Аягөз ауданының 2013 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары



Дата24.02.2016
өлшемі19.51 Kb.
#11976
Аягөз ауданының 2013 жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары

Өнеркәсіп. 2013 жылдың 1 маусымына аудан өнеркәсібінде қолданыстағы бағамен 1716,3 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 125,4 % құрады.

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4234,1 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімінен 981,9 млн.теңгеге артты.

2013 жылдың 5 айына жасалған талдау барысында 75207 бас ірі қара, оның ішінде 31822 бас аналық сиыр, 374165 бас қой-ешкі, 24031 бас жылқы, 83 бас түйе, 33796 құс тіркелген.

Барлық шаруашылық категориялары бойынша 5509,7 тонна мал мен құс (тірі салмақпен) сойылып сатылып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,3% құрады. 16032,4 тонна сүт (2013 жылдың 1 маусымына қатысты 107,1%), 1499,2 мың дана жұмыртқа (102,6%) өндірілді. 

Негізгі капиталға инвестиция жұмсау. 2013 жылдың 1 маусымына негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 15186,3 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңінен нақты көлемінің индексі 4,6 есеге жоғары. 

Тауар айналымы. Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 3049,8 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың 1 маусымымен салыстырғанда 115,3% құрады немесе 404,7 млн.теңгеге артты.

Шағын кәсіпкерлік. Шағын бизнесте тіркелген кәсіпорындарының саны 2013 жылдың 1 маусымына 121 бірлік, оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары – 71, белсенділері – 64 бірлік. 2012 жылдың 1 маусымына қатысты тіркелген кәсіпорындар саны – 104,3%-ды, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны – 94,7%-ды, белсенді кәсіпорындар саны – 104,9%-ды құрады.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2535,5 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қатысты 8,1 есеге артты.

2013 жылдың 5 айында жалпы аумағы 1463,0 шаршы метр тұрғын үй іске қосылған, бұл 2012 жылға қатысты 15,4% артты. 

Денсаулық сақтау. 2013 жылдың 5 айында 600 сәби дүниеге келді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 82,7% құрады.

Дүние салғандар саны 170 адам немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 адамға азайған. Жыл басынан 11 нәресте өлімі тіркелген.

Алғаш анықталған науқастардың ішінде туберкулез ауруымен ауыратындар саны 25-ті немесе өткен жылға қатысты 119% -ды құрап отыр.

Құқық бұзушылық. Құқық қорғау органдары бойынша үстіміздегі жылдың 1 маусымына 322 қылмыстық іс тіркелген. Бұл 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 114,6% құрады. Ашылу деңгейі 46,6% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 97,9% құрады.

Еңбек нарығы. Ағымдағы жылдың 1 маусымына жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 391 адам. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19 адамға көп, немесе 105,1% құрайды. Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 1,0% болып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіндей. 

Жыл басынан бері 161 адам жұмысқа орналастырылды. 2013 жылдың 1 маусымына 244 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Еңбекақы. 2013 жылдың 1 маусымына жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 76996 теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3%–ға жоғарылады.

Қаржы. 2013 жылдың 1 маусымына ауданның шаруашылық жүргізуші субьектілерінен 967,4 млн.теңгенің салықтары мен төлемдері аударылды, бұл қаржы болжамының 139%-ы құрайды.



Жергілікті бюджеттің игерілуі 2216,7 млн.теңгені немесе 98,1%-ды құрады (жоспар – 2259,1 млн.тг). 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет