Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы



Дата23.02.2016
өлшемі99.25 Kb.
#2543
Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 185 қаулысы


      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 53-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 6-тармағы 2) тармақшасының тоғызыншы абзацын және 7-тармақтың 10) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2013 жылғы 25 ақпандағы
№ 185 қаулысымен   
бекітілген      
Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен
тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
      1. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 53-1) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру туралы шешімді қабылдауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
      3. Авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдаулардың түрлері бойынша жүзеге асырылады.
      4. Рұқсат беру үшін тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдаулар мынадай түрлер бойынша жіктеледі:
      1) бір облыс шегіндегі елді мекендер арасында жүзеге асырылатын жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалы;
      2) әр облыста орналасқан елді мекендер арасында немесе елді мекендерді республикалық маңызы бар қалалармен, астанамен байланыстыратын өңірлік (республикаішілік) коммерциялық әуемен жолаушылар тасымалы.
      5. Авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат бір немесе екі түр бойынша беріледі.
2. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен
тасымалдауларды орындауға рұқсат беруге қойылатын біліктілік
талаптары
      6. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беру үшін мынадай біліктілік талаптары белгіленеді:
      1) жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуемен жолаушылар тасымалын орындау үшін:
      авиакомпанияның Қазақстан Республикасында тіркелуі және пайдаланушы сертификатының болуы;
      авиакомпания белгілеген кесте бойынша (резервте сақтауды есепке ала отырып) ұшуды орындау үшін қажетті мөлшерде қолданыстағы ұшу жарамдылығы сертификаттары, бірақ жолаушылар сыйымдылығы бірдей кемінде екі әуе кемесі бар әуе кемелер паркінің болуы (жеке меншіктегі немесе кемінде үш жыл мерзімге жалға алынған);
      жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуемен жолаушылар тасымалдаулар жоспарланатын әрбір әуежайда өкілдіктің және персоналдың болуы;
      2) өңірлік (республикаішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалдарын орындау үшін:
      авиакомпанияның Қазақстан Республикасында тіркелуі және пайдаланушы сертификатының болуы;
      авиакомпания белгілеген кестеге сәйкес (резервте сақтауды есепке ала отырып) ұшуды орындау үшін қажетті мөлшерде ұшу жарамдылығы сертификаттары, бірақ жолаушылар сыйымдылығы бірдей кемінде бес әуе кемесі болатын әуе кемесі паркінің болуы (жеке меншікте немесе кемінде үш жыл мерзімге жалға алынған);
      тұрақты емес тасымалдарды орындау немесе жергілікті (облысішілік) жолаушылар авиатасымалдарын орындау бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      автоматтандырылған броньдау және әуемен тасымалдауларды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру бойынша персоналдың болуы;
      өңірлік (республикаішілік) әуемен жолаушылар тасымалдауларын орындау жоспарланатын әрбір әуежайда өкілдіктің және персоналдың болуы;
      авиакомпания белгілеген ұшу кестесі бойынша ұшуды ұйымдастыру үшін қаржылық ресурстардың болуы және жеткіліктігі;
      тасымалдау құжаттарын электрондық және қағаз нысанында ресімдеуді қоса алғанда, автоматтандырылған әуемен тасымалдауларды сату жүйесінің бірінде ресурстарды орналастыруға жасасқан шарттың болуы;
      Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IOSA) авиакомпания қауіпсіздігінің өндірістік аудиті сертификатының болуы;
      онлайн-броньдауды және авиабилеттерді сатуды ұсынатын өз интернет-ресурсының болуы;
      ұшуды орындау жоспарланатын кемінде екі қалада авиабилеттерді сату офистерінің болуы.
3. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен
тасымалдауларды орындауға рұқсат беруге қойылатын біліктілік
талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар
      7. Өңірлік (республикаішілік) коммерциялық әуемен жолаушылар тасымалдауларды орындауға рұқсат алу үшін өтініш беруші авиакомпанияның осы Қағидаларда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын мынадай құжаттарды:
      1) өтініш беруші үміттеніп отырған тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдар түрлеріне рұқсаттарды және пайдаланушының қолданыстағы сертификатының болуы туралы мәліметтерді көрсете отырып авиакомпанияның бірінші басшысы қол қойған өтінішті;
      2) мыналарды:
      ұшу жарамдылығы сертификаттарының жарамдылық мерзімін көрсете отырып әуе кемелерінің паркі туралы анықтама, жеке меншіктегі және (немесе) жалға алынған (лизингтегі) әуе кемелерінің санын;
      әуе кемелерін жалға алу (лизинг) туралы жасалған шарттың нөмірін және күнін, жасалған шарттардың жарамдылық мерзімін көрсете отырып;
      3) авиакомпания белгілеген кесте бойынша әуе кемелерінің айналым графигін;
      4) тасымалдау құжаттарын электрондық және қағаз нысанында рәсімдеуді қоса алғанда, автоматтандырылған броньдау және әуемен тасымалдауларды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру туралы келісімнің көшірмесін;
      5) автоматтандырылған броньдау және әуемен тасымалдауларды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру бойынша авиакомпания персоналының дайындығы туралы куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      6) соңғы қаржылық жылдағы, сондай-ақ ағымдағы уақытқа бухгалтерлік теңгерімді;
      7) соңғы қаржылық жылға аудиторлық есепті;
      8) авиамаршрут (авиамаршруттар) бойынша ұсынылған кестеге сәйкес, пайдалану сәтінен бастап болжанатын кірісті есепке алмағанда 30 күн ішінде ұшуды қамтамасыз ету үшін қажет мөлшерде шотында шетелдік немесе ұлттық валютадағы қаржы қаражатының болуы туралы банктің анықтамасын;
      9) тұрақты ұшуды орындау жоспарланатын авиамаршруттар тізбесін және 30 күн ішінде ұсынылған кестеге сәйкес авиамаршрут (авиамаршруттар) бойынша жоспарланған жүктемені есепке ала отырып, авиамаршрут (авиамаршруттар) бойынша ұшуды орындау шығындарының есебін;
      10) Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IOSA) авиакомпания қауіпсіздігінің өндіріс аудиті сертификатының көшірмесін;
      11) тұрақты ішкі рейстерді ашу жоспарланатын әрбір әуежайда өкілдіктің болуы және персоналды жалға алу туралы анықтаманы;
      12) авиабилеттерді онлайн-броньдау және сату мүмкіндігін ұсынатын өз интернет-ресурсының болуын көрсететін анықтаманы;
      13) ұшуды орындау жоспарланатын кемінде екі қалада авиабилеттерді сату офистерінің болуын көрсететін анықтаманы береді.
      Жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуемен жолаушылар тасымалдауларды орындау үшін осы тармақтың 1)–3) тармақшаларында көзделген құжаттар ғана беріледі.
4. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен
тасымалдауларды орындауға рұқсат беру тәртібі
      8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген құжаттар бір данада, тігілген түрде, нөмірленген парақтармен ұсынылады, соңғы парағы заңды тұлғаның (авиакомпания) мөрімен куәландырылады.
      Уәкілетті орган өтініш берушінің құжаттарын қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда уәкілетті орган көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды береді.
      9. Уәкілетті органда құжаттарды алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалауды уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) жүргізеді.
      Комиссия мүшелерінің саны тақ болуы және жеті адамнан кем болмауы тиіс. Комиссияны комиссия төрағасы, ол болмаған кезде төраға орынбасары басқарады. Комиссия шешімі отырысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен қабылданады және комиссия мүшесі болып табылмайтын комиссия хатшысы әзірлейтін хаттамамен ресімделеді.
      Дауыстар тең болған жағдайда, конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі. Дауыс беру рәсіміне комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда комиссия шешімі заңды болып танылады.
      Комиссия төрағасы, егер ол болмаған жағдайда төраға орынбасары комиссия қызметін басқарады, комиссия отырыстарына төрағалық етеді, жұмысты жоспарлайды және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
      10. Бағалау осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде жүргізіледі.
      11. Уәкілетті орган комиссияның теріс қорытындысы негізінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін авиакомпаниялардың өтініштерінен бас тартады және кері қайтарады.
      12. Өтініштері бас тартылған авиакомпанияларды уәкілетті орган бас тарту себептерін көрсете отырып, уәкілетті орган өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
      13. Авиакомпанияның тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауына рұқсат беруді ресімдеуді уәкілетті орган авиакомпанияның осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы комиссияның оң қорытындысы негізінде жүзеге асырады.
      Авиакомпанияның тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауына рұқсат беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 қазандағы № 1070 қаулысымен бекітілген Сертификаттау және азаматтық әуе кемелерін пайдаланушы сертификатын беру қағидасына сәйкес берілетін пайдаланушы сертификатының арнайы ережесінің «В» бөлігінде тиісті белгілер түрінде ресімделеді.
      Уәкілетті орган авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдаулардың түрлеріне рұқсат беру туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастырады, сондай-ақ өтінім берушіге уәкілетті орган шешімінің көшірмесін авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдаулардың түрлеріне рұқсат беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жолдайды.
      14. Уәкілетті орган авиакомпаниялардың осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына авиакомпанияның сәйкестігіне тұрақты мониторингілеуді жүзеге асырады.
      Мониторинг:
      1) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың көрсетілетін қызметтер сапасына өтініштерінің негізінде;
      2) «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын инспекциялық тексерулер кезінде анықталған бұзушылықтар жағдайында;
      3) авиакомпанияның уәкілетті органға ұсынатын статистикалық есептілігі негізінде жүзеге асырылады.
      Авиакомпанияның осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкессіздігін мониторинг нәтижелері бойынша комиссия қарайды.
      15. Уәкілетті орган:
      1) авиакомпанияның осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкессіздігі туралы комиссия қорытындысы негізінде;
      2) авиакомпанияның өтініші бойынша авиакомпанияның тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларға рұқсатын кері қайтарып алады.
      16. Авиакомпанияны тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауына рұқсат беруді кері қайтарып алу кезінде уәкілетті орган авиакомпанияға кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, хабарлама жібереді, сондай-ақ үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында осындай ақпаратты орналастыру күнін көрсете отырып, кері қайтарып алу туралы ақпаратты орналастырады.
      17. Егер көрсетілген мерзім ішінде авиакомпания осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген біліктілік талаптарына анықталған сәйкессіздіктерді жоймаса, авиакомпанияның тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларға рұқсат беру уәкілетті органның интернет-ресурсында кері қайтып алу туралы ақпаратты орналастырған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң кері қайтарып алынды деп есептеледі.
      Авиакомпания анықталған сәйкессіздіктерді жойған жағдайда көрсетілген мерзім өткенге дейін осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынады. Комиссия құжаттар түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде авиакомпанияның біліктілік талаптарына сәйкес келетін анықталған сәйкессіздіктерді жоюға бағалау жүргізеді. Комиссия қорытындысының негізінде уәкілетті орган авиакомпанияға тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауға рұқсат беруді кері қайтарып алуды жою және уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған ақпаратты жою туралы шешім қабылдайды.
      18. Авиакомпанияның тұрақты ішкі коммерциялық әуемен тасымалдауларды орындауына рұқсат беруді қалпына келтіру осы Қағидалардың 7-13-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет