Автокөлікті ағымдағы жөндеуде орындалатын жұмыс түрлері



бет12/13
Дата03.12.2023
өлшемі405.98 Kb.
#485305
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
9. Темирлан

Өрт қауіпсіздігі. Басқа қойылатын талапардың бірі - өрт қауіпсіздігі болып табылады. Жол-құрылыс машиналарында жұмыс істейтін барлық адамдар өрт шығу жағдайында өртке қарсы қолданылатын құралдарды қолдана білуі шарт.
Дала жағдайында уақытша тұрақтануға арналған алаңдар қураған шөптен тазартылады, айнала бір метр ені бойынша жолақ қопсытады. Тұрақтар ағаш материалдар қоймасынан, ағаш көшеттерінен, шөп үйінділерінен, түрлі құрылыстардан кем дегенде 10 метрдей қашықтықта орналасуы қажет. Машиналар тұрағында темекі тартуға, от жағуға және ашық отты пайдаланып жүргізілетін жөндеу жұмыстарын орындауға болмайды.
Ілмекті және тіркемелі тракторлар, сонымен қатар өздігінен жүретін машиналар өрт сөндіру құралымен жабдықталады. Тракторлар мен машиналардың сақталатын орындарында өрт сөндіру құралдары, құмды жәшіктер орнатылады.
Құм құрғақ, кесексіз болуы қажет. өрт сөндіру құралдары арнайы тақтада орналасады. Онда ілгекті бақан, күректер (қуыс және тік), шелек, құм салынған сыйымдылық, сүймен, участокқа тәуелді өрт сөндіргіштер (ОП-5, ОПХ-10, ОУ-10, ОУ-25, суы бар сыйымдылық болуы тиіс.

5. Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған орта – табиғи орта құрамдас бөліктері , табиғи және антропогенді объектілер жиынтығы. Табиғи орта құрамдас бөліктері – жер, жер қойнауы, топырақ, жер беті және жер асты сулары, атмосфералық ауа, өсімдік , жануар әлемі, сонымен қатар, озон қабаты мен ғарыш кеңістігі. Табиғи объект – табиғи қасиеттерін сақтаған экологиялық орта, табиғи ландшафт. Антропогенді орта – табиғи орта қасиеттері жоқ адам қолымен қажеттілігіне жасалған объект. Құрылыс кәсіпорындары қоршаған ортаны қорғауға арналған барлық шараларды орындауға міндетті. Автомобиль кранын пайдалану кезінде табиғат аясын ластау мен бүлдіру құбылыстарына мыналар жатады:
Жол құрылыс машиналары мен транспорт құралдарын қолдануда дұрыс реттелмеген іштен жану қозғалтқыштарын пайдалану арқылы олардан бөлінетін шығу газдары ментүрлі улы газдардың бөлінуі; Ауысым сайын немесе мерзімді қызмет көрсету кезінде машиналарды құрамындағы мұнай өнімдері мен химиялық жуғыш заттары бр жуынды суды жинақтайтын арнайы жинақтауышы жоқ кез-келген алаңдарда жуу; Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын орындауға арналған алаңдар мен территориялардың қалдық сүрту материалдармен, ластанған майлармен, техникалық сұйықтықтармен ластануы;
Пайдаланатын мұнай өнімдерін (жағармай, май, майлағыштар, техникалық сұйықтықтар) жабдықталмаған немесе бейімделмеген орындар мен ыдыстарда сақтау, ол тапшы заттардың жойылуы мен атмосфера мен топыраққа зиянды улы заттардың, түрлі химиялық қосылыстардың таралуына алып келеді.
Табиғатты қалпына келтіруге ұзақ уақыт пен үлкен шығындар қажет етеді. Қоршаған ортаны қорғауда машиналар мен қондырғыларға пайдалану мен техникалық қызмет көрсету кезінде басты талап олардың қозғалтқышының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету болып табылады. Қозғалтқышта отынның толық жанбауын және өңделген газбен бірге улы қосылыстардың көмір тотығы, ыс және басқа да зиянды заттар түрінде шығуына жол бермеу қажет. Ұшқышды оталдырулы қозғалтқыштарда отынның толық емес жану өнімі болып көміртегі тотығы мен сутегі, ал өздігінен жану оталдырылатын қозғалтқыштарда бос көміртегі түріндегі ыс болып табылады.
Қоршаған ортаға зиянды газдардың бөлінуін болдырмас үшін, машинаға уақытында техникалық қызмет көрсетуді, сосын ішінде қоректендіру жүйесін, қозғалтқыштың газ түзуін реттеу жұмыстарын жүргізіп отыру қажет. онымен қатар, қоршаған ортаны (ауа, топырақ, өзен-су) ластауға мұнай өнімдерінің де тигізер әсері үлкен. Сұйық мұнай өнімдерінің булануы ашық түске боялған ыдыстарда аз болады. Қара түске боялған ыдыстағы өнімнің булануы 1,5 % болса, ақ түске боялған ыдыста булану 0,85% болады. Мұнай өнімдерін жер астында сақтау булануды үш есеге дейін қысқартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет