Аягөз ауданының 2009 жылдың қаңтар-мамыр айларына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



жүктеу 22.16 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі22.16 Kb.
Аягөз ауданының 2009 жылдың қаңтар-мамыр айларына әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

2009 жылдың қаңтар–мамыр айларында аудан өнеркәсіптері қолданыстағы бағамен 1199,4 млн.теңгенің тауарлық өнімдерін өндірді. Заттай көрсеткіштер серпінінен есептегенде, өнеркәсіп өнімінің нақты көлемі 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 57,9% құрады.


Өңдеу өндірісі саласы бойынша 1 мамырда 755,0 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлемінің индексі 95,7%-ды құрады.

Ауыл шаруашылық өнімдері 1250 млн. тенге құрап, 2008 жылдың қаңтар – мамырымен салыстырғанда 27%-ға немесе 265,7 млн. теңгеге артты.


2009 жылдың 5 айында барлық категориядағы шаруашылықтар бойынша ірі қара 83969 бас, оның ішінде аналығы – 29974, қой мен ешкі – 381526, жылқы – 22524, құс – 28520. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара 2086 басқа, оның аналығы 1016 басқа, қой мен ешкі 26002 басқа, жылқы 1282 басқа көбейген.
Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында мал мен құсты тірідей салмақта союға өткізу 4146,2 тонна (2008 жылдың 5 айының денгейіне қатысты 121,7%), сүт өндіру – 14156,3 тонна (106,5%) жұмыртқа алу – 1338,8 мың дана (101,2%) құрады.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі қаңтар-наурыз айларында (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 680,2 млн. тенгені құрап, 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға немесе 2,8 млн. теңгеге азайды.

2009 жылғы қаңтар–мамырда негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 223,8 млн.теңгені құрады.
Ағымдағы жылдың 1 маусымына жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 406 адам болды, бұл 2008 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда 53 адамға аз. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 1,2 болып, 2008 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде қалыптасты. Жыл басынан бері 512 жаңа жұмыс орындары ашылды.

2009 жылдың қаңтар-мамыр айларында ақылы қоғамдық жұмыстарға 258 адам қатысты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,6%- ға азайды. 53 адам кәсіби оқытылды, бұл өткен жылдың 5 айымен салыстырғанда 10 адамға аз.


2009 жылдың 3 айында жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы орта есеппен 56925 теңгені құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 41,6%-ға өсті. Жалақының ең жоғарғы денгейі көлік және байланысқа қарасты мекемелерде, ал ең төмені әлеуметтік және коммуналдық қызмет мекемелерінде.

2009 жылдың қаңтар-мамырында жалпы аумағы 1652 шаршы метр немесе 15 тұрғын үй іске қосылды. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңінің 69,2%-ын құрады. Тұрғындар қаражатынан 24,7 млн.теңге инвестиция жұмсалған.

Ауданда 3 базар, 273 сауда дүкендері мен сауда үйлері, 61 қоғамдық тамақтандыру орындары, 28 жанар-жағармай құю станциялары, 30 дәріхана, 1 нан заводы, 15 кіші наубайхана, 10 кондитер цехы, 70-тен астам қызмет көрсету орындары қызмет көрсетеді.
Құқық қорғау органдары бойынша 2009 жылдың қаңтар–мамырында 133 қылмыстық іс тіркелген, бұл 2008 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,7%-ға аз. Ашылу денгейі 66,4%-ды құрап отыр.

Жүргізілген есеп бойынша 2009 жылдың қаңтар–мамырында 782 сәби дүниеге келді, өткен жылдан 40 сәбиге, немесе 5,4% жоғары.


2009 жылдың басынан 291 адам дүние салды, 2008 жылдығынан 4 адамға аз.
Халықтың табиғи өсуі 491 адамды құрады.

2009 жылдың 5 айында жергілікті бютжетке 519,9 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 103,4% құрап отыр.


Жыл басынан бері 620,0 млн.теңге субвенция алынды, 97,8 млн.теңге нысаналы ағымдағы трансферттер мен 152,1 млн.теңге даму трансферттері алынды.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет