1сурет- Традесканция өсімдігінің тәжірибенің бастапқы және соңғы кезеңінде өсу жағдайы
2 сурет - Қазтамақ өсімдігінің тәжірибенің бастапқы және соңғы кезеңінде өсу жағдайы
Кестеден және суреттен байқап отырғанымыздай екі өсімдік жағдайында минералды тыңайтқыштар кешенінен дайындалған ертінді тиімді ықпал етеді. Ал екінші орында етті судан әзірленген ертінді жақсы нәтиже беріп тұр. Жай сумен қоректендірген өсімдіктерге қарағанда оларды қосымша қоректендірудің қайсысы болсада тиімді ықпал ете алатынына тағы да көз жеткіздік.
Қорытынды және ұсыныс
Қазіргі кезде үйде өсімдік өсіру мәдениеті жоғары халықтардың ғасырлар бойы дәстүріне айналған ерекшеліктерінің бірі. Бөлме өсімдіктерін өсіру эстетикалық талғамға, өнерге айналды.
Негізінен бөлме гүлдері ұзағынан гүлдемейді, бірақ, қазтамақтың күтімі жақсы болғанда ұзақ гүлдеуі мүмкін. Жалпы үй гүлдерінің көбі бір ай ғана гүлдейді. Гүлдейтін гүлдердің күтілімі ерекше екендігін үнемі ескеру қажет.
Үй жағдайында оларды бір қалыпқа келтіріп, топырағын, ылғалдылығын үнемі қадағалап отырған жөн.Сонымен бірге оларды қосымша үстеп қоректендіріп отыру керек. Сондағана олар жақсы әдемі болып өседі.
Зерттеу жұмысының барысында алынған мәліметтерді сараптай отырып, біздің анықтағанымыз: өсімдіктерді «агролюкс» тыңайтқышымен және тұрмыста пайдаланатын заттардан дайындалған қосымша қорек көздерін дұрыс пайдалана білу бөлме өсімдігін күтуде жақсы нәтиже береді.
Достарыңызбен бөлісу: |