Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет65/115
Дата29.04.2023
өлшемі2.48 Mb.
#473003
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   115
Ой өріс

«сырғақты» сөзінің мағынасы күңгірт. Ол – ақ тұйғын құстың аты ма, әлде 
құсқа берілген анықтама ма? – бұл жағы белгісіз. Екіншіден, құсқа қатысты 
анықтама болса, құс қалайша «сырғақтайды», ол тұғырда отыр емес пе? 
Демек, осы сөздің өзі қаншалықты мағыналы әрі орынды? Ендеше әнде құс 
«зыр қақты ма?», әлде «тырнақты ма?» болуы да мүмкін ғой. Олай болса, 
«Ақ тұйғын құс қолымда тырнақты ма, Басып-басып алайын ырғақтыма» деп 
айтқан дұрыс сияқты. Үшіншіден, әншілеріміз осы екі тармақты мүлде 
шатастырып айтады да, әннің мазмұнын бұзады.
Дәл осындай жағдайды «Тілеу, қабақ» әнінен де көреміз. Қазіргі 
айтылып жүрген нұсқасы «Айқайлап ән саламын Тілеуқабақ» – деп 
басталады [6]. Мұнда да рулардың атын айтудан сескеніп, мәтінге өзгеріс 
енгізілген. Дұрысы: «Сұрасаң руымды Тілеу, Қабақ» деп айтылады. «Тілеу 
мен Қабақ» – екі ру, алты ата Әлімге жатады. «Қабақтан» әйгілі Көтібар 
батыр шыққан. 
Осы әннің тағы бір тармағы өзгеріске ұшыраған «Құдайдан жатсам-
тұрсам тілегім сол» деудің орнынан «Көңілдің жатсам-тұрсам тілегі сол» - 
деп, бүкіл әннің мазмұнын өзгертіп жіберген. Адам құдайдан тілейді, 
сұрайды. Көңіл сұрамайды, адам тілейді. Сол себепті де «Құдайдан тілегім 
сол» – деп, содан кейін тілегін айтады: «Бергей деп маңдайыма бармақтай 
бақ!». Бұрынғы айтушы құдайдан бармақтай бақ сұрап тұр, ал қазіргі әнші 
сұрай алмайды, оның көңілі тілейді, бірақ кімнен тілек сұрайды, – белгісіз. 
Сөйтіп, әнге мағынасыздық дарыған. 
(Мынадай сұрақ тууы мүмкін. Мәдидің «Қаракесек» әні – рудың аты ғой, 
ол неге өзгертілмеген? – деген. Бұл әннің мәтіні мазмұны жағынан Кеңес 
өкіметінің идеологиясына қарсы емес. Мәдидің өзі де, әні де таптық 
тұрғыдан қараған партияға – дұрыс көрінген. Ол Қақабай сияқты «шынжыр 
балақ, шұбар төс» байдан қорлық көрген деп бағаланды. Міне, Мәдидің өмірі 


120 
мен әні – Кеңес өкіметі мен Компартияның таптық күрес туралы ұғымы 
бойынша түсінілген).
Халық әндері мен әнші-ақындар өлеңдерінен діни сөздерді, ру мен 
тайпаның, үш жүздің атын, немесе олар туралы ұғымдарды алып тастау бүкіл 
әннің, шығарманың мән-мағынасын бұзып, күлкілі жағдайға әкеледі. Бір-екі 
мысал келтірейік. Бәрімізге белгілі «Қамажай» әні қазір былай айтылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   115




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет