«Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру»



Дата20.06.2016
өлшемі88.14 Kb.
#149568


Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң
2013 жылғы « »
№ қаулысымен   
бекiтiлген

«Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелер беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе www.e.gov.kz «электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ Порталға жүгінген жағдайда:

авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік беру – күнтізбелік 60 (алпыс) күннен астам емес;

авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік телнұсқасын беру – күнтізбелік 10 (он) күн;

2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минут;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік (телнұсқасын) беру.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз және (немесе) электрондық түрде.

Авиациялық жұмыстарды орындаушы пайдаланушыны сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексінде белгіленген тәртіпте және мөлшерде алым төленеді.

Авиациялық жұмыстарды орындаушы пайдаланушыны сертификаттау үшін алым мөлшерлемелері оның штат санына байланысты:

қоса алғанда 50 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 743 айлық есептік көрсеткіш;

51-ден қоса алғанда 200 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 831 айлық есептік көрсеткіш;

201-ден қоса алғанда 400 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 871 айлық есептік көрсеткіш;

401-ден қоса алғанда 600 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 918 айлық есептік көрсеткіш;

601-ден қоса алғанда 1200 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 962 айлық есептік көрсеткіш;

1201-ден қоса алғанда 2000 адамға дейін – алым төленген күнгі қолданыстағы 1006 айлық есептік көрсеткіш;

2001-ден астам – алым төленген күнгі қолданыстағы 1057 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

Авиациялық жұмыстарды орындаушы пайдаланушыны сертификаттау

үшін көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке көрсетілген алым төленгеннен кейін жүзеге асырылады.

Алым төлемі екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қолсыз жүзеге асырылады.

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау жіберілген жағдайда төлемді «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асыруға болады (бұдан әрі - ЭҮТШ).

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс (сенбі және жексенбі) және мереке күндерінен басқа, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзілістен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, дүйсенбіден қос алғанда жұмаға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

2) Порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы өтініш білдірген кезде (немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

2) авиациялық жұмыстарды орындаушы пайдаланушыны сертификаттау үшін алым төлемін растайтын құжат;

3) заңды тұлғаны мемлекеттеу тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* көшірмесі немесе анықтама;

Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген Заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;

4) өтініш берушінің жарғы көшірмесі және құрылтай шарты.

5) мыналарды қамтитын өтініш берушінің ақпараты:

өтініш берушінің негізгі жұмыс орны;

ұшудың болжамды түрлері;

ұшу жұмысын ұйымдастыру;

ұшу жарамдылығын қолдау жүйесі;

ұшуды қамтамасыз ету;

ұшу және техникалық персоналдың дайындығы;

техникалық қызмет көрсету объектілерінің дайындығы;

әуе кемелерінің дайындығы;

6) басқарма құрылымы және лауазымы, Т.А.Ә., білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жауапты адамдар;

7) азаматтық авиация саласындағы көрсетілетін қызметті берушімен мынадай басшылардың лауазымы келісілгендігін растайтын құжаттар:

ұшу қызметі;

ұшу қауіпсіздігі бойынша инспекция;

ұшу жарамдылығын қолдау бойынша;

сапаны бақылау бойынша;

авиациялық қауіпсіздік бойынша;

персоналды даярлау бойынша;

8) үлгісі, моделі, сериясы, ұлттық және тіркеу белгілері, ұшуға жарамдылығы сертификаттары, радиостанцияларға арналған рұқсаттар, жергілікті жердегі (егер көзделген болса) шуыл бойынша сертификаттары көрсетілген әуе кемелерінің тізімі. Әуе кемелерін жалға алған жағдайда жалға алу (лизинг) туралы шарттарды көрсетуге тиіс;

9) ұшу және жердегі персоналды даярлау және аттестаттауды ұйымдастыру бойынша ақпарат;

10) ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулықтың бөлігі болып табылатын немесе жеке құжат болып әзірленген алғашқы даярлау және қайта даярлау бойынша бағдарлама (нұсқаулық);

11) ұшуды жүргізу бойынша нұсқаулық;

12) техникалық қызмет көрсетуді реттеу бойынша пайдаланушының нұсқаулығы;

13) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасы (регламенті);

14) сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасы 5700 кг астам әуе кемелерін пайдаланатын пайдаланушылар үшін ұшу қауіпсіздігін басқару нұсқаулығы;

15) байланыс процедураларын қоса алғанда, ұшуды орындауды басқару және бақылауды ұйымдастыру бойынша ақпарат (dispatch);

16) сақтандырудың міндетті түрлері туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті сақтандырудың сақтандыру полистерінің көшірмелері;

17) пайдаланушы өз авиациялық қызметінің қажетті түрлерін қамтамасыз етуге арналған шарттардың көшірмелері;

18) пайдаланушы басшысы бекітетін әуе кемелерін бояу үлгілері мен мәтіндік сипаттамасы;

19) азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілерін алдын алу бойынша шаралар туралы құжаттар;

20) пайдаланушының өзі немесе шарттық негізде жүзеге асыратын ұшу жұмыстарын жерде қамтамасыз ету бойынша ақпарат;

21) жұмыс түрлері көрсетілген сыртқы ұйымдарымен техникалық қызмет көрсетуге арналған шарттар тізімі;

22) сыртқы ұйымдармен ұшу жарамдылығын қолдау бойынша шарттардың көшірмелері.

Көрсетілетін қызметті алушы авиациялық жұмыстарды орындауға куәлік

телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге негіздеме мен бұрын берілген куәлік (ұрлану (жоғалу) жағдайларынан басқа) қоса берілген еркін нысандағы өтінімді ұсынады.

Жоғарыда көрсетілген барлық құжат көшірмелері көрсетілетін қызметті алушының қолымен және мөрімен куәландырылады.

Порталда:

Көрсетілетін қызметті алушы аса жеңіл авиация әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы сертификатын алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы стандартына 2-қосымшаға сәйкес осы тармақта көрсетілген құжаттардың электрондық түрі қоса берілген көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімді ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетілген, тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі болып табылады;

Портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті алу күні және уақыты көрсетілген, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.


3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша

көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін)

шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігін) шағымдану үшін шағым мемлекеттік қызметтің осы стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшының атына немесе мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына ұсынылады: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, электрондық почтаның мекенжайы: kga_info@mtc.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: 8 (7172) 24-26-05.

Шағымдар жұмыс күндері жазбаша нысанда көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы почта немесе қолма-қол қабылданады.

Шағымның қабылданғанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі және аты-жөні, жасалған шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны белгілеу және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Портал арқылы шағымды жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат қолжетімді (жеткізу, тіркеу, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) болады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келген көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органға шағыммен жүгінуіне болады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау бойынша уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Заңды тұлғаның шағымында – оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

11. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің, соның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген

өзге де талаптар

12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің www.mtc.gov.kz («Азаматтық авиация комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» кіші бөлімінде) интернет-ресурсында орналасқан.

13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болуы жағдайында Портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі болады.

14. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қатынау режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: (1414).

_____________________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет