«Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру»



Дата04.03.2016
өлшемі124.24 Kb.
#38260


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «13» қыркүйектегі

№ 1195 қаулысымен

бекітілген

«Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру»

мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган): 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1 мекенжайы бойынша көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 6-қосымшасының (Чикаго, 1944 ж.), «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 60 және 14-бабы 1-тармағының 17) тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1069 қаулысымен бекітілген Пайдаланушыны авиациялық жұмыстарға жiберу қағидасының (бұдан әрі – Қағида), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 319 қаулысымен бекітілген азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыға қойылатын сертифаттық талаптары (бұдан әрі – Сертификаттық талаптары) негізінде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік қызмет стандарты: www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналасқан.

5. Мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру (телнұсқасын) немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын дайындаған сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытындыны алған күнінен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері – күнтізбелік 30 күн;

2) телнұсқаны беру мерзімі – күнтізбелік 10 күн;

3) уәкілетті органға осы стандарттың 11-тармағында белгіленген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 20 минуттан аспайды;

4) уәкілетті органда авиациялық жұмыстарды орындауға куәлікті (телнұсқа) алу кезінде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты – 30 минуттан аспайды.

8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады.

9. Уәкілетті органның жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету уәкілетті органның дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жағдайлар жасалған, күту және құжат толтыру, қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілерден үзінділер (үзінді көшірмелері) көрсетілген стенділермен қамтамасыз етілген ғимараттағы орындарда жүзеге асырылады.

Уәкілетті органда жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсынымдар кітабы жүргізіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе оның сенім білдірген уәкілетті өкілі уәкілетті органға мынадай құжаттар қоса берумен, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады:

1) мемлекеттік қызметті алушының мыналарды қамтитын ақпараты:

мемлекеттік қызметті алушы құрылтайшыларының негiзгi деректері;

мемлекеттік қызметті алушының тiркелген атауы;

мемлекеттік қызметті алушының негiзгi қызмет орнының мекенжайы;

елдiң кодын қоса алғанда, мемлекеттік қызметті алушының негiзгi қызмет орнының телефоны мен факс нөмiрлерiн, бар болса электрондық поштасының мекенжайы;

ұшуды орындау, ұшу жарамдылығы, авиациялық персоналдың бiлiктiлiгi мәселелерi және басқа да тиiстi мәселелер бойынша пайдаланушымен дереу байланысқа шығуға болатын телефон мен факс нөмiрiн қамтитын пайдаланушымен жедел байланыс;

жоспарланған авиациялық жұмыстардың түрлерi;

ұшу аудандары;

әуе кемелерiне арналған мәлiметтер мен пайдалану жөнiндегi шектеулер;

әуе кемесiне техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;

ұшу жұмыстарын ұйымдастыру;

ұшуды қамтамасыз етудi қамтитын мемлекеттік қызметті алушының ақпараты;

2) мемлекеттік қызметті алушы жарлығының көшiрмесi және құрылтай шарты;

3) заңды тұлғаны тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесi;

4) ұйымдық құрылымы, штаттық кестесi;

5) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей байланысты басшы құрам мен авиация мамандарының мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн белгiлейтiн лауазымдық нұсқаулықтар;

6) экипаждың жұмыс уақыты мен демалысы туралы ереже;

7) ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тiкелей байланысты басшы құрам мен авиация мамандары жөнiндегi деректер;

8) азаматтық авиация ұйымының ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн басшы қызметкерлерi: ұшу қызметiнiң басшысы, ұшу қауiпсiздiгi жөнiндегi инспекция бастығы, инженерлiк-авиациялық қызмет басшысы лауазымдарының азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлгенiн растайтын құжат;

9) командалық-ұшу, нұсқаушы және ұшқыштар құрамы туралы деректер:

лауазымы;

тегi, аты, әкесiнiң аты;

бастапқы даярлығы;

класы, нөмiрi, ұшқыштар құрамы куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi, кiм бердi;

жалпы ұшу;

әуе кемелерiнiң үлгiлерi бойынша, әуе кемесiнiң командирi болып ұшу, минимум, ол бойынша қатарға қосу өткен (өтетiн) құжаттың атауы, соңғы бiлiктiлiктi (ұшу, ұшақты жүргiзу техникасын, ұшудағы практикалық жұмысты) тексеру күнi;

медициналық куәландыру, куәлiктiң қолданылу мерзiмi;

мамандық бойынша соңғы бiлiктiлiктi жетiлдiру курстары;

авариялық жағдайда әрекет ету бойынша машықтануды үйрену  және ұстау;

соңғы жұмыс орны (ұйымның атауы, лауазымы, жұмыс iстеген кезеңi);

10) пайдаланушының басшысы бекiткен ұшу қызметiн жүзеге асыруда негiзге алынатын құжаттар тiзбесi;

11) пайдаланушының басшысы бекiткен және азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының ұшуды орындау жөнiндегi нұсқаулығы;

12) техникалық қызмет көрсету жүргiзуде негiзге алынатын құжаттардың тiзбесi;

13) пайдаланушының басшылығы бекiткен техникалық қызмет көрсетудi реттеу жөнiндегi пайдаланушының нұсқаулығы;

14) азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң, ұшуға жарамдылық сертификаттарының, радиостанцияларға арналған рұқсаттың (лицензияның), әуе кемелерiнiң жергiлiктi жерлердегi шуыл бойынша сертификаттардың көшiрмелерi;

15) Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарының талаптарына сәйкес мiндеттi сақтандырудың сақтандыру полистерiнiң көшiрмелерi;

16) пайдаланушының басшысы бекiткен әуе кемелерi бояуының үлгiлерi және мәтiндiк сипаты;

17) азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу актiлерiн болдырмау жөнiндегi шаралар туралы құжаттар;

18) әуе кемелерi туралы деректер және әуе кемелерiнiң түрi бойынша техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастырудың, олардың жабдықтарының сипаты, сондай-ақ әрбiр әуе кемесiнiң орналасқан жерi туралы анықтама;

19) әуе кемелерiн жалдау (фрахт) шарттарының (келiсiмшарттарының) көшiрмелерi.

Барлық жоғарыда көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерi мемлекеттік қызметті алушының қолымен және мөрiмен куәландырады.

Жоғарыда көрсетілген құжаттарға өтінім беруші күнтізбелік 30 күн ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын дайындаған сертификаттық зерттеуге алдын ала қорытындыны қоса береді.

Мемлекеттік қызметті алушы авиациялық жұмыстарды орындауға куәліктің телнұсқасын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға еркін нысандағы өтініш және мемлекеттік қызметті алушы жүргізген қызметтік тексеру материалдарын осы стандартта көзделген тәртіппен ұсынады.

12. Белгіленген үлгідегі өтініш нысаны уәкілетті органның www.mtk.gov.kz сайтында орналасқан.

13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы стандарттың 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне ұсынылады.

14. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді.

15. Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлікті (телнұсқасын) мемлекеттiк қызметтi алушыға оның жеке келуімен берiлген куәліктерді есепке алу және тiркеу журналына қолхат алу арқылы уәкiлеттi органның қызметкері береді.

16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартады, егер:

1) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе;

2) мемлекеттік қызметті алушы ұсынатын қызметтер сертификаттық талаптарға сәйкес келмесе;

3) мемлекеттік қызметті алушыға қатысты осы қызмет түрін көрсетуге тыйым салатын сот шешімі болғанда.

Мемлекеттік қызметті алушыға осы стандарттың 7-тармағында көрсетілген мерзімде бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.

Уәкілетті орган мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қарау туралы жазбаша дәлелді жауап береді.



3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның қызметі адамдардың конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға және сыпайылық, барынша толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуы мен құпиялығын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті органның жұмыс нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.



5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда, лауазымды адамдардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін уәкілетті органның қызметкерлері мына мекенжай бойынша түсіндіреді: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне мына мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: mtc@mtc.gov.kz, кеңсенің телефоны: 8 (7172) 24-14-19.

Уәкілетті органның жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ға дейін.

22. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, шағым уәкілетті орган басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1 мекенжайы, электрондық поштаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

23. Мемлекеттік қызметті алушының көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағым еркін нысанда жазылады.

25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымның қабылданғанын растайтын құжат осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шағымды қабылдаған адамның тегі және аты, әкесінің аты, күні мен уақыты, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон болып табылады.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады.

26. Уәкілетті органның сенім телефоны: 8 (7172) 24-31-65.

________________________

«Авиациялық жұмыстарды

орындауға куәлік беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

1-қосымша

Нысан

Уәкiлеттi орган басшысына



Авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiк алуға (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi пайдалану жөнiндегi арнайы ережелерге өзгерiстер енгiзуге)
өтiнiм

_____________________________________________________________________
(авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлiктi алу, қолданылу мерзiмiн ұзарту, пайдалану

жөнiндегi арнайы ережелерге өзгерiстер енгiзу)

мақсатында _______________________________ сертификаттау жүргiзудi сұраймын.

       (өтiнiм берушiнiң толық аты-жөнi)

Ұшуды бастау жоспарланған күн______________________________________________________

(ұзарту/өзгерiстер енгiзу кезiнде тиiсiнше қолданылып жүрген

_______________________________________________________________________________________.

аяқталу мерзiмi немесе жаңа пайдалану жағдайындағы ұшуды бастау жоспарланған күн көрсетiледi)

Өтiнiш берушi:

1) сертификаттау рәсiмдерiн орындауға;

2) сертификаттау талаптарына жауап беруге;

3) авиация саласындағы уәкiлеттi органға ұшудың ұйымдастырылуын, қамтамасыз етiлуiн және орындалуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беруге мiндеттенедi.

Басшы ______________________________

(лауазымы / қолы / күнi)


М.О.

________________________

«Авиациялық жұмыстарды

орындауға куәлік беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша



Өтініштің қабылданғаны туралы талон

1. Өтінішті тіркеу нөмірі ___________________________________________________

   Өтініштің тіркелген күні 201__жылғы «__» ________________

2. _______________________________________________________________________

               (көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі)

3. _____________________________________________________ қабылданды.

              (мемлекеттік қызметті алушы өкілінің аты-жөні)

4. Қоса берілетін құжаттар саны _____ мен тізбесі:

1)____________________________________________________________________

2) ___________________________________________________________________

3) ___________________________________________________________________

4) ___________________________________________________________________

5) ___________________________________________________________________

6) ___________________________________________________________________

7) ___________________________________________________________________

8) ___________________________________________________________________

9) __________________________________________________________.

5. Қабылдаған:

_______________________________/ _______________/ _____________________

(Уәкілетті орган қызметкерінің лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.)


6. Құжатты беру күні (уақыты) және орны: 20___ жылғы «__» __________ ___ сағ.___мин, _______________________________________________мекенжай бойынша.
________________________

«Авиациялық жұмыстарды

орындауға куәлік беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдың ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақыттылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)










2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %- ы (үлесi)










3. Қолжетiмдiлiгі

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)










3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)










4. Шағымдану үдерiсi

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)










5. Сыпайылығы

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған мемлекеттік қызметті алушының %-ы (үлесi)










________________________

«Авиациялық жұмыстарды

орындауға куәлік беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша



Талон

_______________________________________________________


(субъектінің атауы)

Өтінімді қабылдаған _______________________________________


                     (маманның Т.А.Ә.)

20__ ж. «__» _________ ___ сағат ___ мин.

Тапсыру мерзімі және жауап алу орны 20__жылғы «___»_______________________дейін, _______________________________________________мекенжай бойынша.


(мөлшері 75 мм х 55 мм)

________________________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет