3
«Айқап» журналы туралы сөз.
XX ғасырдың бас кезінде қазақ
тілінде басылып шыққан газет, журналдардың ішінде
әсіресе «Айқап» журналының (1911 - 1915) алатын орны ерекше еді. «Айқап» өз кезінде беделді, жалпыға
түсінікті тілмен жазылған журнал болды. Қазақтың көптегенатақты жазушылары мен ақындары (С.
Торайғыров, С. Дөнентаев, Б. Майлин, С. Сейфуллин, М. Сералин, Ә. Ғалимов т. б.) жұртшылыққа алғаш
осы журнал арқылы танылды. Бұл журнал қазақтың тұңғыш драматургтерінің (көлбай Тоғұсов т. б.)
шығармаларын, білімді аудармашылардың (Ахмет Баржақсин,
Хұсейн Мұхамеджанов, Жиһаншах
Сейдалин т. б.) аудармаларын және қазақ ақын әйелдерінің (Сақыпжамал Тілеубаева, Күләйім Өтегенова
Мәриям седалинова т. б.) өлеңдері мен мақалаларын басып тұрды. Сонымен қатар «Айқап» халық
бостандығы, ғылым,
мәдениет, көркем өнер, оқу,
отырықшылық, егін шаруашылығы,
қала салу, қазақ
әйелдерін азат ету тәрізді әр алуан әлеуметтік, тұрмыстық мәселелерді де көтеріп отырды. Журнал бетінде
мезгіл-мезгіл медицина, агротехника, ветеринария, музыка мәселелері жөнінде консультациялар беріліп,
әр саны сайын әңгіме, фельетон тәрізді түрлі жанрдағы көркем шығармалар басылып отырған. Журналда
халықаралық жағдай жөнінде шолу, «Хабаршыларымыздан хаттар», «Басқармадан жауап» деген бөлімдер
де болған.
«Айқап» журналы әсіресе қазақтың әдеби тілін, көркем проза мен поэзиясын дамытуда үлкен роль
атқарды. Журнал әліппесі мен граматикасын кең талқылап, қазақ тілініңорыс тілімен иық түйісе, онымен
бірлесе отырып өркендеуіне көп септігін тигізді.
ХХ ғасырдың басындағы саяси-қоғамдық жағдайының күрделілігі
мен қайшылығы журналдың
жалпы бағытына әсер етпей қойған жоқ. Журнал бетінде прогресшілд демократ жазушылар еңбектерімен
қатар кертартпа жазушылардың мақалаларының да ара-тұра басылған реттері болды. Сондай-ақ журналда
Қашқымбаев, И. А. Кемали сияқты молдалардың діни мақалалары да жарияланғандығын айтпасқа
болмайды. Алайда мұндай кемшіліктеріне қарамастан, жалпы алғанда, қазақ халқының мәдени өмірінде
«Айқап» журналының прогрестік маңызы зор болды.
ХХ ғасырдың басында қазақ тілінде шығып тұрған газет, журналдарда екі түрлі саяси-идеялық
бағыт байқалады. Оның бірі – «Айқап» есімімен
аталатын демократияшыл, ағартушылық бағыт та.
Екіншісі – оған қарама-қарсы «Қазақ» газеті (1913 – 1918) ұстаған ұлтшылдық кертартпа бағыт.
«Айқап» журналы кейде «Қазақ» газеті өкілдерінің мақалаларының баса отырып,
олармен
баспасөз арқылы ашық түрде пікір таласын жүргізген. «Қазақ» газеті қазақ халқының қала салып, егін егіп
отырықшыел болуына қарсы шығып, бұрынғы
көшпелі қалыпты жақтаса, «Айқап», керсінше,
отырықшылыққа, қала салуға шақырады. Бұл екі баспасөз органдарының арасында әсіресе ана тілі, емле
мен әліппені тәртіпке келтіру жөнінде талас әрі өткір, әрі табанды түрде жүргізілген. «Айқап» журналы
орыс тілінен үлгі ала отырып, қазақ әліппесін тәртіпке келтіру, кейбір дыбыстардың жазылуын, айтылуын
өзгерту жөнінде Ыбырай Алтынсариннің
бастамасын қостаса, «Қазақ» газеті, керісінше, арап әліппесін
өзгерпестен сол күйінде қалдыруды қолдаған. («Айқап», 1912, № 11 ).