Нарықтық шаруашылықтың өзін-өзі реттеу механизімінің негізгі элементтерінің бірі — бәсеке. Бірақта нарықтық экономикаға өту кез келген кәсіпорынға аса күрделі мәселелер туындатты. Өйткені, шаруашылықты жүргізудің жаңа жағдайына үйрену көптеген тәжірибені талдап білуді және оны жүзеге асыруды қажет етті. Әсіресе нарық механизімінің басты элементтері бәсеке, нарықтық бағаның қалыптасуы кәсіпорын басшыларының алдына өзекті мәселелерді қойды. Әр кезеңнің өзіне ғана тән күрделі сұрақтары мен анықтаушы факторлары болады. Осы кезеңдегі ең негізгі де түйінді мәселенің бірі — бәсекелестігі бар өнім өндіру, сол арқылы отандық өндірісті жаңарту және еңбек тиімділігін арттыру. Осы мәселені шешудің ең алғашқы бастамасында әр тауар мен өнімнің бәсекелес деңгейін қалай өлшеуге болады, соны анықтау керек. Өнім бәсекелестігі мен оның деңгейі жөніндегі мәселелерге тоқталайық.
Сатып алушы алдымен бұйымды бәсекелестің бұйымымен салыстырады, тек содан соң ғана өнім бәсекелестігін құрайтын түсініктерге көңіл аударатын болады: тауарды жеткізу жағдайы, сатуды ұйымдастыру және т.б. Әрине, сатып алушы өз қажетін неғұрлым толық қанағаттандыра алатын тауарды пайдалану кезіндегі жұмсалатын шығындарға да аса зор мән береді. Сатып алушының шешім қабылдауына әсер ететін негізгі факторлардың бірі қаржы мүмкіншілігінің әр тұтынушы да әр түрлі және шектеулі болуы. Осы жағдайларды еске ала отырып сатып алушы тауардың тұтыну қасиетін (былайша айтқанда тұтынушының нақты қажетін неғұрлым толық қанағаттандыру) таңдайды және тауар аса қымбат болмауы керек.
Жоғарыда аталған қасиеттері бар тауарлар басқа тауарларға қарағанда тұтынушылар үшін таңдаулы болады, демек оның бәсекелестігі жоғары. Сонымен бұйым бәсекелестігі — оның тұтынушы үшін бәсекелес бұйымдармен салыстырғанда басымдылығы, таңдауға жататындығы.
Таңдау негізінен үш ерекшеліктерімен іріктеледі: қандай болмасын бір қажеттілікті қанағаттандыру қасиеті, бұйым бағасы және сатуды ұйымдастыру жүйесі.
Қажеттілікті қанағаттандыру бұйымның тұтыну қасиетімен, сапасымен және бағалылығымен қамтамасыз етіледі. Мұның бәрі бұйымның тұтыну құнын немесе бұйым пайдалылығын анықтайды. Бұл қасиеттер тұтынушылар үшін ең негізгі көрсеткіштер болып табылады [1-73-75 бет].
Нарықтық қатынастар өнім өткізу көлемі көбінесе, оның бәсекелестік деңгейіне байланысты. Сондықтан да тауарды әрқашан да нарық талабына сай бағалап, өндірісті экономикалық жағынан негіздеу қажет болады. Бұл талаптардың орындалуы кәсіпорынның тауар саясатында көрсетіледі.
Кәсіпорынның тауар саясаты — бұл кәсіпорынның экономикалық механизмінің жұмыс істеуін белгілеп, тауар және шаруашылық стратегиясының бағытын дайындайды.
Шаруашылық стратегиясында жоспарланған мерзімде кәсіпорынның ұйымдастыру-техникалық шараларының дамуы көрсетіледі. Мұның ішкі және сыртқы факторларын тиімді пайдалану жолдары анықталады, өндірістің жеке өнімнің бәсекелестік деңгейі белгіленеді. Негізгі бағыт өнім өткізу сферасын кеңейту және ұзақ мерзім бойы тұрақты пайда алу, ол үшін ресурстарды және капитал салымын интенсивті пайдалану.
Бұл бағытта өнім сапасын арттырудың мәні орасан зор. Өнім сапасы дегеніміз өнімнің техника-өндірістік қасиетінің жиынтығы, өндірістік қажеттілікті қанағаттандыру. Өнім сапасын арттырудың экономикалық тиімділігі өндірістік пайдаланудың әр сферасы бойынша жеке бағаланады. Ал, экономикалық тиімділіктің жалпы суммасы жеке эффектінің барлық сфера тиімділігіне көбейту арқылы анықталады:
Эсум = Σкj=1Э1
Сферадағы бұйымның экономикалық тиімділігі мына формуламен есептеледі:
Э=[(КВуд1i–КВуд2i)+(КВ1уд1i–КВ1уд2i)+(Зуд1i–Зуд2i)(На+Rпр)]Q1i,
мұнда КВуд1i; КВуд2i — күрделі жұмсалымның үлесі, бұл ескі және жаңа сапалы өнім алуға байланысты оның бір өлшем жұмыс істеу уақыты алынады;
КВ1уд1i; КВ1уд2i — күрделі жұмсалым үлесі ескі және сапалы дайын пайдалануға байланысты;
Зуд1i; Зуд2i — іс сферасындағы шығындар;
На — амортизация нормасы, жылдық;
Rпр — таза рентабельдік деңгейі;
Q1i — жылдық жұмыс немесе өнім көлемі.
Қазіргі кезеңде өнімнің бәсекелік қабілеттілігін көтеру басты бағыт.
Қазақстан Республикасы жағдайында өндірілетін өнім бәсекелестігін арттыру үшін алдымен өнімнің өзіндік құнын арзандату есебінен өндірілген өнім бағасын түсіру, өнім сапасын және тұтыну құнын арттыру, сауда жүйесін жақсарту қажеттілігі туады. Бұған орай бағаның түрлері, құрылымы және бағаны мемлекеттік реттеу қажеттілігіне толығырақ тоқталған жөн.
Нарық жағдайында бағаның құрылуына тауардың пайдалылығы маңызды рөл атқарады. Сатып алушыға тауардың өзі емес, оның қажеттілігі қандай деңгейде қанағаттандыра алатын пайдалылығы қажет. Сатып алушы нарықта өз қажеттілігін қанағаттандыратын көптеген нұсқаларды кездестіреді. Сол нұсқаларды салыстыра отырып, ол өзіне неғұрлым қажеттілігін таңдайды. Мұнда сатып алушыға басты шектеу жасайтын оның ақшалай табысы. Сондықтан да ол, шектеулі табысымен максимум пайдалылықты алуға ұмтылады. Былайша айтқанда, тауар алуға жұмсаған ақшаның барынша тиімді болуын көздейді.
Қызмет көрсету түрлерінің бағасы мына құрамнан тұрады: өзіндік құн, пайда және қосымша құн салығы.
Экономикалық ерекшеліктеріне қарай бағаның бірнеше түрлері болады.
1. Өнімді өндіру жеріндегі баға — бұл тұтынушыларға, сатып алушыларға өнімді өндірген жерінен босатылатын баға. Мұнда сатып алушы тауар бағасынан басқа барлық шығындарды өз мойнына алады (өнімді тасымалдауға, оны сақтауға және т.б. жұмсалатын шығындар).
2. Тасымалдау шығындарын қосып есептейтін бірыңғай баға. Кәсіпорын (фирма) барлық сатып алушы үшін бір баға белгілейді. Мұнда тауар өндіретін орыннан шалғайда орналасқандар үшін пайдалы, өйткені, бағаға бір қашықтықтағы сатып алушылар үшін тасымалдау шығыны орташа көрсеткішінен алынады: мысалы, 100 км, 200 км, 300 км қашықтықтағы алушылар (100+200+300)/3=200 км қашықтық үшін жол шығынын төлейді.
3. Аймақтық баға — бағаны бұл әдіспен анықтағанда географиялық аймақты бірнеше зонаға бөледі
Бағаның құрылу процесі
Шығындар (өнімнің өзіндік құны)
|
Пайда
|
Жабдықтаушылар мен тауар өткізушілер бағасы немесе көтерме сауда бағасы
|
Үстеме сауда
|
шығын
|
пайда
|
шығын
|
пайда
|
Кәсіпорынның көтерме бағасы (өткізетін баға)
|
|
|
|
|
Өнеркәсіптік көтерме баға
|
|
|
Бөлшек сауда бағасы
|
де, әр зонаға әр түрлі баға белгіленеді, ондағы тасымалдау шығыны еске алынады. Зона қашықтығы артқан сайын, баға өседі.
4. Баға негізіне базистік пунктті алу. Бұл әдісте нақты бағасы былайша белгіленеді: тауар бағасына тапсырыс берушінің базистік пунктке дейінгі тасымалдау шығыны қосылады. Қоғамның нарыққа өтуіне байланысты бағаның мынадай түрлерін атауға болады:
- Еркін баға — бұл сұраным мен ұсынымның әрекетімен нарықта еркін қалыптасатын баға. Мемлекет бұл бағаға жанама жолмен әрекет етеді. Мәселен, мемлекет нарықтық монополиялануына кедергі жасай алады. Осы мақсатпен бағаға шектеу қойып, оны белгілейді. Еркін баға бұл жағдайда әр келісуші жақтардың өзара келісімі бойынша қойылады.
- Реттелетін баға — бұл баға сұраным мен ұсыным әсерінен қалыптасады, бірақ, мемлекеттік органдар тікелей, баға өсімін шектеу немесе оны арзандату немесе коэффициентін белгілеу арқылы әсер етуі мүмкін.
- Белгіленген баға — мемлекет өзінің басқару органдары арқылы тікелей өздері баға белгілейді.
Мысалы, прейскуранттық баға (сатылатын нәрселердің аты, бағасы көрсетілген тізім). Мұндай баға ерекше, аса қиын жағдайларда (соғыс жағдайында, табиғаттың стихиялық апатты жағдайларында, экономикалық дағдарыстарда, тауардың аса тапшылық кездерінде) қолданылады. Сонымен қатар, тауар жаңалығының деңгейіне байланысты әр түрлі баға белгіленеді: «қаймақ алу» тәсілімен баға белгілеу — мұнда жаңа тауарға алғашқы кезде ең жоғарғы баға қойылады. Мұндағы мақсат жұмсалған шығындарды тез қайтару, нарыққа ену бағасы — бұл әдісте кәсіпорын өз тауарына ұқсас тауарлар бағасынан анағұрлым төмен баға қояды. Психологиялық баға — мұнда сатушы, тауар алушылардың бағаны қалай қабылдау психологиясын еске алады. Көптеген маркетологтар бағаны тақ санмен қоюды дұрыс деп санайды. Мәселен, 99 (100 емес), 599 (600 емес) т.с.с. Мұның нәтижесінде сатып алушы да өндіруге жұмсалған шығынды дәл анықтау жайлы пікір туады, мұнда алдау жоқ деп түсінеді. Нарықтық немесе саланың лидеріне (алдыңғы қатарлы озатына) қарап баға қою. Мұнда өзінің бас бәсекелесі (нарықтағы озат кәсіпорны) қойған баға деңгейі қойылады.
Өндіріс шығындарын қайтаруға бағытталған баға — бұл жағдайда кәсіпорын өз тауарына баға қойғанда, өндіріске жұмсалған шығындарға нарықтағы немесе саланың алатын орташа пайда нормасын қосып есептейді. Сонда баға мына формуламен анықталады:
Ц = И+Р+Н(И+Р) немесе Б = ӨШ+ӘШ+ПН,
мұнда И(ӨШ) — өндіріс шығындары;
Р(ӘШ) — әкімшілік шығындары және тауар өткізу шығындары;
Н(ПН) — осы нарықтағы немесе саладағы орташа пайда нормасы.
Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу ұйымдары өндірістің және жеке саланың дамуын болжап, келешекте
бағаны болжамдайды. Нарықтық қатынастар жағдайында мұның рөлі артады.
Нарықтық экономикада бағаны мемлекет реттейді. Бірақ та кейде экономистер нарық жағдайында бағаны мемлекет реттеуге болмайды деген ұғымды айтады. Дегенмен, нарықтық экономика елдерінің тәжірибесі мынаны көрсетеді. Мемлекет ішкі нарықтағы бағаға бақылау жүргізуден қалмайды, қалмақ та емес, бірақ, бұл міндет нарық механизіміне тән тәсілдермен жүргізіледі.
Бағаны мемлекеттік реттеу қажеттілігі экономикалық жүйенің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, баға арқылы ұдайы өндіріс процесінің ауытқуын азайту және жою. Бағаны реттеу дағдарысқа және инфляцияға қарсы жүргізілетін шаралар болып табылады. Бағаны мемлекеттік реттеудің негізгі тәсілдері: заң шығару, әкімшілік және қаржы шаралары арқылы бағаға әсер етуі.
Мемлекеттік реттеудің мақсаты — бағаның инфляциялық өсуіне жол бермеу, өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесін енгізу.
Мемлекеттің өндірушілерге әсер ету шаралары тікелей жолмен — баға құрудың нақты ережесін белгілеу арқылы және жанама жолмен — экономикалық механизмдер арқылы: қаржы-несие механизмі, еңбек төлемі, салық салу және басқа да тетіктер арқылы жүзеге асады.
Бағаны реттеудің бұл аталған тікелей және жанама әдістерін мына сызбадан көруге болады.
Бағаны тікелей әдіспен реттеу:
а) бағаны әкімшілік жолмен бекіту;
б) бағаны өзгертпей ұстау;
в) бағаның жоғарғы деңгейін белгілеу;
г) пайдалылық деңгейін белгілеу;
д) бағаны анықтау үшін норматив белгілеу;
|
баға
|
Бағаны жанама әдіспен реттеу:
а) салық салу:
б) ақша айналымын реттеу:
в) еңбек төлемі:
г) несие саясаты:
д) мемлекеттік шығындарды реттеу:
е) амортизациялық жарнама:
|
Мемлекет бағаны тікелей реттеу әдісіне бағаға былайша әсер етеді: баға деңгейін белгілеу, пайдалылық нормасын белгілеу және басқа да баға элементтерінің құрамына әсер ететін әдістерді қолданады.
Бағаны жанама әдістерді қолдану арқылы реттеуде салық салу, табыс, еңбек ақының ең төменгі деңгейі және т.б. Бұл әдістер арқылы мемлекет бағаның өзіне тікелей әсер етпейді, баға құрылымының факторына ықпал жасайды, демек бұл макроэкономикалық сипатта болады.
Сонымен, бәсекелестік жағдайда ең алдымен өнімге жұмсалған шығындарды азайту есебінен тауар бағасын түсіруге мүмкіндік туады. Демек өнімнің бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ету жоғарыда аталған факторларды тиімді пайдалануға тікелей байланысты.
Ел басшысы биылғы жылғы Қазақстан халқына жолдауында осынау өзекті мәселені былайша атаған: «егер біз әлемнің айтулы астаналарымен шындап бәсекеге түскіміз келсе, онда өзіміздің осы мүмкіндіктерімізді одан әрі еселей беруіміз керек» [1-11 бет].
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Астана, 2007жылғы 28 ақпан.
2. Нұрғалиев Ө. Нарықтың өзекті мәселелерін зерттеу. Қарағанды, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |