Қазақ әдебиеті 8-сынып II тоқсан Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын



бет2/3
Дата31.12.2023
өлшемі2.37 Mb.
#488345
түріСабақ
1   2   3
8-сабақ Ш.Құдайбердіұлы Еңлік Кебек дастаны

Әдеби-теориялық ұғым
Практикалық бөлім
1-тапсырма. Шығарма үзінділерін эпилог және пролог бойынша сәйкестендіріңіз.
Қалқаман мен Мамырды жаздым бұрын, Оқығандар, байқадың оның сырын. Енді айтамын Еңлік пен Кебек сөзін, Тағы сынап көріңіз мұның түрін.
Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім: Емес қой жастықпенен салған әнім. Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы? Аларсың көп ғибрат, байқағаның.
Эпилог
Пролог
Практикалық бөлім
Өзіңді тексер!
Қалқаман мен Мамырды жаздым бұрын, Оқығандар, байқадың оның сырын. Енді айтамын Еңлік пен Кебек сөзін, Тағы сынап көріңіз мұның түрін.
Жігіттер! Бұл өлеңді жазған мәнім: Емес қой жастықпенен салған әнім. Қас қайсы, қаза қайсы, таза қайсы? Аларсың көп ғибрат, байқағаның.
Эпилог
Пролог
Практикалық бөлім
2-тапсырма. Шығармадағы сюжет желісінің жоспарын құрыңыз.
Дескриптор:
- Шығарманың мазмұнын түсінеді;
- Шығарманың сюжеттік желісі бойынша жоспар құрады.
Практикалық бөлім
Ықтимал жауап:

1

Кебектің Нысан абызға бал ашқызуы. Кебектің аңға шығуы. Еңлікпен кездесуі.

2

Кебек пен Еңліктің байланысы.

3

Кебектің Еңлікті алып қашуы, сәбилерінің дүниеге келуі

4

Екі жасты өлтіруге шешім қабылдауы.

5

Екі жастың өлімі, сәбидің тауда қалуы.

Практикалық бөлім
3-тапсырма. Үзінділерді сюжеттік желі бойынша рет-ретімен қойыңыз.

1.Шеткі Ақшоқы басына алып шықты, Қалайша өлтіруге кеңес қыпты. Жас қой деп жаны ашыған бір адам жоқ, Қолға түскен кісіге қатын мықты.

4.Ер Кебек тыным алып үйде жатпай, Еңлікке келіп жүрді дамыл таппай. Кейде түзден жолығып, кейде қонып, Алты ай қыс аттың терін бір құрғатпай.

2.Еңлік, Кебек кеткен соң таң тағы атты, Күн шыққанша кемпір-шал тұрмай жатты. Қойшы Еңлікті таба алмай іздеп-іздеп, «Қызың қашып кетті», – деп шалды оятты

5.«Ей, абыз! Аш балыңды, қобызыңды тарт, Алар ақың бар болса, мойныма арт. Балыңа не түссе де жасырмай айт, Жалғыз-ақ сол арасын қыламын шарт»

3.Тастады бесігімен баласын да, Обалға өшіккен ел қарасын ба? Еңлік–Кебек моласы бүгін де бар Таймақ пен Ералының арасында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет