жолаушының көзінше әр түрлі қол жүк түрлерін қолмен тексеру кезіндегі әрекет тәртібі.

  3. Қол жүкте бар болуы, тығылуы немесе жасырынуы мүмкін тасымалдауға тыйым салынған және қауіпті заттарды тану.

  4. Қол жүкте немесе теңдеме жүкте тасымалдауға тыйым салынған немесе қауіпті заттарды тапқан жағдайдағы әрекет.

11-тақырып. Азаматтық әуе кемелерінде қаруды және оқ-дәрілерді тасымалдау ережесі. – 1 сағат

  1. Қаруды және оқ-дәрілерді рұқсат етілген тасымалдауды ұйымдастыру.

  2. Әуе кемесінің жолаушылар салонында қаруды рұқсат етілген тасымалдау тәртібі және жағдайы.

  3. Әуе кемесінің жеке теңдеме жүктік бөліктерінде қаруды және қару жарақты тасымалдау тәртібі және жағдайы.

  4. Қаруды және оқ-дәрілерді әуе кемесінің ұшу уақытында экипажға беру технологиясы.

12-тақырып. Төтенше жағдайларда тексеру тобы қызметкерлерінің қолданатын іс-әрекеті - 2 сағат

  1. Әуежайда туындайтын төтенше жағдайлар түрлері.

  2. Әуе кемесінің жарылу қаупі кезіндегі тексеру қызметкерлерінің іс-әрекеті.

  3. Нақты оқиғаның орнын тексеру тәртібі.

  4. Уәкілетті тұлғаның бастамасымен нақты алаңды «күдікті» затты табу үшін тексеру.

  5. «Күдікті» затты тапқан жағдайдағы іс-әрекет тәртібі.

  6. Заңсыз араласу актісі туралы ақпарат алған кездегі іс-әрекет тәртібі.

13-тақырып. Қол жүгі мен багаждың тиістілігі бойынша жолаушылардан сұрау жүргізу – 2 сағат




  1. Жолаушылардың мінез құлқы психологиясы.

  2. Сұрау жүргізу тәртібі.

  3. Күдікті заттар анықталған кездегі іс-қимылдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет