Аягөз ауданы әкімінің жыл сайынға есеп беру жиналысының қысқаша қорытындысы



жүктеу 46.81 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі46.81 Kb.
Аягөз ауданы әкімінің жыл сайынға есеп беру жиналысының қысқаша қорытындысы

Аудан экономикасында агроөнеркәсіп кешенінің алатын орны жоғары.Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 11201,4 млн.теңгені немесе 2010 жылдың іспеттес көлеміне 101%-ды құрады, табиғи көлем индексі – 100,8%. Жылдық жоспар – 8790,3 млн.теңге болса, бұл 27,4%-ға немесе 2411,1 млн.теңгеге артық орындалды. Ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлеміндегі мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі – 74,8%, өсімдік шаруашылығы – 25,2%.

2012 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны – 59654 бас, қой-ешкі – 270565 бас, жылқы - 19505 бас, құс саны - 31541.

Ірі-қара малы бойынша – 1,9% төмендеу тіркелсе, қой-ешкі бойынша – 0,1%, жылқы бойынша – 1,5%, құс бойынша – 3,8% өсу тіркелген.

Тірі салмақтағы ет – 16034,9 тонна, сүт – 45710,6 тонна, жұмыртқа – 4029,5 мың дана өндірілген. Алынған ауыл шаруашылығы өнімін шығару көлемі бойынша өткен жылғы сатыдан ет – 4,7%, сүт – 1,2%, жұмыртқа - 8,7% жоғары. Жүн өндіру 539,3 тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,2%-ға жоғары.

2010 жылы егістік көлемі 14000 га болса, 2011 жылы 15783 га, былтырғы жылдың деңгейіне 112,7% құрады. Оның ішінде: 9233 га дәнді дақыл (былтырғы жылға қатысты 104,5%), 1950 га күнбағыс (104,4%), 703 га картоп (100,4%), 336 га көкөніс (112%), 5 га бақша дақылдары (былтырғы жылы болмаған), 3156 га көп жылдық шөп (137,4%), 400 га біржылдық шөп (былтыр болмаған).

Жыл бойында 7848 тонна дәнді дақыл, 878 тонна майлы дақыл, 7733 тонна картоп, 4536 тонна көкөніс жиналды.

Аудан бойынша қатаң мал азығын дайындау тапсырмасы 132 000 тонна, шабылғаны 151200 тонна немесе 114,5%.

Ауданның барлық өнеркәсібі бойынша 2011 жылы қолданыстағы бағамен 5870,0 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, 2010 жылға қатысты 144,2%-ды құрады. Нақты көлемінің индексі – 298,6%.

Өндірістік өнімнің негізгі үлесін табиғи көлем индексі 105,2% құрайтын өңдеу өнеркәсібі алады. Мұнда жалпы өнеркәсіп өнімінің 60,7%-ы өндірілген.

Өндірістік өнім көлемі бойынша жеткізілген 4175,8 млн.теңге жоспар-тапсырма ауданда 1694,2 млн.теңгеге немесе 40,6%-ға артық орындалды.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі 3977,9 млн.теңгені құрады, өткен жылдан 241,2% жоғары.

2011 жылдың қаңтар-желтоқсанына берілген жоспар-тапсырма 1460,1 млн.теңге болса, бұл ауданда 2517,8 млн.теңгеге артық орындалды немесе 272,4 % құрады.

2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 281 бірлікті құрады. Одан: 2 ірі, 46 орта және 233 шағын кәсіпорындар. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны – 212 бірлік (ірі- 2, орта – 45, шағын – 165).

Былтырғы жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда бөлшек сауда айналымы 37,4%-ға немесе 1722,2 млн. теңгеге, жоспармен салыстырғанда 18,7%-ға немесе 995,6 млн.теңгеге артты.

2011 жылдың 1 қаңтарын 2011 жылдың 1 желтоқсанымен салыстырғанда баға деңгейі 23 тауар түрінен тұрақты деңгейде сақталған.

2011 жылдың 12 айында ауданға жалпы аумағы 3200 шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспары берілсе, жыл бойында 4349 шаршы метр тұрғын үй іске қосылған, бұл 2010 жылдан 8,1%, жоспардағыдан 35,9% жоғары. Тұрғындар қаражаты есебінен тұрғын үй салуға 53 млн. теңге жұмсалған.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 834,9 млн.теңгені құрады. 2010 жылдың 12 айы деңгейіне 46,1% құраса, жоспардағыдан 602 млн.теңгеге немесе 41,9%-ға кем.

Ағымдағы деректер бойынша аудан халқының саны 2011 жылдың 1 желтоқсанына 73,8 мың адамды құрады. 2011 жылдың 1 қаңтарынан бергі кезең ішінде халық саны 601 адамға азайып, 99,2%-ды құрады.

2011 жылдың 12 айында 1511 сәби дүниеге келді немесе былтырғы жылға қатысты алғанда 91,1% құрады. 488 адам қайтыс болып, 2011 жылмен салыстырғанда 16 адамға көбейген немесе 103,4% құраған.

1 жасқа дейінгі жас шамасында 22 нәресте шетінеп, өткен жылға қатысты 68,8% құрады.

Туберкулезбен ауырғандар саны 2011 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 87 адамды құрап, 2010 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға немесе 6 адамға көбейген.


2011 жылғы ІІІ тоқсанда халықтың жұмыспен қамтылуын бір жолғы зерттеу деректері бойынша жұмыссыздар саны 1831 адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халық санына қатысты алғанда 4,9%-ға жетті. Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 2012 жылдың 1 қаңтарына 222 адамды құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 39 адамға азайған немесе 85,1% құрайды.

Жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 64621 теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 16,1%–ға жоғарылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізуге арналған аудандық іс-шаралар жоспары мерекелеу Концепциясына сай әзірленіп, бекітілді. Ауданда жыл басынан бастап 960 спорттық, 2110 мәдени-массалық, 1254 қоғамдық-саяси іс-шаралар «мерейтойлы 20 жыл» ұранымен өткізілді.

2011 жылдың қаңтар айынан бастап жергілікті «Аягөз жаңалықтары» газетіне – 1950 мақала, қоғамдық-әдеби «Мөлдір сана» газетіне – 890 мақала жазылды.

Аягөз аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты 54 мекеме бар, оның ішінде 35 орта мектеп, 4 мектеп бала-бақша және 14 шағын комплектілі мектеп, 1 өнер мектебі.

Биылғы жылы дәріс алып жатқан оқушылар саны - 12643. Оларға дәріс беріп жатқан мұғалімдер саны - 1379. Осы жылы ұстаздардың қатары 46 жас маманмен толықты. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 11 жас маман жіберілді. Бұл мамандарға бюджеттен 1 млн.157 мың теңге қаржы бөлінді.

Биылғы оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеуге 1129 оқушы қатысты. 2010 жылы орта балы 84%-ды көрсетсе, 2011 жылы 84,4%-ды көрсетті. Аудан бойынша бүгінгі күні 4 балабақша, 29 мектеп жанындағы шағын орталық жұмыс істейді.

Ауданда бүгінгі күні мәдениет үйлері мен ауылдық клубтардың, кітапханалардың саны - 46. Олардың 22-і мәдениет үйлері мен клубтар, 23-і аудандық, ауылдық кітапханалар және 1 мұражай. Кітапханаларда барлығы - 211 700 кітап қоры жинақталып, оқырмандар саны 12,7 мың адамды құрауда. Кітапханаларға келушілер саны - 100,3 мың адамға жетіп отыр.

Ауданның құқық қорғау органдарымен 710 қылмыстық іс жасағаны анықталды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 59,9%-ға көп. Ашылу деңгейі 51,7%.

44 ауыр және аса ауыр қылмыс жасалып, өткен жылдың деңгейіне қатысты 151,7% құрады.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша биылғы жылы барлығы 469315 мың теңге қаржы бөлінді, оның ішінде: облыстық бюджеттен 436199 мың теңге, жергілікті бюджеттен 33116 мың теңге. Жыл бойына жоспарланған 469315 мың теңгенің 469272,7 мың теңгесі игерілді.

Білім нысандарын ағымдағы жөндеуге қарастырылған 20000 мың теңгенің 19957,7 мың теңгесі немесе 99,8%-ы игерілді. 42,3 мың теңге - үнемделген қаржы. Аягөз қаласы, Ақши ауылы, Бозай ауылының су жүйелерін жөндеуге қаралған 137119 мың теңге, Айғыз ауылдық клубын ағымдағы жөндеуге қаралған 4700 мың теңге, Бозай ауылының кіреберіс жол жөндеу жұмыстарына қаралған 126061 мың теңге, Аягөз қаласындағы политехникалық колледж ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына қаралған 7207 мың теңге, денсаулық сақтау саласына қаралған 154239 мың теңге толығымен игерілді.

«Жол картасы» бойынша 487 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жұмысқа орналасқандары 446, оның ішінде жұмыспен қамту бөлімі арқылы 265 адам орналасты.

Ауданның шаруашылық жүргізуші субьектілерінен 1 499,1 млн. теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 108,7%–ын құрайды.

Жыл басынан бері 2 336,1 млн.теңге субвенция, 831,0 млн.теңге ағымдағы трансферттер және 50,1 млн.теңге даму трансферттері алынды.

Жергілікті бюджеттің игерілуі 4682,2 млн.теңгені немесе 99,5%-ды құрады.



Аудан әкімінің 2011 жылғы есептік кездесулері кезінде тұрғындармен көтерілген жалпы 48 мәселе бақылауға алынып, бүгінгі күнге барлығы толық орындалды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет