Аягөз ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2015 жылдың i-тоқсандағы қорытындысы туралы



Дата23.02.2016
өлшемі22.83 Kb.
#4058
Аягөз ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының

2015 жылдың I-тоқсандағы қорытындысы туралы

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мониторингіне сәйкес, өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2015 жылдың 1 сәуіріне 1222,3 млн.теңге құрады, 2014 жылдың 1 сәуіріне қатысты өсу қарқыны қолданысты бағамен (1117,0 млн.теңге) 109,4%, нақты көлемінің индексі 101,4%.



Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1 сәуірге 2259,4 млн.теңге, өсу қарқыны 2014 жылдың 1 сәуіріне қатысты (2208,0 млн.теңге) 102,3%, нақты көлемінің индексі 103,1%.

2015 жылғы 1 сәуірінде ірі қара мал саны – 71731 бас, қой-ешкі – 301673 бас, жылқы – 23851 бас, құс саны – 35706 бас құрады.

Өткен жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда ірі-қара малы (67724 бас) 105,9%, қой мен ешкі – (309049 бас) 97,6%, жылқы – (21763 бас) 109,6% құрады, құс саны – (35336 бас) 101,0% құрады.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 2015 жылдың 1 сәуіріне 39802,5 млн.теңге құрады, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (3830,4 млн.теңге) 10,1 есе.

Бөлшек сауда тауар айналымы ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 2028,2 млн.теңге құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (1923,6 млн.теңге) 105,4%, нақты көлем индексі 100,8%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 2402,8 млн.теңге құрап, 2014 жылдың 1 сәуіріне қатысты өсу қарқыны (804,6 млн.теңге) 2,9 есе.

Ауданда жалпы аумағы 2598 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілді, 2014 жылдың 1 сәуіріне қатысты (900 шаршы метр) 2,9 есе құрады.



Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындар саны 2015 жылдың 1 сәуірінде 96 бірлік құрады, 2014 жылдың 1 сәуіріне қатысты (71 бірлік) 135,2%.

Жұмыскерлерге есептелген орташа айлық жалақы 85785 теңге, былтырғы жылдың 1 сәуірімен салыстырғанда (83237 теңге) 103,1%.



Жұмыспен қамту бойынша өкілетті органдарда есепте тұрған жұмыссыздардың саны 278 адам, былтырғы жылмен салыстырғанда (327 адам) 85,0% құрады.

Ресми жұмыссыздықтың деңгейі 0,7% болып, былтырғы жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (0,8%) 87,5% құрады.

Жыл басынан бері 123 адам жұмысқа орналастырылды немесе былтырғы жылмен салыстырғанда (100 адам) 123 % құрады. Қоғамдық жұмысқа қатысқандар саны 177, өткен жылдың сәйкес кезеңіне (194 адам) 91,2%.

2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 356 сәби дүниеге келді немесе былтырғы жылдың 1 сәуіріне қатысты (405 сәби) 87,9%.

111 адам қайтыс болып, өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 8 адамға азайған немесе 93,2% құрады. Оның ішінде сәбилер өлімі 2, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (6 сәби) 33,3%.

Туберкулезбен ауырғандар саны 12 адам, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (11 адам) 109,1%.



2015 жылдың 1 сәуіріне тіркелген қылмыстар саны 248 құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 72 қылмысқа артқан.

Жергілікті бюджеттің өзіндік кірістері 2015 жылдың қаңтар-наурыз айында 697,5 млн.теңге құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қатысты (609,2 млн.теңге) 114,5%.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет