Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы



бет7/9
Дата09.06.2016
өлшемі1.32 Mb.
#126137
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Теориялық сұрақтар
1. Фольклортану ғылымы нені зерттейді?

2. «Фольклор» ұғымының «жазба әдебиеті», «ауыз әдебиеті» ұғымдарынан айырмашылығы неде?

3. Фольклордың ауызекі сипаты, халықтығы, көпнұсқалылығы, синкреттілігі, тарихилығы, дәстүрлілігі, ұлттық сипаты т.с.с. жайында не білесіз?

4. Әлемдік фольклортану ғылымында фольклорды жинаудың қалыптасқан қандай тәсілдері бар?

5. Фольклорды тікелей жинау дегеніміз не?

6. Фольклорды тұрғылықты жинаудың өзіндік ерекшелігі неде?

7. Фольклорды экспедициялық тәсіл арқылы жинаудың өзіндік артықшылығын анықта?

8. Фольклорды жинаудың: күнделік, жолжазба, конспект, қолжазбалар мен кітаптардан көшіру т.с.с. әдістердің ерекшелігі неде?

9. Кеңес үкіметі тұсында есімі аталуына тыйым салынған М. Ж. Көпеев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедовтардың еңбектерінің енді-енді ғылыми айналымға ене бастауының себебі неде?

10. Фольклортану ғылымының зертеу аспектілері жайында не білесіз?

11. Фольклорды жинаудың маңызы, мақсаты мен шарттарын қалай түсінесіз?

12. Қазақ фольклорын жинау ерекшеліктері.

13. Халық ауыз әдебиетінің түрлері (тұрмыс-салт жырлары, аңыздар, ертегілер, эпостық жырлар, айтыс, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар т.б.) жайында не білесіз?

14. Фольклор үлгілерін өзара ажыратудың талаптарын ата?

15. Фольклор үлгілерін жинаудың өзіндік талаптары қандай?

16. Мәтін паспорты дегеніміз не?

17. Фольклорлық мәтінді қағазға түсірудің алғышарттарын ата?

18. Мәтінді қағазға сөзбе-сөз түсірудің маңыздылығы неде?

19. Үлгіні ел арасынан жинағанда кімнен, қашан, қалай т.с.с. алғандығы турасында деректерді келтіру не үшін қажет?

20. Бір мәтіннің ел арасынан бірнеше нұсқасын жинаудың маңыздылығы неде?

21. Шығыс және және қазақ фольклоры байланысы.

22. Фольклордың тарихилығы.

23. Фольклордың типологиясы.

24. Фольклор және фольклористика ғылымының мәні.

25. Фольклор және эстетика.

26. Фольклористиканың басқа да ғылымдар саласымен байланысы.

27. Фольклордағы көне көзқарастар.

28. Әдет-салттар және көркемдік ұғымдардың фольклордағы белгілері.


Тапсырмалар
1. Фольклортанушы ғалымдардың еңбектерін ата?

2. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымын дамытқан ғалымдарды ата?

3. «Қазақ әдебиетінің тарихы» (Алматы, 1948) атты ұжымдық еңбектің мәні неде?

4. «Қазақ фольклористикасының тарихы» (Алматы, 1988) атты ұжымдық монографияның маңызы неде?

5. Белгілі фольклотанушы ғалымдар: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, В. В. Радлов, Г. Н. Потанин, Ә. Диваев, М. Ж. Көпеевтердің өмірі мен қызметіне шолу жаса?

6. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымының жай-жапсарына, оның салдарының даму барысына, фольклортану ғылымының қандай межелерге жеткеніне, нендей мақсаттар қойып, қандай проблемаларды қандай дәрежеде шешкеніне т.с.с. назар аудар?

7. Жарты ғасыр ішінде қазақ фольклоры қалай жиналды деген мәселеге көңіл бөліңіз?

8. Халықтық мұраларды кімдердің қашан, кімдерден, қалай т.с.с. алғандығын анықта?

9. Әр кезде, түрлі нұсқада жарияланған фольклорлық үлгілерді өзара салыстырып сипатта?

10. Белгілі ғалымдар: Г. Н. Потанин, Ә. Диваев, М. Ж. Көпеев, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Әуезов, Х. Досмұхамедов, С. Сейфуллин, С. Мұқановтардың ел арасынан жинаған фольклор үлгілерінің қашан, кімдерден алынып, қай мөлшерде екенін анықта?

11. Жиналған фольклорлық мәтіндердің қандай жиналу тәсілдері, әдістері т.с.с. арқылы қағаз бетіне түскенін анықта?

12. Фольклорлық мәтіндердегі паспорттық деректердің т.б. қаншалықты сақталғандығын сарапта?

13. ХХ ғасырдың бірінші жартысында жиналған халықтық мұраларды дәйектей келе, жалпы олардың қазақ фольклортану ғылымында алатын орнын айқында?

14. Қарастырып отырған кезеңдегі қазақ фольклортану ғылымының қалыптасу, даму тарихын, жеткен белестері мен жіберген олқылықтарын, жалпы қазақ әдебиетінде алатын орнын анықта?

15. Тарихи салыстырмалы және аналитикалық зерттеу әдістерінің ерекшеліктері неде?

16. Фольклорлық мәтіндері текстологиялық жағынан салыстырудың маңызы неде?

17. Көп уақытқа дейін «жабық» болып келген: М. Ж. Көпеев, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедұлы сияқты алыптарымыздың ұлттық фольклорды жинау әдістеріне тоқтал.
Реферат тақырыптары
1. Г. Н. Потанин – фольклортанушы ғалым.

2. Ә. Диваев – фольклортанушы ғалым.

3. Ш. Уәлиханов – фольклортанушы ғалым.

4. В. В. Радлов – фольклортанушы ғалым.

5. М. Ж. Көпейұлы – фольклортанушы ғалым.

6. Ә. Бөкейханов – фольклортанушы ғалым.

7. А. Байтұрсынов – фольклортанушы ғалым.

8. Х. Досмұхамедұлы – фольклортанушы ғалым.

9. М. Әуезов – фольклортанушы ғалым.

10. С. Сейфуллин – фольклортанушы ғалым.

11. С. Мұқанов – фольклортанушы ғалым.

12. Б. Кенжебаев – фольклортанушы ғалым.

13. Ә. Смайылов – фольклортанушы ғалым.

14. Ә. Марғұлан – фольклортанушы ғалым.

15. ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ фольклорының жиналу жағдайы.

16. Қазақ фольклорын жинаудың ерекшеліктері.

17. ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ фольклорын жинаудың маңызы, мақсаты мен шарттары.

18. Кеңес дәуірінде фольклорды жинаудың шарттары мен түрлері.

19. Фольклорды жинау тәсілдері.

20. Фольклорты тікелей жинау тәсілі.

21. Фольклорты тұрғылықты түрде жинау тәсілі.

22. А. Е. Алекторов – фольклортанушы ғалым.

23. А. Затаевич – фольклортанушы ғалым.

24. Н. Н. Пантусов – фольклортанушы ғалым.

25. Л. Соболев – фольклортанушы ғалым.

26. Ә. Қоңыратбаев – фольклортанушы ғалым.

27. Н. С. Смирнова – фольклортанушы ғалым.

28. Баспасөз бетіндегі қазақ фольклоры

29. Фольклорды экспедиция тәсілі арқылы жинау.

30. Фольклор (ерекшеліктері, жиналуы, жариялануы, зерттелуі).

31. «Фольклор», «ауыз әдебиеті», «жазба әдебиеті» ұғымдары, ерекшеліктері.

32. Фольклор мен жазба әдебиетінің байланысы.

33. Фольклор және фольклортану ғылымы.

34. Шығыс және қазақ фольклоры.

35. Фольклордың түрлері, ерекшеліктері.

Тест
1-нұсқа
1. 1864 жылы «Современник» журналында жарияланған К. Губаревтің «Қазақ даласы» мақаласы кімге арналған ?

А) Ш. Уәлихановқа

В) Ә. Диваевқа

С) Н. Ф. Катановқа

D) М. П. Бекимовқа

Е) М. Ж. Көпейұлына


2. Н. П Рычковтың «Күнделіктерінде» халық ауыз әдебиетінің қай үлгілерінен мысал келтірілген?

А) жоқтау өлендерінен

В) ертегілерден

С) аңыз-әпсаналардан

D) жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерден

Е) айтыстардан


3. 1859 жылы Алматыдан Ыстықкөлге барған әскери саяхатшы А. Голубевтің жазбаларында кездесетін аңыздарды атаңыз.

А) «Ақсақ құлан», «Жеті қарақшы»

В) «Большая медведица», «Үркер»

С) «Кірпік шешен », «Көртышқан»

D) «Боғда тауы мен Басқұншақ көлі туралы аныздар»

Е) «Нұх кемесі», «Лұхман хакім»


4. Орыс Географиялық қоғамының құрылуы патша үкіметінің отаршылдық саясатымен байланысты деген пікірді айтқан ғалым

A) М. К. Азадовский

B) Н. С. Смирнова

С) А. В. Алекторов

D) П. С. Паллас

Е) И. Георги


5. ХХ ғасырдың басында халық ауыз әдебиетін жазба әдебиеттен бөліп қарастырған ғалым

А) А. Н. Белослюдов

В) Ә. Марғұлан

С) Ш. Шөкин

D) М. Гумелев

Е) Қ. Яссауи


6. Н. Пантусовтың қазақ фольклоры туралы зерттеулеріне алғысөз жазып, бастырып шығаруға көмектескен ғалым:

А) Н. Ф. Катанов

В) М. Әуезов

С) Ә. Бөкейханов

D) С. Торайғыров

Е) Ә. Диваев


7. «Қара Қыпшақ Қобыланды батыр» жырын қағаз бетіне түсірген кім?

А) Махмұдсұлтан Тұяқбайұлы

В) С. Торайғыров

С) Қ. Жұмалиев

D) В. Радлов

Е) Ж. Баласағұн



8. Ә. Бөкейхановтың «Қара Қыпшақ Қобыланды» атты сыни-мақаласы неше бөлімнен тұрады?

А) 7


В) 6

С) 5


D) 4

Е) 3
9. Қазақтың белгілі тілтанушысы Қ. Жұбанов 1936 жылғы еңбегінде («Из истории порядка слов в казахском предложении») қазақ тілінің сөз тіркесін зерттеу үшін мысал ретінде фольклордың қай жанрын қолданған?

А) айтысты

В) мақал-мәтелдерді

С) ертегіні

D) аңызды

Е) батырлар жырын
10. Академик В. В. Радловтың 11 томнан тұратын кітабы қалай аталады?

А) «Түрік рулары ауыз әдебиетінің нұсқалары»

B) «Қазақ халық әдебиеті»

C) «Қазақ ауыз әдебиетінің нұсқалары»

D) «Әдебиет танытқыш»

Е) «Әдебиет тарихы»


11. В. В. Радловтың «Түрік рулары ауыз әдебиетінің нұсқалары» атты кітабының нешінші томы қазақ фольклорына арналған?

А) 3 (1870 ж.)

B) 4 (1871 ж.)

C) 5 (1872 ж.)

D) 6 (1873 ж.)

Е) 7 (1874 ж.)


12. Б. Кенжебаев тұрмыс-салт жырларын қалай жіктейді?

А) дін-салт, үйлену-салт, мұң-шер, мал шаруашылық туралы өлеңдер

B) мұң-шер өлеңдер, тарихи жырлар, батырлар жыры

C) тұрмыс-салт жырлары, халық жырлары, дін-салт өлеңдер

D) үйлену-салт, мал шаруашылық туралы өлеңдер, батырлар жыры

Е) тарихи жырлар, батырлар жыры, махаббат жырлар


13. Дін салты өлеңдері, үйлену салт өлеңдері, мұң-шер өлеңдері алғаш рет М. Әуезовтің қай кітабында қарастырылды?

А) «Әдебиет тарихы»

B) «Әдебиет танытқыш»

C) «Тіл-құрал»

D) «Қазақ әдебиеті»

Е) «Халық ауыз әдебиеті»


14. «Бұның көбі арнаулы салтты орындау ретінде айтылатын фольклор үлгілері болады. Салттардың біреуі шаруа кәсіпті айтса, бірі діндік нанымды айтса, бірі қуаныш, сауық кездерінде айтылады. Тағы біреулері қайғы, қаза, мұң-уайым үстінде айтылады». Бұл кімнің және қай өлең түріне берген анықтамасы?

А) Б. Кенжебаевтің салт өлеңдеріне

B) В. В. Радловтың қазақ халық ауыз әдебиетіне

C) М. Әуезовтің үйлену-салт өлеңдеріне

D) С. Сейфуллиннің мал шаруашылық туралы өлеңдеріне

Е) Б. Шалабаевтің өтірік өлеңдеріне


15.Ш. Уәлихановтың «Жоңғария очерктері» атты еңбегі қай жылы жарық көрді?

А) 1861жылы

В) 1858 жылы

С) 1873 жылы

D) 1864 жылы

Е) 1859 жылы


16. 1900 жылы Қазан қаласында жарық көрген белгілі ғалым А. В. Алекторовтың еңбегін көрсетіңіз

А) «Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргизах»

В) «Эпос и фольклор казахского народа»

С) «Материалы к изучению киргизского народнога эпоса»

D) «Устное поэтическое творчество казахского народа»

Е) «Образцы киргизской народной словестности»



17. А. В. Алекторовтың көрсеткішінде фольклор жанрларының қай түріне көп мән берілген?

А) аңыз бен ертегілерге

В) тұрмыс – салт жырларына

С) жыр – дастандар мен қиссаларға

D) ұсақ жанрларға

Е) айтыстарға



18. П. П. Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казак-киргизского языка» (1894) атты кітабы қай қалада жарық көрді?

А) Санкт-Петербургта

В) Орынборда

С) Мәскеуде

D) Қазанда

Е) Ташкентте


19. А. В. Васильевтің «Образцы киргизской народной словесности» атты жинағы халық ауыз әдебиеті үлгілерінің қай түріне арналған?

А) жұмбақтарға

В) ертегілерге

С) жырларға

D) тұрмыс-салт жырларына

Е) мақал-мәтелдерге


20. А. В. Васильев жинағына енген жұмбақтар қай жерде жиналған?

А) Сыр елінен

В) Жетісу өңірінен

С) Батыс және Оңтүстік Қазақстаннан

D) Торғай жерінен

Е) Бетпақдаладан


21. А. В. Васильев кітабында қазақ жұмбақтарын қандай топтарға жіктейді?

А) физикалық өмір құбылыстарына; хайуанаттарға, адам мен оның тұрмыс-тіршілігі, қоршаған ортасына арналған жұмбақтар

В) діни және адам мен оның тұрмысына арналған жұмбақтар

С) қыз бен жігіт арасындағы жұмбақ, діни жұмбақ, әдет-ғұрыпқа байланысты жұмбақтар

D) сыртқы пішіні қарапайым жұмбақ және шумақ түріндегі жұмбақ

Е) халықтық жұмбақтар және авторлық жұмбақтар


22. «Өзінің тірлік серігі мал жөніндегі өлеңдерінде бақташы адам өз мұңын малға мұңдатады. Өзінің аталық-аналық мейірімін мал тілімен айтқызады, өмір тартысындағы төзімділіктің қажетін де әр малдың анық еңбекшіге сүйенетінін мал тілімен аңғартады» - деген пікір қай ғалымдікі?

А) Б. Кенжебаев

B) Х. Досмұхамедов

C) В. В. Радлов

D) Г. Н. Потанин

Е) Ә. Диваев


23. Б. Кенжебаев діни-салт өлеңдерінің қандай ерекшеліктерін атап көрсетеді?

А) айға, күнге, жұлдызға табыну

B) Ұмай анаға табыну

C) тұмарға табыну

D) отқа табыну

Е) Аллаға табыну


24. Б. Кенжебаевтың пікірінше дін салты жайындағы өлең-жырларға қандай өлеңдер жатады?

А) жарапазан жырлары, бақсы сарындары, бәдік айту, арбау

B) тарихи жырлар, бата, жалбарынулар

C) батырлар жыры, айтыс, дұға оқу, арбау

D) наурыз туралы жырлар, махаббат туралы жырлар

Е) аңыз-әңгімелер, тарихи жырлар, батырлар жыры


25. Наурыз туралы жырлар қай жыр түріне жатқызылып, қазір өз алдына жеке қарастырылады?

А) ұлыс жыры

B) тұрмыс-салт жыры

C) батырлар жыры

D) жарапазан жыры

Е) тарихи жырлар


26. Б. Кенжебаевтың пайымдауынша, монғол тілінде бақсы сөзі қандай мағынаны білдірген?

А) оқытушы, ұстаз

B) бала, оқушы

C) балгер, мұғалім

D) құмалақ салушы

Е) емші, дәрігер


27. М. П. Бекимовтың қазақ эпосы туралы зерттеуіне алғысөз жазып баспадан шығаруға көмектескен ғалым:

А) Н. Ф. Катанов

В) Ш. Сарыбаев

С) С. Аманжолов

D Ә. Марғұлан

Е) Ә. Бөкейханов


28. М. Әуезов пен Л. Соболев халық ауыз әдебиетін неше жанрға бөлген?

А) 6


В) 5

С) 4


D) 3

Е) 2
29. М. Әуезов пен Л. Соболев қазақ эпосын іштей қалай бөлген?

А) батырлар жыры, ғашықтық жырлары, тарихи жырлар

В) аңыз, ертегі, мақал-мәтел

С) айтыс өлеңдері, поэзияның шағын түрлері, тарихи жырлар

D) мұң-шер өлеңдері, үйлену-салт жырлары

Е) сыңсу, естірту, ғашықтық жырлары
30. Ә.Диваевтың қазақ фольклорын жинау, жариялау, зерттеу қызметі қай кезден басталады?

А) ХIХ ғасырдың II жартысында

В) ХIХ ғасырдың I жартысында

С) ХIХ ғасырдың ортасында

D) ХХ ғасырдың басында

Е) ХХ ғасырдың соңында


2-нұсқа
1. Б. Кенжебаевтың пайымдауынша, монғол тілінде бақсы сөзі қандай мағынаны білдірген?

А) оқытушы, ұстаз

B) бала, оқушы

C) балгер, мұғалім

D) құмалақ салушы

Е) емші, дәрігер


2. Бәдік өлеңі қандай мақсатта қолданылады?

А) адамның, малдың бойынан кеселді бездіру, ауруды жазып алу мақсатында

B) мереке, той күндерінде айтылатын өлең

C) Аллаға, тәңірге жалбарыну мақсатында

D) береке, бірлік, жаңбыр шақыру мақсатында

Е) өсиет, өнеге, нақыл сөз мақсатында


3. Адамды, малды-жылан, қарақұрт, шаян т.б. тәрізді улы жәндіктер шаққанда айтылатын тақпақ өлеңдер қалай аталады?

А) арбау, оқу, байлау сөздер

B) бәдік өлеңі

C) өтірік өлеңдер

D) жоқтау, естірту

Е) тойбастар, жар-жар, беташар


4. Б. Кенжебаевтың пікірінше жарапазан салт бойынша қай кезде айтылады?

А) ораза айында түнде

B) қадір түні кезінде

C) айт кезінде

D) намаз оқығанда

Е) підір-садақа беру кезінде


5. Б. Кенжебаев үйлену салт өлеңдерін қалай бөлген?

А) жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар

B) әдет, салт, естірту

C) қоштасу, көңіл айту, жоқтау, естірту

D) бақсы сарыны, бәдік, арбау, жарапазан

Е) тойбастар, жоқтау, қоштасу, жалбарыну


6. Келін түскенде айтылатын өсиет өлең қалай аталады?

А) беташар

B) тойбастар

C) жар-жар

D) сыңсу

Е) жұбату


7. « … кешкі мезгілде киіз үйге жиналған көп адамның алдында орындайды. Сонан жыр айтуды таң атқанға дейін созып, жалғасын келесі кеште қайтадан бастайды»,- деп батырлар жырына анықтама берген қай ғалым:

А) Ә.Диваев

В) В.Радлов

С) И. Чеканский

D) Ә. Бөкейханов

Е) М. Әуезов


8. « Мақаланың авторы қазақ тұрмысын, мәдениетін, әсіресе фольклорын жетік білетін және орыс әдебиеті мен мәдениетін жақсы меңгерген адам ретінде «Қобыланды батырдағы» әйелдер тұлғасын өзінен бұрынғы авторлардан өзгеше талдаған,-деп Ә. Бөкейхановтың зерттеушілік қызметіне жоғары баға берген ғалым:

А) С. Қасқабасов

В) В. Сидельников

С) Ә. Диваев

D) Д. Қамзабекұлы

Е) Қ. Жұбанов


9. М. Әуезовтың «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты еңбегі орыстың қай ғалымымен бірлесе жазылған?

А) Л. Соболевпен

В) Н. Шебалинмен

С) А. Фроловпен

D) Н. Катановпен
10. «Айқап» журналында жарияланған «Алпамыс» жырында кездесетін ертегіге тән мифтік белгілер, образдар жүйесі туралы мақала авторы:

А) С. Торайғыров

В) Ә. Диваев

С) И. Чеканский

D) Д. Қамзабекұлы

Е) М. Әуезов


11. «Айқап» журналындағы қай жырды С.Торайғыров ел аузынан жазып алған еді?

А) «Қара Қыпшақ Қобыланды батыр»

В) «Ер Тарғын»

С) «Алпамыс»

D) «Едіге»

Е) «Қозы Көрпеш –Баян сұлу»


12. Н. Н. Пантусов жариялаған жинақтардың мақсаты

А) қазақ тілінің ерекшеліктерін қарастыру

В) халықтық шығармаларды жинақтау, жүйелеу

С) қазақтар арасында орыстандыру саясатын жүргізу

D) қазақ халқына орыс тілін үйрену жолын көрсету

Е) қазақ халқының әдет-ғұрпын, тұрмыс-тіршілігін, жалпы мәдениетін зерттеу


13. Н. Н. Пантусовтың 1909жылы жарық көрген хрестоматиясын атаңыз

А) «Образцы киргизской народной литературы»

В) «Несколько вопросов по сравнительному изучению животного и мифического эпоса у народов севера Сибири»

С) «Образцы народной литературы северных тюркских племен»

D) «Гора Богда и озера Васкунчакское»

Е) «Киргизская хрестоматия»


14. Н. Н. Пантусов жинағында қамтылған қазақ ертегілері

А) «Шығайбай мен Алдар көсе», «Момынбай мен жеті қарақшы»

В) «Айтыс », « Емші мен қасқыр »

С) «Алдар көсе», «Қожанасыр»

D) «Үш мерген», «Екі ағайынды »

Е) «Тазша», «Үркер»


15. А. Е. Алекторовтың 1907жылы басылым көрген «Қазақ хрестоматиясында» қанша мәтін жинақталған?

А) 100


В) 62

С) 96


D) 58

Е) 76


16. Кеңестік фольклористикада фольклор мен әдебиеттің өзара байланысын зерттеу қай жылдардан бастау алады?

А) 1920-шы жылдардан

В) 1930-шы жылдардан

С)1940-шы жылдардан

D) 1950-шы жылдардан

Е) XIXғ II жартысы


17. Б. Кенжебаев мұң-шер өлеңдерін қалай жіктеген?

А) қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау

B) жар-жар, сыңсу, жұбату, беташар

C) бақсы сарыны, бәдік, арбау, жарапазан

D) өтірік өлеңдер, нақыл сөздер, өсиет сөздер

Е) жалбарыну, естірту, арбау


18. Дүние жүзінің фольклористері қолданып отырған бір классификацияны қай фольклортанушы жасады?

А) Антти Аарне

B) Г. Н. Потанин

C) З. Фрейд

D) В. В. Радлов

Е) Ж. Арнольд


19. Ғалым М. Әуезов тұрмыс-салт ертегілерін қандай ертегілер қатарына жатқызады?

А) шыншыл ертегілер

B) қиял-ғажайып ертегілер

C) хайуанат жайындағы ертегілер

D) аңыз ертегілер

Е) күлдіргі ертегілер


20. Батырлар жырын халық ауыз әдебиеті ішіндегі ең көбі, көлемдісі, мол мазмұнды, көркемінің бірі деп атап көрсеткен қай ғалым?

А) Қ. Жұмалиев

B) М. Әуезов

C) Х.Досмұхамедов

D) С. А. Қасқабасов

Е) Б. Уахатов


21. Қ. Жұмалиев қандай батырлар жырын жан-жақты зерттеген?

А) «Алпамыс», «Қамбар», «Қарасай-Қази»

B) «Қабанбай батыр», «Ер Тарғын»

C) «Бекет батыр», «Мырза Едіге», «Қамбар»

D) «Қаншайым», «Шора батыр», «Ер Көкше»

Е) «Орақ-Мамай», «Себен», «Кенесары-Наурызбай»


22. Қазақ, ұйғыр,монғол және Сібір ,Алтайдағы түркі тілдес халықтардың поэзиясындағы жақындықты анықтаған ғалым

А) Г. Н. Потанин

В) В. В. Радлов

С) П. М. Мелиоранский

D) А. В. Васильев

Е) И. Н. Березин


23. Сәбит Мұқановтың «Қазақ әдебиеті әм Ыбырай» деген мақаласы қай журналда жарияланды?

А) «Қызыл Қазақстан»

В) «Еңбекші қазақ»

С) «Жұлдыз»

D) «Социалистік Қазақстан»

Е) «Жалын»


24. Қазақ халық ауыз әдебиеті тарихын зерттеуге ерекше көңіл бөлген ғалым:

А) М. Әуезов

В) Ә. Диваев

С) С. Мұқанов

D) Н. Смирнова

Е) А. Байтұрсынов


25. М Әуезовтің 1922 жылы жарық көрген зерттеу еңбегін атаңыз

А) «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі»

В) «Қобыланды батыр»

С) «Қазақ әдебиетінің тарихы»

D) «Халық ауыз әдебиеті»

Е) «Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті»


26. М. Әуезов «Қобыланды батыр» жырын қай ғасыр туындысы деп есептейді?

А) ХVII ғ

В)ХVIII ғ

С) ХVI ғ


D) ХV ғ

Е) ХIV ғ
27. М. Әуезовтың «Қобыланды батыр» деп аталатын көлемді зерттеу мақаласы қай журналда жарық көрген?

А) «Таң»

В) «Темірқазық»

С) «Айқап»

D) «Үміт»

Е) «Қазақ»
28. Қазақ фольклортану ғылымы өз алдына дербес ғылым ретінде қашан қалыптасты?

А) Қазан төңкерісінен кейін

В) Ақпан революциясынан кейін

С) азаматтық соғыстан соң

D) Ұлы Отан соғысынан кейін

Е) ұлт-азаттық көтерілістен соң


29. М. Әуезов пен Л. Соболев өз еңбектерінде фольклорлық кейіпкерлерді қалай атаған?

А) әдеби образ

В) лирикалық қаһарман

С) көркем бейне

D) прототип

Е) авторлық бейне


30. И. А. Чеканский өз зерттеуінде «Қозы Көрпешті» қай жырдың алғашқы негізі деп көрсетеді?

А) «Алпамыстың»

В) «Қобыландының»

С) «Ер Тарғынның»

D) «Ер Сайынның»

Е) «Едігенің»



3-нұсқа
1. Ә. Бөкейхановтың наурыз айы туралы жазған мақаласы қалай аталады?

А) «Жаңа жыл»

В) «Ұлыстың ұлы күні»

С) «Әз Наурыз»

D) «Ұлттық мейрам»

Е) «Армысың, Наурыз!»


2. «Қобыланды батыр» жыры неше буынды болып келеді?

А) 7-8


В) 5-6

С) 11


D) 12

Е) 10
3. Фольклорға тән емес ерекшелікті көрсетіңіз?

А) авторы болуы

В) ауызша таралуы

С) көп нұсқалылық

D) дәстүрлік синкреттілік

Е) ауызша формада тууы
4. Мұң-шер өлеңдерін көрсетіңіз?

А) қоштасу, естірту, жоқтау

В) сыңсу, жар-жар, беташар

С) ғашықтың жыры, айтыс

D) сыңсу, жарапазан

Е) жұмбақ, мақал-мәтел


5. М. Әуезовтың «Қазақ халқының эпосы мен фольклоры» атты еңбегін аударған белгілі қазақ сыншысы:

А) А. Нұрқатов

В) Қ. Шаңғытбаев

С) І. Ахметов

D) Қ. Жұмалиев

Е) Б. Кенжебаев


6. «Халық тарихын, әдебиет тәтріптен жазып шығаруға әдебиет тарихының деректері керек. Болған тиісті мағлұматтар, біраз ескі мағлұматтар,біраз тарихи әдебиет деректері қазір қазақ университеті қармағында бар..» үзіндісі қай мақаладан алынған?

А) С. Сейфуллин «Қазақ әдебиеті туралы хат»

В) М. Әуезов «Халық ауыз әдебиеті туралы»

С) Б. Кенжебаев «Абай өлеңдерінің 1923 жылғы басылуы туралы»

D) С. Мұқанов «Қазақ әдебиеті әм Ыбырай»

Е) А. Байтұрсынов «Салт өлеңдері»


7. 1930жылдары С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, М. Әуезов т.б. көтерген мәселелер:

А) халықтың тіл байлығын, сөз саптау мәнерін; фольклордағы сюжеттер, фольклорлық образдарды пайдалану, т.б.

В) қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихы, тегі, түркі халықтар әдебиетімен түбі бірлігіне, т.б.

С) халық ауыз әдебиетінің халықтығына, партиялығына және таптығына

D) халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, жариялау

Е) фольклор үлгілерін жанрларға жіктеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет