Қазақ халқының рулар шежіресі шығарушылар алқасынан



бет5/5
Дата15.02.2024
өлшемі136.71 Kb.
#492015
1   2   3   4   5
Мұхамаджан Тынышбаев

Бижнек, былғар, мажар, башқұрт, қыпшақ

Түріктің бүл түқымдары Алтай жағынан ауып, Еділ, Жайық аса Каспий, Қара теңіздердің темірқазық жағын жағалай отырған. Ескі тарихқа қарағанда, былғар, мажар, башқүрт Орал тауын 500-інші жылдардан бастап мекен- деген. 550 жылдары жүжандар Византия ьәм Руссияны шауып, тыншытпай отырған кезі. 569-ыншы жылы жүжан- дардан көрген зәбірін Византия елшісі Зимарх Дизабүл ханға айтқанын жоғарыда сөйлегенбіз.


730-ыншы жылы хазардың бүлан деген ханы жүуды (яьүуди) дініне кіріп, елін осы дінге салуға Ирактан (Баблдан) жүудтердің үламаларын шақырған. Сонда хазар Кавказ тауының екі жағында отырады екен.
855-інші жылы бин Қордарбек айтуынша, бижнек Еділ, Жайықтың сағаларын жайлап отырған.
870-890-ыншы жылдарда осы күнгі Қарқаралы, Ақмо- ла уездерінен қыпшақ ауып, бижнек үстіне келген. Алғаш бүл жаққа үнны келгеннен соңғы қыпшақ келуінше екі ортада өзге төңкеріс я ауу деген тарихта білінбейді. Сол себептен былғар мен мажар ьәм башқүрт бүрынғыдан қалған үнны түқымы болады. Бүлар жүжандарға қарсы келе алмай, жоғары Орал тауына шығып кеткен. Бүлардың орнын басқан жүжандар қалған үнны түқымымен араласып, кейінерек бір бөлігі хазар, бір бөлігі бижнек аталып кетеді.
Бүрынғы түнғыз сипатын екінші рет өзгертіп (бірінші рет Жетісуда өзгерткен), түрік нәсілімен әбден сапырылыс- ып, түрік болып кетті. 6-ыншы асірде жүжан қандай күшті болып, жан-жақты шауып отырса, 7-інші асірде нақ сол жерде сондай-ақ күшті болып отырған да хазар мен бижнек (печенеги).
890-ыншы жылдарда ауып келген қыпшақ бижнекті екі бөліп, жартысын басып қалған. Көбірегі Дон дариясы менен Дунай дариясының арасына барып орныққан.
930-ыншы жылдардан бастап, Қара теңіз - Бижнек теңізі аталған.
930-ыншы жылы бижнек үлкен майданда аз да болса әдіс қылып, Византия патшасының көп әскерін қырып кеткен. 940-ыншы жылы Эбу Долиф деген араб бижнекке барған, мүның айтуынша, бижнек жауынгер жүрт. Өздері үзын сақалды, үзын мүртты болады екен. Салатүғын астығы тары екен. Ал Баьридьщ айтуынша, сол уақыттарда бижнек бай жүрт екен, қару-жарағына, белдігіне алтын, күміс орнатады екен.
1010-ыншы жылдан кейін бүлар мүсылман бола бастады. Европа тарихында күнбатыс бижнекті "түрік", "бирендей" (пирендей), "черный клубок" деп атаған. Түрік нәсілінен болған соң, түрік деп атаған. "Черный клубок" деп тәржіман қылса: "қара қалпақ" деген сөз болады. Осы күнгі қарақалпақ шалдары бабаларымыз Еділ, Жайықтан келген екен деп сөйлейді. Күнбатыс бижнек "қара қалпақ" аталса, бүгінгі қарақалпақтың бабалары сол жақтан келсе, онда бижнек деген жүрт бүрыннан-ақ (қыпшақ келгеннен бүрын) қарақалпақ аталған екен. Сөйтіп бижнек қарақалпақ болып шықты.
Европадағы түрік арасында бір заманда аса қуатты болған хазар. Бүлар сол уақыттарда Руссияға тыныштық бермей, шаба берген. Жүзден артық жыл орыстар хазарға қарапты. Кейін орыстар бүлардан босанған соң, өз патшасын хазарша хан деп атайтын болыпты. Хазардың дәуірі жүріп түрған кезде бүларға бижнек ьәм мажар қараған.
968-інші жылы орыс кнәзі Светослав былғар мен хазарды шапқан. Хазар жеңіліп күнбатысқа жылжыған. Одан бүрын пайтақтасы "Симендер" деген шаьар осы күнгі Дербенттің темірқазық жағында болған. Енді бір үлкен қаласы "Еділ" Еділдің жағасында, осы Аштарханның маңайында болған. Сол уақыттарда Каспий теңізі, хазар теңізі деп аталған.
700-інші жылдарда Бүлан деген хан әуелі өзі жүуд дініне кіріп алып, кейін жүуд үламаларын жинап, елін осы дінге кіргізген. Осы күні Қырымда жүуд дінінде Қараим деген жүрт бар. Бүлар ата-бабасын түріктен шығарып отыр. Бүған қарағанда Қараим хазардан қалған бір бүтағы болса керек.
Хазардың көбі күнбатысқа жылжығанда, біразы орнында қалған. Осы күні Ауғанда "хазар" деген жүрт бар. Бүлар сол хазардың түқымы болуға тиіс. Олай кеткендердің жолы Хорезм (Хиуа, Үргеніш), Бүхар болса керек.
Түрік нәсілінен бір белгі жүрт башқүрт, бүларды біздің қазақ-қырғыз естек дейді. Европа ьәм араб тарихшылары бүларды түріктің "үгр", "үгор", "үңгр", "оңғар" деген бүтағы қылады. Алғаш бүлардың түрған жері: Орал тауның екі жағы, Еділ, Қама, Тобыл ортасы ьәм Жайықтың бас жағы. Бүлардың алғашқы аты "бажғард" екен. "Бажғард" атты жүрт екіге бөлгенде, "бажғард" деген сөз екі айырық болып, бір бөлегі "бажқырд" аталды да, бір бөлегі "мажар" я "мадиар" аталды. Араб тарихшыларының сөзін әбден тергеп, профессор Хуолсон "башқырд" пен мажарды былай шығарды:
Бірінші, бажғард - башқард - башқырд - башқүрд. Екінші, бажғард - бажғар - мажғар - мажар.
Сөйтіп, башқард пен Дунай бойындағы мадиар (венгр)
бір туысқан болады. Бүған және мынадай дәлелдер бар: 884-інші жылы күншығыста бижнек Орал тауындағы
бажғардты шапқанда, бірсыпырасы хазардың үстіне қашып барып, хазарға алым төлеп отырған. Енді біразда қыпшақ- тан қашқан бижнек әлгі бажғардың үстіне келіп, бүларды тағы шапқан. Бажғард тағы қашып, Днестр мен Дунайдың арасына келіп отырған. Бүл жердің аты "Атилкоза" еді.
Енді біраз жылда Атилкозадан жылжып, Дунайдың бойына барып қонған. Мажардың ескі тарихының айтуы осылай.
Екінші, араб тарихшыларының айтуы бойынша, мажар я башғар екі жерде болған, бірі - Орал тауында, бірі - Карпат
тауында болған. Үшінші, 1246-ыншы жылы Рим папасы Қарақүрымдағы Күйік ханға (Шыңғыс ханның немересі) Плано Карпини деген елші жіберген. Бүл монғолдың тарихын жазған. Сонда 2-3 жерде "башқард я үлүғ венгр" деп жазып отыр. Төртінші, 1253-інші жылы француз королы (ханы) Людовик 9-ыншы әлгі Күйік ханға Рубрук деген елші жіберген, бүл "башкардтар мен венгрдің тілі бір" деп жазған. Бесінші, кешегі Европа соғысында қолға түскен мажарлармен сөйлесіп қарасақ, біздің түрік сөздері бүларда да бірсыпыра қалған екен. Венгр деген ат башқырдта үмытылып, мажар арасында қалған. Орал тауынан ауғандар мажар бастықтарының аттары Либедясил ьәм Алмаси.
Мажардың алмасы 884-інші жылдарда ел бастап жүрген екен. 4-інші асірдің басынан 10-ыншы асірдің ортасына шейін былғар Орал тауында, Кама бойында көп жылжымай отырған.
Қол өнердің істегендері: киіз, кілем, шекпен, кестелі жарғақ ьәм сол сияқты заттар. Бүлардың әсіресе, артықша жақсы істейтүғыны көн (тері) илеу екен. Біздің қазақ- қырғыз жақсы иленіп, жақсы боялған көнді осы күнге шейін былғары деп атайды. "Былғар" сол "былғарыдан" шыққан сөз. Саудатурасынан ол замандағы жүрттардың алды болған. Орыстар Византия, Кавказ, араб ьәм өзге жүрттарменен қатынасып, сауда жүргізген. Бүрынғы замандағы жүрттардың арасында алдыменен алтын, ақша шығарып жүргізген былғар екен. Орыстар өздерінен әр түрлі аңның терісін алып келіп, әдейі алтынға сатады екен.
921-інші жылы Былғарияның атақты ханы Алмас хан арабқа елші жіберіп, дін үйретуге молдалар шақырған.
Иран, Бүхар, Хорезм жерін басып, бастығы Фазлан дегенменен бірнеше молдалар келген.
Фазлан халифаның хатын оқығанда, Алмас хан орнынан түрып, қол қусырып тыңдапты. Фазлан мен Алмастың арасында тәржімеші болмапты, ьәм арабша
жазылған хатты Алмас хан тәржімесіз үғыпты. Бүған қарағанда, Алмас хан өзі бүрынырақ мүсылман болып, араб тілін жете үйренсе керек. Келер күні елдің бастықтарын шақыртып, тегіс иман келтіріп, мүсылман қылыпты. Мүнан кейін ел жиып, бір жағынан бүларды мүсылман қылып, бір жағынан ат шаптырып той қылыпты. Сөйтіп Былғар 922- інші жылы, 28 мамырда мүсылман болыпты.
968-інші жылы Светослав деген орыс кнәзі былғыр мен хазарды шапқанда, былғардың көбі 970-інші жылы ауып, Дунай бойында отырған мажарға келіп, Дунайдың сол жағынан қоныс сүрап алған. Біраздан кейін бүлардың артынан тағы бірсыпыра ел келген. Осы екі бөлек келген елдерді бастаған адамдардың аттары Билла, Буқсу, Хасан.
Осы үшеуінің аталарының үруларын салыстырып - Аристов бүларды Дулаттан "Ботпайдан" шығарып отыр дейді.
Ұнны менен үйсін көп қатынасып, бірсыпыра ар алас- қанын жоғарыда айтқанбыз. Ұнны Европаға ауғанда бүлар- менен бірсыпыра үйсін, дулат кетуі ықтимал. Кейін қалың үнны Дунайға кеткенде, бүлар былғар болып, жүжандардан қашып, Орал тауына шығып кеткен. Ауып барған былғарға қоныс бергеніне қарағанда ьәм былғардың 910-ыншы жылғы ханы ьәм мажардың 880-інші жылдарындағы ханы, екеуі де Алмас аталғанына қарағанда, былғар, мажар ьәм башқүрт үшеуі түқымдас болуы тиіс.
890-ыншы жылдарда осы күнгі Қарқаралы, Ақмола маңайынан ауып келген қыпшақ бижнектерді шауып, екі бөліп Дон өзенінің орта ағымын қоныс қылған. 11-інші, 12- інші, 13-інші асірлерде қыпшақ күшейіп, орыс пен Визан- тияға тыныштық бермей отырған. Бүларды Византия "коман", орыстар "половцы" деп атаушы еді. Бүлардың тепкісіне шыдай алмай, күншығыс бижнек (қарақалпақ) Сырдың сағасына қарай кеткен.
1223-інші жылы Шыңғыс ханның әскері, Калка деген өзеннің бойында, қыпшақ пен орысты қырып кеткен.
Қыпшақ сол отырған жерінен ауа қойған жоқ. Түрік нәсілді жүрт арасында қыпшақ аса өткір, жауынгер болған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет