Аяган Еркiн Сагынтайулы «Білім берудегі менеджмент» пәні бойынша Дәрістер курсы мамандығы: «5B011200-Химия, 5B011000-Физика» Қарағанды 2018 1- лекция


Қазіргі педагогикалық менеджменттің негізгі концепциялары



бет32/39
Дата09.03.2024
өлшемі148.49 Kb.
#494801
түріЛекция
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
multi--1 x452391492

Қазіргі педагогикалық менеджменттің негізгі концепциялары.
Жоспар:

    1. Педагогикалық менеджментке синергетикалық қатынас.

    2. В.П. Симоновтың педагогикалық менеджмент концепциясы.

    3. Ю.А. Конаржевскийдің «менеджмент және мектепішіндегі басқару» концепциясы.



    1. Педагогикалық менеджментке синергетикалық қатынас.

Әрбір әлеуметтік жүйенің негізгі компоненті, әлеуметтік жүйелік қасиетті тасушы жеке адам өзіне екі есе жүк артады. Бір жағынан қарағанда, жеке тұлға, қоғам және ұжымның қатынас жүйесіне өзінің әс-әрекеті арқылы еніп, әлеуметтік басқарудың объектісі ретінде алға шығады. Екінші жағынан қарағанда, ол басқарушылық әрекеттің жүрісіне, басқару субъектісі ретінде белсенді әсер ете алады. Бірақ, екі жағдайда да, басқару - еңбектің ерекше түрі болып табылады. Ол адамның шығармашылық іс-әрекеті қоғам өмірінің барлық танымдық, мақсатқа бағыттылық сфераларымен міндетті түрде байланысты. Яғни, басқару іс-әрекетін әрбір адамның іс-әрекетінің шеңберінде қарастыруға болады.
Қазіргі менеджменттің жетекші идеясы, педагогикалық тұрғыдан қарағанда, осы қағида болып табылады. Бұл келесі дәрісте қарастырылатын, басқару принципінің жүйесінде толық ашылады.
Қазіргі менеджменттің екінші жеткен ғылыми жетістігі синергетикалық концепциялар болып табылды.
Синергетика – бұл сызықты емес, ашық, біркелкі емес және өздігінен дамитын жүйелер туралы ғылым. Бұл жерде білім беру жүйесіне, педагогика жүйесіне жататын әлеуметтік жүйе туралы сөз болып тұр.
Синергетика теориясын сезіну әрбір қоғамдық жүйенің ашық сипаты туралы негізгі қағидаларды анықтаумен байланысты.
К. Поппердің трактовкасы бойынша, жеке адамның өз қабілеттіліктерін дамытуда ештеңе әсер етпесе, қоғам «ашық» болып табылады, әлеуметтік институттар осындай үлгімен ұйымдастырылса, өмірді, қоғамның еркі және бағытымен толық әрі бақытты қылып өзгертуге және жетілідіруге болады. Ашық қоғам, ойлау бостандығын талап етеді, ол догмаға соқыр сеніммен қарайтындарға қарама-қарсы рационалдығымен ерекшеленеді.
Адамдар белгілі бір инстркуциялар мен соқыр нанымдарға сенгенде және олардың өмірлік таңдауы қатаң, өзгермейтін, алдын-ала жазылып қойылған ережелерге бағынғанда қоғам «жабық» болып табылады.
Білім жүйесіне қатысты оның ашықтығы прогрессивті дамуғды, бәрінен бұрын ішкі қордың арқасында жоғары қабілеттілікті көрсетеді. Сол себепті, оның дамуы қоршаған ортамен күнделікті қарым-қатынаста болу үрдісімен детерменделеді.
Синергетикалық концепция жабықтан (ішкі ведомствадан жабық) ашық (қоғам әрекетіне жетерлік) білім жүйесіне көшуді жорамалдайды. Бұндай қатынас білімнің адамды оқыту қабілетінен, осы қоғамға әрі қарай өсу мен жетілу үшін синергетиканы меңгерген, шығармашылық тұлғаны адекватты қалыптастыру құралына айналдыруға қабілетті. Ашықтықтың қасиеттерін объективті меңгерген мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің негізгі рөлін білім жүйесі атқарады.
«Ашық білім жүйесі» түсінігі, базар экономикасында және демократиялық қоғам жағдайында перспективалы болып табылғандықтан, қазіргі педагогикалық ойларды зерттеушілерді қызықтырады. Э.М. Калицкий (Белорусия) кәсіптік білім сферасын зерттегенде, егер ол адамның өмір сүруге және іс-әрекет тәжірибесіне көпқырлы дайындығын қамтамасыз ете алса, оны ашық деп санауды ұсынады. Жүйенің біркелкілік емес феноменін ашу үшін міндетті түрде флуктацияның - синергетика теориясының келісімімен өздігінен ұйымдасқан үрдістің басы болып табылатын жүйенің байқаусызда біркелкіліктен ауытқу категориясын қосу керек. Алғашқы күндері бұл флуктациялар жүйемен басылып қалады, бірақ жүйе қоршаған ортамен қарым-қатынаста біркелкі емес болып табылады, оның флуктациясы уақыт өткен сайын әлсізденбей, қайта күшейе түседі. Флуктацияның күшеюінің нәтижесінде бұрынғы динамикалық құрылым немесе қызмет ережесі «қаусайды», яғни ескі элемент жүйелері арасындағы байланыс өзгеріске ұшырайды, және, осындай үрдістің себебі ретінде жаңа динамикалық ереже, құрылым және спонтандық тәртіп орнатылады.
Әлеуметтік жүйеде синергетика теориясының келісімі бойынша әрқашан «хоаса» аймағы мен тәртіп аймағы қатысады. Осы жағдайда туындаған табиғи қайшылық, өздігінен даму жүйесінің негізгі қайнар көзі болып табылады. «Хоаса» аймағының маңызды бөлшегі тәртіп жағдайына берілген жүйенің субъект танымы мен еркінен тыс табиғи жолмен ауысады. Мысалға, педагогикалық жүйенің сипатына педагогикалық мақсаттар (педагог мақсаты) және педагогикалық емес мақсаттардың (балалар мақсаты) арасында қайшылықтардың болуы жатады.
Табиғи және әлеуметтік жүйенің дамуының арасындағы айырмашылығы маркетинг, менеджмент, басқару теорияларында соңғы жылдары ерекше ілгері жылжыған және іске асқан қоғам басқаруына өзіндік ұйымның қосылуымен сипатталады. Қоғамда ерік пен танымға дарынды, сол немесе басқа қызығушылықты қуушы және өзіне нақтылы мақсат қойған адамдар әрекет ететін болғандықтан, олар дәл осылай хаосқа стихиялы үрдісті бастайтындарға белсенді әсерін тигізеді, олардың негативті зардабын ескерте және түзете алады.
Әлеуметтік жүйені басқару өнері көбінесе өздігінен ұйымдасқан үрдістің және олардың ішіндегі ұйымдарының арасындағы әрекеттерін айыру шеберлігіне байланысты болады.
Кибернетикалық қатынасқа үлкен көрнекі құрал ретінде жақтастардың басқару трактовкасын ұсынған жөн. Кибернетикадағы басқаруда «, қалыпты жоспар үрдісінің, параметрлерді өзгертуде нақтылы бағдарламамен сай келуі, жүйе ішіндегі жүйелердің ішкі және сыртқы байлнысы және өзін-өзі басқару жүйесінің күрделі динамикалық элементінің ішкі және сыртқы функциональдаудың шарттарының өзгерумен байланысы, жүйенің белгілі сапасын сақтау» деп түсіндіріледі. Кибернетика оқыту теориясы үшін қызығушылықты тең дәрежеде көрсететін, басқарудың екі стратегиясын атап көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет