Аягөз ауданының 2007 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік – экономикалық дамудың қорытындылары



жүктеу 32.73 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі32.73 Kb.
Аягөз ауданының 2007 жылдың

1 жартыжылдығындағы әлеуметтік – экономикалық

дамудың қорытындылары

Ауданның 2007 жылдың 1 жартыжылдығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары экономикалық өсу тенденциясын көрсетіп отыр.

Осы жылдың қаңтар – маусымында аудан өнеркәсіптері қолданыстағы бағамен 2394,8 млн.теңгенің тауарлық өнімдерін өндірді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге артты.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінде «Жолбарыс» ЖШС-інің үлес салмағы басым. Кәсіпорында 922,5 млн.теңгенің жұмысы атқарылды, бұл 2006 жылдың 6 айымен салыстырғанда 93%-ға көп. Сол сияқты Қазақмыс Корпорациясының «Құсмұрын» руднигінде 689,6 млн.теңгенің өнімі өндірілген.

Былтырғы жылдың 6 айымен салыстырғанда басқа да теміржол кәсіпорындарының көрсеткіштері жоғары, оның ішінде «Теміржолсу Аягөз» ЖШС-і өндіріс көлемін 30%-ға арттырған, «Теміржолжылу» ЖШС-і 24,4%-ға, сондай-ақ 50 адамға дейін еңбек ететін кәсіпорындар 25,4% - ға, ал қосалқы шаруашылықтар өнімінің көлемі 3,3 есеге артқан.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі есепті кезеңде (қоғамдық тамақтандыру айналымын қоспағанда) 1235,4 млн.теңге құрады, бұл былтырғы жылғыдан 6,5%-ға көп.

Осы жылдың жартыжылдығында 1300,7 млн.теңгенiң мал шаруашылығы өнiмдерi өндiрiлген, өткен жылдың 6 айына қатысты 100,4% құрайды немесе 5,2 млн.теңгеге артық.

Ауылшаруашылығының барлық категорияларында мал шаруашылығы бойынша 2006 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда жалпы мал басының барлық түрлері көбейді.

Ірі қара 78,6 мың бас құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,5%-ға артық, қой мен ешкі – 305,0 мың бас (7,4%-ға), жылқы – 11,7 мың бас (11,7%).

Биылғы жылы ауылшаруашылығы саласында 4483,4 тонна мал мен құс (тірі салмақпен) сойып сатылды. Өткен жылдың қаңтар - маусымымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 103,6%, 16736,5 тонна сүт (95,3%), 1381 мың дана жұмыртқа (91,4%), 390,0 тонна жүн (104,3%) өндiрiлдi.

Биылғы жылы сүт өңдеу цехын іске қосу қолға алынды, осы мақсатқа «Ақбота» өндірістік кооперативі 10,0 млн.теңге несие алды. Кәсіпорын үшін бос тұрған ғимарат қарастырылып, жөндеу-жабдықтау жұмыстары жүргізілмекші.

Жұмыспен қамту мәселесі бойынша өкілетті органдарда осы жылдың 1 шілдесіне есепте тұрған жұмыссыздардың саны 469 адам болды, бұл 2006 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 158 адамға аз.

Ресми жұмыссыздық деңгейі былтырғы жылдың қаңтар – маусымында 1,6% құраса, биылғы жылдың сәйкес кезеңінде 1,2% дейін төмендеп отыр. Жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне әсер еткен негізгі фактор кіші кәсіпкерлік аясында жаңадан құрылған жұмыс орындарының көбеюі және маусымдық жалдамалы жұмыстар болып отыр. Есепті жылы 568 жаңа жұмыс орны ашылды.

Осы жылы жұмыспен қамту мекемесіне келіп тіркелгендер саны 711 болды, 366 адам жұмысқа орналастырылып, 378-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберілді, 116 адам кәсіби даярлықтан өтті.

Кедейшілік шегінен төмен тұратын жанұялар саны 1631 болды, немесе 2006 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда 770-ке азайған.

Экономикалық қызметтің барлық түрлерінде жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа айлық еңбек ақысы 36900 теңге құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26% - ға жоғары.

2007 жылдың 1 шілдесіне ауданда 113 шағын бизнес кәсіпорындары тіркелді, оның ішінде 80 жұмыс істеп тұрған.

Жыл басынан бері кіші кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке 58,6 млн.теңге құйылған немесе жалпы бюджеттің 9,3% үлес салмағын құрайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда бюджетке түскен қаржы 3,0 млн.теңгеге өскен.

Ағымдағы жылдың 6 айында іске қосылған тұрғын үйлер көлемі 25019 шаршы метр құрады, бұл былтрғы жылдағыдан 6,1 есе көп.

Ауданда халықққа қызмет көрсететін 372 сауда кәсіпорындары, оның ішінде 273 дүкен, 7 сауда үйі, 3 жабық базар, 64 қоғамдық тамақтандыру орындары, 55 қызмет көрсету орындары, 27 жанар-жағар май құю станциялары, 29 дәріхана, 2 диірмен, 1 нан заводы, 7 кондитер цехы жұмыс жасауда

Өткен жартыжылдықта 849 сәби дүниеге келді. 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 сәбиге артық.

271 адам дүние салды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 адамға аз, табиғи өсім 578 құрады.

Құқық қорғау органдары бойынша барлығы 137 жалпы қылмыстық іс тіркелген, бұл 2006 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32 қылмысқа көп. Қылмыстардың ашылуы 68,8% құрады.

2007 жылдың 6 айында жұқпалы аурулармен науқастанғандар саны 940 адам болды, өткен жылдың жартыжылдығымен салыстырғанда 217-ге азайған. Жұқпалы іш аурулары, тұмау сияқты ауру түрлері азайған.

Осы жылдың 1 шілдесіне жергілікті бюджетке 629,8 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 122% құрап отыр. Оның ішінде:

- табыс салығы – 147,7 млн.теңге болып (119%);

- әлеуметтік салық 207,1 млн.теңге (109%);

- мүлік салығы 144,7 млн.теңге (138%);

- жер салығы 11,8 млн.теңге (103%);

- көлік салығы 11,0 млн.теңге (143%).



Жыл басынан бері 402,0 млн.теңге субвенция алынды, 116,6 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер мен 163,5 млн.теңге даму трансферттері алынды.

2007 жылға 1047,5 млн.теңге болып бекітілген жергілікті бюджеттің кірістерінің болжамы жартыжылдықта 60%-ға орындалды. 130,0 млн.теңгеге ұлғайтып, бюджетті нақтылау жүргізілді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет