Аяпбергенова гульсум сагындыковна



бет16/48
Дата11.04.2024
өлшемі4.5 Mb.
#498402
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48
ayapbergenova-g-s-phd-s-sp (2)

Зерттеушілік. Мұндай жобалар мұқият ойластырылған құрылымды талап етеді. Зерттеу логикасына бағынатын шынайы ғылыми зерттеулерге жақын немесе толық сәйкес келетін құрылымы бар жобалар.
Шығармашылық. Кез келген жоба шығармашылық көзқарасты талап етеді және бұл мағынада кез келген жобаны шығармашылық деп атауға болады. Жобаның түрін анықтау кезінде басым аспект бөлінеді.
Шығармашылық жобалар нәтижелерді тиісті ресімдеуді көздейді. Мұндай жобалар, әдетте, қатысушылардың бірлескен қызметінің егжей-тегжейлі пысықталған құрылымы жоқ, ол тек қана белгіленіп, бұдан әрі осы жанрға негізделген түпкілікті нәтиже жанрына және топ қабылдаған бірлескен қызмет логикасына, жобаға қатысушылардың мүдделеріне сүйене отырып дамиды.
Бұл жағдайда жоспарланған нәтижелер мен оларды ұсыну нысаны (бірлескен газет, шығарма, бейнефильмдер, драматургия, ойын, мереке, экспедиция, т.б.) туралы уағдаласу керек. Алайда, жоба нәтижелерін рәсімдеу бейнефильм сценарийі, драматургия, мереке бағдарламасы, т.б., шығарма жоспары, мақала, репортаж, т. б., газеттің дизайны мен айдарлары, альманах, альбом, т. б. түрінде нақты ойластырылған құрылымды талап етеді.
Рөлдік ойын. Жобаның сипаты мен мазмұнына негізделген белгілі бір рөлдерді қатысушылар өздері таңдайды. Бұл әдеби кейіпкерлер немесе ойластырылған кейіпкерлер, әлеуметтік немесе іскерлік қарым-қатынастарда кездесетін немесе қатысушылар ойлаған жағдайларды қиындататын кейіпкерлер болуы ықтимал.
Таныстыру-бағдарлы (ақпараттық). Жобалардағы бұл бағыт қандай да бір объект немесе құбылыс туралы ақпарат жинауға негізделеді; осы ақпаратпен жобаға қатысушыларды таныстыру, оны талдау және үлкен аудиторияға арналған фактілерді жинақтауды меңзейді. Сондай-ақ жақсы ойластырылған құрылымды, жұмыс барысында жүйелі түзету мүмкіндігін талап етеді және олардың органикалық бөлігі мен модулі болады. Жоба жұмысының логикасы оның құрылымын бөлуді талап етеді. Жобалар әдісінің құрылымы дәстүрлі компоненттердің болуын көздейді:
– проблеманың өзектілігі;
– зерттеу пәні;
жобаның мақсаты;
– болжамдар;
– міндеттері;
– қолданылатын әдістер;
– нәтиженің практикалық маңыздылығы.
Бұл жобаның міндетті құрылымдық құрауыштары, ал оның қалған құрауыштары жобаның түріне байланысты өзгеруі мүмкін. Ақпараттық іздеу және талдау мақсатында зерттеу қызметінің құрылымы жоғарыда сипатталған пәндік-зерттеу қызметіне өте ұқсас:
ақпараттық іздеудің пәні;
– аралық нәтижелерді белгілеумен іздеу кезеңділігі;
– жиналған фактілерді талдау жұмысы;
– қорытындылар;
– бастапқы бағытты түзету (егер қажет болса);
– нақтыланған бағыттар бойынша ақпаратты одан әрі іздеу;
жаңа фактілерді талдау;
– жалпылау;
– қорытынды, және одан әрі жобаның барлық қатысушыларын қанағаттандыратын деректерді алғанға дейін;
– қорытынды, нәтижелерді ресімдеу (талқылау, редакциялау, презентация, сыртқы бағалау).
Практикалық-бағытталған жоба (қолданбалы). Бұл жобалар қатысушылардың әлеуметтік мүдделеріне бағытталады және әрқайсысының нақты функциялары айқындады. Бұндай жоба жақсы ойластырылған әр қатысушылардың функцияларын айқындай отырып, түпкілікті өнімді алуды талап етеді. Бірлескен және жеке күш-жігерді жұмылдыруда алынған нәтижелерді практикаға енгізудің ықтимал тәсілдерін таныстыру, жобаны жүйелі сыртқы бағалауды жоспарында үйлестіру жұмысын жақсы ұйымдастыру ерекше маңызды болады.
Моножоба және пәнаралық жобалар.
Пәндік-мазмұндық саласының екінші белгісі бойынша жобалар келесі екі түрді бөліп көрсетуге болады:
1. Моножобалар.
2. Пәнаралық жобалар.
Көп жағдай да, моножобалар бір пән төңірегінде ұйымдасырылады. Бұл ретте ең күрделі бөлімдер немесе тақырыптар таңдалады. Алайда, моно жобалармен жұмыста кез-келген проблеманы шешу барысында басқа саладағы білімді қолдануды көздейтінін атай өткен дұрыс. Физикалық немесе тарихи білім арнасында қатысты мәселелерге байланысты жобада тек жобаның мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, сонымен қатар білімдер мен іскерліктерді пайдалана отырып сабақты мұқият ұйымдастыруды талап етеді. Әрбір сабақта топ бойынша жұмыс логикасы мен презентацияның түрін алдын-ала жоспарлайды оны жоба қатысушылары өздері таңдайды.
Оқудан тыс уақытта пәнаралық жобалар жүргізіледі. Әдетте, бұндай жоба екі пәнге қатысты шағын жоба немесе барлық қатысушылары үшін маңызды болып табылатын қандай да бір күрделі проблеманы шешуді жоспарлауға негізделеді. Сол себептен бұндай жоба мамандар тарапынан өте білікті үйлестірілуін және аралық, қорытынды тұсаукесерлердің жақсы пысықталғандығын талап етеді.
Е.С. Полат [147, 7 б.] жобаларды үйлестіру сипатына назар аударады және оларды былайша жіктейді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет