181
түпкi мақсаты өнердiң iшкi Мәнiне жақындай түсу, халқымен сұхбаттаса (өз
жырларымен) отырып, Дүниенi танып бiлуге тырысу.
Сонымен Асан Қайғы әрбiр
адамның жанына жақсылықты, махаббатты
ұялатып қана бұл әлемдi кемелдендiруге, дамытуға болатындығына бар ын-
тасымен сенедi. Мiне, осымен бiрге өзiндiк жетiлудi – моральдық құндылықтың
нағыз қайнар көзi екенiн, адамның барлық iс-қимылының қозғаушы күшi екенiн
ескертiп отырады. Тек адамгершiлiкпен жетiлу арқылы игiлiктерге жетуге
болады, адамдар арасында келiсiм орнығады.
Мiне, сондықтан әрбiр адам өзiн жетiлдiрумен, кемелдендiрумен айналысуы
керек. Адамның әрбiр iсi жоғары игiлiкке сай болуы үшiн адамдарға деген жан
ашу мен махаббаттан басқа мынандай моральдық қасиеттер қажет-ақ:
«Әдiлеттiлiк, парасаттылық, ұстамдылық, ар-ұят,
өзiн-өзi тежеушiлiк,
ымырашылдық, сабырлылық т.б. Жағымсыз ұғымдардан ыза, ашу, кек, одан
келiп шығатын ұрыс, керiс, жалған, өтiрiк, жанжалдардың шығу себебi адам-
ның әлеуметтiк әл-ауқатының бұзылуынан», – деп Асан Қайғы қорытынды
жасаған.
Мiнезi жаман адамға
Ендi қайтiп жуыспа,
Тәуiр көрер кiсiңмен
Жалған айтып, суыспа.
Өлетұғын тай үшiн,
Көшетұғын сай үшiн
Желке терiң құрысып,
Әркiмменен ұрыспа.
Ашу – дұшпан артынан
Түсiп кетсең қайтесiң
Түбi терең қуысқа /8/.
Адам дамуы қандай жағдайда болмасын басқа бiреудiң есесiнен жүзеге
аспауы керек, тек
қана адамгершiлiк бағдарларына, игiлiк, iзгiлiк принцип-
терiне сүйене отырып, шындыққа айналуы тиiс. Осы адамгершiлiк пен iзгiлiк
бағдарлары адамдар үшiн бақытқа жетер, бейбiтшiлiктi нығайтар мақсаттағы
негiзгi принциптерге айналған жағдайда ғана қоғам нағыз өркениеттi жолға бет
бұра бастағанына сенуге болады. Ойшылды өмiр бойы қинаған негiзгi мәселе –
халықтың бiрлiгiн нығайту болды. Мiне, сол бiрлiкке үнемi шақырумен болды.
Әрбiр отбасындағы бiрлiктiң қажеттiлiгi сияқты, әлеуметтiк дүниеде, әсiресе,
бiр халықтың iшiнде бiрлiк бар жерде тiрлiк бар екенiне меңзеп отырған. ХV
ғасырға тән ыдыраушылық кезеңiнде қазақ халқының ынтымақта болуы – өмiр
қажеттiлiгi болатын. Әрине, ендi ғана есiн жинап бiртұтас халық екенiн сезiне
бастаған әлеуметтiк-этникалық қауымдастық үшiн бұл күрделi де, тарихи
тҮрғыдан алғанда оңай iс-қимыл емес едi.
«Есенiңде – тiрiңде,
Бiр болыңыз бәрiңiз» /9/.
Қазақстандағы бiрлiк пен
тiрлiк осы айтылған ойларға, кемеңгер атала-
рымыз сөздерiмен байланысып жатқан жоқ па?! Жоғарыда атап өткенiмiздей,
Асан Қайғы Жәнiбек ханның кеңесшiсi болған, өмiрдегi көп мәселелердiң
182
шешiмiн табуға көмек көрсетiп, даналық тұрғысынан саралап отырған. Бұл
жерде Жәнiбек ханның Асан Қайғы сияқты ақылдың кенiн құрметтеп,
әрбiр
сөзiн тыңдауға тырысқан әрекеттерiн де бағалауымыз керек. Асан Қайғының
сөз қадiрiн бiлгенiн, оны қолдануды өнер деңгейiне дейiн көтергенiн де айта
кеткенiмiз жөн. Асан Қайғының дүниетанымы өз заманының ғана емес, келер
ұрпақтың да зердесiне үлгi боларлықтай айшықтарға толы болатын. Соны
байқаған хандар мен билер әулетi оған тиiстi құрметiн де бiлдiрiп отырған.
Әрине, Асан Қайғы хан сарайы маңында жүрген ақылгөй қарт рөлiмен ғана
шектелiп қалмайды. Өзiнiң халқының кең байтақ даласын жан-дүниесiмен
игеруге асықты, оны халқына сөзбен жеткiзуге тырысып бақты.
Еркiндiк пен
әсемдiктi пiр тұтқан қазақ халқы үшiн Асан Қайғының айтып кеткен әрбiр
сөзiнiң құндылығы бар
. Жоғарыда айтқандай әсiресе, Асанның Ой мен Сөз
қадiрiн дөп басып, дәл айта бiлгендiгiне мына бiр жолдары куә болады:
«Таза мiнсiз асыл тас
Су түбiнде жатады,
Таза мiнсiз асыл сөз
Ой түбiнде жатады.
Су түбiнде жатқан тас
Жел толқытса шығады,
Ой түбiнде жатқан сөз
Шер толқытса шығады» /10/.
Осы өлең жолдарында қаншама пәлсапалық терең ойлар жатыр! Әрбiр
сөздiң жәй ғана айтыла салмай белгiлi бiр ойды тұжырымдайтын керемет құрал
екенiн, адамның парасатын танытатын ғажап күш
екенiне Дана атамыз назар
аударады
**
.
Асан Қайғының дүниетанымы өз заманына сай айшықтардан құрылғанымен
(әркiм өзi өмiр сүрген әлеуметтiк ортаның түлегi және субъектiсi емес пе?)
ұлыларға тән қасиетпен өз халқының болашағын ойлаумен болған. Ол
күнделiктi күйкi тiрлiктiң ұсақ-түйек мәселелерiнен биiгiрек тұрған сом Тұлға.
Адамзатқа деген ықыласын, Әлемге деген көзқарасын «Адам зердесiнiң
ұлылығы» деген тұжырыммен бiлдiрiп отырған едi ұлы ғұлама. Ол «Адам»
деген деген ұғымды, оның «Ақылымен», «Зердесiмен», «Парасаттылығымен»
байланыстырып қана Мәнге айналдырған. Жер бетiндегi әдiлдiк пен адалдық,
бақыт пен қуаныштың орнауына негiз болатын құбылыс деп адам
ақылын
атаған. Асан Ата адам ақылының, парасатының күшiн
тәрбие мәселесiне, ру-
хани тазалыққа бағыттап отыру қажеттiгiн айтып, көпшiлiктi әдепке, тәртiпке
шақырған. Асан Қайғының пайымдауынша, адам өзiнiң әрбiр iсiне есеп берiп
отырғаны өте тиiмдi. Ал күйкi тiрлiктiң жалған құндылықтарын қуған жанға
Достарыңызбен бөлісу: