«Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы»



жүктеу 1.27 Mb.
бет2/7
Дата22.02.2016
өлшемі1.27 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

2.3.Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде «кангюйлар» деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхаратада» «кангха» болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жазба деректерінде көрсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана ру-тайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемлекеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпаларының жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді.

Қытай жазба деректері негізінде қаңлы тайпаларының тарихын алғашқы зерттеушілер Қытай тілін жетік білген ғалымдар Н. Я. Бичурин мен Н. В. Кюнер. Бұлардан кейін жазба деректерді саралай отырып академик В. В. Бартольд қаңлы тайпаларын Сырдарияның орталық ағысында өмір сүрді деген қорытынды жасайды.

Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалдары шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді.

1. Қауыншы.

2. Жетіасар.

3. Отырар-Қаратау мәдениеті.

Бірінші- Қауыншы мәдениеті, Ташкент маңындағы кенттерден табылған заттармен байланысты, оның бірі Қауыншы қаласының атымен аталған. Бұл мәдениеттің тарихи түрғындарының өмір сүрген кезеңдері б.з.б. III ғасырмен б.з. I ғасыр арасы. Қазақстан ғалымдары бүл мәдениетке Ташкент аймағына жақын орналасқан Шардара су қойма-сының жеріндегі ескерткіштерді де жатқызады. Олар Ақт-өбе I, Шаушықүм қалашықтарының орындары. Бүлардан керамикалық ыдыс-аяқтар, егіншілік кәсібіне және мал шаруашылығына қажет қүрал жабдықтар мен қару-жарақтар табылған.

Екінші - Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының тарихи ескерткіштері жатады. Бүлардың қатарына - Ал-тынсар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар, Жетісар қалашықтары кіреді. Мүндағы табылған заттар б.з. Імың жылдығының алғашқы жартысында өмір сүрген қаңлы тай-паларының тарихы туралы мәлімет береді. Жетіасар мәде-ниетінің халқы Қауыншы мәдениетінің тұрғындарына қара-ғанда тұрақты мекен-жай салу және оның күрделі әрі сапа-лы болуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ бұларда керамикалық заттар жасауда айырмашылықтар болған.

Үшінші- Отырар-Қаратау мәдениетіне Сырдарияның ор-талық ағысы, Отырар аймағы мен Қаратаудың солтүстік және күнгей бетіндегі ескерткіштер жатады. Жазба дерек-тер бүл жерлердегі қаңлы тайпаларының негізгі өсіп- өнген, этникалық ата-мекені болғанын көрсетеді. Сондықтан да Қазақстан ғалымдары Отырар, Қаратау мәдениетінің тарихи ескерткіштерін тереңірек зерттеуге ерекше назар аударған.


3-тақырып. Кейінгі ортағасырлардағы рухани мәдениет.

.Түрік тектес түргеш тайпалары УІ-ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарын мекендеген, ал УІІ-ғасырда Жетісудың орталық аймақтарын қоныс еткен. Олар өзінен бұрынғы өмір сурген Батыс түрік қағанаты қүрамындағы халқы көп тайпа-лардыц бірі болған. Түргеш тайпалары жөніндегі алғашқы мәліметтер Күлтегін ескерткішінде және Қытай жазба деректерінде кездеседі. Ал түргештердің жеке қағандық болып қүрылуы туралы дерек «Тоныкөк» жазуында айтылған.

Түргеш қағанаты халқының этникалық қүрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрған. Жаз-ба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларын жайлаған. Шу бойындағы түргештер сары, ал Та-лас аймағындағы түргештер қара түргештер деп аталған. Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Бүл кезде Жетісу аймағында араб басқыншыларына қарсы күрес жүріп жатқан болатын. Жетісуда Түргеш қағанаты билеушілерінің негізін қалаушы Үшелік-қаған. Оның билік жүргізген кезі - 699-706 жылдар. Ол Жетісудан Батыс түрік билеушісі Бөрішадты қуып, Ташкенттен Турфанға және Бесбалыққа дейін өзінің өкіметін орнатты. Оның басты саяси орталығы - Шу өзені бойындағы Суяб қаласы. Екінші орталығы - Іле өзені бойындағы Күнгүт қаласы. Үшелік елді 20 үлысқа /бөлікке/ бөліп, олардың әр қайсысында 7 мыңнан әскер ұстады.

Түргеш қағандығы бар-жоғы жарты ғасырдай өмір сүрді. Оньщ көп жылдары сыртқы жаулармен соғыста өтсе, ішкі жағдайында да тыныштық болмады. Тайпалар екі жаққа бөлініп, бір-бірімен талас-тартысқа түсті. Әрине, мүндай үзақ уақытқа созылған саяси күрес қағанаттың экономика-лық және мәдени жағынан өсіп өркендеуіне кері әсерін тигізді. Осыған қарамастан Түргеш қағанаты бүрынғы Ба-тыс түрік мемлекеті қалдырған ел басқару жүйесін, әлеуметтік-экономикалық бағытындағы дамуын жалғастырды. Түргеш қағандығы қүлағаннан кейін бүрынғы көшпелі түрік тайпалары қүрған Батыс түрік қағанатының орнына төрт күшті мемлекет қүрылды. Олар: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал даласында орналасқан Оғыз мемлекеті, Солтүстік Шығыс және Орталық Қазақстанда Кимек қағанаты, ал Батыс түрік қағанатының негізгі орта-лығы болған Жетісу жерінде қарлүқтардың мемлекеті орнады.

Қарлүқтар туралы алғашқы мәлімет V ғасырдан бастап белгілі болады. Бүл кезде қарлүқтар Монғол Алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс етіп, көшіп жүрген. УІ-УІІ ғасырларда қарлүқтар Түрік, Батыс түрік және Шығыс түрік қағанаттарының қүрамына кіреді. Олар ірі-ірі үш тайпалық-бүлак, шігіл (себек) және ташли одағына бірікті. Қарлүқ тайпалар одағының билеушісі елтебер деп аталды. УІІ-ғасырдың басында Шығыс түрік қағанатының қүрамына енген қарлүқтар оның билеушілеріне қарсы көтерілістер жасап тұрған.

Қарлүк тайпалары УІІІ-Х ғасырларда Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдарияның орта бойына дейінгі кең байтақ жерлердің бәрінде қоныстанды. Олар Балқаш пен Ыстықкөлдің арасын, Ыстықкөлдің айналасын, Іле, Шу, Талас аңғарларын, Тянь-Шаньнің бауырайларын мекендеді. Қарлүқтардың бір тобы 766-775 жылдары Қашғарды басып алды, ал VIII ғасырдың аяғында олардың екінші бір бөлігі Ферғанаға өзінің үстемдігін жүргізді. IX ғасырдың бас кезінде қарлүқ тайпалары Оңтүстік Қазақстандағы Отырар (Фараб) қаласы маңына барып қоныстанды.

Бүл кезде Қарлұқ конфедерациясына түркі тілдес көшпелі және жартылай көшпелі әр түрлі тайпалар: жікілдер, бүлақтар, халаждар, түргештер, азкишлер, тухсилер, ша-рухтар, аргулар, барсхандар кірген. Бүлардан басқа оның қүрамында оғыздардың негізгі көпшілігі Сырдарияның орта және төменгі ағысына көшкеннен кейін Жетісу жерінде қалған кейбір топтары, сондай-ақ түрік болып кеткен Жетісу соғдылары болды.

Қарлұқ феодалдық қоғамында әлеуметтік және жіктік теңсіздік күшейді. Қоғам байлар мен кедейлерге бөлінді, одан басқа қауымның ешбір қүқы жоқ тобы - күлдар-тын. Халықтың негізгі бөлігі - қоғамның қарапайым қатардағы мүшелері, олар малы мыңғыраған байларға экономикалық жағынан кіріптар болды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен қүнарлы жер ғана емес, қалалар да болатын.Ұйғыр қағанатының күшеюіне байланысты, Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар Оңтүстік Қазақстан аймағына жылжыды. 940-жылы олар Баласағұнды басып алды да, Қарлұқ мемлекеті құлады.

Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу еңірін қүтты коныс етті. Оның қүрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағүн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Қүлан сияқты қалала-рында ірі алыпсатар алпауыттары мен қолөнершілері мекендеген.

Қарахан әулетінің негізін салушы Сатүқ Боғрахан (915-955 жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі - Білге қүл Қадырханның немересі. Сатүқ Тараз және Қашқар қала-ларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағүндағы билеушіні қүлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Қарахан мемлекетінің өз тарихы осы уақыттан басталды. Мемле-кеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатүқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мүсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен Баласағүнды иеленді. Кейін бүл еңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды.

Жетісу мен Шығыс Түркістанды XI ғ. басында Хасан әулетінен шыққан Туған хан билеп түрды. Бірақ онымен Боғра-хан Харунның баласы Қадырхан Жүсіп бәсекелес болды. 1005 жылы Қадырхан Жүсіп Туған-ханды Қашғар-дан тықсырып шығарды.

1017-1018 жж. Жетісу Шығыстан көшпелі тайпалар шабуылына үшырады. Олармен шайқастан кейін көп ұзамай Туған хан дүние салды. Осы кезде Қадыр-хан едәуір күшейіп, Шығыс Қарахан мемлекетіндегі бүкіл билік оның қолына көшеді. 1032 жылы Қадыр-ханның иелігіне Жетісу, Исфиджаб пен Тараз өңірлері және Шығыс Түркістан жері қарады. Бірақ осыған қарамастан Шығыс Қарахан қағандығында билік үшін күрес шиеленісе түсті.

ХІ-ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті қырқысқан соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. ХІІ-ғасырдың 30-жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның Оңтүстігін шығыстан келген қидандар жаулап алды.

IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жеткен. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иелігі отырықшы Хорезммен, Моуеренахрмен және Хорасанмен шектесіп жатқан.X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын ұлан дала, сол сияқты Солтүстік Каспийдің құла түзі, оңтүстік-


шығыс Қарақүм шолі мен Арал аймағының Қызылқүмы Оғыз сахарасы деп аталған. Оғыздардың түрік тайпалары қарлүқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстары жөніндегі мәлімет тарихи деректерде сақталмаған.

X ғасырда Оғыз мемлекетіиің астанасы - Янгикент немесе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол Қимак даласы арқылы Сарысу, Есіл және Нүра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығнақ пен Оңтүстік Оралға баратыи керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік түрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің бас-шысы болып саналды.

ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпа-лық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархаттық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тиянақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бұл - мемлекетте түрақты басқару аппаратының құрылғанын көрсетеді. Жабғынын салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы отрядтардан құрылды.

Оғыздардың көпшілігінің басты кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшпелілер маусымдық жайылымдар-дың бірінен соң біріне ауысып, ұзақ уақыт кешіп жүрді. Олар өзендердің белгілі еткелдерінен, қолайлы тау асула-рынан өтіп, суы мол, шөбі қалың жайлауларға ауысып отырды. Оғыз тайпаларының бір бөлігі Сырдарияның төменгі бойын қыстап, жайлауға Каспий маңындағы далаға көшкен. Оғыздар негізінен жылқы,қой,ешкі, сиыр, өгіз, түйе өсірген. Әсіресе, қой өсіру шаруашылығы маңызды рөл атқарған. Сондай-ақ оғыз бай феодалдары жер қайыстырған қалың жылқы үйірлерін үстаған. Көшпелі оғыздар түйе де оның ішінде айыр өркешті ірі түйелер өсірген. Оғыздар аңшылықпен де айналысты, терісі қымбат түлкі, сусар, қүндыз сияқты авдарды аулаған. Оғыз кедейлері Арал теңізінен, Сырдариядан, тағы басқа да өзендерден балық аулап кәсіп қылған.

Тарихи деректемелер оғыздардың арасында отырықшы егіншілер мен қала халыктарының едәуір көп болғандығын көрсетеді. Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан түрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдарияның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оғыз көшпенділері Мәуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты егіншілігі да-мыған елдермен тығыз байланыс жасап түрған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізаттарды өңдеу дамыды. Малдың терісінен әр түрлі аяқ киім, ыдыс, садақтың қаптамасы, қорамсақ, ер-түрман әбзелдері, торсық-мес секілді заттар жасалды. Киіз үйге керекті заттар дайындалды. Киім, сондай ақ жабайы жануарлар мен аңдардың терісінен де тігілді. Оғыздарда қүмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді. Шеберлер олардан сән-салтанат және әсемдік бұйымдар дайындады.

Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсы-балгерлерге сенген. Сонымен бірге олардың арасында бірте-бірте ислам діні де ене бастайды. Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды.XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті қүлдырай бастатады.

XI ғасырдың екінші жартысынан бастап 1219 жылға дейін қыпшақ тайпалық одағы дамуының үшінші кезеңі жүрді. Осы кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты есті. Олардың этникалық құрамы өзгеріп, қимақ, қүман, ертедегі башқұрт, оғыз т. б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, үрандар, Шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлүқтар, шігілдер әсерін тигізді.

Бұл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара - Балқаш көлі және Алакөл ойпаты болды. XII ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесті, солтүстікте қырғыздар және хакастармен көрші болды. Қыпшақ тайпаларының басында қаған, одан төмен қарай хан, тархан, басқақ, бек, байлар түрды. Қып-шақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға деген жеке меншік еді. Жылқы басты байлық болып саналды. Қыпшақтар елінде көптеген бай адамдары бірнеше мың жылқы үстаған. Олар-дың кейбіреулері он мың және одан да кеп үйірлі жылқыны иеленген. Төменгі тапқа малы аз шаруалар, кедейлер жатса, ал қолға түскен тұтқындар қүл ретінде пайдаланыл-ды.

Қыпшақ тайпаларының көшіп-қону аймағы кейде мыңнан астам шақырым жерді қамтыған. Негізгі жайылым-дардың орны мен көшу жолдары және осы бағыттағы жи-нақталған сан ғасырлык тәжірбие ұрпақтан-үрпаққа көшіп отырды. Көшу жолдары мен жайылымдарды бөлу қоғамның қалыпты тіршілігін қамтамасыз еткен жайылымдық-көшпелі жүйенің негізгі шарты болды. Мал ұрлау қатаң жазаланды. Жеке меншіктегі малға рулық-тайпалық белгі-лер салынды. Малынан айырылған, немесе көшу мүмкіндігін жоғалтқан қыпшақ кедей шаруалары отырықшы түрғындар-жатақтар қатарына көшті. Бірақ олар жеткілікті мөлшерде мал жинап алысымен, қайтадан көшпелі шаруашылыққа ауысып отырды.

3.4.Наймандар, Керейлер, Жалайырлар.

Қазақстан жеріндегі ертеден келе жатқан - Найман, Керейт, Жалайыр ру-тайпалары. Найман тайпалар одағы/түрікше "сегіз тайпа одағығы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында пайда болып, Ханғ-айдан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатты.

Наймандар мен керейлер XII ғасырда іс жүргізуде үйғыр жазуын пайдаланған. Ханның "алтын мөрі" болып, онымен кажетті қүжаттарды куәлан-дырып отырған. Шыңғысханның жаулап алу жорықтарына дейін наймандар Орталық Азия жеріндегі өте күшті үлыс-тардың бірі болған. Шыңғысханның әкесі Ясукай батырдың тұсында найман елін Иналых Білгі Бүқа хан билеген. "Иналых" - сенімді, "білгі" - білімді, кеменгер, "бұқа" -үлық, мықты деген сөз. Бұқа ханды тек ез үлысы емес, өзге үлыстар да қадыр түтып қүрметтеген. Білгі Бүқа хан өлгеннен кейін, оның екі баласы: Таян (Байбұқа) хан мен Бұйрық хан арасында тақ таласы басталып, найман үлысын екіге бөлген.
4-тақырып ҮІ-ХІІғғ.Түркістан халықтарының мәдениеті.

ҮІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптык қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.

Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-катынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (кдзіргі Сайрам) бол-ды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. "Ис-фиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (күзеті) мен түратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қакпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан кақпасы, Шахраны қақпасы, Бүхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар". Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.

УІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі бол-ған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.

Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректеме-лерінде Отырар қаласы Фараб, одан бүрын Тарбан (Тра-бан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлүқ жабғуының үлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. ҮІІ-ҮШ ғасырларда Отырар шахристаны мүнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бүл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Оты-рар тоғыз жолдың торабында түрған. Одан шыққан жол-дың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары ерлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқүм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жолының осы бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың үстімен жүрген.

Отырар аймағында болған бірнеше үсақ коныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мүньщ өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағы-нуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономи-касы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.

Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Зе-марх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабүл осы Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай сая-хатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттай-ды. Ол көпестер қаласы деп аталған

VII ғасырда Тараз "¥лы Жібек жолындағы" ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылық кезінде түрік, қарлүқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басып алып, талай рет ойранын шығарғаны женінде тарихи мағлүмат-тар бар.

Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су қүбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі кетерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бүрышы сақталып қалған бүл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет енерінің тағы бір ескерткіші - Қарахан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта түрғызылып, соның салдарынан оның бас-тапқы жоспары бүзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оньщ суреті ғана.

Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Томенгі Барысхан, Хамукент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Қүлан, Мерке, Ас-пара, Жүл, Баласағүн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алкабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бүл аймақтағы бөлігі Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамтыған.

XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мүнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.

Сырдариядағы ірі қала - Сығнақ. Қазақстаннын солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жол-Дарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Сунақ-ата жүрты бар.


5-тақырып. Алтын орданың мәдени қайта өрлеу кезеңіндегі Дешті қыпшақ Түркістан және Жетісу түркілері.

Қазақстан аумағы үш манғол ұлысының құрамына енді: соның ішінде үлкен бөлігі Жошы ұлысы еді.Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. 1227 жылы Шыңғысхан өлді. Ол өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда өткен моңғол ақсүйектерінің құрыл-тай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады.

Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда - Еділ булғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан үрпақтары, хорезмдіктер түрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес Қыпшақ, Қаңлы, Найман, Қоңырат, Керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойына қоныс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтарымен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орта-лық аймағы - Еділ бойы қазіргі Саратовтан Астраханға дейін (астанасы - Берке сарайы немесе Сарай әл-Жадид), негізгі әскери феодалдық күші - қыпшақ тайпалары. Ал-тын Орда өзін билеген хандары - Батый 1241-1256 ж., Бер-ке 1257-1266 ж., Мөңке-Темір 1266-1280 ж., Төде Мөңке 1280-1287 ж., Төле-Бүқа 1287-1291 ж., Тоқа-Темір 1291-1312 ж., Өзбек 1312-1342 ж., Жәнібек 1342-1357 ж. түсын-да қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый Моңғолиядағы үлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытай-мен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналы-сып, қолөнерді дамытты.

Берке хан түсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан түсында үстем дінге айналды.

Әмір Темір /1336-1405ж.ж/ ХІҮғ.70-жылдары Мауреннахрде өз билігін орнатты да, шамамен 35 жыл билік басында болды. Әмір Темір монғолдардың түркіленген барлас тайпасынан шыққан Тарағай Бкетің ұлы. Орта Азияны қолының астына біріктіріп, үлкен империя құруға ұмтылды.Империны құруды Шағатай ұлысының территориясын біріктіруден бастады. Өз билігін орнатқаннан кейін, Моғолстанға, яғни, Жетісу мен Шығыс Түркістанға кіріседі.

Темір империясына дала территориялары іс жүзінде қосылған жоқ, бірақ, Ақ Орда мен Алтын Орданың Ұлы билеушісі Орыс хан өлгеннен кейін Оңтүстік Қазақстанның Сығанақ, Отрар, Сауран, Яссы, Сайрам қалалары бағындырылды. Ақсақ Темір Сығанақта таққа Орыс ханы кезінде жазалаған Маңғышылақтың билеушісі Туй-Ходжа-Оғланның ұлы Тоқтамысты отырғызды.

Әмірдің өмірінің соңында оның қол астына Мауреннахр, Түркістан, Хорезм, Иран, Ирак, Кавказ, Ауғанстан, Үндістанның бір бөлігі кірді. 1404 – 1405 жылдардың қысында ол Оңтүстік Қазақстан арқылы Қытайға жорыққа шықты, бірақ, 1405 жылдың ақпанында Отрарда қайтыс болды.

6 тақырып. Ортағасырлардағы қазақ дәстүрлерінің мазмұны

Моңғол шапқыншылығы салдарынан Қазақстан жерінде-гі ру-тайпалардың арасындағы тарихи қалыптасқан жағрафиялық ортақтастық пен мәдени-экономикалық байланыс-тар бұзылды. Моңғол басқыншылары көптеген қалалар мен елді мекендерді, егіншілік ошақтарын талқандап, өлкенің өндіргіш күштерін күйзелтті. Мүндағы экономикалық және мәдени байланыстарды үзді. Көптеген бейбіт халық: егінші, малшы, зергер тағы басқа да кәсіп иелері қырылды. Ірі ру-тайпалардың бірсыпырасы қоныс аударуға мәжбүр болды. Мәселен, қыпшақтардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібірге көшті.

Алайда, бүкіл Қазақстанның жерінде өмір сүрген ру-тайпалар түркі тілінде сөйлегенімен территориялық бөлінуге үшырап, Ақ Орда, Моғол, Әбілхайыр, Ноғай, Көшім хандықтарының қол астында өмір сүріп жатты. Олар сая-си, мәдени және экономикалық жағынан бытыраңқы бол-ды. Атақты "92 баулы қыпшақ" атты шежіреде көрсетілген бүл ру-тайпалардың барлығы кейін қазақ халқының құрамына кірген.

ХІУ-ХУ ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық со-ғыстар мен тартыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға үмтылу процестері барған сайын белең алды. Қазақстанның ежелгі тайпалары өз мекендері-нің тарихи-жағрафиялық, экономикалық және саяси оқша-улануының тарихи қалыптасқан жағдайларына /түрлі тай-палық одақтар мен ертедегі феодалдық мемлекеттерге кіруі/ байланысты этникалық жағынан біртүтастық пен бүтіндікке үмтыла отырып, үш негізгі этникалық - шаруашылық то-пқа бөлінді. Яғни, жағрафиялық жағдайына байланысты үш жүз қалыптасты. Олар: ¥лы, Орта және Кіші жүз. ¥лы жүздің орталығы - Жетісу, Оңтүстік Қазақстан, Орта жүздің орталығы - Орталық Қазақстанда және Кіші жүздің орта-лығы - Батыс Қазақстанда болды.

Үш жүздің пайда болуына ертедегі ел билеудің әскери тәртіпке негізделуінің де әсер етуі ықтимал. Қазақтың үш жүзі ешқашанда бір-бірімен жауласып, өзара араздыққа ба-рьш көрмеген. Керісінше, олар қазаққа қауіп тенгенде, казақ халкының тағдыры шешілер сәтте хандары, батырлары, билері, тағы да басқа беделді адамдары арқылы бір жерден табылып, мәселені бірігіп шешіп отырған. Жоңғарларға кар-сы соғыста солай болды. Қазақтар үш жүздің бірлігін қадірлеп, қастерлеп келе жатқан халық. Төле бидің "Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін" - деуі де осыдан.

Мүндай үштіктің шығуына, бір жағынан, Ақ Орда, Но-ғай Ордасы және Әбілхайыр хандығының қүрылуы, Мо-ғолстанның оқшаулануы түрік және түріктенген моңғол тай-паларының қазақ халқы больтп бүрынғыдан да жедел әрі топтасу процесінің күш алуы комектесті. Екінші жағынан, қазақ тайпаларының феодалдык мемлекеттердің бұл жүйесінде үзақ болуы қазақ халқының үш этникалық тар-мақ, үш жүз болып қалыптасуын негіздеді.

Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағы-нан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс-мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. Жалпы алғанда, XV ғасыр қар-саңында бүл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек "қазақ" деген этникалық ортақ атауға ие бол-ды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқтал-Ды. Бірақ бүл процесс кейбір себептермен байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этника-лық қүрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет қүра-мына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптаскан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. ХІУ-ХУ ғғ. көптеген жүрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды. Мәселен, Темірдің соғыстары кезінде моғол топтары Жетісудан Орта Азияға қоныс аударады. Әбілхайыр түсында оған Моғол-станнан калучи және бүлғашы тайпалары кошіп келеді. Бір кездері керейлер Жетісудан Орта жүзге кетіп қалады, маң-ғыт-ноғайлар батыстан Сырдария бойына ауып келеді.

ХҮ-ғасырдың ІІ-жартысы мен ХҮІ-ғасыр қазақ халқының негізгі этникалық территориясы мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процессінің аяқталуын тездетті.Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың Оңтүстік Батыс территориясы баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты этникалық орталығына айналды.
7-тақырып. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы дін мен ағарту ерекшеліктері.

XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан халқы моңғол шапқыншылығының ауыр зардаптарынан бірте-бірте арыла бастады. Бүліншілікке ұшыраған шаруашылықты, қираған қалаларды қалпына келтіруге бағытталған шара-лар жемісін беріп, феодал-байлардың экономикалық және әлеуметтік жағдайлары біраз жақсарды. Қазақстанның онтүстігі мен оңтүстік-шығысында кала мәдениеті, егіншілік, қолөнер өндірісі жандана түсті. Өлкенің батыс, орталык, далалық өңірі мен оның оңтүстігі, Жетісу және Орта Азия аймақтарымен сауда байланыстары қалпына келтірілді. Сонымен бірге бүл тұста моңғолдардың қол ас-тында болып келген көптеген үлыстар мен елдер дербес тәуелсіз мемлекеттер қатарына шықты. Осындай тәуелсіздіктің арқасында Қазақстан жерінде алғашқы рет жергілікті этникалык негізде пайда болған ірі мемлекет -Ак Орда хандығы. Оның шекарасы Жайық озенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созы-лып жатты. Ақ Орданың мегізгі халқы ерте заманнан осын-да мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтай-дан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керей-ттер, үйсіндер, қарлүқтар және басқалары. Бүл тайпалар тілі жағынан бірін-бірі түсінетін біртекті түрік тілдес болды. Олар әлеуметтік-экономикалық жағынан, мәдени әдет-ғүрып, салт-дәстүрлері де бір-бірімен үқсас, туыстас тайпалар еді.

Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. Бүл кезде Ак Орда мемлекетінің шаруа-шылғы, мәдениеті қарыштап дамып гүлденді. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы өркендеді. Ақ Орда хандары қалаларды қалпына келтіріп, қайта қүруға зор күшжұмсады. Олар хандықтың астанасы Сығнақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарды.

1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған ¥рыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері Тоқтамыстың шоғырларын талқандады. Бүл соғыста Үрыс ханның баласы Қүтылық Бүға қаза тапты. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқ-тамыстың екінші жорығы да ¥рыс ханның баласы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бүл жорықты өзі бастап шықты. Әмір Темір әскерімен Сырдариядан өтіп,Отырар маңына орналасты. Ұрыс хан әскерімен Сығанаққа келіп тоқтады. Алайда екі әскер тобы осылайша бір-біріне жақындамай, аталған жерлерде үш айдай түрып, шайқаспай кері қайтып кетті. Тек төртінші жорық кезінде Ұрыс ханның және оның баласы Тоқтақияның қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. 1377 жылы ¥рыс хан қайтыс бол-ғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкенді. Осы кезде Тоқгамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды соңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік жіктелгенде жарыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Кешпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамы-ды. Қыруар мал бай-феодалдардың қолына жинақталды, олар жердің нағыз қожасына айналды. Олар қазақ халқының жеке халық болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.



Моғолстан мемлекетшің құрамына Шығыс Түркістан, Онтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жер-лері кірді- Мемлекеттін шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қала-сына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ер-тістен онтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймактарына дейін созылып жатты. Сонымен XIV ғасырдың ортасында ыдыраған Шыңғысхан империясының жерінде тағы бір хандық - Моғолстан мемлекеті қүрылды (орталығы - Алмалық қаласы). Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бүл мемлекеттің негізін қала-ған жоғарыда айтылғандай монғол әмірлерінің бірінің баласы - Тоғылық-Темір хан (1348-1362 жж.). Ол Шығыс Түркістаннан бастап Жетісу енірінен Оңтүстік Сібірге дейінгі келемі зор, таулы-тасты, езенді-көлді, ашық дала-лы, орман-тоғайлы жерлерді мекендеген түркі тектес тай-палардың басын қосты.

ХІ^-Х^ғасырларда Моғолстан қүрамына кірген тайпалар: дүғлаттар (дулаттар), каңлылар (бекшіктер), керейттер (керейлер), арғьшдар (арғинут), баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары. Кейбір тайпалар-дың, мәселен, үйсіндердің аты аталмағанымен, олардың да осы бірлестікте болғанына ешбір күмән жоқ.

Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судьң жоғарғы иесі хан болды. Ақ Ордадағы сияқты мүнда Да бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойүрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Көшпелі аймақтарда жер жалпы қауымның қарауында болған. Бірақ мал ірі ақсүйек байлардың колында шоғырлануьшен байланысты көшпелі аудандарда қоныс - өрістердің бәрі шынында да солардың меншігіне тиді. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл түрғындарынан, егінші пен көшпелі халыктан күпшір, зекет, тағар, баж, қарадж Және тағы басқа да салықтар жиналды. Бүқара халық әртүрлі міндеттерді: әскери, кірешілік, еңбек, пошта т. б. Мщдеттерді атқарды. Мемлекетті басқару ісінде ханға ұлыстар көмектесті.

XIII ғасырдың ортасынан бастап Жошы ұлы Орда Ежен негізін қалаған Ақ Орданың батыс жағында Шыңғысхан-ның тағы бір немересінің атымен Шайбан ханының үлесті жері даралана бастайды. Ол Боз орда деп те аталған. Тари-хи деректердің көрсетуі бойынша, Шайбан бүл жерлерді Бату ханның батыстағы соғыстарына қатысқаны үшін алса керек. Шайбан ханның Батудан сыйлық ретінде алған үле-сіне алғашқы кезде қосшы, найман, бүйрақ, кдрлүқ тайпа-лары кірген. Шайбани хан Орал бөктеріндегі Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең байтақ жерлерді жа-зғы жайлау қылса, Арал маңын қыстаған.

XIV ғасырда Орда-Ежен мен Шайбани ұрпақтары иеліг-індегі ұлыстар мен ру-тайпалар Ақ Орда мемлекетінің қүра-мында болды. Мұнда Орда-Ежен мен Тоқа Темір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді. Дегенмен, осыған қара-мастан Шайбани үрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды. Ал XV ғасырдың 20-жылдарының аяғына карай Шыңғыс үрапақтары мен көшпелі түрік шонжарларының қиянкескі күресінің нәтижесінде билік Орда-Ежен мен Тоқа-Темір мүрагерлерінен Шайбан үрпақтарына ауысады. Оған Ақ Орданың әлсіреуі мен қүлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза табуы себепші болды. Бүл кезде Ақ Орданың жерінде бір-біріне тәуелсіз екі саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі - Жайықтан және оның батысына қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы ағыс-тарына Шайбани үрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жүмадық ханның үлысы, Шайбани әулетінің екінші бір түқымы Мүстафа хан Атбасарда, үшінші бір түқымы Махмүд-Қожа Тобылда, маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі Тура оңірінде билік еткен. Жазба тарихи деректерде бүл феодалдық иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те ата-лған. Бүл ұлыстардың арасында жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиян-кескі үрыстар үнемі болып түрған. Осы талас-тартыстың барысында Жошының Шайбан үрпағынан тараған Дәулет-Шайхоғылының баласы 17 жасар Әбілхайыр жеңіске жетті. Ол 1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Тюмень) қаласында хан болып жарияланды. Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалдардың 200-ге жуық ірі өкілдері қолдаған.
7-тақырып. Дәстүрлі мәдениет пен діннің дағдарысы.

ХҰІ-ХУІІ ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында "жерді біріктіру" процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен казақ хандарының бірі - Жәнібек ханның үлы Қасым. (Туған Жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бүрындық кезінде-ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек үрпақтарының қолыня көшті. Қасым ханның түсында /1511-1523 жж. билік қүрған/ қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік қүрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен түрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүс-тік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақ-тардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шы-ғыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері/ қарады. Қасым ханның түсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ ханды-ғымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттер-дің бірі - үлы князь III Василий /1505-1533 жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы түста қазақ-тар өз алдына дербес халық ретінде батыс Еуропаға мәлім болды.

Қасым хан алғашқы қазақ заңы - "Қасқа жолды" жа-рыққа шығарады. Бүл заң қазақ арасында бүрыннан қалып-тасқан әдет-ғүрып ережелері негізінде жасалды. Заң сол кезде мүсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым хан-ның атымен байланыстырылып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бүл заңға кірген ережелер:


  1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері)

  2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, үрлык қылмыстарына жаза).

  3. Әскери заң (қосын қүру, аламан міндеті, қара қазан, ердің қүны, түлпар ат).

  4. Елшілік жоралары (майтадмандық, шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік)

5. Жүртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, түтқауылдардын
міндеті.)

"Қасым ханның қасқа жолының" қазақ феодалдык қоғамын нығайтуда үлкен маңызы болды. Қазақ хандығының күшеюі және оның территориясы-нын кеңеюі Орта Азиядағы Мәуеренахрды билеген Шай-бани тұқымдарын қатты састырды. Олар қазақтардың Мәу-еренахрға басып кіруінен қорықты. Жергілікті халықтың Шайбани әулетінің билеушілеріне наразылығын пайдаланып, мүндағы өкімет билігін тартып алады деп қауіптенді. Сондықтан Мәуеренахр билеушісі Мұхаммед Шайбани казақтарды барынша әлсірету үшін ең әулі экономикалық қыспаққа алу саясатын жүргізді. Осы саясат бойынша Мүхаммед Шайбани өзінің қарауындағы жерде түратын ха-лықтың қазақ саудагерлерімен сауда жасауына тыйым салып, Мәуеренахрға келген қазақ саудагерлерін тонауға бүйрық берді. Мүхаммед Шайбани Қазақ хандығына эко-номикалық қыспақ жасау мен қатар, оның жеріне бірнеше рет тонаушылық жорықтарын да үйымдастырды.

6.2.Тәуекел хан тұсындағы Қазақстан.

Шығай ханның ұлы Тәуекел хан өз билігін өзбек билеушілерімен ұзақ күресте бекітті. 1586-жылы ол Баба сұлтан бастаған өз қарсыластарын талқандап шықты. Сол кезеңде қазақ хандағанаң халықаралық жағдайы әлсіреді. Өз билігінің басты мақсаты ретінде Тәуекел хан оңтүстік қалалаларды хандық құрымына қосуды, нығайтуды көздеді.

1598-жылы Бұхар хандығының ішіндегі қайшылықтардфы пайдаланып, Тәуекел хан Орта Азияға жорық жасайды. Соның нәтижесінде өзбек әскерін талқандап, Тәшкент, Самарқант қалаларын алды.Сонымен осы жылы Сырдария қалалары үшін болған ұзақ соғыс аяқталды деп есептеуге болады.Бұқар қаласына жорық жасағанда жараланған Тәуекел хан кешікпей қайтыс болды.

Қазақ хандығының құрамына Орта Азия қалаларын біріктіру Тәуекел ханның қолынан ғана келді. Түркістан аймағы ХІХғ.басына дейін қазақ хандығының құрамында болды.



6.3.Есім хан тұсындағы Қазақстан.

Есім хан билігі кезінде қазақ сұлтандары оңтүстік қалалар үшін Аштарханидтер әулетімен соғысты.Есім хан мен Тұрсын хан арасында қақтығыстар көп болған.Сонымен, қалмақтардың күшеюі мен қазақтардың этникалық дамуына қауіп төнеді.Осыған қарамастан Есім хан тұсында қазақ хандығын мықты мемлекет деп тануға болады.Кейбір деректерде Тәуекел мен Есім хандарды қазақ қалмақ билеушілері деп атайды. Шығыс деректерінде Есім тұсында қазақтар Шығыс Түркістан үшін саяси күреске араласқан, орыс деректерінде Батыс Сібір үшін қазақтар мен қалмақтар ірі қақтығыстар өткізді. Көшпелі халықтардың күресіне Қытай мен Ресей империялары араласа бастады.


8-тақырып. Отаршыл Ресейдің тәуелді Қазақстандағы мәдени саясатының мазмұны мен мақсаты

XVII ғ. екінші жартысында Қазақ хандығының жағдайы нашарлап қалған еді. Ірі ақсүйектер мен феодалдардың ара-сындағы кырқысуларды пайдаланып, жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып, осы аймақта көшіп жүрген қазақ-тар мен қырғыздарды бағындырды.

1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1717 жж.) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың, ел силаған билердің қолда-уына сүйене отырып, халықтың, елдің бірлігінің туын жоғары ұстау мақсат болды.

Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолдан-ды. Оның түсында "Жеті жарғы" деген атаумен қазақ коғамындағы әдеттегі қүқық өлшемдерінің жинағы қүрас-тырылды. Мүнда феодалдық қүқық тәртібі мен мемлекеттік күрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, халықты ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы максатта ол қазақ мемлекетінің саяси-күкық жүйесін белгілеп, халықты бірлікке, ынтымаққа ша-қырды. Тәуке хан өз төңірегіне ¥лы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқ-ының тарихына ірі қүқықтық өзгерістер енгізді. Бүл оның халыққа кең тараған "Жеті жарғысымен" байланысты еді. Ол тек сол заманға сай қүқықтық күжат емес, сонымен қатар кешпелі қазак халқының этиикалық, шаруашылыкты үйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса қүнды ескерткіш. Бүл заңдарда сондай-ақ фео-далдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі дау ша-раларды шешуге баса мән берілген.

"Жеті жарғы" көшпелі қазақтардың ел билеу заңы бо-лып табылады. Оның негізгі баптарының мазмүны:


  • қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің қүнын төлеу (ер адамға - 1000 қой, әйелге - 500);

  • үрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің қүнын телеу арқылы жеңілдетуге болады;

Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат еткізуді белгілеген. Халық жи-налысына бірде-бір казақтың қару-жарақсыз келуіне бол-майтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Сондай-ак қару ұстап жүре алатын кез-келген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал-мүлкінің 20-дан бір бөлігін салық ретінде төлеп отыруға тиісті болғ-ан.

Тәуке ханның "Жеті жарғысының" әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық қүқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, қүн дауы туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске шығу мен жеңуі басты мақсат болды.


9-тақырып. ХIХ-ХХ басындағы ғғ. Қазақстан мәдениетінің дамуы.

9.1. Қазақстанда ғылым мен білімнің дамуы.

ХІХ ғасырда қазақ халқының үш көрнекті шамшырағы – Шоқан, Ыбырай, Абайлар еді. Олар көп салалы мәдениеттің барлық саласын дамытуға үлес қосты. Оның үстіне олардың әрқайсысының мәдениетте түбегейлі айналысқан белгілі бір бағыттары болды. Осы қызметіне қарап халық шоқанды – ғылымды дамытушы, Ыбырайды – оқу ағарту ісін дамытушы, Абайды - әдебиетті дамытушы деп бағалайды.

ХІХ ғасырда қазақтың ауыз әдебиеті бұрынғы уақытпен салыстырғанда дами түсті.Көп замандардан бері қалыптасып қалған халықтың ауыз әдебиеті мен жыраулар шығармаларынан нәр алған ақындардың, әншілердің, күйшілердің үлкен тобы өмірге келді. Олардың арасынан қазақ халқының әдебиеті мен өнерін дамытып, жаңа белеске көтеруге үлес қосқан, есімдері елге мәлім қайраткерлер шықты. Олар: Сүйінбай Аронұлы /1815-1898/, Ақан сері Қорамсаұлы /1843-1918/, Мұхит Мералыұлы /1841-1918/, Құрманғазы Сағырбайұлы /1818-1889/, Тәттімбет Қазанғапұлы /1815-1862/.

9.2.Саутсыздықты жою.

1920-шы жылдардан бастап «жоғарыдан» берілген бұйрық бойынша одақтың көптеген республикаларында оларды мекендейтін халықтарды тарихи зердесінен айыру үшін әр түрлі шаралар жүұргізіле бастады. Мұның кесірінің барысында қазақ, өзбек, түркімен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшілігі араб жазуымен жарық көрген ата-бабаларының мұрасын пайдалануға қабілетсіз болып шықты. Медреселер мен мешіттер жаппай жабылды.


10-тақырып Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері.

20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Ста-линнің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақ-станның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Оның үстемдік етуі нәтижесінде Қазакстандағы мәдениет сала-лары Коммунистік партияның саясатына сәйкес жүмыс істе-уге тиіс болды. Әсіресе бүл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Атап айтқанда, бүл кезде шығарылғ-ан оқулықтар, партия, комсомол және пионер үйымдары, жас үрпақтың санасы мен мінез-қүлқына сталинизмнің дог-маларын тықпалады. Мектептің қызметі де бүрмаланды.

Бүл кезде халыққа білім беру ісінде, соның ішінде оқу орындарында партиялық әмір күшейді. Оқу-тәрбие процестерін идеологияландырудың үстіне жалпы көрсеткішті қудалау, оқу процестерін формальды жүргізу өрістеді.

Тоталитарлық жүйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығы-ның кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Сту-денттер мен профессор-оқытушылар қүрамында жергілікті халыктың өкілдерінің саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттік университетіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазақ болды.

Партиялық-мемлекеттік қүрылымның идеологияландырылған саясаты профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин елгенге дейін жүргізілді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А. Байтүрсынов, С. Асфендияров, X. Досмүхаме-дов, Т. Жүргенов, О. Жандосов және басқа аса көрнекті қоғам қайраткерлер, ғалым, педагогтердің өмірі қиылып кетті.

Жоғары оқу орындарының өмірі партиялық және таптык принциптер негізінде қүрылды. Сондықтан универси-тет пен институттардьщ жәие техиикумдардың шет елдердің ездері сияқты оқу орындарымен байланысы жоқтың қасында болды. Көптеген оқу бағдарламаларының, көмекші құралдар мен окулықтардың мазмүны еркін творчестволық ойлауды қалыптастырмады. Олардың мәні мен мазмүны ғылымның, техника мен технологияның жаңа жетістіктерін зерттеп білуге бағытталмады. Кадрлар және студенттер қүрамын толықтыруда пара алушылыққа, жершілдікке және әлеуметтік әділетсіздіктің басқа түрлеріне жол берілді.



Тоталитарлық жүйенің үстемдік ету жылдарында Қазақстанның көркем мәдениеті әлденше рет өрлеу мен қүлды-рау кезеңін басынан кешірді. Егер Қазан революциясыньщ жеңісі түсында қазақ халқының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса, бейнелеу, театр және кино өнері жаңадан күрылу шағында немесе мүлде жоқ еді. Өнер қайраткерлерінің шығармашылық ту-ындылары қазақ қоғамының таптык және идеялык-саяси жіктеуін айқын бейнеледі. Оның таптық принциптері жалпы-адамзаттық қазыналардан бағалы саналды. Қазақстанның Орталық Азия елдерімен, Қытаймен байланысы үзақ Уақытқа тыйылды. Сондай-ақ, 1925 ж. Өлкелік партия ұйымының басшылығына Ф. И. Голощекин келгеннен кейін ескі кадр мамандарға, творчество адамдарына ілтипатпен Қарау, олармен іскерлік қарым-қатынас жасау салты бүзыла бастады. 1926 жылы БК/б/П Қазақстан өлкелік комитетінің III пленумында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Мендешев, Ж. Аймауытов, С. Қожанов және басқалар орынсыз сынға алынды. Кешікпей бұл сын ин-теллигенцияға қарсы ашықтан-ашық қудалауға және ай-ыптауға ұласты.

1920-шы жылдардың соңынан бастап "жоғарыдан" берілген бұйрық бойынша одақтың көптеген республикаларында оларды мекендейтін халықтарды тарихи зердесінен айыру үшін кең көлемдегі қатігездік шаралары жүзеге асы-рылғанын айту керек. Түрік тілдес шығыс халықтары мен Еділ бойын мекендейтін басқа да халықтардың (башқүрт, татар) сан ғасырлар бойы араб графикасының негізінде қалыптасқан алфавиті пайдаланып келгені белгілі. 1928 жылы араб әрпі латын әрпімен, ал 1940 жылы кириллица-мен (орыс әрпімен) күштеп алмастырылды. Мүның кесірі-нен бір үрпақтың өмірі барысында қазақ, өзбек, түрікмен, башқүрт, татар, қырғыздардың басым көпшілігі араб жазу-ымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игеріп, пайдалануға қабілетсіз болып шықты. Ал мүның өзі көптеген халықтардың тарихи зердесін көмескілеп, олардың белгілі тобының мәңгүрт болуына әкеп соқты. Оның бер жағында, елдегі қазақтар Қытай Халық Республикасы, Ауғанстан, Иран сияқты елдердегі сауаттарын араб жазуымен ашып, кітаптарды осы графикамен шығарып келген шетелдік бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.

1920-1930 жылдарда араб әрпімен шыққан басылымды пайдаланғандар "пантүркист", "панисламист", тіпті, "халық жауы" деп жарияланып, қудалауға үшырайтын болды. Кітапхана қорларынан әкімшілдік-төрешілдік жүйенің тео-риясы мен практикасына мазмүн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың ішіндегі араб әрпімен басылғандары аластатылды. Сонымен бірге дінге қарсы күрес сорақылықпен жүргізілді. Медреселер мен мешіттер жаппай жабыл-ды. Шіркеулер мен мешіттер ғимараттарының мемлекет қарамағына зорлықпен алы-нуы, оларды қора-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айнал-дырылуы, дінге сенушілердің ар-ожданын аяққа басу, аза маттык сан ғасырлық мәдени және рухани өмірінің қүрам-пас бөлігі болып келген дінді барша жүртқа қүбыжық етіп көрсету халықтың орынды иаразылығын туғызды.


11-тақырып..Мәдениет және ғылым.

ХХ ғ. Басындағы Қазақстанның мәдениеті негізінде түрлі әлеуметтік күштердің әртүрлі мәдени қызметі мен күресі жатқан, өтпелі қоғамның күрделі бейнесін бейнелейді.

1935 ж. Бастауыш мектептер торабы құрылды. 50 жж. Жалпы жеті жылдық білім беру, 60 жж. сегіз жылдық, ал 70 жж. Орта білім беру жүзеге асырылды. Мәдени революция халықтың сауаттылығын көтеру үшін емес, қайта керісінше «жаңа адамды», яғни «мәңгүртті» өсіріп шығару үшін ойлап табылды.

60-70 жж. 27 жоғары және 100 астам орта арнайы оқу орындары ашылды. Білім беру жүйесінің идеологияландырылғанына қарамастан, жоғарғы оқу орындарындағы даярлық сапасы жоғары болды.

Соғыстан кейін аса ірі оқиға Қазақстан ғылым Академиясының ашылуы болды (1946 ж.). Бірінші президенті болып аса көрнекті ғалым Қ.И.Сатпаев сайланды. ХХғ.90 жж. таман Ғылым Академиясының құрамында 32 ғылыми мекеме, 250-ге жуық ғылым доктарлары мен 2000 ғылым кандидаттары болған.

Қазақстанның өнері мен әдебиеті мен әдебиеті Орталық Азияның көшпелілерінің мың жылдық мәдениетінің бай мұрасына ие. ХХғ. 20-30 ж.ж. әдебиет көрнекті шығармашыларға бай болды.( ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, А. Байтұрсынов, Ш. Құдайбердиев, кейінірек Б. Майлин, І . Жансүгіров, С. Сейфуллин және т.б.).

ХХғ. 30-40 жж. қазақ әдебиетіндегі ірі құбылыс М.Әуезовтың пъесалары, повестері және роман – эпопеясы болды. Соғыстан кейінгі кезеңде көркем әдебиет бірнеше жазушы ұрпақтарының шығармашылығымен баи түсті. О.Сүлейменовтың, І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтың, М. Шахановтың, О. Бөкеевтың және т.б. кітаптары үлкен сұраныста болды.

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуілсіз мемлекет

Қазақстан республикасында егемендік алғаннан кейінгі бірінші кезектегі міндеттер егеменді мемлекет құру, азаматтық қоғамды қалыптастыру болды. Осы бағыттағы сапалы секіріс 1990 ж. 25-ші қазанында Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдау болды және 1978 жылғы Қазақ ССР-нің Конституциясына сәйкес түзетулер арқылы президент институтын енгізді. Президент лауазымын енгізу нақты тәуелсіздік жолындағы, егемендікті қорғау және мелекетті саяси және экономикалық дағдарыстан шығару жолындағы республика басшылығының дер уақытындағы қадамы болды.

1991 ж. 16 желтоқсаны республиканың саяси – конституциялық дамуының жаңа сатысы болды және ұлттың жеке даралығына құқылығы, құқық пен жеке бас еркіндігі, саяси тұрақтылық, өкіметті бөлу, ұлтаралық келісім және т.б. сияқты негізгі демократиялық принциптерді білдірді.ҚР-ның конституциясы 1995 ж. 30-ші тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданды.

1993 ж. ҚР Конституциясының қабылдануы Қазақстанның демократиялық мемлекеттігінің қалыптасуының белгілі бір сатысы болды. 1994 ж. 7-ші наурызда Қазақстан республикасындағы сайлау жөніндегі жаңа Кодекске сәйкес ХІІ-ші шақырылымының Жоғарғы Кеңеске сайлауы өтті.

Қазақстан егемендік алғаннан кейін зайырлы, демокра-тиялық, қүқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлау-да болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерек-шелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарьш-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және парти-ялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудын дамуына кеп көңіл болінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар - парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы Конституциялар қабылдан-пы, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

1992 ж. 4-маусымда ҚР-сын мемлеекттік туы, елтаңбасы, әнұраны бекітілді. Мемлекеттік символдардың тарихтың, мәдениетті бейнесі болып табылады, олар еліміздің қайталанбас өзіндігін паш етеді және оның азаматтарының сана сезімін білдіру еді.ҚР-ның мемлекеттік туы, авторы Ниязбеков Ш., мемлекеттік елтаңба, авторлары Мәлібеков Ж., Уәлиханов Ш., мемлекеттік әнұранның авторлары Нәжімедденов Ж., Назарбаев Н.

1997 ж. еліміздің президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан - 2030» бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және игілік жағдайының жақсаруы Үндеуі жарияланды.Онда ұлттық қаіпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды жұмылдыру, экономикалық өрлеу, әлеуметтік даму стратегиясы, инфрақұрылым, транспорт және байланыс, энергетикалық ресурстар, кәсіби Үкімет мәселелерінің даму жайы қарастырылады.
6.3.3 Практикалық (семинар) сабақтары


СЕМИНАР САБАҚТАРЫ

сағаты

1 тақырып. Кіріспе. Ежелгі заман мәдениеті

Семинар жоспары:

1.Тас дәуірі, оның кезеңдері және мәні.Сол кездегі табиғат жағдайлары.

2.Неолит дәуіріндегі Қазақстан және мәдениеттің дамуы.

3.Қола ғасырының тайпалары және антропологиялық сипаттамасы.


1


2 тақырып. Сақ-үйсін дәуірінің мәдениеті

Семинар жоспары:

1.Архаикалық мәдениет ерекшеліктері: синкретизм, ұжыимдық қисынға дейінгі ойлау сипаты

2.Сақ-үйсін дәуірінің мифологиясы, діні мен өнері. Тілдер. «Аң стилі өнері».

3. Қаңлы мемлекетінің мәдениеті

4.Қола және ерте темір дәуірлеріндегі петроглифтер.


1

3 тақырып. Ежелгі түркі мәдениеті

Семинар жоспары:

1. Дәуірдің этнолингвистикалық сипаттамасы. Түркі тілдері. Руна жазуы.

2.Көшпелілер мен отырықшы өркениеттер және оның мәдени трансформация мәселесі. Қытайлық өркениетпен байланыстылығы.

3.Діни миссионерлік бағыттағы ежелгі жазба ескерткіштері.

4.Қазақ халқының әдеп-ғұрпындағы тәңіршіліктің көрністері.


1

4 тақырып. Ислам ықпалымен рухани жаңғыру және оның мәдени-өркениеттік мазмұны

Семинар жоспары:

1.этикалық дінге (исламға) бет бұру заңдылығы

2.Өркениеттік сатының белгілері

3.Тәңіршілдік пен ислам арасындағы ежелгі түркі тайпалары

4.Мұсылман өркениетінің жетістіктері. Арыстан Баб, Ысқақа Баб, Қожа Ахмет Яссауи тұлғалары


1

5 тақырып. Орта ғасырлардағы түркілердің рухани мәдениетінің гүлденуі

Семинар жоспары:

1.Халифаттың білім және ғылым жүйесіндегі түркілер. «Шығыстың Аристотелі» -Әбу насыр Әл-Фараби

2.Махмуд Қашғаридің «Диуани лұғат ат түркі» түрік мәдениетінің энциклопедиясы.

3.Түркілердің тілі, рухани өмірі, діні, фольклоры туралы мәліметтер

4.Әдебиет пен суфизм. Қарахандық әдеби дәстүр,


1

6 тақырып. Алтын Орданың мәдени қайта өрлеу кезеңіндегі Дешті Қыпшақ.

Семинар жоспары:

1.Шыңғыс хан империясындағы діндер күресі

2.Алтын Ордадағы рухани және этномәдени жағдай

3.ХІҮ-ХҮ ғғ. Басындағы Моғолстанның рухани өмірі.

4.М.Х.Дулатидің «Тарихи Рашиді»


1

7 тақырып. Алтын Орда-жоғары дамыған полимәдениетті еуразиялық мемлекет

Семинар жоспары:

1.Постмонғолдық кезеңіндегі Қазақстан тұрғындарының рухани өмірі, діні және мәдениті туралы

2.Ресей және Батыс зерттеушілері Алтын Орда мәдениеті туралы

3.ХІҮ-ХҮее. І жартысындағы түркі тілі мен классикалық түркітілдес әдебиетінің дамуының жаңа сатысы



1

8 тақырып. Дәстүрлі қазақ қоғамының рухани мәдениеті(ХҮ-ХҮІІІ ғғ).

Семинар жоспары:

1.Көшпелі қазақ өміріндегі мәні зор құндылықтар

2.Ұлттық эстетикалық сана: сөйлеу өнері. Қазақтардың музыкадағы философия

3.Генеалогиялық дәстүр (жеті ата), аңыздар мен шежірелер

4.Халықтық білімдер, салт-дәстүр және әдет-ғұрыптар. Этикет. Тыйымдар мен ырымдар.


1

9 тақырып. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы дін мен ағарту ерекшеліктері.

Семинар жоспары:

1.Ислам - қазақ дәстүріндегі орталық, жүйеқұраушы элемент

2.Исламдағы «бес парыз» және оны қазақтардың орындауы. Бата беру

3.Мұсылмандық жерлеу рәсімі. Неке қию.

4.Мұсылмандық сәулет ескерткіштері (мешіт, мазарлар). Діни дәстүрлер.


1

10 тақырып. Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы

Семинар жоспары:

1.Қазақтардың халық ауыз шығармашылығы. Фольклор жанрлары

2.Ертегілер мен аңыздар. Мақал-мәтелдер. Салт-дәстүрлер жырлары-беташар, жар-жар, сыңсу, өсиет, бесік жыры т.б.

3.Лироэпостық жырлар. Дастандар мен поэмалар. Көшпелілердің шешндік өнері.



1

11 тақырып. Дәстүрлі мәдениет пен діннің дағдарысы

Семинар жоспары:

1.Ислам өркениетінің құлдырауы және көшпеліліктің дағдарысы.

2.Идеялық және рухани бастамалардың әлсіреуіне байланысты қазақ дәстүрінің жүйе ретінде ыдырауы

3.Дәстүрлі білімнің жағымды, жағымсыз жақтары



1

12 тақырып. Отарлық кзеңдегі халықтың көркемдік-эстетикалық дамуы

Семинар жоспары:

1.Дәстүрлі бағыттағы ақындар мен ойшылдар (зар заман, кітаби ақындар, айтыскерлер т.б.)

2.Қисса-дастандар мен шығыс хикаяларын орындаушылар мен таратушылар. Тарихи жырлар.

3.Музыкалық-әндік мәдениеттің гүлденуі. Абай Құнанбайұлының, А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, Ш.Құдайбердіұлының музыкалық мұралары



1

13 тақырып. Қазақ ағартушылығы және ұлт зиялыларының мұрасындағы халықтың рухани жандану мәселелері

Семинар жоспары:

1.Қазақ ағартушылығының рухани және әлеуметтік бастаулары және оның жалпымұсылмандық жадидизммен байланыстылығы

2.Түркі халықтарының жаңа интеллектуалды элитасы-мұсылмандық реформаторлықтың көрнекті өкілдері.

3.Қазақ ағартушылары: Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсариннің көзқарастары.

4.Бөкей ордасы. 1841 жылғы Бөкей ордасындағы алғашқы мұсылмандық еуропалық мектептің ашылуы.


1

14 тақырып. ХІХ-ХХ ғғ тоғысындағы қазақ интеллектуалды элитасының мұрасы.

Семинар жоспары:

1.Абай және қазақ халқының рухани мұрасы. Абай өлеңдері. «Ғақлия» («Қара сөздері»)

2.Ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолы, оның дүниетанымы және идеалдары.

3.ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы ағартушылықтың таралу жолдары . «Алаш» бағдарламасындағы мәдени –ағартушылық мәселе.

4.Жаңа қазақ элитасы өкілдерінің көркемдік және ғылыми мұрасы.


1

15 тақырып. ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының рухани қайта өрлеуі

Семинар жоспары:

1.Рухани жанданудың, тілдің, мәдениеттің, дін мен ұлттық тұтастық мәселелерінің баспасөз беттеріндегі орны.

2.Ұлттық сана-сезімнің мәселелерінің көтерілуі.

3.Қазіргі замандағы ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы



1

БАРЛЫҒЫ:

15 сағат



6.3.4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет