Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет38/115
Дата29.04.2023
өлшемі2.48 Mb.
#473003
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   115
Ой өріс

ІІІ кезең: XX ғасырдың екінші жартысы. Бұл – өте күрделі кезең. Мұнда 
да бірнеше белес бар. 1947 жылғы Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитетінің атышулы қаулысы фольклортану ғылымын таза идеологиялық 
қыспаққа салып, 1953 жылғы дискуссиядан кейін фольклорды тек таптық 
тұрғыдан бағалаудың салдарынан "Қамбар батырдан" басқа жырлар 
түгелімен халыққа жат деп танылды. Тұрпайы социологиялық ұстаным тек 
1957 жылдан бастап, қате деп танылып, фольклорды зерттеу ісі жаңа 
қарқынмен қолға алынды (1959 жылғы конференция). 1975 жылға дейін 
батырлар жыры – 3 том, ертегілер – 3 том, айтыс – 3 том, басқа жанрлар – 1 
томнан жарыққа шықты. "Алпамыс батыр", "Қозы Көрпеш – Баян Сұлу", 
"Қамбар батыр", "Қыз Жібек" мәтіндері академиялық басылым болып 
жарияланды. Негізгі жанрлар туралы диссертациялар, монографиялар 
жазылды. "Қазақ әдебиетінің тарихы" 6 кітап болып шықты. Бірінші кітабы – 
фольклорға, екінші кітабы халық ақындарына арналды. Аталған жылдары 
бірнеше ғылыми еңбектер, 3 томдық әдебиет тарихы (1-ші томы. Фольклор 
туралы) орыс тілінде жарияланды. Ә.Диваевтың, Г.Потаниннің, В.Радловтың 
жинаған мәтіндері 
жеке-жеке жинақ түрінде басылды. 1975 жылдан 1990 
жылға дейін бұрынғы қалыптасқан ғылыми басылымдар мен зерттеулер 
жалғаса түсті. Фольклордың көптомдығы шыға бастады (14 томы жарық 
көрді). Зерттеулер әр салада жүріп жатты. Музыкалық фольклор туралы 
монографиялар жарық көрді. Бұл тұстағы фольклортанудың методологиялық 
ұстанымы 
– 
тарихи-типологиялық әдіс болды. Үлкен жанрдың барлығы 
дерлік осы әдіс бойынша зерттеліп шықты: эпос (М.Ғабдуллин, 
Н.Смирнова, 
Ы.Дүйсенбаев, 
Р.Бердібаев, 
О.Нұрмағамбетова, 
С.Садырбаев, Ш.Ыбыраев, т.б.), ертегі (С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, 
Е.Костюхин), аңыздар мен шешендік сөздер (Б.Адамбаев, С.Қасқабасов, 
А.Сейдімбеков), дастандар (Б.Әзібаева, А.Қыраубаева), ғұрыптық фольклор 
(Б.Абылқасымов), 
балалар 
фольклоры 
(К.Матыжанов)

өлеңдер 
(М.Сильченко, Б.Уахатов), тарихи жыр (З.Сейітжанов, Б.Рахимов), т.т. Осы 
жылдар ішінде фольклордың типологиясына, оның тарихилығына, 
шындықпен ара-қатынасына, қазақ фольклортану ғылымының тарихына, 
тарихи жырлардың мәселелеріне арналған ұжымдық іргелі еңбектер 
жарық көрді.
Соңғы он жылда фольклорды теориялық тұрғыдан зерттеуден гөрі 
жариялау жағы басым, өйткені Тәуелсіздікке 
қол 
жеткелі елдің назары 


52 
фольклордың тарихилығы мен тәлімдігі басымырақ жанрларға ауды. Сол 
себепті шешендік сөздер, аңыздар көбірек жарияланды. Бірақ ол 
жинақтар ғылыми-көпшілік мақсатты ұстанды, ал ғылыми басылым көп 
дайындықты қажет етеді. Осы шартпен 1994 жылы “Ел қазынасы 
– 
ескі 
сөз” 
деген атпен В.Радлов жинаған фольклорлық мәтіндер жарық көрді.
Бүгінгі таңда ұлттық фольклорымыздың Кеңес кезінде тиым салынған 
түрлері “Бабалар сөзі” атты сериямен жарияланып, ғылыми айналымға енуде. 
Барлығы – 100 том болмақ. Музыкалық фольклорымыз да 5 том болып 
антология түрінде басылып жатыр. Екі басылым да ғылыми шарт бойынша 
жүзеге асуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет