Тетікті жөндеу әдісін таңдау
Қазіргі таңда тетікті қалпына келтірудің бірнеше әдістері бар. Тежеуіш цилиндрінің жұмыстық бетін қалпына келтіруді төмендегі әдістермен жүзеге асыруға болады:
а) егер, барабан диаметрі шекті-рұқсат етілген өлшемнен асып кетпесе, слесарлық-механикалық өңдеу (қайрау) жүргізіледі;
б) егер, жасалған шара жеткіліксіз болса немесе жұмыстық бет диаметрі шектен шығып кетсе, онда мынадай әдістер қолданылады: цилиндрді тежеуіш барабанынан престеп шығарып алып, жаңасын престеп салу, балқыту, газды термиялық тозаңдату әдістері;
Материал қабаты түскеннен кейін, жұмыстық беті қажетті өлшемге дейін өңделеді.
Автокөлік тетіктерін қалпына келтіруде кең қолданысқа ие болған әдістерге: түрлі слесарлы-механикалық өңдеулер жатады. Оларға слесарлық өңдеу, механикалық өңдеу, яғни тетікті жабын түсіруге дайындау мен жабыннан кейінгі өңдеу, тетікті жөндеу өлшеміне дейін өңдеу және қосымша жөндеу тетіктерін жеткізу кіреді..
Балқытып құю тетікті қалпына келтірудің кеңінен таралған түрі болып табылады. Ол тозған бетті қалпына келтіру мақсатында жабын түсіру үшін қолданылады. Қалпына келтірудің тозаңдату әдісі - тозған бетке тозаңдатылған металды түсіруге негізделген.
Металды балқытудың әдісіне қарай: электрдоғалы, жоғары жиілікті, плазмалық, детонациялық т.б. түрлері болады.
2. Есептеу бөлімі
2.1 Автокөліктін жылдық өндірістік бағдарламасының ТҚ және КЖ санын анықтау
Күрделі жөндеу саны (Nкр), сондай-ақ ТҚ-2 және ТҚ-1 (N2 және N1) парк бойынша жыл бойына тұрақтығын төменде көрсетілген формулалар арқылы анықтау:
[1]
мұндағы: Lr – автокөліктің жылдық жүрісі шақырым, км
Lкр – автокөліктің кұрделі жөндеуге дейінгі жүрісі шақырым, км
(2 кестеден)
[2]
[3]
мұндағы: L2, L1 – ТҚ-2 және ТҚ-1 кезендерге сәйке автокөліктін жүрісі, км.
(1 кестеден)
1-кесте. ТҚ автотұрақ құрамының жүйесі.
ТҚ түрі және машиналар түрі
|
ТҚ кезеңі, км шақырым
|
Күнделікті техникалық қызмет көрсету
ТҚ-1
жеңіл автокөлігі
автобус
жүк автокөлігі
ТҚ-2
жеңіл автокөлік
автобустар
жүк автокөлігі
|
Сменде бір рет
4000
3500
3000
16000
14000
12000
|
Автокөліктің кұрделі жөндеуге дейінгі орташа көрсеткіштері норматив бойынша.
№
|
Машина
маркасы
|
Орташа жүріс, мың/км
|
Кұрделі жөндеудің жылдық коэффиценті
|
Кұрделі жөндеуге дейін
|
Кұрделі жөндеуден кейін
|
1
2
3
4
5
6
7
8
|
ГАЗ-53А
ЗИЛ-130
МАЗ-500А
КРАЗ-257
КамАЗ-5320
ПАЗ-672
УАЗ-451ДМ
УАЗ-469
|
160
230
200
160
250
200
120
140
|
130
180
160
130
200
160
100
110
|
0,14
0,11
0,12
0,12
0,10
0,12
0,13
0,13
|
ГАЗ – 53А
ЗИЛ - 130
МАЗ - 500А
КРАЗ – 257
КамАЗ – 5320
ПАЗ – 67
УАЗ – 452
УАЗ – 469
Достарыңызбен бөлісу: |