Аюбай Куралович Куралов Ayubаi Kuralovich Kuralov Мусакулов Кусан Тулендиевич



Дата15.06.2016
өлшемі70 Kb.
#137027
Аюбай Куралович Куралов

Ayubаi Kuralovich Kuralov

Мусакулов Кусан Тулендиевич

Musakulov Kusan Tulendievich

Рыскулов Алдияр Куандыкович

Riskulov Aldiyar Kuandykovich

ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ

ЭСТЕТИЧЕСКОЕ ВОСПИТАНИЕ В НАРОДНОЙ ПЕДАГОГИКЕ

AESTHETIC EDUCATION IS IN FOLK PEDAGOGICS
Южно-Казахстанский Государственный педагогический институт, г.Шымкент
Түйіндеме

Мақалада қазақ халқының эстетикалық тәрбиесінің бастаулары мен олардың маңызы келтірілген

Аннотация

В статье приведены источники эстетического воспитания казахского народа и их значения.

Ключевые слова: источники эстетического воспитания, народная музыка, народное ремесло.

Annotation

To the article the sources of aesthetic education of the Kazakh people and their value are driven.



Keywords: sources of aesthetic education, folk music, folk handicraft.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы қаңтар айындағы Қазақстан халқына Жолдауында [1] ел келешегі жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру мәселесіне де баса назар аударылғаны белгілі. Шын мәнісінде де туған тілмен бірге, туған халқының ғұрпын, салт-санасын, өнері мен мәдениетін жетік білудің мәні үлкен. Әрине, бұл орайда ұлттық тәрбиенің – халық даналығының берері сарқылмас, әрі бүгінгі таңда өзекті мәселе.

Сондықтан этнопедагогиканы зерделеп, зерттеп, орынды пайдалану ғасырлар бойы қолданып, сұрыпталып, тұрмыс тәжірибесінен өткен салт-дәстүрлер мен ұлттық өнерді педагогикалық әдістер ретінде қолдануды арттыра түсу керектігін уақыт талабы көрсетіп келеді. Сондықтан қай қоғамда болсын ұрпақ тәрбиесінің алатын орны ерекше, білім негізі мектепте қаланады. Себебі, бүгінгі таңда халқымыздың арғы-бергі тарихы мен дәстүрін, өнері мен мәдениетін секілді мұраларымызды қастерлеп кешегіміз бен бүгінгі күніміздің нәрлі қайнарына айналдыру-өмір қажеттілігінен туындап отырған әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Бүгінгі ұрпақты ата-баба дәстүрімен тәрбиелеу, халықтың педагогикалық нәрлі қайнарымен сусындату, оқыту мен тәрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Эстетикалық тәрбие-жаратылыс дүниесіндегі немесе өнер туындысындағы сұлулық пен әсемдікті қабылдап, ғибраттануға баулитын, адамның эстетикалық сезімін, талғамын қалыптастыратын тәрбие[2]. Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Эстетикалық тәрбие арқылы бала қоршаған ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті көре білуге, алған әсерін шығармашылық жұмысында көрсетуге, бейнелей білуге үйренеді. Мектепте эстетикалық тәрбие барлық оқу-тәрбие процесінде жүзеге асырылады. Баланы тәрбиелеуде әдебиет, музыка, бейнелеу өнері сабақтарының, сыныптан, мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Эстетикалық тәрбие ақыл-ой, адамгершілік, дене тәрбиелерімен тығыз байланысты. Ол адамды рухани байытып, көркем-шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал етуге тиісті. Эстетикалық тәрбие берудегі негізгі бастауы мен қайнар көзі: дәстүрлі казақ қоғамында ғасырлар бойы қордаланған құндылықтар жүйесі, рухани мұралары, халық ауыз әдебиеті болуы, жаһандану дәуіріндегі рухани азғындау қаупінен сақтанатын бірден-бір жол.

Халық музыкасы-эстетикалық тәрбие құралы. Қай халықтың өнер мұрасы болса да, ол сол халықтың өмірінен, сол халықтың қоғамдық тарихымен тығыз байланысты. Халық музыкасының асқан шебері-әнші, күйші, жыршы, жырау, ақындар көшпелі күн көрістегі қазақ арасында зор әлеуметтік қызмет те атқарды. Мұндай тума таланттар жалпақ жұртшылық арасында өз әлінше ағартушы, тәрбиеші де болатын. Олардың көзі ашық, көңілі сергек, ой-өрісі өзгелерден озық болды.


Музыкалық дарынды қазақ халқы басқа тарихи профессионалдық дәстүрі бар елдер сияқты балалардың айрықша қабілетіне байланысты отбасында белгілі бір музыкалық аспапта нота арқылы білім беріп, мектепте оқытып, эстетикалық білім, тәрбие бермегенмен өз жеткіншектерін өз ортасынан шыққан тума таланттардан өнерпаздықты үйренуге, олардан үлгі-өнеге алуға баулып отырған. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптаскдн ұлттық музыкалық дәстүрі бүгінгі егеменді еліміздің кәсіптік музыка өнеріміздің нәрлі бұлағы болып, арнасын кеңейтіп, өрісін биікке көтеріп отыр. Қазақ музыка өнерінің ішінде ерекше орын алатын күй өнері. Қазіргі күнде қазақ күй өнері әлемге таныла бастады. 2014 жылы 29 қарашада қазақтың дәстүрлі күйі ЮНЕСКО-ның Адамзаттың рухани мұрасына ұсынылатын Репрезентативті тізіміне енгізді[3].


Ән мен күйді ардақтап сүйе білген қазақ халқы қашаннан талантқа бай. Халқымыздың сондай дарынды талант иелерінің бірі Құрманғазы жасынан-ақ өжет, өр болып өседі. Ол казақ даласындағы феодалдар мен байлардың тепкісіне ұшырап отырған еңбекші бұқаранын ашу-ызасы мен кекті күресін өзінің музыкасы_мен күйіне арқау етіп, қолындағы қаруы — домбырасын халық арманы, халық игілігі жолында жүмсады.

1837 жылы Исатай, Махамбет бастаған көтерілістің куәсі болған жас Құрманғазы езінің «Кішкентай» атты күйін шығарды. Қүрманғазы күйлері осылайша тарихи оқиғаларға, нақты өмір шындығына байланысты туған. Оның «Қайран шешем», «Балбырауын», «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан», «Адай» сияқты күйлерінің өзіндік бір туу тарихтары бар...

Халық мұрасы негізінде мәдени тарихымыздың бұрын-сонды болып көрмеген кәсіптік жанрлар—симфония, кантата, оратория, опера, балет сияқты биік мәдениетті танытатын жанрлар тудырды. Ұлттық музыкалық қазынамызды насихаттап, ел өміріне айналдыратын мемлекеттік ұлт аспаптары оркестрі, симфониялық оркестрі, филармония, хор капелласы, вокальды-аспапты ансамбльдер сияқты творчестволық топтар қалыптасты.

Ол туралы профессор Қүдайберген Жүбанов «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулерінде»:-«Музыка мәдениетін күшейту ісінде халық музыкасының мұраларын зерттеудің маңызы өте зор, өйткені болашақтағы жоғары мәдениетті музыка мұраларын жетілдіріп, толықтырып, көркейтіп, көркемдеу жағын күшейтіп, примитив түрлерін гармониялап, халық музыкасындағы өмірге, тіршілікке шақыратын ерлік, жігер тудыратын элементтерін саралап алып, кертартпа, сары уайым туғызатын жағын жойып, осы ретпен ғана қазақ ұлтының ұлттық музыкасын дамытуға болады», — деген еді. Ұлттық операмыздың алғашқы қарлығаштары «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» операларында ұзын ырғағы жетпіс шақты халық мелодиясы пайдаланылған екен. Композитор Е.Брусиловский опера кейіпкерлерінің мінезін ашуда оларды музыкалық жағынан мінездеп, даралауда жұртшылықтың құлағына бұрыннан таныс халықтың ән-күйлерін барынша мол пайдалану арқылы нағыз халықтық опера тудыруы тектен-тек емес. Сондықтан «Қыз Жібек» пен «Ер Тарғын» қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған бай да асыл қазынасының классикалық дәрежеге көтерілген заңды нәтижесі болып табылады.



Халықтын қол өнері-эстетикалық тәрбиенің құралы. Эстетикалық тәрбиенің келесі бір құралы-ол халықтың қол өнері болып табылады. Қыз-келіншектердің әшекейлі әсемдік бұйымдары. Анасын ардақтаған, әйелін әспеттеген, қызын қастерлеген дана халық олардың ішкі жан дүниесінің мөлдірлігімен қатар сыртқы келбеті мен тұлғасының да сұлу болғанын қалаған. Рухани мәдениеті жоғары жанның жүріс-тұрысы, киім киісі, жалпы әдебі де әдемі болғаны қандай жақсы, басына үкілі сәукеле киіп, күлағына ай сипатты сырға ілген, саусағына сақина, білегіне білезік киген, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадаған қазақ аруларының парасаты биік емес пе? Ондай әшекейлі бүйымдардың жасалуы да, тұтынуы да үлкен өнерпаздықтың, мэдениеттіліктің көрінісі екенін бағалау қажет. Халқымыздың қол өнерінде кездесетін ою-өрнек үлгілері мен элементтерінің қазіргі ғылымға белгілісі 200-ден асады[4,5]. Сол сиякты киіз басу мен кілем току жөнінде ғасырлар бойы халық дәстүрін бейнелейтін «Кілем» фирмасы кілем тоқудың ежелгі, көне өнерін қайта жандандыруда. Мысалы: Осы фирмада тоқылған «Бақытты аналық» атты кілем Нью-Йорк, Прага көрмелерінде өзіндік ұлттық белгілерімен, көркемдігімен көруші кауымға жылы әсер етті. Қазіргі кезде қазақтың бейнелеу, мүсін, графика өнерлері окушыларға әсемдік тәрбие берудің бірден-бір құралына айналып отыр. Қазақтың ұлттық театрларының дамуымен байланыста театрды декорациялау өнері пайда болды. Бейнелеу өнері деп өмір шындығын біздің өзімізді коршап түрған дүниедегі жансыз заттарды көре тұрып, оны кескіндеп, не мүсіндеп тусіруді айтамыз. Бұл өнер түріне (живопись) кескіндеме, мүсіндеме (скульптура), графика, сән, және де қол өнері жатады. Өнер иелері салған суреттері арқылы жастарға өз өлкесінің сұлу табиғатын, өз республикасының өткені мен бүгінгісін, халқымыздың түрмысы мен әдет-ғұрпын тани түсуге мүмкіндік береді. Зергерлік ерте заманнан келе жатқан, әрі халыкқа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланатын сән-салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдары мен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман зерлеу өнері болған.

Оған тас, сүйек, металл, бояу, былғары сияқты материалдар кең түрде пайдаланған. Түркістандағы тайқазан, Семей мұражайындағы Бөгенбай батырдың айбалтасы, Алматы облысының Есік қаласынан табылған мәйіттің алтын киімі, т.б. зергерлік өнердің қазақ жерінде ертеден өркендегенінің айқын дәлелі. Зергерлік өнерді халық өнері деуге келсек, жасалынған сәнді бұйымды баяғыда бір ұста жасап безендірген, өз заманында оның аты-жөнін халық білген, бірақ көп ғасырдан кейін оның ұмытылып, жасаған бұйымы халықтікі болып қалыптасқан. Ғасырдан ғасырға жалғасып, жекелеген ұсталардың қолынан шыққан бұйымдардың халықтікі деп аталуы осыдан. Зергерлік өнердің туындылары жауға айбар, жақынға мақтаныш, аруға ажар, жігітке жігер беретін болғандықтан, батырдың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартылатын болған. Қазақ қолөнерінің ішінде халықтың сан ғасырлық тәжірибесі, өмірлік қажеттілігі, ой өрісі, талғам татымы шегіне жеткен мүмкіндіктің айғағы бір ғана киіз үйдің бойына шоғырланғандай. Көшпелілердің сұлулық туралы талғам-түсінігі, дүниені сұлулық заңдылықтарымен игеру мүмкіндігі негізінен осы киіз үй арқылы көрініс тапты. Киіз үйдің сықырлауығынан бастап шаңырағына дейінгі әрбір бөлшегі өз алдына оқшау өнер туындысы бола тұрып, сол мың сан бөлшек бір-бірімен мінсіз үйлескен шақта шегіне жеткен, әбден аяқталған өнер туындысын құраған. Осынау шегіне жеткен өнер туындысы көшпелілердің күнкөріс мұқтажынан бастап рухани талғам-талабына дейін қызмет еткен. Қысқасы, киіз үй көшпелілер үшін табиғаттай сұлу, кеңістіктей үйлесімді шағын әлем еді. Қазіргі күнде қазақ күй өнері әлемге таныла бастады. 2014 жылы 29 қарашада Қазақтың дәстүрлі күйі ЮНЕСКО-ның Адамзаттың рухани мұрасына ұсынылатын Репрезентативті тізіміне енгізді[3].



Пайдаланылған әдебиеттер
І.Қазақстан жолы-2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына

Жолдауы.-Егемен Қазақстан, 18 қаңтар 2014.-1...2 б.

2. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы/Бас ред. Б.Аяған.- Алматы: «Қазақ

энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2007.-93 бет

З.Қазақтың киіз үйі мен дәстүрлі күйі. Егемен Қазақстан, 29.10.2014.-4 б.

4.Құралов.А.Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. -Алматы: Сөздік-Словарь, 1997.-367 6.

5.Құралов. А. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. -



Алматы: Сөздік-Словарь, 1998.-125 б.

Конференцияға қатысулар туралы мәлімет

Ф.И.О.

Құралов Аюбай Құралұлы, Мұсақұлов Қусан Төлендіұлы, Рысқұлов Алдияр Куандықұлы

Место работы

Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері ОҚМПИ

Должность

доцент; аға оқытушы; магистр-оқытушы.

Ученая степень

т.ғ. к.,

Ученая звание

Доцент, Лучший преподавателъ вуза 2008 г

Адрес рабочий

Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі 63

Адрес домашний

Шымкент қ, Бекет батыр көшесі, 188

Тел. мобильный

Тел. мобилъный 87011685534

E-mаіl

Е-таіl: Кигаіоb 45@ таіl. rи

Tема

Халық педагогикасындагы эстетикалық тәрбие

Секция

І


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет