Автомобиль жолдары туралы


-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүруі



бет21/24
Дата07.02.2024
өлшемі77.91 Kb.
#491293
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Автомобиль жолдары ҚР Заңы

21-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүруі
Ескерту. 21-бап алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
22-бап. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының жүруі
Ескерту. 22-бап алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
23-бап. Автомобиль жолдары маңындағы жер учаскелерi меншiк иелерiнің мiндеттерi
1. Автомобиль жолдарына аумақтары жалғасатын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:
1) кiрме жолдардың және халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдардың құрылысын жобалау үшін Ұлттық оператордан техникалық шартты алуға;
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды және оларға кiрме жолдарды техникалық жағынан дұрыс және тиiстi санитариялық жағдайда ұстауға, қоқыстан, ластан және қардан тазартып отыруға;
3) көрудi қиындататын және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн нашарлататын материалдар мен конструкцияларды жол бойындағы белдеуге жиып қоюға жол бермеуге мiндеттi.
2. 1-тармақта көрсетiлген талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.12.2013 № 152-V (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


24-бап. Автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығы
1. Жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда пайдалану үшiн автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығын, меншiк нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
2. Қазақстанның бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген жағдайда және iшiнара немесе жаппай жұмылдыру жарияланған кезде жеке меншiк жолдарды жол жүрiсiне қатысушылардың барлығы меншiк иесiнiң келiсiмiнсiз пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет