Автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi n 245 Заңы



бет2/6
Дата17.07.2016
өлшемі0.74 Mb.
#206037
1   2   3   4   5   6

      2. Жолға бөлiнген белдеудiң шекарасына қойылатын сыртқы жарнама, өзге де ақпараттық белгiлер мен көрсеткiштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуға және қойылуға тиiс.

      3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сервис объектiлерi мен жарнаманы орналастыру және бөлiнген белдеудi пайдаланғаны үшiн төлемақы тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.


      Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168 , 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

  3-тарау. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН МЕМЛЕКЕТТIК РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ

      11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң автомобиль
             жолдары мен жол қызметi саласындағы құзыретi

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына: 

      1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары мен жол қызметi саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты үйлестiру және жүргiзу;

      2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары мен жол қызметi саласындағы қызметiне жалпы басшылық жасау;

      3) автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану ережелерiн , жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары желiсiнiң тiзбесiн, автомобиль жолдарын жөндеу мен күтiп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерiн , Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алым төлеу тәртiбi мен оның ставкаларын бекiту;

      4) автомобиль жолдары желiсiнiң және жол қызметiнiң болашақ даму бағдарламаларын бекiту;

      5) ақылы автомобиль жолдарын және көпiр өткелдерiн пайдалану тәртiбi мен шарттарын бекiту ; P980845

      6) автомобиль жолдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

     6-1) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердi бекiту жатады.
     7) алып тасталды
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20 N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07 N 168 , 2006.12.29 N 209 , 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      12-бап. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi


              мемлекеттiк органның құзыретi

      1. алып тасталды

      2. Автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның қарауына:
      1) алып тасталды

      2) автомобиль жолдары мен жол қызметi саласында бiрыңғай мемлекеттiк және ғылыми-техникалық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;

      3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын мемлекеттiк есепке алу;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол саласын қаржыландыру көздерi мен мөлшерiн анықтау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      5) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабiлетiн нығайту мiндеттерiне сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттiк жоспарлау;

      6) автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;

      7) меншiк нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс iстеу тәртiбiн анықтайтын заң актiлерiнiң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, сондай-ақ жол қызметiндегi мемлекеттiк нормалар мен стандарттардың жобаларын әзiрлеу;

      8) автомобиль жолдарын жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарға жұмсалатын шығындарды қаржыландырудың ғылыми негiзделген нормативтерiн әзiрлеу;

      9) балансында жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттiк ұйымдарды басқару;

      10) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн құру және дамыту жөнiндегi қызметтi үйлестiру;

      11) жол саласында инвестициялық және әлеуметтiк саясатты iске асыру;
      12) алып тасталды

      13) жол қызметi саласында ғылыми зерттеулер жүргiзу;

      14) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

      15) жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету;

      16) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерiн концессияға беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, оларды пайдалану тәртiбi мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн ставкалардың мөлшерiн белгiлеу;
      17) алып тасталды
      18) алып тасталды
     19) алып тасталды
      20) алып тасталды

      21) автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтiп ұстау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

      22) автокөлiк жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жол қызметiн басқару;

      23) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу жатады.


      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168 , 2006.12.29. N 209 , 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       13-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы


             органдардың құзыретi

      1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) өкiлдi органдардың автомобиль жолдары және жол қызметi саласындағы құзыретiне:

      1) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және коммуналдық меншiктегi елдi мекендердiң көшелерiн дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын бекiту;

      2) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органдары басшыларының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн дамыту және күтiп ұстау мәселелерi жөнiндегi есептерiн тыңдау жатады.

      1-1. Автомобиль жолдары және жол қызметi саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдардың қарауына:

      1) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелердi дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;

      2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы көшелердi салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;

      3) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желiсiн, елдi мекендер көшелерiн басқару;

      4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншiгiндегi жолдарды және жол кәсiпорындарын басқару;

      5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелердi салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жатады.

      2. Автомобиль жолдары және жол қызметi саласындағы аудандық (қалалық) атқарушы органдарының қарауына:

      1) облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегiндегi өзге де елдi мекендердегi көшелердi дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу және iске асыру;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;

      2-1) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерiн концессияға беру жөнiндегi ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртiбi мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн ставкалардың мөлшерiн әзiрлеу;

      3) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желiсiн, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;

      4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншiгiндегi жолдарды және жол кәсiпорындарын басқару;


      5) алып тасталды

       6) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегiндегi өзге де елдi мекендердегi көшелердi салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу кезiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру.


      Ескерту. 13-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168 Заңдарымен.

      14-бап. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлау

      1. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлауды мемлекеттiк органдар, шаруашылық және жеке меншiк автомобиль жолдарының басқарушылары бекiтiлген республикалық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырады. Қалалар мен өзге де елдi мекендердiң көше-жол желiсiн дамыту iсiн жоспарлауды тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

      2. Жол саласында тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттiк сатып алу, сондай-ақ осы бағыттағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

      3. Автомобиль жолдарын жобалауды және салуды тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар конкурстық негiзде жүзеге асырады.

      4. Автомобиль жолдарын салу мен реконструкциялау үшiн әзiрленген техникалық құжаттама - белгiленген тәртiппен мемлекеттiк, соның iшiнде экологиялық сараптамадан, ал жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын күрделi және орташа жөндеу үшiн - автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ведомстволық сараптамадан өтуге тиiс.


      Ескерту. 14-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       15-бап. Жол қызметiн жүзеге асыру кезiндегi


              жұмыстың сапасы

      1. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау автомобиль жолдарының жоғары көлiктiк-пайдалану көрсеткiштерiне (жылдамдық, тегiстiк, ұзақ мерзiмдiлiк, автокөлiк жүрiсiнiң жоғары қауiпсiздiк жағдайларына) жету мақсатында, белгiленген талаптар мен нормаларға сәйкес, пайдалануға рұқсат етiлген материалдарды, аспаптарды, жабдықтар және өлшеу құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

      2. Жол қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жұмысты Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң талаптарын сақтай отырып орындауға мiндеттi.
      Автомобиль жолдарын салу, жаңғырту, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзген кезде мемлекеттiк бақылауды - тапсырыс берушi, автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, ал авторлық қадағалауды - жобалау құжаттамасын әзiрлеушi және өндiрiстiк қадағалауды жұмыс орындаушы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттiк қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

      3. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөнiндегi жұмыстарды заңдардың талаптарын бұза отырып орындау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.


      Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.01.10. N 116 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.29. N 209 Заңдарымен.

       16-бап. Жол қызметiн лицензиялау

      1. Жол қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Жеке және заңды тұлғалардың жол қызметiн лицензиясыз не лицензия шарттарын бұза отырып жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      17-бап. Жол қызметiн қаржыландыру

      1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қаржыландыру жол жүрiсi қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау және автокөлiк тасымалдарын қамтамасыз ету талаптары негiзге алына отырып, оларды жөндеу мен күтiп ұстауды қамтамасыз ететiн бекiтiлген нормалар бойынша жүзеге асырылады және бюджет заңдарымен белгiленедi.

      1-1. Концессионерлердiң автомобиль жолдары учаскелерiнiң концессиясы шартына байланысты шеккен шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. алып тасталды

      3. Шаруашылық автомобиль жолдарын дамыту, жөндеу және күтiп ұстау осы жолдар қарауына жататын ұйымдар мен жеке адамдардың қаражаттары есебiнен қамтамасыз етiледi.


      4. алып тасталды
      Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.07.07. N 168 Заңдарымен.

      18-бап. Жол органдарының және олардың


              қызметкерлерiнiң құқықтары

      1. Жол органдары жол полициясы органдарымен және төтенше жағдайлар жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп: қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей апаттары, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабiлетiнiң жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде, бұл жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды тиiстi жол белгiлерiн қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, көлiк құралдарының жүрiсiн шектеуге немесе тоқтатуға, автомобиль жолдарын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауға құқылы.

      2. Жол органдарының қызметкерлерi жол элементтерiн бүлдiретiн немесе ластайтын не жүрiп өтуге арнайы рұқсаты жоқ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарын автомобиль жолының көлiк құралдары жүретiн бөлiгiнiң шегiнен шығаруды талап етуге құқылы.

      19-бап. Жол органдарының және автомобиль жолдарын


              басқарушылардың жауапкершiлiгi

      Жол органдары және автомобиль жолдарын басқарушылар:

      1) қызмет көрсететiн автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар көлiк құралдарының үздiксiз және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ететiн жағдайда күтiп ұсталуы үшiн және табиғат қорғау заңдары талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуi үшiн;

      2) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға залалдың орнын толтыра отырып, жол жағдайларына байланысты туындаған жол-көлiк оқиғалары салдарынан келтiрiлген залал үшiн;

      3) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң фитосанитариялық жағдайы үшiн жауапты болады.

      3-1-тарау. Қауiпсiздiктiң жалпы талаптары

      Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.12.29. N 209 Заңымен.

      19-1-бап. Техникалық реттеу объектiлерi

      Автомобиль жолдары, жол-құрылыс материалдары, автомобиль жолдарын жобалау, салу (реконструкциялау және жөндеу) мен пайдалану процестерi техникалық реттеу объектiлерi болып табылады.

      19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезiндегi


               қауiпсiздiк талаптары

      1. Автомобиль жолдарын жобалау жылдамдықты барынша шектеу және өзгерту, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету шарттары және перспективалы кезеңнен кейiн жолды реконструкциялау мүмкiндiгiн ескере отырып жүзеге асырылуға тиiс.

      2. Автомобиль жолдарының жобалық шешiмдерi:

      1) көлiк құралдарының есептелген жылдамдықпен ұйымдасқан, қауiпсiз қозғалысын;

      2) жүргiзушiлердiң көзбен шолып бағдарлау шарттарын сақтауын;

      3) қосылатын жолдар мен қиылысатын жолдардың қауiпсiз орналасуын;

      4) автомобиль шиналарының жүру жолының беткi қабатына қажеттi жанасуын;

      5) автомобиль жолдарының, оның iшiнде қорғағыш жол ғимараттарымен қажеттi жайластырылуын;

      6) жол және автокөлiк қызметтерiн қажеттi ғимараттармен және құрылыстармен қамтамасыз етуге тиiс.

      3. Өндiрiстiк базаларды, жол және автокөлiк қызметтерiнiң ғимараттары мен құрылыстарын жобалау кезiнде атмосфералық ауадағы, су объектiлерiндегi және топырақтағы ластаушы заттардың рұқсат етiлетiн шектi концентрациясының сақталуын қамтамасыз ететiн iс-шаралар әзiрленуге және жүзеге асырылуға тиiс.

      4. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеген кезде жол және жол қозғалысының:
      1) адамдарға және қоршаған ортаға;

      2) табиғат көрiнiстерiне, жолдағы объектiлерге және тарихи-мәдени мұраға тiкелей және жанама әсерiн бағалау қажет.


      Орман екпелерiн (жол бойындағы) отырғызу қандай да бiр басқа қауiп-қатердiң туындауын болғызбау шартымен көзбен шолып бағдарлауды жақсартуға және жолдың көзбен бiркелкi көруiн бұзуға жәрдемдесуге тиiс.

      5. Жолдарды жобалау кезiнде жол белгiлерiн оларды орнататын орындар мен орнату әдiстерiн көрсете отырып, орналастыру схемасын және жолды белгiлеу схемасын әзiрлеу қажет.

      6. Автомобиль жолдарын жобалау кезiнде қойылатын қауiпсiздiк талаптары техникалық регламенттерде белгiленедi.

      19-3-бап. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау


                және жөндеу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары

      1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде жобалау-сметалық құжаттамалардың осы Заңның және автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердiң талаптарына сәйкестiгi қамтамасыз етiлуге тиiс.

      2. Салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде қауiпсiздiк және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi шараларды қолдану қажет. Жұмыс жүргiзу әдiстерiн және механикаландыру құралдарын таңдау кезiнде тиiстi санитарлық нормаларды, атмосферадағы ластаушы заттардың рұқсат етiлетiн шектi нормаларын сақтау қажеттiгi ескерiлгенi жөн.
      Жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде жасыл екпелердi сақтау немесе оларды қалпына келтiру қамтамасыз етiлуге тиiс.

      3. Жол жұмысшыларының және жол қозғалысына қатысушылардың қауiпсiздiгi қозғалысты ұйымдастыру және жұмыстар жүргiзiлетiн орынды қоршау шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етiлуге тиiс, олар жұмыстарды жоспарлау барысында қарастырылуға және оларды жүргiзу кезiнде ұдайы тексерiлуге тиiс.

      4. Жер төсемiн тұрақтандыру мерзiмi құрылыстың белгiленген мерзiмiнен едәуiр асып кететiн күрделi инженерлiк-геологиялық жағдайларда жол салу, реконструкциялау және жөндеу кезiнде суды бұруды және әр сатыдағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ете отырып жол жабындысын сатылап салуды көздеуге рұқсат етiледi.

      5. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезiндегi қауiпсiздiк талаптары техникалық регламенттермен белгiленедi.

      19-4-бап. Автомобиль жолдарын пайдалану кезiндегi
                қауiпсiздiк талаптары

      1. Жолдардың жай-күйi жол қозғалысы қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге және көлiктiк-пайдалану жүктемесi деңгейiне сәйкес келуге тиiс.


      Жол жиегiндегi белдеулердiң енi жолдың осы түрi үшiн белгiленген нормалардан кем болмауға тиiс.
      Ақпараттық көрсеткiштер мен белгiлер қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және нормативтiк құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиiс.
      Жолдардың құрамы өңiрдiң климаттық ерекшелiктерi мен көлiктiк-пайдалану жүктемесiн ескере отырып, оларды пайдалану кезiндегi қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге тиiс.

      2. Автомобиль жолдарының және қалалар мен елдi мекендер көшелерiнiң жүргiншiлер бөлiгi, жаяу жүргiншiлер тротуарлары мен велосипед жолдарының, қону алаңдарының, аялдама пункттерiнiң, сондай-ақ бөлушi белдеулердiң, жер төсемiнiң жиектерi мен қырларының топырақ жамылғылары жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге тиiс.


      Жол жамылғыларында есептiк жылдамдықты және қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қажеттi беткi қабат болуы керек.
      Жүргiншi бөлiктiң жамылғысында отырып қалған жерлер, ой-шұңқырлар, көлiк құралдары қозғалысын қиындататын өзге де ақаулары болмауға тиiс.
      Қыс кезiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн және оны тиiстi шаралар қабылдау арқылы ұйымдастыру барынша қамтамасыз етiлуi қажет.

      3. Жол-көлiк оқиғаларының және жол жұмыстарын жүргiзу  орындарындағы көлiк құралдары кiдiрiстерiнiң алдын алу үшiн жұмыстарды жүргiзетiн орындарда қоршау қондырғыларын, белгiлер және таңбалар орнату көзделуi, сонымен бiрге олардың тәулiктiң кез келген уақытында көрiнiп тұруы қамтамасыз етiлуi керек.


      Жол қозғалысын ұйымдастыруда қолданылатын техникалық құралдар (қоршаулар, белгiлер, таңбалар, бағыттаушы қондырғылар, жарықтандыру жүйелерi, бағдаршамдар, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйелерi) тәулiктiң кез келген уақытында жақсы көрiнiп тұруға және ажырататындай болуға тиiс.

      4. Жол қозғалысы, жолға күтiм жасау және оны ұстау салдарынан болған шу, дiрiл және ауа мен судың ластану деңгейiн автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттермен белгiленген талаптар негiзiнде тиiстi шаралармен шектеп отырған жөн.

      19-5-бап. Жол-құрылыс материалдарына қойылатын
                қауiпсiздiк талаптары

      Жол-құрылыс материалдары қоршаған ортаның әсерiне төзiмдi болуға, сондай-ақ олардың құрамындағы зиянды құрамдас бөлiктерi мен қоспалар жол берiлетiн нормадан аспауға тиiс.

4-тарау. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ

      20-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль


              жолдарын пайдалану

      1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану құқығына ие болады.

      2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдаланушылар көлiк құралдарын жол жүрiсi қауiпсiздiгiн, жолдардың және олардағы құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайда пайдалануға, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге мiндеттi.

      21-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк


              құралдарының жүруi

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүру ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi .

      22-бап. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк
              құралдарының жүруi

      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының жүру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi және ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда анықталады .

      23-бап. Автомобиль жолдары маңындағы жер
              учаскелерi меншiк иелерiнiң мiндеттерi

      1. Автомобиль жолдарына аумақтары жалғасатын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:

      1) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуды жол органдарымен келiсуге;

      2) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды және оларға кiрме жолдарды техникалық жағынан дұрыс және тиiстi санитариялық жағдайда ұстауға, қоқыстан, ластан және қардан тазартып отыруға;

      3) көрудi қиындататын және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн нашарлататын материалдар мен конструкцияларды жол бойындағы белдеуге жиып қоюға жол бермеуге мiндеттi.

      2. 1-тармақта көрсетiлген талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет