Аягөз ауданының әкімі Н.Әзімбаевтың «Аягөз ауданының 2008 жылғы экономикалық-әлеуметтік дамуының қорытындылары және 2009 жылға алда тұрған міндеттері туралы»аудан тұрғындарының алдындағы есебінің тезистері



Дата22.02.2016
өлшемі81.5 Kb.
#1837
Аягөз ауданының әкімі Н.Әзімбаевтың «Аягөз ауданының 2008 жылғы экономикалық-әлеуметтік дамуының қорытындылары және 2009 жылға алда тұрған міндеттері туралы»аудан тұрғындарының алдындағы есебінің тезистері
Өткен жылы қала мен барлық ауылдық округтерде дәстүрлі есеп беру кездесулері өтті. Оған аудан бойынша 8 мыңнан аса адам қатысып, 185 адам сөз алды. Есеп беру кезінде көтерілген мәселелер бойынша сараптама жасалып, 21 мәселе бақылауға алынды, оның 16 толық орындалды, қалған 5 мәселе республика және облыс көлемінде шешілетін болғандықтан келесі жылдарға ауыстырылды.

Ауыл шаруашылығы

Өткен жылы ет өндіру тірідей салмақпен 12988 тн құрады, бұл 9,0 пайызға артық, сүт 42348 тн. 5 пайызға, жұмыртқа 3627 мың дана 25 пайызға, жүн 424 тн. 8 пайызға артық өндірілген.

2007 жылмен салыстырғанда ірі қара 67 мың бас құрап, 7 пайызға өсті, қой-ешкі 254 мың бас 7 пайызға, жылқы 17,5 мың бас 6 пайызға өсті.

2008 жылы 9780 га егістік жерге дақылдар себіліп, оның ішінде дәнді дақыл 8735 га, майлы дақыл (күнбағыс) 1045 га болды. Егістік алқабы аудандастырылған Саратов-29, Омск-18 тұқымдарымен себілді. Сүрдігер жерге салынған егістік көлемі 3000 га. 1200 га жер парға қалдырылып 2 рет өңделді. Соған қарамастан соңғы жылдардағы қуаншылықтың, әсіресе өткен есептік жылдағы қатты құрғашылықтың әсерінен аудан бойынша дәнді дақыл түсімі небары 1,6 цн/га, күнбағыс 2,0цн/га құрады.Суармалы 1400 га табиғи шөп алқабы барынша тиімді пайдаланылып, гектарынан 8-10 центнерден қатаң мал азығы дайындалды.

Облыстық тұрақтандыру қорына астық тапсыру 2007 жылы 130 тонна өткізіліп, небары 50%-ға орындалса, 2008 жылы ауа-райының қолайсыз болғанына қарамастан өткізілуге тиіс 300 тонна астық артығымен тапсырылды.

Барлық егілген егістік көлемі толықтай міндетті сақтандыру компанияларымен келісім-шартқа отырып, ауа-райының қолайсыздығынан болған 3000 га егістіктің шығыны 9,3 млн. теңге көлемінде сақтандыру компанияларынан қайтарылып алынды.

Ауданның ауылшаруашылығы техникалары бес шағын трактор, екі МТЗ-82 тракторымен және бір КамАЗ автокөлігімен толықтырылды. Оның ішінде 2 МТЗ-82 тракторы лизинг арқылы сатып алынды.

Баршатас ауылдық округінде «Аягөз-Суырлы» ауылдық тұтыну және дайындау кооперативі ұйымдастырылып, Республикалық аграрлық несие компаниясынан 35 млн. теңге несие алып, жүн өнімдерін өңдейтін (кигіз, пима, ватин) үлкен цех салынуда.Қазіргі уақытта цех ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталды. Цехқа керекті құрал-жабдықтарды ҚХР-нан сатып алуға келісім-шарт жасалып, жақын арада іске қосу жоспарланып отыр. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Нақтылып айтқанда, Мәдениет ауылдық округінде «Дағанды» асыл тұқымды шаруашылық құрылды. Шаруашылық 2008 жылы 400 бас тоқты, 20 бас қошқар асыл тұқымды мал сатып, мемлекеттен 2,0 млн.теңге субсидия алды.

2008 жылы 2 шаруашылық қазақтың «Жәбе» тұқымды жылқысын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық мәртебесін алды. Үш шаруашылық қазақтың құйрықты қылшық жүнді, бір шаруашылық «Байс» тұқымды жартылай қылшық жүнді құйрықты қойын өсірумен айналысатын шаруашылық сертификаттарына ие болды.

2008 жылы ауданда 5 ірі-қара және 11 қой малын бордақылау алаңдары ашылып, олардан 106 тонна сиыр еті, 124 тонна қой еті халыққа сатылды. Осы шаруашылықтарға қой етіне 4,5 млн.теңге, сиыр етіне 12 млн.теңге, барлығы 16,4 млн.теңге субсидия төленді. Бұл 2007 жылға қарағанда 2,6 есеге артық.

2009 жылы ірі-қара малын бордақылау 10 алаңдары ұйымдастырылып, 227 тонна сиыр етін өндіру жоспарлануда.

Сүт өңдеумен айналысатын «Ақбота» өндірістік кооперативі 2008 жылы 86 тонна сүт өндіріп, 634,0 мың теңге субсидия алды. 2009 жылға 200 тонна сүт өндіру межеленуде.

Мал шаруашылығын өркендетудің негізгі факторы қатаң мал азықтарын жеткілікті түрде дайындау болса, бұл орайда өткен жылы біршама жұмыстар жасалынды. Республикалық бюджеттің есебінен Тарлаулы ауылдық округіндегі талай жылдан бері пайдаланылмай қалған «Қанай» каналын қайта жөндеуден өткізуге 86 млн. теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Келер жылы осы каналдың арқасында 1330 га. жаңа суғармалы жер пайдалануға берілгелі отыр. Осындай канал бұрынғы жылдары Қосағаш- Мәдениет ауылдық округтерінде іске қосылып «Ақтоған-Су» ауңылдық су пайдаланушылар кооперативі құрылып 1400 га. суғармалы жердің әр гектарынан 1,5 тоннадан құнарлы шөп дайындалғаны баршаға аян. Бүгінгі күні ауданның 1040 шаруа қожалығында 2192 адам еңбек етуде.

Өнеркәсіп

Ауданның өнеркәсібінде өнімдерінің көлемі 2008 жылы 5 млрд. 131 млн.теңге құрады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 4,7%-ға жоғары. Оның ішінде тау-кен өнеркәсібі өнімдерінің көлемі 2 млрд. 512 млн. 900 мың теңге құрап былтырғы жылдағыдан 45,1%-ға артық өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерінің көлеміндегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 31% құрады.

Ақтоғай кентінде қуаты жылына 100 млн.тонна кен өндіретін «Қазақмыс» корпорациясының кен байыту комбинаты өз құрылысын бастады. Келешекте бұл жерде 1,5 мың жұмыс орны ашылмақшы. Коорпорация биылғы жылы ауданда өзінің филиалын ашып, заңды тіркеуден өтіп отыр. Алдағы жылдарда бұл комбинаттың барлық салықтары жергілікті бюджетке түсетін болады. Бұл аудан экономикасын субвенсиясыз өзін- өзі қаржыландыруға аяқ басудың алғашқы баспалдағы болмақшы. Ал 2010 жылы комбинат іске қосылғаннан кейін, біздің аудан бюджетіне қосымша 850-900 млн.теңге салық түспекші,

Ауданда орналасқан «Тасқора», «Құсмұрын», «Ақбастау» рудниктерімен келісім-шарттар жасалынып, олардың қатысуымен жолдарды жөндеу, жаңа жұмыс орындар ашу, жастар арасынан техникалық мамандар даярлау жоспарлануда.



Кәсіпкерлік

2008 жылы кәсіпкерлікпен айналысатындардың саны 2572 бірлікті құрап, 2007 жылмен салыстырғанда 107 пайызға өсті. Жалпы шағын кәсіпкерлікпен айналысуға 4776 адам жұмылдырылған.

Өткен жылы бюджетке шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салықтар 141,1 млн. теңгені құрады,бұл 2007 жылмен салыстырғанда 123 % немесе 26 млн. теңгеге артық.

Ауданда 3 базар, 273 сауда объектілері, 61 қоғамдық тамақтандыру орындары, 28 жанар-жағар май құю станциялары, 30 дәріхана, 1 нан заводы, 15 кіші наубайханалар мен 10 кондитер цехтары және 70-тен астам қызмет көрсету орындары, оның ішінде 32 шаштараз, 6 тігін цехі, фотосалондар халыққа қызмет көрсетіп келеді.

«Аягөз-авангард» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өткен жылы қосымша ағаш өңдеу және пеноблок (кірпіш) дайындау цехтарын ашты, тұрғындарды 7,0 мың тонна көмірмен және құрылыс материалдарымен қамтамасыз етті. Ал биылғы жылы пластикалық есік-терезе, темір-бетон бұйымдарын жасау және фундаментті блок жасау цехы іске қосылды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» арқылы 2008 жылы 22 жеке тұлғаларға 5,0 млн. теңге көлемінде шағын несие берілді.

Аудан бойынша кредиттік-инвестициялық инфрақұрылымды қалыптастыру қамтамасыз етілуде. Аягөз ауданындағы «Ауылдық кредиттік серіктестік «Аягөз-Кредит» ЖШС-гі арқылы 2008 жылы ауданның 5 шаруа қожалығына 224 млн. теңге көлемінде несие берілді.

Облыстық тұрақтандыру қорының есебінен 2008 жылы «Бектас» қожалығының диірмені арқылы 513 тонна бидай өңделіп, ауылдарға, қаладағы 9 наубайханаға арзан бағамен таратылды. Нәтижесінде бағасы 40-45 теңгенің бөлкелері халыққа сатылып, бағаны ырықтандыруға үлкен үлесін қосты.

Құнсыздану үдерістерін тежеу, негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында әр жексенбі күндері «Жақсылық» сауда орталығында жәрмеңке ұйымдастырылды. 2008 жылы орташа есеппен 33 млн. теңгенің саудасы жасалды. Оның ішінде: сиыр еті - 27 320,4 мың теңге, қой еті – 3 358,2 мың теңге, жылқы еті – 898 мың теңге, жұмыртқа – 107,4 мың теңге, сүт және сүт өнімдері – 1440,0 мың теңгені құрады.

Ауданда көкөністер мен жемістер бағасын тұрақтандыру мақсатында 4 Камаз автокөлігі ұйымдастырылып, төмендетілген бағамен оңтүстік өңірлерден (Алматы, Тараз, Үштөбе) тасымалданды.



Ауыз су, су жүйелері

Аягөз қаласының су құбырларын жөндеуге бюджеттен 448 млн.теңге бөлініп, 336 млн. теңгесі игерілді. Осы 2009 жылға 112 млн. теңге бөлініп отыр. Қосағаш-Мәдениет-Бидайық топтық су жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстарына былтыр 91 млн.теңге бөлініп, 83 млн. теңгесі игерілді.

Өткен жылы Айғыз ауылының су жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарына бюджеттен 77,3 млн.теңге қаражат қаралып, толығымен игерілді. Тарбағатай ауылының су жүйесін қайта қалпына келтіру жұмыстарына 63 млн.теңге қаралып, 55 млн.теңгесі игерілді. Сондай ақ Сарыарқа ауылына 25 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Ақши ауылдық округінің су жүйесінің жер қойнауының зерттеу жұмыстарына қосымша 5 млн. теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, конкурс өткізіліп, су жүйесінің күрделі жөндеуіне 40 млн. теңгесіне конкурс өткізуге жобалық құжаттарын Балхаш-Алаколь инспекциясына тексеруге жіберілді.

Бозай ауылына баратын жолды күрделі жөндеу жұмыстарына және жобалық-сметалық құжатнамасына 4 млн. теңгеге конкурс өткізіліп, Семейдегі «Жаңа жол» ЖШС-і құжаттарын дайындады.

Нарын ауылының су жүйесінің жөндеу жұмыстарының 70 млн.теңгесі толығымен игерілді. Бүгінгі күнге 9,2 км су құбыры айырбасталып, 35 колонка, 22 гидрант жұмыстары толығымен жұмыс атқаруда.

Жолдарды жөндеуге байланысты біршама жұмыстар жасалынды. Былтыр ауданның жергілікті маңыздағы жолдарына қардан тазалауына, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 85,2 млн.теңге бөлінді, олар қысқы бөлінді. Атап айтсақ: маршруттік және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 63,3 млн. теңге қаралды, оның ішінде: облыстық жолдары мәніне кіретін Аягөз-Қарауыл-Қайнар және ауданның жергілікті жолдары: Майлин, Жорға, Емельтау, Малкелді, Ақтоғай-Копа, Тансық-Қопа-Тарлаулы, Өркен, Айқыз Ақтоғай жол шекарасы және Мыңбұлақ-Шыңқожа-Ақшаулі бағыттарына жөндеу жұмыстары жасалынды. Сонымен бірге жергілікті автомобиль жолдарының орташа жөндеу жұмыстарына 4 млн. 270 мың теңге қаржы жоспарланып, Ақтоғай кентінің темір жол көпірі үстіне жөндеу жұмыстары жасалынды.

Жолдарды күтіп ұстауға 4,5 млн. теңге және қыс мерзіміндегі күтіп ұстауға 7,5 млн.теңге қаржы жоспарланған. Аягөз өзені үстінен өтетін көпірінің жөндеу жұмыстарына 151 млн. теңгесі аудандық бюджеттен қаралып, толығымен игерілді.

Аягөз ауданы бойынша «ОблШығысЖол» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын Аягөздегі ПДУ-4 учаскесі құрылып, 17 адам жұмыс атқарады.

Жаңа құрылыстар

Шығыс Қазақстан облысының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары бойынша, бюджет есебінен Ақши ауылындағы мектеп құрылысына 2008 жылы 96,5 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді. Ал Ақтоғай орта мектебінің қосымша 240 орындық құрылысына аудандық бюджеттен 8 млн. теңге, қаладағы тарихи- мәдени мұражайға 6,3 млн. теңге, Ақшатау ауылындағы 80 орындық демалыс лагеріне 4,6 млн. теңге, қаладағы кәріз суларын бактериологиялық тазалау стансасы құрылысына 4,5 млн. теңге бөлініп, жобалау- сметалық құжаттары дайындалуда.

Сонымен қатар Аягөз қаласындағы жасөспірімдер спорт мектебінің күрес залы пайдалануға берілді. Оған облыстық бюджеттен 20,0 млн. теңге қаражат бөлініп, игерілді.

Әлеуметтік қорғау

2009 жылдың 1 қаңтарына Аягөз ауданы бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 37838 адамды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 207 адамға азайған.

Аудан көлемінде 2008 жылы жалпы жұмыссыздық деңгейі 6,0% болып, өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды.

Жұмыссыздық есебінде 1 қантарға жылға тұрған жұмыссыздар саны 410 адам болып, былтырғы жылмен салыстырғанда 10,5 пайызға азайды. (458 адам болды). Жұмыссыздық деңгейі 1,1 пайызды құрап, былтырғы жылдан 0,1% төмендеген. Ауданда 410 адам жұмыссыздар ретінде тіркелсе, оның 113 ауыл тұрғындары.

Қайта оқыту, мамандандыруға 130 жұмыссыз оқуға жіберіліп, қаралған қаражат 7,5 млн.теңге толығымен игерілді. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 552 жұмыссыз жіберілді.Осы жұмыстардың орындалуына 24 млн.теңге жұмсалды.

Былтыр ауданда 615 жаңа жұмыс орын ашу белгіленсе, 653 жаңа жұмыс орындары ашылып, бұл көрсеткіш 106% құрады.

2008 жылы халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру үшін 32,3 млн.теңге бөлініп толық игерілді.

2008 жылға атаулы әлеуметтік көмекке Аягөз ауданы бойынша 110 млн.теңге қарастырылған. Аз қаматамасыз етілген 1804 отбасындағы 6016 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 11 айының жәрдемақысы төленді. Желтоқсан айының жәрдемақысы 2009 жылдың қаңтар айында төленбекші Орташа айлық жәрдемақы мөлшері 1615 теңгені құрады.

Аз қамтылған отбасыларының 18 жасқа дейінгі балаларына ай сайынғы жәрдемақылар төлеміне 2008 жылға бюджеттен 92 млн. теңге қарастырылған. Бұл қаржы 3549 отбасына, 8391 балаға 11 айының жәрдемақысы төленді.

Айлық табыстары аз жанұяларға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеуге көмек көрсету ұдайы бақылауға алынған. Бұл мақсатта 2165 отбасына 26 млн.теңгенің тұрғын үй жәрдемақысы төленді. Өткен жылы үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек 142 балаға материалдық көмек ретінде 13 млн.теңге төленді.

Біржолғы полигон өтемақысына 168 млн.теңге төленіп, жоспар толығымен орындалды.

Жас мамандарды даярлау үшін аз қамтылған отбасылардан шыққан 23 студент Семей медициналық академиясында, 9 студент Семей педагогикалық институтында және 1 бала Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде облыс әкімінің гранты негізінде оқып жатыр. Оқуын, стипендиясын және жатақханасын төлеу үшін облыстық бюджеттен 6 млн. 753 мың. теңге және жергілікті бюджеттен 1 млн.  576 мың теңге қаражат, барлығы 8 млн.329 мың теңге жұмсалды.

Есептегі жылы оқу орындарын бітіріп, ауылға жұмыс істеуге ниет білдірген 10 жас маманның әр-қайсысына 120 мың.теңгеден көтерме ақша, барлығы жылы 1 млн. 87 мың.теңге төленді.

Соғыс ардагерлеріне және оларға теңестірілгендерге ай сайын коммуналдық қызметтерін өтеу үшін 5 мың.теңгеден материалдық көмек көрсетуге, барлығы 10 млн.теңгеден аса қаражат жұмсалды.

Көп балалы аналарды, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иелеріне ыңталандыру үшін 8 Наурыз және 1 Маусым балалар күні мейрамдарына 5 мың. теңгеден материалдық көмек берілді. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 21 млн.теңге жұмсалды.
Құқықтық қорғау

Ауданда 2008 жылы азаматтардың заңды құқықтары мен құндылықтарын қорғау, құқық тәртібін нығайту , қылмыспен күрес бағытында мақсатты, жоспарлы жұмыстар жүргізілді . Ол үшін ішкі істер бөлімінде қылмыспен күресті күшейту және құқық тәртібін нығайту үшін белгілі шаралар қабылданды .

Жыл бойында аудан көлемінде «Құқық тәртібі» , «Топ» , «Жаппай оқыту», «Автомобилист» , « Іздеу» , « Қару» , « Допинг» , « Мак» және басқа да мақсатты шаралар жүргізілді.

Ауданда құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, учаскелік полиция қызметкерлеріне көмекші ретінде 58 сақшы қарастырылды. Соған қарамастан аудан бойынша жалпы қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 6,0 %-ға артты .



Бюджет, салықтар

Егер аудан бюджетінің қабылданған шығыстары 2007 жылы 2 млрд.800 млн. 785 мың теңге болса, өткен 2008 жылы 3 млрд. 8 млн. еңгені құрады. Жергілікті салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жоспардағы 1 млрд. 274 млн. 971 мың теңгенің орнына 1 млрд. 143 млн. 521 мың теңгеге немесе 89,7 пайызға ғана орындалып, соның нәтижесінде ауданның бюджеттік мекемелерінің 2 млн. 40 мың теңгенің еңбек ақысы мерзімінде төленбей қалды. Бұл кемшіліктің объективті, субъективті себептері де бар.



Ішкі саясат

Аягөз ауданы бойынша 5 тіркелген үкіметтік емес ұйым және қоғамдық бірлестіктер, 6 саяси партия жұмыс атқарады.

Елбасының жыл сайынғы Жолдауын насихаттау мақсатында 28 ақпараттық-насихат тобы жұмыс істейді, олардың құрамында 145 адам бар. Жолдау шыққан күннен бастап ауданда 153 кездесу, 55 «дөңгелек үстел» өткізілді. Ақпараттық-насихаттау жұмыстарына 38 510 адам немесе тұрғындардың 52 % қамтылды.

Жолдауды насихаттауда қоғамдық-саяси және әлеуметтік бағыттарды айқындайтын сыртқы жарнамалар қолданылады.Елбасы Жолдауы бойынша аудан орталығында 23 баннер және билбордттар қойылған.



Аякөз ауданының ақпараттық кеңістігін «Аякөз жаңалықтары» аудандық газеті және «Мөлдір сана» қоғамдық - әдеби газеті құрайды. Биылғы жылдан бастап «Аякөз жаңалықтары» газеті толықтай аудандық бюджет есебінен жарыққа шығатын болды. 2008 жылы мемлекеттік саясатты ақпараттық қамтамасыз етуге 4,5 млн. теңге бөлінсе, биыл 6 млн. теңге бөлінді.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында бюджеттен 500 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Сонымен қатар ақпараттандыруды жақсарту мақсатында, Аягөз ауданының ресми сайты іске қосылып, аудан әкімі аппаратында электрондық құжат айналымы және тұрғындардың үндеулерін электрондық тіркеу жүйесі еңгізілді.



Спорт

Жергілікті бюджеттен көпшілік спортты дамытуға 10 млн. 358 мың тенге бөлінген. Қалада 1,1 млн. теңгеге 2 шайбалы хоккей қорабы салынып және спортшыларға 1 млн.теңгеге күрес кілемі алынды. Сонымен қатар жыл бойында республикалық, облыстық, аудандық дәрежедегі спорттық байқаулар өткізіліп тұрады. Спорт мектебінің түлегі Қыздарбеков Дұман қазақша күрес бойынша Азия және Әлем чемпионы атағына ие болды. Өткен жылдың аяғында қалада жасөспірімдер спорт мектебінің күрес залының және Баршатастағы спорт комплесінің салтанатты ашылуы өткізілді.



Мәдениет

Мәдениет саласында 1 аудандық мәдениет үйі, 20 ауылдық клуб, 1 аудандық және 23 ауылдық кітапханалар, 1 өлкетану мұражайында 103 адам қызмет жасайды. Мәдениетті қаржыландыруға аудандық бюджеттен 79,5 млн.теңге бөлінді.

Жыл ішінде Өркен, Қосағаш, Баршатас ауылдық клуб үйлеріне және Баршатас ауылындағы спорт залын жөндеуге 13 млн.теңге бөлініп, толық игерілді. Мәдениет, Қосағаш, Майлин, Баршатас, Малкелді, Бидайық, Емелтау ауылдық клубтарына электртеплофон орнатылды. Аудандық мәдениет үйінің күрделі және ауыл клубтарың жөндеуге бөлінген 24 млн. теңге толық игерілді.

Аудандық мәдениет үйіне 1 млн.теңгеге музыка аспаптары және 1 млн.теңгеге ұлттық киімдер алынды.

Өткен жылы ауданның 80 жылдық мерей тойы, жерлесіміз Е.Рахимовтың 70 жылдығы, Ұлы Абайдың шәкірті У.Шондыбайдың 135 жылдығы республикалық деңгейде аталып өтті.

Білім беру

2008 жылы білім саласы дамуына аудандық бюджеттен 110 млн. 185 мың теңге бөлінді. Ауданның барлық мектептері компьютер кластарымен қамтамасыз етіліп, қаламыздағы 6 мектепке интерактивті тақталар орнатылды.

Елбасымыздың «Ақпараттық теңсіздікті төмендету» бағдарламасы бойынша аудандық білім бөлімінің ақпараттық орталығынан 300 ден астам адам компьютерлік білім алды.

Биылғы оқу жылында ауданда 931 оқушы бітіріп, оның 83% ұлттық тестілеуге қатысты. 3 оқушы «Алтын белгі» иегерлері және 1 оқушы ерекше атестатты қорғады, 50 оқушы 100-ден жоғары балл жинады.

2008 жылы 30 орта мектептің 1-4 сынып оқушылары толығымен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. №2 бала-бақша жаңадан ашылып, 285 бала тәрбиеленуде. Қаладағы, №6 орта мектебінің жанынан интернат жатақханасы ашылып, 103 оқушы оналастырылды.

2008 жылы мектептердің материлдық базасын жақсарту мақсатында 23 млн. 162 мың теңге бөлінді.



Денсаулық сақтау

2008 жылы тұрғындардың кейбір санаттарын тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін, жергілікті бюджеттен 26 млн. тенгенің дәрісі түсті.



Денсаулық саласындағы оңды жаңалықтардың бірі, барлық ауылдардағы және қаладағы денсаулық мекемелері бірігіп, аудандық медицина бірлестігі болып құрды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет